“Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты”



бет2/14
Дата18.04.2022
өлшемі3,49 Mb.
#139860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлуді, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілу тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деп атап көрсетті. Осы алдыға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері, психолог және ата – аналарға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге, өмірге бейімдеуге байланысты көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар оқушыларға арналған оқулықтар, оқу әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, құрал жабдықтар қол жетімді емес. Осы қарама – қайшылықтардың шешімін іздестіру мақсатында “Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстар” тақырыбына зерттеу жүргіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет