ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБAНОВ AТЫНДAҒЫ AҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРCИТЕТІ
ОСӨЖ №2
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
«МЕМЛЕКЕТТІК БACҚAРУ, ҚAРЖЫ ЖӘНЕ МAРКЕТИНГ» КAФЕДРACЫ
Білім бaғдaрлaмacы 6В04103 - «Есеп және аудит»
Тақырыбы: Бизнесті (кәсіпорын) бағалау мәнісі мен қажеттілігі
Орындаған: Жақсыбай Әсем
Тобы:УиАко/301
Қабылдаған: Елубаева К.З
2022 жыл
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жеке меншік нысандарының көп түрлілігіне және меншік иелерінің қайта пайда болуына әкелді. Меншік иесінің еркі бойынша өзіне тиесілі үйге, пәтерге және басқа жылжымайтын мүлікке иелік етуіне, өзінің жаңа тұрғылықты үй немесе кеңсесіне бөлме табуына, бизнеске өз қаражаттарын салуға мүмкіндігі туды.
Өзінің меншік иелену құқығын жүзеге асырғысы келетін әр адамда көптеген сұрақтар мен мәселелер туындады. Олардың негізгісі болып жеке меншік құны туралы сұрақ табылады.
Бұл мәселелермен кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік қоғамдар, қаржылық институттар кездеседі. Кәсіпорындарда акционерлеу, ипотекалық несиелендірудің, қор нарығының және сақтандыру жүйелерінің дамуы жаңа қызметті талап етті. Ол объектілердің құнын және жеке меншік құқығын бағалау болып табылады.
Қандай да болмасын меншік объектісінің құнын бағалау нақты нарық жағдайында белгілі бір уақыт сәтінде алынатын потенциалды және шынайы табыс есебімен объектінің құнын ақшалай көрсеткішке анықтаудың реттелген, арнайы бағытталған процесі.
Бағалау процесінде бағаланатын объект және бағаланатын субъект болады.
Бағалау субъектілері - арнайы білімі мен тәжірибесі бар маман бағалаушылар.
Бағалау объектісі иеленушісінің құқықтары жинақталған қандай болмасын меншік объектісі. Бұл бизнес, компания, кәсіпорын, фирма, банк, материалды және материалды емес активтердің жеке түрлері.
Құнды бағалау процесінің ерекшелігі оның нарықтық сипаты болып табылады. Бұл бағалау бағаланатын объектіні жасау мен сатып алуға тек шығындарды есептеумен шектелмейтіндігін білдіреді. Ол міндетті түрде нарықтық факторлардың жиынтығын ескеру керек: уақыт факторы, тәуекел факторы, нарықтық конъюктура, бәсеке деңгейі мен моделі, бағаланатын объектінің экономикалық ерекшеліктері, оның нарықтық реномесі, сонымен қатар өмір сүрудің макро-, микроэкономикалық ортасы. Негізгі факторлары болып уақыт пен тәуекел табылады. Нарықтық экономика динамизммен ерекшеленеді. Уақыт факторы барлық нарықтық процестерге, бағаға, құнға, шешім қабылдауға әсер ететін маңызды фактор.
Өнімсіз жұмсалған уақыт ақшаның жоғалғандығын білдіреді. Бұдан құтылудың жалғыз әдісі – капиталды жұмыс істету. Ақша «өлі жүк» болып жатса, табыс әкелмейді. Мұнда табыс алу уақыты маңызды, өйткені тек алынған табысты көбірек табыс алу үшін қолдануға болады.
Табыс алу уақыты аралықтармен, кезеңдермен өлшенеді. Аралық немесе кезең күнге, аптаға, айға, тоқсанға немесе жылға тең болуы мүмкін.
Ақша төленуге немесе алынуға тиісті уақыттың бағалау процесінде бірінші дәрежелі мәні бар. Объектінің нарықтық құны көптеген факторлар әсерінен уақытта өзгереді, сондықтан ол берілген уақыт сәтінде есептеліне алады. Ертең нарықтық құн басқа болуы мүмкін. Сәйкесінше, меншік объектілерін үнемі бағалау мен қайта бағалау жалпы нарықтық экономика жағдайында қажетті болып табылады.
Нарықтық экономиканың басқа мәнді сипаты болып тәуекел табылады. Тәуекел дегеніміз нарық конъъюнктрурасымен, макроэкономикалық процестермен тағы сол сияқты байланысты тұрақсыздық, анықталмағандық басқаша айтқанда, тәуекел – бұл инвестициялардан алынатын табыстар болжағаннан азырақ болып қалу мүмкіндігі.
Бағалау кезінде тәуекелдің әртүрлі түрлері бар екенін және нарықтық экономика жағдайында бір де бір салымдар абсолютті тәуекелсіз деуге болмайтындығын есте сақтау маңызды.
Бағалаушымен қолданылатын тәсілдер мен әдістер бағалау процесінің ерекшеліктерімен, бағаланатын объектінің экономикалық ерекшеліктерімен, сонымен қатар бағалау мақсаты және қағидаларымен анықталады.
2. Бағалаудың объектілері
Қарапайым түсінікте меншік өзінің сыртқы белгісімен, адамның затты иеленуімен түсіндіріледі. Затты келесі субьектілер: жеке және заңды тұлға, оның ішінде өзінің меншік құқықтарын әкімшілік өкілдеріне беретін мемлекет иелене алады.
Меншік субъектісі – нақты объектіге (капитал, жер және сәйкес экономикалық мүдделер) ие экономикалық дараланған заңды және жеке тұлға. Экономикалық мүдделерін жүзеге асыра отырып, субъектілер өздеріне тиесілі объектілерін иелену, қолдану тұрғысында экономикалық қатынастарға түседі. Осылайша, меншік – бұл субъектілер арасындағы қатынас.
Субъектімен материалдық (рухани) игілік арасында ешқандай қатынастар бола алмайды. Тек нақты игілікті пайдалану, иелену және басқару бойынша ғана субъектілер арасында белгілі бір қатынастар бола алады. Меншікті осылайша түсіну барлық экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық- басқарушылық процестердің негізінде, оның ішінде оның құнын анықтау негізінде, баға негізінде жатыр.
Қазіргі жағдайда меншіктің қандай да бір обьектісі табыс көзі және нарықтық мәміле объектісі бола алады, оның ішінде мұндай объекті меншік құқығы болып табылады. Мұнда ерекше табыс алу процесі ретіндегі, табыс әкелетін меншік ретіндегі бизнес қызығарлық. Бизнестің негізін, оның бөлінбейтін мәнін капитал құрайды. Капитал қазіргі экономикалық жүйенің материалдық базасы болып табылады.
Әр түрлі даму сатыларында экономикалық ғылым оған әр алуан анықтама берді. Бірақ көптеген ғалымдар мен практиктер бұл категорияға бірдей анықтама береді: капитал – бұл байлық, өндіріс құралдары, өндіріс факторлары, яғни табыс әкелетін еңбекті инвестициялаудың әр түрлі материалды-заттай нысандары. Табыс алу процесі белгілі бір экономикалық қатынастарды, оның ішінде меншік қатынастарын білдіреді.
Меншік және капитал белгілі бір ұйымдық құрылымдар – кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар және белгілі бір бизнес саласы шегінде қалыптасады және қолданылады. Сондықтан олардың нарықтық бағасын нақты өмір сүруіне қарай қалыптастырады. Кәсіпорын және фирма өздерінің ішкі экономикалық мазмұны мен капиталды иеленсе де, олардың арасында тек қана ұқсас сипаттар ғана емес айырмашылықтар да болады. Барлығына бірдей материалдық, еңбектік, ақшалай, ақпараттық негіз болады, ал айырмашылықтары нарықтағы жағдайға, даму болашағына тиімділікке және бәсеке қабілеттікке мәнді әсер беретін материалдық емес активтерінде фирманың аты, фирма белгілері, технологиялар, өткізуші немесе потенциалды табыстың қосымша көздері болып табылатын маркетингтік жүйе болып көрсетіледі.
Бизнес - бұл белгілі-бір құрылым шегінде ұйымдастырылған нақты әрекет. Оның басты мақсаты – пайда табу. Осылайша, капитал табыс алу мақсатында жүзеге асырылатын өнім немесе қызметті жасаудың қандай болмасын процестің негізі, ішкі мазмұны болып табылады. Табыс алу - бұл экономиканың көптеген сфераларында, салаларындағы әрекеттің мақсаты мен соңғы нәтижесі, яғни бизнестің мақсаты мен нәтижесі. Қандай да болмасын бизнесте кәсіпорын ретінде өзінің экономика ұйымдық нысаны болады.
Кәсіпорын өзінің меншікті нарықтағы орнын алуға, өздеріне тән ортадан шығуына, өздерінің спецификалық ерекшеліктерін нығайтуға ұмтылып, өздерінің ерекшеліктерін фирмалық атау мен атрибуттар түрінде жасайды және тіркейді. Фирма – бұл өздерінің негізі ретінде капиталы бар берілген салада бизнесінде экономика-ұйымдастырушылық нысаны болып табылатын нақты кәсіпорынның белгісі, атауы.
Бағалау объектісі ретіндегі бизнестің ерекшеліктері
Бизнес иесі оны сатуға, кепілдікке беруге, сақтандыруға, мұраға қалдыруға құқығы бар. Осылайша, бизнес мәміле обьектісі, өзіне тән қасиеттері бар тауар болады.
Басқа тауарлар сияқты бизнес сатып алушы үшін пайдалы. Ең алдымен ол табысты алуда қажеттілікке сәйкес болуы керек. Басқа тауарлар сияқты бизнестің пайдалылығы пайдалануда жүзеге асады. Сәйкесінше, егер бизнес меншік иесіне табыс әкелмесе, ол өзінің пайдалылығын жоғалтады және сатылуға тиісті. Егер басқа біреу оны қолданудың жаңа әдістерін, табыс алуда басқа мүмкіндіктерін байқаса, бизнес тауар болады. Мұның барлығы кәсіпорын үшін де, фирма үшін де әділетті.
Сонымен қатар табыс алу альтернативті бизнесті, жаңа кәсіпорынды қайта өңдеу немесе қалыптастыру белгілі бір шығындарға әкеледі.
Жиынтықта пайдалылық пен шығындар бағалаушымен есептелетін және нарықтық құн ретінде анықтауға болатын нарықтық бағаның негізі болып табылатын шаманы құрайды. Осылайша, белгілі бір әрекет түрі ретіндегі бизнес, оның нарықтық экономикадағы ұйымдастырушылық нысаны ретіндегі кәсіпорын мен фирма меншік иесінің табысқа қажеттілігін қанағаттандырады.
Бизнес, кәсіпорын және фирмада тауардың барлық белгілері бар және сатып алу-сату объектісі бола алады. Бірақ бұл ерекше тауар түрі. Бұл ерекшеліктерге тән бағалаудың қағидалары, модельдері, тәсілдері және әдістері анықталады.
Біріншіден, бұл инвестициялық тауар, яғни салымдары болашақта қайтару мақсатында жүзеге асатын тауар. Табыстар мен шығындар уақыт кезеңіне бөлінген. Сонда күтілетін пайда мөлшері ықтималдық сипатта болады, сондықтан инвестор мүмкін сәтсіздік тәуекелін ескеру қажет болады. Егер болашақ табыстар оларды алу уақыты ескеріле отырып, инвестициялық тауарды сатып алуға шығындардан азырақ болса, ол өзінің инвестициялық қызығушылығын жоғалтады. Осылайша, меншік иесі ала алатын болашақ табыстардың ағымдағы құны сатып алушы жағынан нарықтық бағаның үстінгі шегін білдіреді.
Екіншіден, бизнес жүйе болып табылады, бірақ толық жүйе ретінде және жеке оның жүйе бөлімдері мен элементтері ретінде сатыла алады. Бұл жағдайда оның меншікті нақты капиталымен, нақты ұйымдастырушылық-экономикалық нысандарымен байланысы бұзылады, бизнес элементтері басқа, сапасы жаңа жүйе негізінде болады. Нақты тауар болып бизнестің өзі емес, оның жеке құраушылары табылады.
Үшіншіден, бұл тауарға қажеттілік тауардың ішінде де, сыртқы ортада да болып жатқан процестерге байланысты.
Бірінші жақтан, қоғамның тұрақсыздығы фирманың тұрақсыздығына әкеледі, ал басқа жақтан, оның тұрақсыздығы болашақтағы қоғамның тұрақсыздығына әкеледі. Осы жерде бизнестің тауар ретіндегі тағы бір ерекшелігі шығады – сату және сатып алуды реттеу қажеттілігі. Бизнес тұрақтылығының қоғам тұрақтылығы үшін ерекше мәнін ескере отырып, мемлекеттің тек бизнесті сатып алу-сату механизмдерін реттеуге ғана емес, бизнеске нарықтық баға қалыптасуына қатысуға қажет.
Бағалау обьектісі ретіндегі кәсіпорын, фирма ерекшеліктері
Кәсіпорын немесе фирма бизнесті жүзеге асырудың ұйымдастырушылық экономикалық нысанын білдіреді. Сонымен тауар ретіндегі бизнестің аталған ерекшеліктері оларға да тән.
Кәсіпорын азаматтық құқық обьектісі болып табылады және кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру үшін қолданылатын мүліктік кешен ретінде қарастырылады. Кәсіпорындағы мүліктік кешен ретінде оның әрекеті үшін арналған барлық мүлік түрі жатады.
Кәсіпорынды бағалау ең мүмкінірек сату бағасы бола алатын құнды ақшалай көрсеткіште анықтауды білдіреді және кәсіпорынның тауар ретіндегі екі қасиетін, яғни оның пайдалылығын және пайдалылығы үшін қажетті шығындарды көрсету керек. Пайдалылық туралы көрініс сатып алушының нақты мүдделеріне байланысты болғандықтан, бағалаушы құнның әртүрлі түрлерін анықтау керек (қалпына келтіру, жою, инвестициялық және т.с.с.).
Сапалы нарықтық баға тауар өндірумен байланысты шығындардың тек біреуін ғана есептеумен шектелмейді, ол міндетті түрде экономикалық имиджге – нарықтағы кәсіпорын жағдайына, уақыт факторына, тәуекелге, бәсекеге назар аударады. Бағалаушы құнды бағалауға фирманың экономикалық концепциясы жағынан қарайды.
Бухгалтерлік модельге қарсы бұл концепция фирманың нарықтық құндылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол уақыт, тәуекел, заттай белгісі жоқ активтер, ішкі бәсекелік сфера мен бағаланатын объектінің ішкі ерекшеліктері сияқты факторларды ескереді. Бағаға мұндай көзқарасқа сәйкес, табыс немесе ақша ағымын тудыратын қандай болмасын объектісінің нарықтық бағасы инвестормен талап етілетін инвестиция тәуекелі бойынша салыстыру үшін пайда нормасын көрсететін пайыз нормасы бойынша дисконтталатын, күтілетін болашақтағы ақша ағымының ағымдағы бағасынан шыға отырып анықталады.
Баланстық немесе бухгалтерлік бағалауда фирма активтері, міндеттемелер мен таза меншікті капитал қосындысына тең: А=М+МК. Нарықтық бағалауда бұл теңдікте тағы бір қосынды – көрінбейтін активтер пайда болады: : А*+КА*=М*+МК*. Көрінбейтін активтерге кепілдік, сақтандыру, лицензия, клиенттермен жақсы қарым-қатынас және басқа тіркелмейтін активтер құндылығы және компанияның жақсы атының құндылығы сияқты элементтер жатады. Нақты меншікті капитал теңдігі бұл жағдайда келесідей болады: МК*=(А*+КА*)-М*=(А*-М*)+КА*
Осы теңдік көмегімен неліктен теріс баланстық меншікті капиталы бар фирмалар нарықпен әлі де құнды ретінде қабылданатынын түсіндіруге жеңіл (мысалы, төлем қабілетсіз депозиттік институттар, күйреу шегінде тұрған несиелік ұйымдар). Себебі теріс баланстық меншікті капиталдың материалдық емес активтер құндылығымен орны толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |