Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі



бет7/10
Дата25.04.2020
өлшемі31,45 Kb.
#64737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы. Философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны

категориялардың (ұғымдардың) шегіне жеткенше жалпылығын атап өтуге болар еді. Олар болмыс пен ойлаудың ең маңызды және мәнді терең байланыстары мен қатынастарын көрсетеді. Жеке ғылымдар тек қана Дүниенің белгілі бір бөлігін ерекше объект ретінде қарап, соның мәнді байланыстары мен қатынастарын зерттейді (objectum - латын сөзі, -зат).

Екіншіден, философия басқа ғылымдар сияқты ғылыми деректерді пайдаланады. Бірақ, философиялық деректердің айырмашылығы – ол жеке ғылымдарда сарапталған, белгілі бір теоретикалық орта деңгейге көтерілген білімді дерек ретінде қорытады. әсіресе, бұл философияның онтология және гносеология салаларына тән нәрсе (ontos - грек сөзі, -болу, өмір сүру), (gnosіs – грек сөзі, -білім, таным).

үшіншіден, философияда ғасырлар бойы жиналған сан-алуан теоретикалық жүйеге келтірілген көзқарастарды кездестіруге болады. Бірақ, соған қарамастан, бұл ғылымның саласында үзілді-кесілді шешілген барлық философиялық қауымның бір ойынан шығатын бірде-бір тұжырымдамасы жоқ сынайлы. Философия саласында қызмет еткен ірі тұлғаның өзіндік дүние сезімі, түсінігі, көзқарасы қалыптасады. Сондықтан біз Платон, Спиноза т.с.с. ірі тұлғалардың философиясын ерекше түрде басқалардан бөліп алып зерттейміз.

Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты адамның жүрегінде, ой-өрісінде өшпес із қалдырады, оның жан-дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді. (harmonіa – грек сөзі, -үйлесімді, қарама-қарсылықтың бірлігі).

Философияны өнерге жақындататын келесі мәселе – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені, Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес. Ал, бірақ, адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешқашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы толықтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайдыФилософиялық білімді тек қана Дүние мен танымның ең жалпы заңдылықтарына, универсалияларына теңеуге болмайды (unіversalіs - латын сөзі, -жалпы ұғым).

Өйткені, көне заманда бұл пәнге берілген аттың өзі - философия (phіleo – грек сөзі, -сүю, sophіa – даналық) оның практикалық, өмірге лайықтылық жағын көрсетеді. Шығыс пен Батыстағы философия бастауындағы тұлғаларды (қытайдағы Кон-Фу-Цзы, Лао-Цзы, гректердің “Жеті данасы², парсы елінің Заратустрасын алсақ , олар, негізінен алғанда, адам бұл тіршілікте қалай өмір сүруі керек , қандай құндылықтарды сыйлауы керек, жақсылық пен зұлымдық, сұлулық пен түрсіздік дегеніміз не, адам өмірінің мән-мағнасы неде?,- деген сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысқан.

Шынында да, даналық дегеніміздің өзі білімділік пен тепе-тең емес. Оның өзегі – адам өмірінің мән-мағнасын анықтайтын мыңдаған жылдардағы жиналған өмір тәжрибесі мен моральдық құндылықтар мен ережелерінің біртұтастығында.

Философиядағы құндылықтар адамды жағалай қоршап шектелген, толымсыз болмыстан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет