Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


 Казіргі заманғы Қазақстан -  әлемдік өркениеттің тең мүшесі



Pdf көрінісі
бет79/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
9. Казіргі заманғы Қазақстан -  әлемдік өркениеттің тең мүшесі. 
9.1. Республиканың шетелдермен қарым-қатынасы. 
 
Әлемдік қауымдастықтағы еліміздің көздеген мақсаты. Біріншіден, басқа 
елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық 
мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа және АҚШ-пен халықаралық байланысты 
өркендету.  
Екіншіден,  шет  елдермен  тек  дипломатиялық  байланыс  қана  орнатып 
қоймай,  сонымен  қатар,  олармен  мәдени-экономикалық  байланысты  күшейту, 
сөйтіп әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосылу. 
Үшіншіден,  Қазақстанның  қауіпсіздігін  сақтау,  дүниежүзілік  соғысты, 
ядролық қаруды қолдануға шек қою.  
Аталған  бағытта  1991  жылдан  бастап  сыртқы  саясат  пен  халықаралық 
қатынастар  саласында  ұзақ  мерзімге  арналған  сүбелі  шаралар  қолға  алынған. 
Қазақстан  өзінің  барлық  көршілерімен,  негізгі  әріптес  мемлекеттерімен 
байыпты  және  болжауға  болатындай  байсалды  қарым-қатынастар  орнатты. 
Казіргі  заманғыи  Қазақстанның сыртқы  саясатының негізгі  діңгегі  –  сан  қилы 


мақсат  және  бағыттарды  (көпвекторлық)  қамтыған  жолмен  өрбу  болып 
табылады.  Ол  –  еліміздің  геосаяси  жағынан  орналасуына  байланысты  өмірдің 
өзі  сілтеп  отырған  қалыпты  жағдай.  Өткен  уақыт  ішінде  Қазақстан 
Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-
дан  астам  елмен  мәмлегерлік  (дипломатиялық)  қатынастар  орнатты.  Шет 
елдерде  ондаған  дипломатиялық  және  консулдық  өкілдіктер  ашылды.  Ал 
Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық 
және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. 
Қазақстан  өзінің  сыртқы  саясатында  ең  жақын  және  ірі  көрші 
мемлекеттер  -  солтүстікте  Ресеймен,  ал  шығыста  Қытаймен  тығыз  қарым-
қатынас  орнатуға  ерекше  назар  аударып  келеді.  Аталмыш  елдермен  қарым 
қатынас  1992  ж.  25  мамырдағы  Достық,  ынтымақтастық  және  өзара  көмек 
туралы шарт аясында жүргігізіліп оның зор тарихи маңызы зор. Екі халықтың 
достығы  мен  ынтымақтастығын  нығайтуда  1996  ж.  27-ші  сәуірде  Ресей 
Федерациясының 
Президенті 
Б.Ельцин 
мен 
Қазақстан 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  Алматыда  кездесіп,  Қазақстан  мен  Ресей  бірлескен 
Декларациясына  қол  қоюының  маңызы  өте  зор  болды.  Онда  Қазақстан  мен 
Ресейде  жүргізіліп  жатқан  демократиялық  қайта  құрулар  мен  саяси-
экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні 
бар екендігі атап көрсетілді. 
Тәуелсіз  Қазақстан  және  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы.  Кеңес 
одағының  ыдырауы  салдарынан  шаруашылық-өндірістік  кеңістік  тарап, 
кәсіпорындардың,  ғылыми  және  өндірістік  бірлестіктердің  арасындағы 
байланыстар  үзілді,  сондай-ақ  біртұтас  елдің  аумағындағы  бұрынғы 
республикааралық 
шекаралар 
мемлекетаралық 
шекараларға 
айналды. 
Мемлекетаралыққа  шекаралардың  анықталуына  байланысты  өзара  сауда  және 
басқа  да  экономикалық  қатынастардың  жолында  бір  мезетте  көп  бөгеуіл 
туындап,  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттердің  экономикаларын  қыруар  шығынға 
батырды. 
Осы  жағдайда  Қазақстан  мен  басқа  да  бұрынғы  кеңес  республикалары 
әрбір  әріптестердің  мүддесін  бірдей  ескерумен  қатар,  еңбекті  өзара  тиімді 
бөлудің  нәтижесінде  дамудың  барынша  жоғары  ортақ  нәтижесіне  жетіп  қана 
қоймай,  біртұтас  одақтас  экономика  күйреуінің  шығынын  барынша  азайтуға 
мүмкіндік 
беретін 
жаңа 
экономикалық 
өзара 
қарым-қатынастарды 
қалыптастырып,  шаруашылық  ынтымақтастықтың  жаңа  арнасын  іске  асыру 
проблемасын шешуге тиіс болды. 
1991  жылғы  желтоқсанда  құрылған  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы 
(ТМД)  құрылғанда  осы  мақсаттарға  жету  басты  мақсат  болған.  ТМД  өзінің 
қызметін  халықаралық  құқық  қағидасына  негіздейтін  толық  құқықты 
халықаралық ұйым ретінде алдына мынадай міндеттерді қойған еді: 
-әрбір  қатысушы-елдің  экономикалық  реформалар  мен  мемлекеттік 
құрылыстың  өзінің  меншік  үлгісін  қалыптастырып  нығайтуға  мүмкіндігінше 
көмек көрсету; 
экономикалық  та,  саяси  да  саланың  көптеген  аясында  өзара 
қатынастардың дамуына ықпал ету


қалыптасқан  рухани,  гуманитарлық  және  мәдени  байланыстарды  сақтау 
үшін жағдай жасау. 
1991  ж.  үш  мемлекет  басшыларының  (Ресей,  Беларусь,  Украина)  КСРО 
ны  тарату  туралы  Беларусь  еліндегі  Беловежье  келісімінде  жазылған  барлық 
осы  ережелер  ТМД-ның  1993  жылғы  Жарғысында  анық  көрсетілген  еді.  Осы 
құжатта  жоғарыда  айтылғаннан  басқа  келісілген  экономикалық  саясаттың 
келесі  негізгі  бағыттары,  соның  ішінде  ерекше  нарықтық  қатынастар  мен 
тауарлардың,  қызметтердің,  жұмыс  күші  мен  капиталдың  еркін  қозғалысы 
негізінде ортақ экономикалық кеңістік қалыптастыру да қарастырылған еді. 
Бұл  орайда  Ресей  мен  Қазақстан  арасында  ынтымақтастықтың  одан  әрі 
дамуында  1998  ж.  6-шілдеде  Мәскеуде  қол  қойылған  мәңгілік  достық  пен 
ынтымақтастық туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет