Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет71/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
Декларация
  қабылдады.  Ауқымды 
шараның  табысы  І  Съездің  дінаралық  форумды  әр  үш  жылда  бір  реттен  кем 
емес тұрақты негізде өткізіп тұру туралы  шешімінде бекітілді.  
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  ІІ съезі 2006 жылы 12-
13  қыркүйекте  Астанада  өткізілді.  Съезд  арнайы  форум  өткізу  үшін  салынған 
жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті.  Форум «Дін, қоғам 
және  халықаралық  қауіпсіздік»  атты  жалпы  тақырып  аясында  «Діни  наным-
сенім  бостандығы  және  өзге  дінді  ұстанушыларды  құрметтеу»  және  «Діни 
көшбасшылардың  халықаралық  қауіпсіздікті  нығайтудағы  рөлі»  деген  екі 


негізгі  бағыт  бойынша  өткізілді.  Екінші  форум  жұмысына  29  делегация 
қатысты.  Съезд  барысында  басшылыққа  алған  негізгі  бөлігі  көрініс  тапқан 
«Дінаралық  диалог  қағидаттары»  қабылданды.  Екінші  съезд  қорытындысы 
бойынша қатысушылар барлық діндер мен этникалық топтар өкілдерін мәдени 
және  діни  ерекшеліктер  негізіндегі  дау-жанжалдарға  жол  бермеуге  шақырған 
бірлескен  Декларация  қабылдады.  Бұл  құжатта  «қырғиқабақ  идеологияны» 
«әлем мәдениетіне» ауыстырудың жаһандық қажеттілігі кең көрініс тапты. 
Еуропа,  Азия,  Таяу  Шығыс  және  Американың  35  елінен  77  делегация 
қатысқан  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының    III  съезі  2009 
жылы 1-2 шілдеде Астана қаласында өтті. Оның басты тақырыбына кез келген 
мәселенің  оң  шешілуіндегі  рухани  көшбасшылар  рөлін  олардың  өзара  құрмет 
пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан 
үлесі аясында арттыру жайы арқау болды. 
Сонымен қатар, Съездің өткізілуіндегі жаңалық бейбітшілікті қамтамасыз 
етумен,  қазіргі  әлемдегі  келісім  және  үнқатысумен  байланысты  өткір 
мәселелерді  талқылау  жөніндегі  секция  отырыстарын  ұйымдастыру  болды.  III 
Съезде  секция  отырыстары  үшін  мынадай  тақырыптар  таңдап  алынды: 
1) 
Моральдық  және  рухани  құндылықтар;  2)  Әділеттілік,  бейбітшілік  және 
қауіпсіздік;  3)  Қоршаған  орта  және  үйлесім;  4)  Диалог  және  әріптестік;  5) 
Дағдарыстар кезеңінде аса қажет ынтымақтастық. 
Үшінші  форумның  қорытындысы  бойынша  жұртшылықты  шынайы 
дінаралық  диалог  орнату  үшін  діни  көшбасшылар  мен  ұйымдардың  күш-
жігерін  қолдауға  және  арттыруға,  діндер  мен  өркениеттердің  өзара  түсіністік 
пен  құрметті  жақсартуға  бағыталған  үнқатысуын  қолдауға  ықпал  етуге 
шақырған бірлескен декларация қабылдады. 
Әлемдік  және дәстүрлі діндер  көшбасшыларының    IV съезі  2012 жылғы 
30-31  мамырда  Астанада  өтті.  IV  Съездің  басты  тақырыбы  «Бейбітшілік  пен 
келісім  адамзат  таңдауы  ретінде»  деп  аталды.  Форумға  әлемнің  40  елінен  85 
делегация  қатысты.  Осы  съезд  аясында  Діни  көшбасшылар  кеңесінің  бірінші 
отырысы  болып  өтті.  Діни  көшбасшылар  кеңесінің  мақсаты  –  жұмысы 
мәдениеттер диалогына және экономикалық өзара ықпалдастыққа бағытталған 
өзге  де  форумдар  мен  халықаралық  ұйымдармен  пікіралысу  (диалог)  және 
ынтымақтастықты  қамтамасыз  етудің  басымдықтары  мен  тетіктерін  айқындау 
болып  табылады.  Форум  төрт  секция  отырысы  бойынша  өтті:  1)  «Орнықты 
дамуға  қол  жеткізудегі  діни  көшбасшылардың  рөлі».  2)  «Дін  және 
мультикультурализм».  3)  «Дін  және  әйелдер:  рухани  құндылықтар  мен 
заманауи талаптар». 4) «Дін және жастар». 
Съезд  жұмысының  қорытындысы  бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет