ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Униерситеті
Ақпараттық мағлұмат
5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
VIII республикалық пәндік студенттер олимпиадасы
Олимпиада Қазақзақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
07-08 сәуір 2016 жыл
Құрметті ұстаздар мен студенттер!
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Униерситеті, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің бекіткен іс-шараларының аумағында 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша VIII республикалық пәндік олимпиадалық жарыс өткізеді.
Республикалық олимпиадалық жарыс үш кезеңнен тұрады:
I кезең (іріктеу бөлімі, оқу орнында) олимпиадалық жарыс жоғары оқу орындарында 2016 жылдың наурыз айында өткізіледі.
II кезең (финал) олимпиадалық жарыс Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Униерситетінде 07-08 сәуірде 2016 жылы өткізіледі.
Олимпиядалық жарыстың өткізілетін тілдері - қазақша, орысша.
Олимпиадалық жарысқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындарының командалары шақырылады. Олимпиадаға қатысу үшін ЖОО 2 адаммен жетекшісінен тұратын топ жіберуі қажет. Әр бір ЖОО екі команданы қатысуға беруге құқылы (қазақ және орыс бөлімдері). Басқа қаладан келетін топтардың жетекшілерімен келуі шарт. Олимпиада бағдарламасы қосымша берілген.
Олимпиаданың бағдарламасы және қажетті мағлұматтар Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Униерситетінің сайтында (www.kgu.kz) жарияланады және де Сіздердің жеке электрондық мекен-жайларыңызға жіберілуі мүмкін.
Қажетті мағлұматтарды мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: izo-cherchenie@mail.ru және o-luzina@mail.ru.
Олимпиадаға қатысу үшін оқу орнының бірінші жетекшісімен келісілген тапсырыстар 2016 жылдың 07-шы наурызына дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Көкшетау қ., Ақан-сері көшеі, 24 үй, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Униерситетінің № 4 корпусы, 215 каб. (бейнелеу өнері, сызу және дизайн кафедрасы) немесе электронды мекенжей бойынша: izo-cherchenie@mail.ru .
Барлық сұрақтар бойынша Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің орынбасары «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Лузина Ольга Ивановнаға – жұмыс телефоны: 8-7162 – 31-56-85, ұялы телефон: 87057399709 және олимпиаданың кураторы: Сугиралиев Даут Тогаевичке ұялы телефон: 87077265851 хабарласуларыңызға болады.
Қатысуға тапсырысты жібергеннен кейін электрондық поштамен техникалық кедергілерді болдырмау үшін, берілген телефондардың бірімен қатысуыңызды растауыңызды сұраймыз.
Олимпиадаға қатысуға байланысты шығындарды жіберуші тарап көтереді. Топ жетекшілері алдын ала университетке жақын жерден қонақ үйге тапсырыс беруі қажет.
5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша VIII республикалық пәндік студенттер олимпиадасы
НҰСҚАУЛАР
«Тәуелсіз Қазақстан – 25 жыл бірлік пен ынтымақтастық» атты студенттердің республикалық олимпиадасының мақсаты мен міндеттері
Қазақыстан Республикасының Тәуелсіздігінің тұрақтауы әлемдік тарихтың өте күрделі кезеңдерімен тұспа-тұс келді – социалдық жүйенің күйреуі мен жаһандық саяси және экономикалық дағдарыстар. Бірақ ең басында ұлт басшысы, дамуда үлкен табыстарға жетуге мүмкіндік берген, елді дамытудың негізгі бағдарларын мәлімдеді. Қазіргі таңда Қазақстан - бұл қуатты әлеуеті бар мықты ел. Қазақстанның ерекше геосаяси жағдайы оның Еуразияның ортасында орналасқаны. Мемлекеттің күші – оның халқында, адамзаттық құндылықтарды қолдауда.
Мемлекет үшін 25 жас адам үшін де сияқты – жастық пен болашаққа деген жоспарлардың кезеңі, шығармашылық қуаттың қайнар көзі. Қазіргі студенттер тәуелсіздік кезеңінде туды, олар да ел сияқты болашаққа ұмтылуда. Заманауи Қазақстан мен еліміздің бейнелеу өнерінің одан әрі дамытуы олардың әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық ұстанымдарына байланысты.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жемісті даму, Қазақстан шығармашыл жастарының өмірлік және азаматтық көзқарастарының белсенділіктерін арттыру, сонымен қатар рухани және моральдық денсаулықа ұмтылу, қатыгездік пен зұлымдыққа қарсы болу, қоғаммен ашық пікірлесумен қатар өзін сол қоғамның нақты тұлғасы екенін сезіну;
Көркемдік білім ала отырып өнер мен шығармашылық арқылы этникалық және мәдени ерекшеліктерге құрметпен қарау, Қазақстан жастарының арасында толеранттылықты қалыптастыру;
Еліміздегі түрлі оқу орындары ішіндегі «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттері арасында достық қарым-қатынас пен шығармашылық алыс-берістің қалыптасуын тудыру.
Олимпиада тапсырмалары
Үй тапсырмалары
Командалардың Визиткалық карточкасы - команданы презентациялауы (үй тапсырмасын көрсету - регламент 10 минут).
Эссе «Тәуелсіздікке 25 жыл– уақыттың өнердегі көрінісі» (презентация), регламент 15 минут. Үй тапсырмасы мақсаты: заманауи қазақстандық бейнелеу өнерінің дамуы мен жаһандық мәдениеттегі орнын талдау.
Сайыс тапсырмалары:
Сурет бойынша тапсырма.
Композиция бойынша тапсырма.
Топтардың сайысқа қатысуын бағалау
Әр сайыс тапсырмалары баллдармен бағаланады (100 баллдық бағаммен). Баллдардың суммасы бойынша 1, 2, 3 орын алған топтар анықталады (олимпиадаға қатысу тіліне қарамастан).
Қазылар алқасы – олимпиадаға топтарын қатыстырған ЖОО өкілдері.
3. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу
I кезең
I кезең (іріктеу, оқу орнында) – жоғарғы оқу орнында өткізіледі (ақпан-наурыз 2016 ж.).
II-III кезең (финал) - олимпиадалық жарыс Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Униерситетінде 06-07 сәуірде 2016 жылы өткізіледі. Бұл кезеңге мерзімінде құжаттарды өткізіген топтар қатысады.
II кезең
Олимпиаданың бірінші күні ( 06 сәуір 2016 ж.)
Топтардың үй тапсырмаларын көрсетуі - топтың визиттік карточкасын презентациялау және «Тәуелсіздікке 25 жыл– уақыттың өнердегі көрінісі» эссе (презентация түрінде);
Суреттен шығармашылық тапсырма.
Натурщиктің портреті
Материалдар: А2 форматтағы қағаз (1/2 ватманның бөлігі), қарындаш.
Мақсаты: Модельге шығармашылық көзқараспен қарап, өнер аумағындағы біліктілігін көрсету.
Міндеттері:
қағаз бетінде композициялық көріністі дұрыс орналастыру;
сызықтық – конструкциялық құрылымды дұрыс табу;
модельдің мінезіндегі ерекшелігін ашатын көркемдік образды табу;
портреттің ұқсастығын таба отырып шығармашылық деңгейде орындау;
Тапсырманы орындау уақыты - 4 академиялық сағат.
III кезеңнің тапсырмасы:
Олимпиаданың екінші күні (07 сәуір 2016 ж.)
3) Композицияны орындау (натюрморт) – берілген заттардан тематикалық композиция құрастыру.
Тапсырманы орындаудың міндеттері:
парақ бетіне бейнені дұрыс орналастыру – композицияның түрі мен формасын таңдау.
Түс пен тон көмегімен композициялық доминант пен субдоминанттарды анықтау
Бірінші, екінші және үшінші пландағы заттардың арасында кеңістіктік қарым-қатынастарды анықтау
Композицияны шешудегі кескіндемелік құралдарды қолдану
композиция тақырыбының колористикалық ашылуы
Материалдар: А2 форматтағы қағаз (1/2 ватманның бөлігі), акварель, гуашь, темпера (студенттің таңдауы бойынша).
Тапсырманы орындау уақыты - 4 академиялық сағат.
Олимпиаданың салтанатты түрде жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау мен сертификаттарды табыстау.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі
Қатысушыларды конкурсқа тіркеу үшін келесі құжаттар қажет:
Топтың олимпиадаға қатысуы туралы тапсырысы (ақпараттық хатта көрсетілген нұсқа бойынша).
Алдын ала кезеңдерден өткенін растайтын құжат. I кезең (іріктеу кезеңі, оқу орнында). ЖОО жарыс комиссияларының отырыстарынан үзінді.
5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
VIII республикалық пәндік студенттер олимпиадасына қатысуына
Тапсырыс
|
ЖОО аты
|
|
Топтың аты
|
|
Қала
|
|
Олимпиада қатысушылары
|
№1 мүше студенттің А.Ж.Т., студенттің байланыс ақпараттары (моб. тел., e-mail)
|
№2 мүше студенттің АЖТ, студенттің байланыс ақпараттары (моб. тел., e-mail)
|
Мамандығы, курс
|
|
Олимпиадаға қатысу тілі
(казақ, орыс)
|
|
Ғылыми жетекшісі
|
А.Ж.Т., қызметі, байланыс ақпараттары (моб. тел., e-mail)
|
Тұрақтайтын мекен-жайының болуы (ия, жоқ)
|
|
Көкшетау қаласына келу күні мен уақыты,
Поезд №, вагон №.
|
|
Кету күні мен уақыты
|
|
Тапсырысқа қосымша тіркеу қажет:
Олимпиадаға қатысушылардың студенттік билеттерінің көшірмесі.
Олимпиадаға қатысушылардың төлқұжаттарының көшірмесі.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Лузина Ольга Ивановна
Кокшетау қ., Ш. Уалиханов атындағы КМУ
Ақан-сәрі, 24, кабинет 215
Телефон: 8-7162 – 31-56-85
Сот. тел.: 87057399709
Материалдарды «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасына izo-cherchenie@mail.ru, немесе кафедра меңгерушісі Лузина Ольга Ивановнаға o-luzina@mail.ru (сот. тел.: 87057399709) жіберу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |