Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министірлігі
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: Өсімдіктердің дамуы
Орындаған: Ергешова Г.
Тобы: ФК-13-5К3
Қабылдаған: Жошыбекова Б.
2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Өсімдіктердің өсуі мен дамуы ұғымы, олардың өзара байланысы.
2.Өсімдіктердің өсуін сипаттайтын форма түзу процестері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өсiмдiктердiң тiршiлiк циклын сипаттау үшiн екi ұғым қолданылады: өсу және даму.
Өсу дегенiмiз - өсiмдiк ағзасының салмағының, көлемiнiң, бетiнiң, сызықтық мөлшерлерiнiң сызықтық үлкеюi, жасушадағы цитоплазма құрылымдарының жаңадан түзiлуi (хлоропласттар, митохондрилар және т.б.). Өсу тұтас алғандағы өсiмдiк ағзасы мен мүшелердiң функциональдық қызметiнiң нәтижесi болып табылады.
Өсiмдiктiң тiршiлiк циклы 2 кезеңнен тұрады – вегетативтi және репродуктивтi. Бiрiншi кезеңде өсiмдiктiң вегетативтiк массасы жылдам түзiледi, тамыр жүйесi күштi өседi, түптену мен бұтақтану процесстерi, гүл мүшелерiнiң түзiлуi жүредi.
Репродуктивтi кезеңде гүлдеу мен жемiс салу болады. Гүлдеуден соң физиологиялық және биохимиялық процесстердiң сипаты өзгередi, вегетативтiк мүшелердiң ылғалдылығы кемидi, жапырақтағы азоттың мөлшерi күрт төмендейдi, пластикалық заттар қорға жиналатын жерге қарай жылжиды да сабақтың жоғары қарай өсуi тоқтайды.
Өсiмдiктердiң дамуы деп – ағзаның жаңа құрылымдық элементтерiнiң түзiлуi кезiнде болатын физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық өзгерiстердi атайды. Олар өсiмдiктiң онтогенездiң белгiлi бiр тiршiлiк кезеңдерiн – жас, жыныстық жетiлген, көбею, қартаю және өлу анықтайды.
И.В.Мичурин жемiс ағаштарының 5 кезеңiн бөлiп көрсеткен: тұқымның өнуi; көшеттiң жастық фазасы және оның бiрiншi рет жемiс салуы; ересек күштi жемiс салудың алғашқы 3-5 жылы, ағзаның морфологиялық және физиологиялық белгiлерiнiң тұрақтануы; үнемi жиi жемiс беру келесi 3-5 жылда; қартаю мен өлу.
Өсу мен даму процестерi өсiмдiк ағзасының тұқым қуалаушылық ерекшелiктерiн және оның қоршаған ортамен өзара әсерлесу процестерiнiң жиынтығын көрсетедi. Өсу мен даму процестерi тығыз байланысты және бiр-бiрiн анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |