Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет43/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
парақорлық, 
тамыр-таныстық, 
маскүнемдiк 
пен 
халықтың 
әлеуметтiк 
немқұрайлылығы
 кең құлаш жайды. 
 
7. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясы және әлеуметтік-
экономикалық дамуы. 
7.1. Республикадағы демократиялық процестер 
мен саяси-қоғамдық қозғалыстар. 
 
Тәуелсіздік  алудағы  негізгі  ырғақтардың  бірі  бұқараның  демократиялық 
арнасы  жанданып  көрген  білгеніне  өз  пікірін  қозғалыстар  мен  саяси 
бірлестіктер аясында ашық білдіру еді. Қазақстандағы алғашқы және неғұрлым 
бұқаралық  қозғалыстардың  бiрi  “Невада-Семей”  экологиялық  қозғалысы 
болды.  Ақын,  елдiң  көрнектi  қоғам  қайраткерi,  ойшыл  О.Сүлейменовтың 
тiкелей  араласуымен  құрылған  бұл  қозғалыстың  түпкi  мақсаты  Қазақстан 
аумағында орналасқан Семей және басқа әскери ядролық сынақ полигондарын 
түпкілікті  жою  болатын.  “Невада-Семей”  қозғалысы  полигонның  құпиялық 
пердесiн ашып, тұрғындар шеккен зиянның орнын толтыруды талап еттi. Осы 
мақсатпен  қозғалыс  белсендiлерi  пикеттер,  шерулер,  халықаралық  және 
республикалық 
ғылыми 
конференциялар 
ұйымдастырды, 
бұқаралық 
құралдарда  полигонның  қарапайым  халыққа  тигізген  әсерін  әшкерелейтін, 
зиянды  құбылыстарын  өткір  мақалаларда  жарияланды.  Мемлекеттік  орындар 
мен билеуші партия  қысымына  қарамастан бұл  қозғалыста  бұқаралық  ақпарат 
құралдары кең пайдаланылды және шетелдерге тарады. 
Арал  төңiрегiндегi  халықтар  мұңына  қолғабыс  беру  үшiн  Балқаш  және 
Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Дүниежүзiлiк жұртшылықтың 
және  КСРО  үкiметiнiң  назарын  Арал  теңiзiнiң  апатына  аудару  үшiн  комитет 
көп  жұмыстар  iстедi.  Республикалық  және  Бүкілодақтық  ірі  кәсіпорындары 
орналасқан  облыс  орталықтары  мен  өндiрiстiк  елдi  мекендерде  табиғатты 
қорғау  және  тазалықты  сақтау  үшiн  күресетiн  қозғалыстар  қоғамдық  негізде 
қалыптасты.  
1990  жылдың  шiлдесiнде  Қазақстанның  мемлекеттiк  тәуелсіздiгiн  алуды 
өзiнiң  басты  мақсаты  етiп  қойған  “Азат”  азаматтық  қозғалысы  дүниеге  келдi. 
Алғашқы  кезде  қозғалыс  республикадағы  саяси  партиялары  мен  қоғамдық 
қозғалыстар  өкiлдерiн  бір  мақсатқа  жұмылдырып  күштерін  бiрiктiруге 
ұмтылды.  1991  жылы  осының  нәтижесінде  саяси  партия  болып  тiркелдi.  Осы 
кезде  «Қазақстанның  социал-демократиялық»  партиясы  құрылды.  Жастардың 
шағын  тобы  бiрiгiп,  өздерiн  “Алаш”  партиясы  деп  атады.  1990  жылы  тамыз 
айында  ғылыми-техникалық  интеллигенцияның  өкiлдерi  “Бірлік-Единство” 
ұлтаралық  қозғалысы  өзін  қоғамға  таныта  білді.  1986  жылғы  оқиғаларға 
қатысқандар және оны қолдаушылар “Желтоқсан” партиясын құрды.  


Саяси ұйымдардан бөлек, өздерiнiң мүшелерiн әлеуметтiк, кәсiптiк және 
басқа  белгiлерi  бойынша  бiрiктiрген  ұйымдар  -  “Жауынгер-ауғанстандықтар”, 
“Әдiлет”,  “Жас  құрылысшылардың  мемориал  ассоциациясы”,  “Тәуелсiз 
студенттер одағы”, “Азамат”, “Ақиқат”, “Қазақстан мұсылман әйелдер лигасы”, 
«Алдаспан»,  «Қайта  құру  бағдарламасын  қолдаушы  клуб»  т.б.  оппозициялық 
қозғалыстар  мен  саяси  ұйымдар  сан  қилы  бағыттағы  пікірсайыс  шаралар 
ұйымдастырды. 
1990  жылғы  қарашаның  басында  Қазақстандағы  саясаттанған  қоғамдық 
бiрлестiктердiң  саны  100-ден  асып,  оның  40-қа  жуығы  республика  астанасы-
Алматыда  болды.  Дегенмен,  көп  уақытқа  дейiн  экологиялық  қозғалыстардан 
басқа  жаңа  қозғалыстардың  саны  аз  болды.  Жаңашыл  бағытты  қолдайтын 
қозғалыстар 
өз 
мүшелерiн 
гуманистiк, 
адамгершiлiк 
принциптердi, 
заңсыздықтарды,  кемсiтушiлiктi,  адамдардың  азаматтық-құқықтық  қадiр-
қасиетiн  қорғайтын,  қоғамдық  проблемалар  мен  әлеуметтiк  жанжалдарды 
шешудiң  құралы  ретiнде  озбырлық  пен  зорлықты  айыптауға  қарсы  күрестің 
ерiктi тарихи-ағартушылық “Әдiлет” қоғамы құрылды.  
Заманның  жаңа  ағымы  арнасында  қалыптасқан  саяси  партиялар  мен 
қоғамдық  қозғалыстардың  көпшiлiгi  ұйымдық  жағынан  болсын,  өздерiнiң 
стратегиялық  және  тактикалық  мiндеттерiн  айқындау  жағынан  болсын,  әлi 
қалыптасу  сатысында  болды.  Мысалы,  “Невада-Семей”  қозғалысы,  “Азат”, 
“Қазақ тiлi” сияқты жекелеген ұйымдар құрамы жағынан мейлiнше көп, белгiлi 
бiр  ақшалай  қаражаттары  да  бар  (демеушiлер  мен  азаматтардың  ерiктi  көмегi 
есебiнен)  және өздерiнiң  басылымдарында  ақпараттық  танымдық  материалдар 
да шығаратын болды. Өздерiнiң мақсаттары мен мiндеттерi, сонымен бiрге iс-
әрекеттерiнiң  тиiмдiлiгi  бойынша  бұл  ұйымдардың  бiр-бiрiнен  елеулi 
айырмашылықтары бар. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары қатарында 800 мыңға 
жуық мүшесi болған Қазақстан Коммунистiк партиясының беделi уақыт өткен 
сайын  сейіле  түсіп  партия  қатарындағылар  өз  еркiмен  өкілдік  құжаттарын 
тапсыра бастаған. 
1990  жылдың  қазан  айында  Республика  Жоғарғы  Кеңесiнiң  сессиясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет