Өсiмдiк мүшелерiнiң өсу типтерi. Көпклеткалы өсiмдiктердiң өсуi клеткалардың бөлуi, өсуi, жаңа мүшелер мен ұлпалардың түзiлуi процестерiнен тұрады. Жас өсiмдiктiң барлық клеткалары өсуге қабiлеттi. Кейiн өсу процестерi өсiмдiктiң белгiлi бiр дене бөлiктерiнде, көбiнесе сабақ пен тамырдың ұшында шоғырланады, ал жуандыққа өсетiн өсiмдiктерде- апикальды өсу цилиндрлiк зонада да (камбий ) болады.
Көп жылдық өсiмдiктердiң сабағы мен тамыры шексiз өсуге қабiлеттi. Жапырақтың өсуi шектелген: алдымен барлық клеткалар өседi, кейiн тек негiзi өседi- өсудiң базальды типi. Гүлдiң әр түрлi бөлiктерiнiң өсуi де шектелген.
Төбелiк өсуден басқа кейбiр өсiмдiктерде интеркалярлық өсу болады.
Популяция, ағза, мүше, ұлпа, клеткалардың өсуiнiң жалпы сипаты сигмоидты қисықпен S сипатталады.
Сигмоидты өсу қисығы 4 негiзгi элементтен тұрады:
бастапқы, индукциялық немесе логарифдiк - кезең жасырын процестер жүредi, өсуге дайындалады.
Логарифмдiк фаза (интенсивтi өсу), өсу уақытқа байланысты түзу сызық түрiнде болады.
Баяу өсу фазасы.
Стационарлық фаза- көрiнетiн өсу процесi байқалмайды. Бұл құбылыстың “өсудiң үлкен кезеңi”. Бұл тек жеке клеткаларға ғана емес, бiртұтас өсiмдiк ағзаларына тән.
Өсудiң абсолюттi жылдамдығы (К) уақыт бiрлiгiндегi өсiм:
w2- бастапқы, w1- соңғы параметр, t2 - t1 – уақыт периоды.
Салыстырмалы өсу процентуалды (R) бастапқы өсуден не өсiмдiк масасынан процентпен есептелген өсiм:
×100
w1- өлшем кезiндегi параметр
w0- бастапқы параметр.
Өсу жылдамдығы.
Өсiмдiктердiң әр түрлi мүшелерiне өсудiң әр түрлi типтерi және олар өсу конусының сипатына байланысты болады. Мысалы, сабақ пен тамырда өсу нүктелерi терминалды жағдайда орналасқан, сондықтан олар ұшымен өседi. Мұндай өсу-апикальды деп аталады.
Өсу жылдамдығы бiрқатар шамалармен сипатталады:
1. Меншiктi өсу жылдамдығы- өсiмдiктiң (не мүшенiң) тiрi массасының уақыт бiрлiгiнде өсуi.
Блекман формуласы:
Мұндағы: W0- бастапқы, W2- соңғы құрғақ салмақ, t- вегетациялық кезеңнiң ұзақтығы.
2. Салыстырмалы өсу- өсiмдiктiң не мүшенiң бастапқы салмағынан есептеген проценттен есептелген өсiм:
W2- берiлген уақыттағы өсiмдiктiң өлшемi (не көлемi), W0- бастапқы өлшемi.
3. Өсудiң абсолюттiк жылдамдығы- уақыт бiрлiгiндегi өсiм.
Қоршаған ортаның өсiмдiктердiң өсуi мен дамуына әсерi Әртүрлi фактордың әсерiнен анықталады. Бұл факторларды төмендегi топтарға бөледi:
климаттық - жылу, жарық, су, ауаның қозғалу жылдамдығы оның газдық құрамы және т.б.
Эдафиттiк- топырақтың құрылымы, оның химиялық құрамы.
Биотикалық- әртүрлi микроорганизмдер, өсiмдiктер және жануарлар.
Өсiмдiктердiң өсуiнiң сыртқы орта факторларына тғуелдiлiгi өте күрделi. Мысалы, жоғары инсоляция белгiлi бiр дәрежеде жапырақтарының фотосинтетикалық белсендiлiгiн арттырады, олай болса өсуге оң әсер етуi тиiс. Бiрақ, интенсивтi жарық өсiмдiктердiң тыныс алу процесiн активтендiрiп, транспирацияны күшейтедi. Нәтижеде болатын су тапшылығы өсудi шектейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |