Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет78/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
8.8. Казіргі заманғы Қазақстан және  
«Мәдени мұра-Культурное наследие» Бағдарламасы. 
 
«Мәдени  мұра»  Мемлекеттік  бағдарламасын  Қазақстан  Республикасы 
Президенті  бастауымен  құрылған.  2003  жылы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан 
халқына 
Жолдауында
  Қазақстанның  бай  мәдени  мұрасын,  мемлекеттік  тілде 


гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына 
келтіруді,  ұлттық  әдебиет  пен  жазудағы  көпғасырлы  тәжірибені  біріктіруді 
зерттеудегі  бірыңғай  жүйе  қалыптастыруға  бағытталған  бағдарлама  даярлауға 
ұсыныс  жасаған.  Бағдарламаны  жүзеге  асыру  2004  жылы  басталған  болатын 
және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезеңге бөлінді: 2007 жылдан 2009 
жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін. 
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік 
қозғалысын  анықтаған  рухани  және  білім  беру  істерінің  даму  саласындағы 
негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып дүниеге келді. Маңызды және 
мазмұнды  жобаны  іске  асыруды  ТМД  елдерінің  ішінде  алғаш  бастаған 
Қазақстан елі болған. 
«Мәдени  мұраның»  мақсаты  -  елдің  тарихи-мәдени  мұрасын  зерттеу, 
қалпына  келтіру  және  сақтау,  тарихи-мәдени  дәстүрлерді  қайтару,  шет  елде 
Қазақстанның  мәдени  мұрасын  үгіттеу.  Бағдарламаны  төменгі  бағыттар 
бойынша іске асыру міндеті қойылған еді:  
-  ұлттық  мәдениетке  ерекше  маңызы  бар  тарихи-мәдени  және  сәулет 
ескерткіштерін қалпына келтіру; 
- археологиялық зерттеулерді қолға алу
-  қазақ  халқының  мәдени  мұрасы  саласындағы  ғылыми  зерттеулер 
жүргізу; 
-  ұлттық  әдебиет  пен  жазулар  тәжірибесін  ортақтастыру,  кеңейтілген 
бейне және жұмыс қатарларын құру. 
2004  жылдан  бағдарламаны  жүзеге  асыра  бастаған  кезден  бастап  тарих 
пен  мәдениеттің  78  ескерткішіне  реставрациялық  жұмыстар  жүргізіліп, 
олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған. 
Қазақ  этносының  түп-тұқияндары  аясында  көптеген  мәлімет  беретін 
ғылымды  мыңдаған  артефактылармен  байытқан  26  ғылыми-қолданбалы,  40 
археологиялық зерттеу жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен 
Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе ұлттық өнерді 
сипаттайтын алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). 
Тәуелсіз  Қазақстан  тарихында  алғаш  рет  еліміздегі  ескерткіштердің 
масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объект) және 
жергілікті  (11  277  объект)  маңызы  бар  тарих  пен  мәдениет  ескерткіштерінің 
тізімі бекітілді. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, 
Армения,  сонымен  қатар  АҚШ  пен  Батыс  Еуропада  болған  ғылыми-зерттеу 
экспедициялар  нәтижесінде  5  мыңнан  астам  құнды  тарихқа,  этнографияға, 
Қазақстан  өнеріне  байланысты  архивті  құжаттар,  қолжазбалар  мен  баспа 
шығарылымдары жинақталды. 
Қазақстанда  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  алғаш  рет  «Мәдени  мұра» 
бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлық білім беру қоры 
құру  басталды.  537  кітап  бір  жарым  миллионнан  астам  данамен  шығарылды, 
олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық 
сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар орын алды. 
Орта  ғасырлардағы  әуендерді  терең  зерттеулер  жүргізілді,  оның  ішінде 
күйлер,  тарихи  өлеңдер.  Қазақтың  дәстүрлі  әндерінің  «Мәңгілік  сарын: 


қазақтың  1000  күй,  1000  әні»  антологиясы  шығарылды.  Бұл  масштабы  мен  
қайталанбастығы  бойынша  ұлттық  мәдениетт  тарихындағы  қазақ  халық 
әндерінің  түпнұсқалық  орындауларын  жинау,  даярлау,  өңдеу,  реставрациялау, 
цифрландыру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек болатын. 
Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс 
және  әл-Фараби  тарихи-мәдени  орталық  кесенесін  салу,  Каирдегі  Сұлтан 
Бейбарс мешітінің реставрациясы жүзеге асырылды. 
«Казахфильм»  АҚ  киностудиясы  ұлттық  мәдениеттің  маңызды  тарихи 
орындары  мен  мұралары  туралы 20-дан  астам  деректі фильмдер  түсірген.  Бұл 
«Мәдени  мұра»  «Қорқыт.  Күй  тарихы»,  «Номадтардың  музыкалық  мұрасы», 
«Ежелгі  Түркістан  сәулет  ескерткіштері»,  «Жүсіп  Ата  кесенесі»,  «Тамғалы 
петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасында  саяхаттық  кластерді  дамытатын 
бағыттағы  шаралар  іске  асырылады.  Туристік  маршруттарды  белгілеуде 
археологтардың,  өлкетанушылар  мен  мамандардың  кеңестеріне  негізделді. 
Жыл  сайын  елімізде  және  шет  елдерде  тарихи-мәдени  мұрамызды  дәріптеу 
бағытында шамамен 200-ден аса шара ұйымдастырылды. 
Жобаның шеңберін мұндағы қазіргі Қазақстанның бүкіл зиялы әлеуеттің 
қатысқаны көрсетеді: әдебиет пен өнер, философия, тарих пен этнография, тіл 
білімі және т.б. академиялық институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің жоғарғы 
оқу орындарын қамтыды. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  Қазақстан  тарихындағы  теңдессіз 
гуманитарлық  мемлекеттік  шара  бола  тұрып,  қазақ  халқының  ұлттық  рухани 
байлығын әлемге паш етті.  
Ұзақ  уақыт  бойы,  тіпті  ғасырлап  қазақ  этносының  жанына  жаралған 
руханият  туындылары  халықтан  сыңаржақты  идеология  қысымымен 
алыстатылған 
фоножазбалары 
қалпына 
келтiрiлiп, 
қазiргi 
заманғы 
аудиотаспаларға  көшiрілді.  Мысалы,  2004-2006  жылдарға  арналған  "Мәдени 
мұра" мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнің "Iшкi 
және  сырты  саясаттың  2004  жылға  арналған  негiзгі  бағыттары"  Қазақстан 
халқына  Жолдауына  және  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  2003  жылғы  5 
қыркүйектегі N903 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Yкiметінің 
2003-2006  жылдарға  арналған  Бағдарламасын  iске  асыру  жөнiндегi  іс-шаралар 
жоспарының  арнасына  сәйкес  жүзеге  асырылып  отырды.  Бұл  бағдарламаны 
әзiрлеу  мәдени  мұра  саласында  қалыптасқан  ахуалға  неғұрлым  белсендi  де 
сындарлы ықпал ету қажеттiгiнен туындады.  
Мәдени  мұра  саласындағы  проблеманың  сол  кездегі  күй-жайын  талдау 
Қазақстанның  мәдени  мұрасының  сан  ғасырлық  дәстүрлердi  сақтау  мен  одан 
әрі  дамыту  жөнiндегi  шаралар  кешенiн  қолдан  келгенше  қамтамасыз  етумен, 
тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткiштерiн ашу, кесенелердi, ескi мешiттердi, 
ежелгi  кенттердi  тұмшалаумен,  қалпына  келтiру  жөнiндегi  жұмыстарды 
жандандырумен, олардың негiзiнде жаңа тарихи-мәдени мұражай-қорықтардың 
құрумен  іске  асты.  Осындай  шаралар  нәтижесінде  Қазақстанда  25  мыңнан 
астам  тарих,  археология,  сәулет  және  мүсiн  өнерінің  жылжымайтын 


ескерткiштерi,  11  мың  кiтапхана,  147  мұражай,  8  тарихи-мәдени  қорық-
мұражай, 215 мұрағат қалпына келтіріліп халыққа қызмет істей бастады.  
Тарихи  және  этнографиялық  бейіндегі  мемлекеттiк  мұражайлардың, 
Қазақстан  тарихындағы  есте  қалатын  оқиғаларға  арналған  мемориалдардың 
тармақталған  желiсi  жасалды.  Соның  ішінде,  Қазақстанның  тарихы  мен 
мәдениетiнің  қайталанбас  ескерткiшi  Түркiстан  қаласындағы  Қожа  Ахмет 
Иассауи  кесенесi  2003  жылғы  маусымда  ЮНЕСКО-ның  Дүниежүзілік  мәдени 
мұра  тiзiмiне  енгiзiлдi.  Астана  қаласының  мәдени  инфрақұрылымын  өңдеу 
жөнiнде  шаралар  қабылданды:  республика  астанасында  Қазақ  музыкалық 
комедия  театры,  мұражайды,  кiтапхана  және  концерт  залын  қамтитын 
Президенттік  мәдени  орталығы  ашылды.  Ұлттық  кiтапхананың  құрылысы 
аяқталды. Киноконцерт залы мен цирктің құрылысы жедел қолға алынып, іске 
қосылды. 
Бұл  жылдары  "Тарихи-мәдени  мұраны  қорғау  және  пайдалану  туралы", 
"Мәдениет туралы", "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан 
Республикасының  заңдары  қабылданып,  күшiне  ендi.  Сонымен  қатар,  мәдени 
мұраны  қорғау  мен  дамыту  саласында  қалыптасқан  ахуал  осы  бағыттағы 
қызметтi  одан  әрi  дамыту  мен  жандандыруда  кезек  күттiрмейтiн  кешендi 
шаралар жедел және аса шеберлікпен атқарылды. Қазақстанның ұлттық тарихы 
үшiн  орасан  зор  мәнi  бар  көптеген  тарихи,  археологиялық  және  сәулет 
объектілерi  шұғыл  қамқорлыққа  мұқтаж  болған  орындарын  тұрғызу  ісі 
жанданды. Олардың арасында  - Оңтүстiк Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесi, 
Қызылорда  облысындағы  Асан-Ата  және  Айқожа  кесенелерi,  Алматы 
облысындағы  Жаркент  мешiтi,  Оңтүстiк  Қазақстан  облысының  Тұрбат 
ауылындағы  тарихи-сәулет  ескерткіштерi,  "Әзiрет  Сұлтан",  "Жидебай-Бөрiлі" 
қорық-мұражайларының  тарихи-сәулет  және  археология  ескерткiштерi, 
Маңғыстау  және  "Ордабасы"  қорығы  т.б.  сол  секілдi  тарих  пен  мәдениеттің 
қайталанбас ескерткiштерi бар. 
Олардың  көпшiлiгi  осы  уақытқа  дейiн  урбандалу,  индустриялану  және 
технократизациялану  салдарынан  бұзылып-бүлінуге  ұшыраған  еді.  Ежелгi 
уақыттан бергi заттық емес, рухани мәдениеттiң ескерткiштерiн, соның iшiнде 
ежелгi  түркi  жазу  мұраларын  зерделеу,  ғылыми  амалмен  болжап  тану  және 
этнос  игілігіне  пайдалана  білу,  қазiргi  авторлардың  шығармаларындағы 
дәстүрлi мифологемалар мен бейнелердің өзгеруi жүйесi мен әдiстерiн дамыту 
шаралары  тарихи  ақиқаттан  алыстау  болды.  Өткен  ХХ  ғасырдың  90-
жылдарынан  бастап  қазақ  тілдi  оқырман  үшiн  философия,  тарих,  заңгерлiк, 
және басқа салалардағы әлемдiк ғылыми ой-сананың негiзi қаланған еңбектердi, 
сондай-ақ  көркем  әдебиеттi  басып  шығару  iсі  тым  баяулап,  тіпті    іс  жүзiнде 
тоқтап  қалған  еді.  Жаңа  заманғы  Қазақстан  руханияттық  қазынасын  анықтап 
байыту  және  өскелең  ұрпақты  қазақстандық  отаншылдық  рухында  тәрбиелеу, 
тарихи,  мәдени  мұраны  жан-жақты  зерделеуде  ақтаңдақтарды  жою,  сондай-ақ 
қазақ  халқының  сан  ғасырлық  рухани  тәжiрибесiн  қорыту  мақсатында 
мемлекеттік тiлде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелердi шығарудың өзектi 
мәселелерi теориялық негізде жүйеленіп әлемдік өркениет аясына тартуға жол 
ашылды. 


Қағаздан,  желiмнен,  терiден,  қатырма  қағаздан  және  т.б.  органикалық 
материалдардан  даярланған  жазба  мұраның,  құжаттардың  табиғи  тозып 
шығармашылық  іске  жарамай  қалды.  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық 
консерваториясының қорында, елдiң мұрағаттары мен қоймаларында сақталған 
аса  көрнектi  ауызекi  кәсiби  дәстүрде  орындаушы  -  сазгерлердің 
фоножазбаларының табиғи жай-күйiне де айрықша назар  аудару қажет болды. 
Мәдени  мұра  Бағдарламасы  аясында  мәдениет  аясындағы  өзекті  мәселелердi 
кешендi  түрде  шешу  Қазақстан  халқының  мәдени  мұрасын  зерделеу,  сақтау 
және кеңiнен таныстыру жүйесiн одан әрi дамытуға ықпал ететiн болды.  
Бағдарламаның  мақсаты  елдің  рухани  және  бiлiм  беру  саласын  дамыту, 
ұлы  дала  өркениетінің  мәдени  мұрасының  сақталуын  және  тиiмдi 
пайдаланылуын  қамтамасыз  етуге  арналды.  Алға  қойған  мақсатқа қол  жеткiзу 
мынадай  мiндеттердi  шешу  негізінде  мүмкін  болды:  елдiң  маңызды  тарихи-
мәдени  және  сәулет  ескерткiштерiн  қайта  жаңғырту;  мәдени  мұраны,  соның 
ішінде қазiргi таңдағы ұлттық мәдениеттi ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн жасау; ұлттық әдебиет пен жазбалы 
шығармалардың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту, көркем және ғылыми толық 
дестелердi  шығару;  әлемдік  ғылыми  ой-сананың,  мәдениет  пен  әдебиеттің 
таңдаулы  жетiстіктерінің  негiзiнде  мемлекеттік  тiлдегi  гуманитарлық  бiлiм 
бepудің толыққанды қорын жасау. 
Бағдарлама  2004-2006  жылдар  аралығында  iске  асыру  барысында  және 
мәдени мұраны сақтау мен өркендетудiң негiзгi бағыттары айқындалды: оларды 
зерделеудiң  тұтастай  жүйесi  құрылып,  ежелгi  және  орта  ғасырдағы  кенттерге, 
қоныстарға,  қорғандарға  археологиялық  зерттеулер  жүргiзілді,  олардың 
базасында қорық-мұражайлар бой көтеріп, оларды туризм инфрақұрылымының 
жүйесiне  енгiзу  басталды;  Қазақстанның  қайталанбас  тарихи-мәдени  және 
сәулет  ескерткiштерi  қалпына  келтiріліп,  жеткіншектер  тәрбиесіне  мұрындық 
болуға  жарады;  ғылыми  білім-білікті  кеңiнен  насихаттау,  тарих  ғылымының 
теориялық  проблемаларын  әзiрлеу,  ғылыми,  көркем  және  энциклопедиялық 
шығармалар  көлемі  ұлғайып  мазмұны  жағынан  байыды;  Қазақстан 
Республикасының  тарихы  мен  мәдениетi  ескерткіштерінің  жинақтары 
сұрыпталып  баспаға  дайындау  жөнiнде  жүйелі  шаралар  іске  асырылды; 
облыстық  мемлекеттiк  инспекциялардың,  қалпына  келтiру  ұйымдарының 
қызметiне  бiрыңғай  басшылықты  қамтамасыз  ету,  тарих  пен  мәдениет 
ескерткiштерiн қорғау саласында бекітілген бағдарламалар мен жобаларды iске 
асыру мiндетiне кiретiн тарихи-мәдени мұраны қорғау мен белсендi пайдалану 
жөнiнде  республикада  ұтымды  құрылымды  құру  туралы  мәселе  қойылды; 
мемлекеттiң мәдени мұрасы және ақпараттық қоры жиынтығы ретiнде Ұлттық 
мұрағат  қорын  пайдаланудың  тиiмділігі  артты;  мемлекеттік  тiлде  ұлттық 
әдебиет  пен  жазудың  таңдаулы  үлгiлерiн,  әлемдiк  ғылыми  ой-сананың 
жетiстiктерiн дайындау және басып шығару ісі де біршама қанат жайды. 
Ұлттық  тарих  ескерткіштерiн  қайта  жаңғырту  ұлттық  мәдениет  үшiн 
айрықша  мәнi  бар  мынадай  ескерткiштердi:  Абат-Байтақ,  Айша-Бибi 
кесенелерiне, Қараман-Ата, Шопан-Ата сағаналарына, Ақыртас және Баба-Ата 
сарай 
кешендерiне 
кешендi 
ғылыми 

мәдениеттану 
зерттеулерi 


ұйымдастырылып,  оларды  қалпына  келтiру,  тұмшалау,  жаңарту  және 
абаттандыру,  сондай-ақ  тарихи  және  этномәдени  ортаны  өркендету  мен 
дамыту, Қойлық, Есік, Сарайшық, Берел және басқа да ежелгi, орта ғасырдағы 
кенттерге,  қорғандар  мен  қоныстарға  археологиялық  зерттеулердi  жүргiзу 
арқылы қамтамасыз етiлдi. Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетi 
ескерткіштерi  жинағын  баспаға  дайындау  жөнiнде  жүйелi  жұмыс  атқарылып 
сүбелі нәтижелерге қол жетті. Республика мұражайларының қорында сақталған 
тарих  пен  мәдениеттiң  жылжымалы  ескерткiштерi  тұрақты  түрде  қалпына 
келтiру жұмыстарын жүргiзу қажет болды. Осыны негiзге ала отырып, ұлттық 
тарих  үшiн  айрықша  мәнi  бар  мұражай  қорларын  қалпына  келтiру  мен  түзу 
жөнiнде орталықты құру ісіде билік орындарында арнайы талқыдан өтті.  
Қазақ  халқының  мәдени  мұрасын  зерделеудiң  тұтастай  жүйесiн  құру 
өткеннің  көрнектi  ғалым  ойшылдарының  мұрасын  зерделеу,  сондай-ақ  қазақ 
халқының мәдени мұрасында тарихи мәнi бар сирек кездесетiн басылымдардың 
қолжазбаларын,  әдебиет  шығармаларын  және  мұрағат  құжаттары  сақталған 
елдерді  анықтау  мен  сатып  алу  үшiн  алыс  және  жақын  шетелдердiң 
мұрағаттары  мен  кiтапханаларында  жұмыс  жүргiзу  үшін  ғылыми-зерттеу 
экспедициялары  ұйымдастырылды.  Ұлттық  мәдениет  үшiн  танымалы 
шығармашы  ғалымдардан  құралған  экспедициялар  айрықша  мәнi  бар  тарихи-
мәдени,  сәулет  және  археология  ескерткiштерiне,  соның  iшiнде  қорық-
мұражайлар  өңiрлерiне  жіберіліп  оларды  сақтау  мен  мұражайға  айналдыру 
мақсатында  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер  жүргiзу  ісі  қолға  алынды. 
Құжаттық  мұраның  бiрегей  үлгiлерiн  сақтау,  сондай-ақ  оларға  еркiн  қол 
жеткiзу  мүмкiндiгiн  қамтамасыз  ету  мақсатында  төл  тарихымызда  терең  із 
қалдырған  көрнектi  Әл-Фараби,  Ж.Баласағұн,  М.Қашғар,  С.Бақырғани, 
А.Йүгiнеки,  М.Дулат,  Қ.Жалайыр,  З.Бабыр  сияқты  ойшылдар  және 
басқалардың мұрасын зерделеу ісі түбегейлі қолға алынды.  
Қолжазбалар мен сирек кездесетiн басылымдар мен кiтаптардың: "Кодекс 
Куманикустың,  "Қорқыт  Ата  кiтабының"  (Дрезден  мен  Ватикан  қалаларында 
сақтаулы),  "Оғыз-наменің"  (Парижде  сақтаулы),  "Бабыр-наменің",  "Махаббат-
наменiң"  (Лондонда  сақтаулы),  Ж.Баласағұнның  "Құтты  білігінің"  (Каирда 
сақтаулы)  және  қазақ  халқының  мәдени  мұрасында  тарихи  мәнi  бар  басқа  да 
мұралық  шығармалары  көшiрмелер  нұсқаларын  сатып  алудың  жолдары 
анықталып  ғылыми  арнаға  салынды.  Ежелгi  қолжазбалардың,  кiтаптар  мен 
басқа  да  дерек  көздерінің  сақталуын  қамтамасыз  ету  үшiн  Ұлттық  кiтапхана 
жанында  ұлттық  кiтап  жәдiгерлерi  қоры  құрылды,  сондай-ақ  кiтаптар  мен 
ежелгi  қолжазбаларды  қалпына  келтiру  жөнiнде  орталық  қалыптасты. 
Ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  дамуы  мен  Электрондық  құжат 
айналымының  бiрыңғай  жүйесiн  енгiзу  барысында  Ұлттық  мұрағат  қоры 
құжаттарының  жаңа  тасығыштарда  сақталуы  мен  пайдаланылуы  өзектi 
мiндеттерге айналып жетіле түсті, оларды шешу үшiн Қазақстан Республикасы 
Орталық  мемлекеттік  мұрағаты  жанында  мұрағат  құжаттарының  сақтандыру 
көшiрмесiн жасау мен қалпына келтiру орталығы құрылды.  
Моңғолияның және әлемнің басқа да елдерiнiң аумағындағы ежелгi түркi 
руникалық  жәдігерлердi  табу  мен  олардың  көшiрмелерiн  жасау  жұмысы 


біршама  ілгеріледі.  Ұлытауда  Қазақстанның  мемлекеттік  тұтастығы  мен 
халықтары  бiрлiгінің  нышаны  -  мүсiнтас  дайындалып  тұрғызылды.  Мәдени 
және  аралас  мұра  объектiлерiн  күзету  аумақтарының  шекарасы,  өңiрлерi 
белгіленді, Дүниежүзілiк мұраның күнiлгерi тiзiмiне енген объектілердiң түпкі 
табаны жасалып, Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн басқару мен сақтау жөнiндегi 
бизнес-жоспар әзірленді.  
Ұлттық  және  әлемдiк  ғылыми  ой-сананың,  мәдениет  пен  әдебиет 
басылымдарының дестелерiн әзiрлеу бағытында Бағдарлама аясында да сүбелі 
істер атқарылды. Әлемдiк мәдениеттің көрнектi ойшылдарының, әдебиетшiлерi 
мен  қайраткерлерінің  таңдаулы  шығармаларының  кең  ауқымын  қазақ  тілдi 
оқырманға  таныстыру  және  гуманитарлық  бiлiм  берудiң  мемлекеттiк  тiлдегi 
толыққанды  қоры  жасақталып  олардың  аса  құнды  жәдігерлері  негiзiнде  iргелi 
әдеби-көркем  және  ғылыми  басылымдары  әзiрленіп,  сан  алуан  данамен 
баспадан  шығарылды.  Тағы  бiр  орасан  зор  құндылық  "Қазақ  әдебиетiнiң 
тарихы", ол бiрнеше ғасырлар бойына Қазақстанда қалыптасқан, көркем әдеби 
ойдың  түп-негiзi  туралы  әңгiмелейдi,  Қазақстанның  ақын-жазушылары 
шығармашылығының  негiзгі  үрдiстерi  мен  ерекшелiктерiн  ашып  көрсететін 
болды. 
Аталмыш  мерзімде  қажеттi  ресурстар  және  қаржыландырудың  негiзгі 
көздерi  қарастырылып  оларға  бір  арнаға  үйлестірілген.  Бағдарламаны 
қаржыландыру республикалық бюджеттiң есебiнен шығарылып, жалпы көлемi - 
1933,6  млн.  теңге,  оның  iшiнде:  2004  жылы  -  641,65  млн.;  2005  жылы  -  631,7 
млн.; 2006 жылы  - 660,2  млн.  теңге  құрады.  Бағдарламаны  қаржыландырудың 
тек  2005-2006  жылдарға  арналған  көлемi  тиiстi  қаржы  жылына  арналған 
республикалық  бюджеттiң болжамды  көрсеткіштерiнің аясында нақтыланатын 
болды.  Ұлттық  әлемдiк  ғылыми  ой-сананың,  мәдениеттің,  әдебиеттiң 
шығарылуы  сол  жылдарда  аяқталатын  кең  көлемдi  дестелi  басылымдарын 
қаржыландыру мәселелерi белгiленген тәртiппен қаралды.  
Бағдарламаны  iске  асыру  нәтижесінде  елеулі  нәтижелерге  қол  жеткен,  
ұлттың рухани-білім беру және зияттық-мәдени деңгейінің көтерiлуiне, өскелең 
ұрпақты  әлемге  ортақ  құндылықтар,  қазақстандық  отаншылдық  рухында 
тәрбиелеуге,  қоғамды  одан  әрі  топтастыруға  ықпал  еттi.  Нәтижесiнде:  тарих 
пен  мәдениеттің  30-дан  астам  маңызды  ескерткiштерi  қайта  жаңғыртылды;  32 
ежелгi  және  орта  ғасырлық  археологиялық  кенттер  мен  қоныстарды  ғылыми 
зерттеу,  тұмшалау,  абаттандыру,  мұражайға  айналдыру  және  саяхаттық 
мақсатта пайдалану жөнiндегі шараларды қолға алуға мүмкіндік берді; мәдени 
инфрақұрылым  кеңейтілдi,  тарихи-мәдени  құндылықтарды  насихаттау  мен 
кеңiнен  таныстыру  аясындағы  қызмет  жанданды;  мәдени  мұраны  зерделеудің 
тұтастай  жүйесiн  жасау  жөніндегі  шаралар  кең  өріс  алды;  Республикалық 
ұлттық  кiтапхана  жанында  Ұлттық  кiтап  жәдiгерлерiн  табу  және  сатып  алу, 
кiтаптар  мен  ежелгi  қолжазбаларды  қалпына  келтiру  орталығы,  Қазақстан 
Республикасының  Орталық  мемлекеттiк  мұрағаты  жанында  қазiргi  заманғы 
жабдықтармен  жарақталған  Мұрағат  құжаттарының  сақтандыру  көшiрмесiн 
жасау және қалпына келтiру орталығы, Президенттік мәдени орталығы аясында 
ұлттық тарих үшiн айрықша мәнi бар Мұражай қорын түзу мен қалпына келтiру 


орталығы  құрылды;  16  бағыт  бойынша  түрлi  кiтаптар  дестелерi  шығарылды; 
Қазақстанның  мемлекеттiк  тұтастығы  мен  халықтары  бiрлігінің  нышаны  - 
мүсiнтас  тұрғызылды;  деректер  базасы  жасалды,  ЮНЕСКО-ның  күнiлгерi 
тiзiмiне енгiзiлген мәдени және аралас мұра объектiлерiн күзетудiң аумақтары 
мен  өңiрлерінің  шекарасы  белгiлендi;  елдiң  қорларында,  мұрағаттары  мен 
қоймаларында  сақталған  аса  көрнектi  ауызекi  кәсiби  дәстүрде  орындаушы-
музыканттардың фоножазбалары қалпына келтiрiлiп, барынша қазiргi заманғы 
аудиотаспаларға көшірiлдi. 
2007-2009  жылдарға  «Мәдени  мұра»  бағдарламасының  келесі  сатысы 
бойынша  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2007  жылғы  20  сәуірдегі  №319 
қаулысымен  бекітілген  Мемлекет  басшысының  2005-2007  жылдардағы 
Қазақстан  халқына  жыл  сайынғы  жолдауларын  іске  асыру  жөніндегі  негізгі 
бағыттардың  (іс-шаралардың)  жалпыұлттық  жоспары  және  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  аталмыш  бағдарламасын  орындау  жөніндегі  іс-
шаралар  жоспарының  157-тармағын  іске  асыру  мақсатында,  сондай-ақ  2007 
жылғы  13  ақпандағы  Қазақстан  Республикасының  2004-2006  жылдарға 
арналған  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  жөніндегі 
Қоғамдық кеңес отырысының №01-7.2. хаттамалық шешіміне сәйкес әзірленді. 
Аталған  Бағдарлама  еліміздің  тарихи-мәдени  мұрасын  зерттеуге, 
сақтауға,  жаңғыртуға  және  тиімді  пайдалануға  бағытталған  кешенді  іс- 
шараларды  іске  асыруды  қамтамасыз  ету  қажеттігінен  өмірге  келген  еді. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  қатысуымен  болған  2004-2006 
жылдарға  арналған  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру 
жөніндегі Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында еліміздің тарихи-мәдени 
мұрасын  сақтау  және  тиімді  пайдалануды  қамтамасыз  ету  мәселесі  қаралып, 
онда  Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  ақпарат 
министрлігіне  2007-2009  жылдарға  арналған  «Мәдени  мұра»  салалық 
бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырды.  
2004-2006  жж.  арналған  Мәдени  мұра  саласындағы  проблеманың  жай-
күйін талдау жұмыстары аяқталды. Бағдарламаны іске асыру барысында тарих 
және  мәдениеттің  жаңа  ескерткіштерін  ашу,  ұлттық  мәдениетіміз  үшін 
айрықша  маңызы  бар  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  консервациялау,  қайта 
жаңғырту және қалпына келтіру мәдени мұраның, соның ішінде қазіргі таңдағы 
ұлттық  мәдениетті,  ауыз  әдебиетін,  дәстүрлер  мен  әдет-  ғұрыптарды 
зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық 
тәжірибесін  қорыту,  әлемдік  ғылыми  ой-сананың,  мәдениет  пен  әдебиеттің 
таңдаулы  жетістіктерінің  негізінде  гуманитарлық  білім  берудің  мемлекеттік 
тілдегі  толыққанды  қорын  жасау  жұмыстары  жоғары  деңгейде  жүзеге 
асырылды. 
Өткен  кезең  ішінде  отыз  бес  тарих  және  мәдениет  ескерткіштеріне 
жаңғырту  жұмыстары жүргізілді, оның  ішінде: 2004  жылы  12 объектіде қайта 
жаңғырту  жұмыстарын  жүзеге  асырды;  2005  жылы  13  объектіде  қайта 
жаңғырту  жұмыстары  аяқталды  2006  жылы  10  объектіде  реставрация 
жұмыстары жүргізілді. Қазақстан аумағындағы отыз қалашықтарда, қоныстарда 
және  қорғандарда  археологиялық  зерттеулер  жүргізілді,  оның  ішінде:  2004 


жылы 20 қалашыққа археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді; 2005 жылы 30 
қалашыққа  археологиялық  қазба  жұмыстары  жүргізілді;  2006  жылы  30 
қалашыққа археологиялық қазба жұмыстары жалғастырылды. Қазақ халқының 
мәдени мұрасы үшін тарихи маңызы бар қолжазбаларды, сирек басылымдарды, 
кітаптар  мен  мұрағаттық  құжаттарды  анықтау  және  сатып  алу  үшін  Қытай, 
Монғолия,  Ресей,  Батыс  Европа  елдерінің  мұрағаттары  мен  кітапханаларына 
ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Ұлттық мәдениетіміз үшін 
айрықша  маңызы  бар  қолданбалы,  бірегей  тарихи-мәдени,  сәулет  және 
археологиялық ескерткіштерге ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.  
Сонымен қатар еліміздің мұрағаттары мен қоймаларындағы аса көрнекті 
ауызекі  кәсіби  дәстүрде  орындаушы  -  музыканттардың  фоножазбаларын 
қалпына  келтіріп,  қазіргі  заманғы  аудио  тасымалдаушыларға  қөшіру 
жұмыстары  аяқталды,  оның  ішінде:  2004  жылы  –  10  қолданбалы  ғылыми 
зерттеу;  2005  жылы  –  10  қолданбалы  ғылыми  зерттеу;  2006  жылы  –  7 
қолданбалы  ғылыми  зерттеу  жобалары  іске  асырылды.  Ұлттық  және  әлемдік 
ғылыми  ой-сана,  мәдениет  және  әдебиет  басылымдарының  дестелерін  әзірлеу 
жөніндегі жұмыстар жүйелі жүзеге асырылып, екі жүз он сегіз аталым кітаптар 
басылып  шығарылды.  Олардың  ішінде  «Бабалар  сөзі»,  «Қазақтар  құқығының 
ежелгі  әлемі»  (Жеті  жарғы),  «Қазақ  музыкасының  антологиясы»,  «Әлемдік 
саясаттану  ой-санасы»,  «Қазақ  тілінің  синонимдер  сөздігі»,  «Қазақ  тілінің 
орфографиялық  сөздігі»  дестелері  бар,  оның  ішінде:  2004  жылы  –  ғылыми 
кітаптың 29 аталымы; 2005 жылы – ғылыми кітаптың 89 аталымы; 2006 жылы – 
ғылыми  кітаптың  100  аталымы  жарық  көрді.  Сонымен  бірге,  кең  ауқымды 
бағдарламаны  қысқа  мерзім  ішінде  іске  асыру  мүмкін  еместігін  тәжірибе 
көрсетіп отыр.  
Қазақстанның  ұлттық  тарихында  маңызы  зор  ондаған  тарихи, 
археологиялық  және  сәулет  объектілері  әлі  күнге  дейін  қажетті  көмекке  зәру 
болып  келеді.  Олардың  ішінде  тарих  пен  мәдениеттің  айрықша  ескерткіштері 
Бесшатыр,  Есік,  Берел  және  Шілікті  қорғандары,  еліміздің  әртүрлі 
түпкірлерінде  сақталған  жүздеген  жартастардағы  бейнелер  де  бар.  Олардың 
көбі  урбанизация  мен  индустриализацияның  салдарынан  бұзылу  мен 
жойылудан әлі күнге дейін қорғалмаған еді. Ежелгі дәуірден бастап осы кезге 
дейінгі  рухани  мәдениетті,  материалдық  емес  ескерткіштерді  пайдалануды 
зерделеу  жүйесі  мен  әдістері  қажетті  дәрежеде  дамымаған.  Мемлекеттік  және 
саяси  құрылыстың  түбегейлі  өзгеруіне  байланысты  өткен  кеңестік  билік  
кезеңінде  қабылданған  Қазақ  КСР  тарих  пен  мәдениет  ескерткіштерінің 
мемлекеттік тізімі тозып, сол себепті қайта жаңғыртуды қажет етті. Тарих пен 
мәдениет  ескерткіштерін  пайдалану  және  олардың  базасында  туризм 
инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасаудың толық жүйесі жеткіліксіз болды. 
2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын іске 
асыру кезінде анықталған проблемалар 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени 
мұра»  бағдарламасын  әзірлегенде  есепке  алынды.  Аталған  бағдарлама 
шеңберінде  тарихи-мәдени  мұра  объектілерін  қалпына  келтіру  және 
консервациялау жұмыстары одан әрі жалғасты.  


Сонымен  қатар  Қазақстан  тарихына  байланысты  алыс  және  жақын 
шетелдердегі  тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін  қалпына  келтіру,  зерттеу 
және  шет  елдер  аумағынан  табылған  көне  түркі  руникалық  жазулары  бар 
тастардың  көшірмесін  жаңғырту  жұмыстарын  іске  асыруға  алғашқы  қадамдар 
жасалды. Ұлттық мәдениетіміз үшін айрықша маңызды қазақ халқының мәдени 
мұрасын,  оның  ішінде  тарихи-мәдени,  сәулет  және  археологиялық 
ескерткіштерді  зерделеу  жөнінде  кең  көлемде  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер 
қолға  алынды.  Ұлттық  әдебиетіміз  бен  жазбамыздың,  Қазақстан  тарихы, 
археологиясы,  этнографиясы  мен  мәдениеті  жөніндегі  көптеген  мәселелер 
бойынша  дестелік  басылымдар  шығаруға  қатысты  көпғасырлық  тәжірибесін 
жинақтау мәселелері де өз жалғасын табуды қажет етті.  
Бағдарламаның  мақсаты  еліміздің  тарихи-мәдени  мұрасын  зерделеу, 
сақтау және қалпына келтіру мақсатына толығынан жету мынадай міндеттерді 
шешу арқылы жүзеге асырылды: 
- тарих және мәдениет ескерткіштерін, соның ішінде Қазақстан тарихына 
қатысты  алыс  және  жақын  шетелдердегі  ескерткіштерді  қайта  жаңғырту 
жұмыстарын жалғастыру; 
- археологиялық зерттеулер жүргізу;  
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды одан 
әрі жалғастыру; 
-  Қазақстанның  тарихы,  археологиясы,  этнографиясы  және  мәдениеті 
бойынша басылым дестелерін шығаруды жалғастыру.  
2007-2009  жылдар  аралығында  Бағдарламаны  жүзеге  асыру  және  оның 
мазмұнын өркендету барысында мынадай негізгі бағыттар қамтылды:  
А.  Тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін,  соның  ішінде  Қазақстан 
тарихына  қатысты  алыс  және  жақын  шетелдердегі  ескерткіштерді  қайта 
жаңғырту  жұмыстары  жалғасып  Бағдарлама  аясында  алыс  және  жақын 
шетелдерде Дамаск (Сирия араб Республикасы) қаласында әл-Фараби кесенесі 
мен  этномәдени  орталығын  салу,  Сұлтан  Бейбарыстың  кесенесі  мен  Каир 
қаласында (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына 
келтіру,  сонымен  қатар  Монғолия  аумағында  табылған  көне  түркі  руникалық 
тас жазбаларының көшірмесін жаңғырту жобаларын іске асыру қолға алынды. 
Қазақстанның  Каир  қаласындағы  Сұлтан  Бейбарыстың  мешітін  және  Дамаск 
қаласындағы  кесенесін  қалпына  келтіру  Әл-Фарабидің  жерленген  орнына 
кесене  мен  этномәдени  орталық  салу  жұмыстарына  қатысуы,  осы  көрнекті 
қайраткерлердің  қазақ  даласының  перзенттері  екендігін  әлемге  мойындататын 
маңызды  қадам  жасалды.  Жаңғыртылып  жатқан  Қазақстанның  тарих  және 
мәдениет  ескерткіштерінің  ішінде  Алматы  облысындағы  Қойлық  қалашығы 
тарихи  объектілері,  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Ақкесене  мұнарасы, 
Шаян  ауылындағы  мешіт-медресе,  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Сырымбет 
ауылындағы  XIX  ғ.  белгілі  ағартушы  ғалымы  Ш.Уәлихановтың  әжесі 
Айғанымның  үй-жайы,  Жамбыл  облысындағы  Ақыртас  сарай  кешені  сияқты 
маңызды ескерткіштер бар; 
Б.  Археологиялық  зерттеулер  жүргізу  Археологиялық  мұра  -  мәдени 
мұраның  маңызды  заттай  бөлігі  ретінде  халықтың  материалдық  ескерткіші 


болып  табылған  белгілі  және  оған  еліміздің  тарихын  зерделеу,  тарих  және 
мәдениет  ескерткіштерін  сақтау  мен  пайдалану  процесінде  ерекше  көңіл 
бөлінді.  Археологиялық  ескерткіштерге  қазба  жұмыстары,  әсіресе  ірі 
ортағасырлық қалашықтардағы қазба жұмыстары және оларды консервациялау 
мен  мұражайландыру  ондаған  жылдарды  қажет  ететіндіктен,  екінші  кезеңдегі 
археологиялық  зерттеулерді  бірінші  кезеңде  таңдап  алынған  Бұзоқ,  Қойлық, 
Талғар,  Сауран,  Отырар,  Сарайшық  қалашықтары  сияқты  еліміздің  белгілі 
ескерткіштерінде жалғастыру арқылы тереңдетілді. 
Сонымен  қатар,  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  шарты  аясындағы  екінші 
кезеңінде  ортағасырлық  Қазақстанның  саяси,  экономикалық  және  мәдени 
өмірінде  маңызды  рөл  атқарған  тарихи  қала  орталықтарына  археологиялық-
этнографиялық  зерттеулер  жүргізілуі  қажет  болды.  Сондай-ақ,  Ұлы  Жібек 
жолы  тармақтарының  бірі  болып  табылатын  ортағасырлық  Жетісудың  керуен 
жолдары  да  зерттеуді  қажет  етті.  Арал  жағалауындағы  жәдігерлер  – 
ортағасырлық  қалалар  Жанкент,  Арал  Асар  сияқты  тарихи  орындардың 
зерттелмеген  тұстары  толық  болды.  Осындай  тарихи  мәдени  мұраларды 
тәуелсіз  ел  руханияттық  қазынасына  қосу  Бағдарламада  барынша  ескеріліп 
ежелгі  Қазақстанның  патша  мазараттары  мен  зиярат  орындарын  –  Берел, 
Шілікті  обаларын,  Қызыл  Ұйық  зиярат  орнын,  Қазақстан  аумағындағы  ежелгі 
және  орғасырлық  мемлекеттердің  астана  орталықтарын:  Арал  жағалауы 
сақтарының  астанасы  -  Шірік  Рабат,  қарлұқтар  астанасы  -  Қаялық,  оғыздар 
астанасы – ежелгі және ортағасырлық Жанкент, Ақорда мен Қазақ хандығының 
астанасы –  Сауран қалашықтарын,  ежелгі  ортағасырлық  қағандық орталығы  – 
Ақыртас, Жошы ұлысының астанасы  – Хан ордасы кешендері, сондай-ақ Ұлы 
Жібек  жолындағы  ірі  қала  орталықтары  –  Ақтөбе  (Баласағұн),  Сидақ,  Арал 
Асар, 
Шымкент, 
Сайрам, 
Сығанақ 
қалашықтарында 
тереңдетілген 
археологиялық зерттеулер қолға алынды.  
Осы  орайда,  Қазақ  халқының  мәдени  мұрасы  саласындағы  ғылыми 
жұмыстарды  одан  әрі  жалғастыру  Мәдени  мұраны,  соның  ішінде  ауыз 
әдебиетін,  дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптарды  зерделеудің  тұтастай  жүйесін  құру 
шеңберінде  қазақ  халқының  тарихы,  материалдық  және  рухани  мәдениетімен 
байланысты түйінді ғылыми мәселелерді зерттеп нәтижелерін бұқара санасына 
жеткізу,  оның  ішінде  Орталық  Азияның  көшпелі  халықтары  мен  қазақтардың 
дәстүрлі  қоғамы  шексіз  бай  тарихы  жөніндегі  зерттеу  және  таныту  іс-
шаралардың сан қилы сырлары жинақталды.  
Осындай  жауапты  және  күрделі  міндетті  жобаларды  іске  асыру 
мақсатында  Қытай,  Монғолия,  Түркия,  Египет,  Батыс  Европаға,  соның  ішінде 
Париж,  Мадрид,  Берлин  Ұлттық  кітапханаларына,  Ватиканның  құпия 
мұрағатына  Қазақстан  үшін  тарихи-мәдени  құндылық  болып  табылатын 
қолжазбалар  мен  мұрағаттық  құжаттар  ескерткіштерін  сәйкестендіру  және 
жинау үшін ғылыми-іздестіру экспедициялары ұйымдастырылды. 
Қазақ өңіріндегі көшпелілердің материалдық мәдениеті болып табылатын 
қыстаулар,  қоныстар,  бейіттер,  құдықтар,  көшпелі  жолдар  мен  бағыттарды 
зерттеу,  сипаттау,  карталарын  құрастыру  және  талдау;  Қазақстан  аумағында 
шаруашылық  жүргізу  мен  табиғи-ландшафттық  аймақтарды  экономикалық 


тұрғыдан  игеру  әдістерін  жаппай  зерттеу;  қазақ  этносының  ру-тайпалық 
атауларын  жан-жақты  зерттеу;  көшпелі  халықтардың,  соның  ішінде  бірінші 
кезекте  қазақ  халқының  мәдениеті  мен  тарихы  туралы  маңызды  еңбектерді 
басып  шығару  аясында  кең  көлемді  жұмыстар  пысықталып  біршамасы  қолға 
алынды.  
Зерттеулер  нәтижесінде  қазақ  қонысының  тарихы,  археологиясы, 
этнологиясы,  мәдениеті  мен  өнері  жөнінде  ғылыми  еңбектер,  атластар, 
этнографиялық  карталар  басылып  шығарылды.  Сондай-ақ  Қытай,  Монғолия, 
Ресей  және  тағы  басқа  алыс  жақын  шетелдерде  тұрып  жатқан  қазақтардың 
халықтық  өнері  жәйінде  кешенді  зерттеулер  жүргізілді.  Еуразия  аумағында 
табылған  VI-VIII  ғасырлар  кезеңінің  жәдігерлері  көне  түркі  руникалық  тас 
жазбалары  ерте  ортағасырлық  көне  түркі  тайпаларының  тарихын  терең 
зерттеуге негіз болатын сирек кездесетін ежелгі түрік жазбалары бар мүмкіндік 
берді. Көне түркілердің жазба мұрасы мен Еуразия көшпелі өркениетінің басқа 
ескерткіштерін  айқындау,  зерделеу  және  қалың  бұқара  санасына  дарыту 
мақсатында 
Монғолия, 
Қытай, 
Иран 
аумағына 
ғылыми-іздестіру 
экспедицияларын ұйымдастырып, сондай-ақ ғылыми тұрғыда ерекше маңызды 
Монғолия  территориясында  орналасқан  көне  түркі  руникалық  жазуларының 
жәдігерлері  «Тоныкөк»  пен  «Білге  қаған»  сияқты  тастарының  көшірмелерін 
жаңғырту сәтті аяқталды. 
Қазақстанның  тарихы,  археологиясы,  этнографиясы  және  мәдениеті 
бойынша  басылымдар  дестелерін  шығаруды  жалғастыру  Бағдарламаға 
Қазақстанның  тарихы,  археологиясы,  этнографиясы  мен  мәдениеті  мәселелері 
жөніндегі басылымдардың жаңа дестелерін әзірлеу мен шығару шаралары іске 
асырылды.  Олардың  ішінде:  «Алаш  орда»  қозғалысы  тарихын  сипаттайтын 
басылымдар  дестесі,  «IX-XVI  ғасырлардағы  армян  дерек  көздеріндегі  Қазақ 
тарихы»,  «Қазақтың  қолданбалы  өнерінің  шетелдегі  жәдігерлері»,  Шоқан 
Уәлихановтың  6  томдық  және  «Әбу-Насыр  Әл-Фараби»  10  томдық,  әлемге 
танымалы Ә.Х.Марғұланның 14 томдық шығармалар жинағы және т.б. осындай 
құнды еңбектер жарияланды.  
Бұндай  елде  бұрын  соңды  болмаған  іс  шараларға  мемлекет  тарапынан 
ұйымдастыру-материалдық  қамқорлық  жасалды.  Мысалы,  республикалық 
бюджет  есебінен  қаржыландырудың  жалпы  көлемі  -  4  004,9  миллион  теңге, 
соның  ішінде:  2007  жылы  –  1  873,6  миллион  теңге;  2008  жылы  -  1  376,5 
миллион  теңге;  2009  жылы  –  754,8  миллион  теңге.  Бағдарламаны  2008-2009 
жылдарда қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық 
бюджеттің  болжамды 
көрсеткіштерінің  аясында  нақтыланып 
келді. 
Бағдарламаны  іске  асыру  барысында  2007  жылдан  бастап  Дамаск  қаласында 
Әл-Фараби этномәдени мен кесенесі орталығын салу, Дамаск қаласында Сұлтан 
Бейбарыстың  кесенесі  мен  Каир  қаласында  Сұлтан  Бейбарыстың  мешітін 
қалпына  келтіру,  сонымен  қатар  Монғолия  аумағында  табылған  кӛне  түркі 
руникалық  тас  жазбаларының  көшірмелерін  жаңғырту  жобалары  іске  асыру 
жұмыстары сәтті аяқталды. Бағдарламаның іс- шаралар жоспарына сәйкес Қара 
Сопы,  Мақұл  Там,  Мола  Қалан,  Ысқақ  Ата,  Жабрайыл  Ата  кесенелерінде, 
Қараман  Ата  мазарында,  «Абылай  хан  резиденциясы»  кешенінде,  Семей 


қаласындағы  бір  мұнаралы  және  екі  мұнаралы  мешітте  қайта  жаңғырту 
жұмыстарын аяқтау. - 2008 жылы тарих пен мәдениеттің жиырма екі маңызды 
сәулет  ескерткіштерін  қайта  жаңғырту,  оның  ішінде  Қарағұл,  Ботағай 
кесенелері,  Ақкесене  мұнарасы,  Қарақожа  мешіті,  Орал  қаласындағы  бірінші 
әскери  училищесінің  ғимараты,  Қалжан  Ахун  мешіт-медресесі,  Жүсіп  Ата 
мешіті мен кесенесі бар;  
- 2009 жылы он төрт тарихи-мәдени мұра объектілерінде қайта жаңғырту 
жұмыстары жүргізілді; 
2007  жылдан  бастап  отыз  екі  қорған,  мазарат  және  қалашықтарға 
археологиялық  зерттеу  жұмыстары  жалғасты,  оның  ішінде  Бозоқ,  Қойлық, 
Талғар  Сауран,  Отырар,  Сарайшық  қалашықтары  сияқты  еліміздің  белгілі 
ескерткіштерінде археологиялық зерттеу жұмыстары жалғасты
-  қазақ  халқының  тарихы,  материалдық  және  рухани  мәдениетімен 
байланысты түйінді ғылыми мәселелерді зерттеу және көпшілікке тарату, оның 
ішінде  Орталық  Азияның  халықтарының  көшпелі  қоғамы  өткенінің  тарихын 
зерттеу  және  көпшілікке  тарату  жөніндегі  жиырма  жеті  қолданбалы  ғылыми 
зерттеу жобалары орындалды; 
-  2007  жылы  –  8  қолданбалы  ғылыми  зерттеу;  2008  жылы  –  10 
қолданбалы  ғылыми  зерттеу;  2009  жылы  –  12  қолданбалы  ғылыми  зерттеу 
жобаларын  іске  асыру.  -  жиырма  томдық  қазақ  әдебиеті  классиктерінің 
шығармаларын  шетел  тілдеріне  аудару  және  шығару,  жүз  томдық  «Бабалар 
сөзі»,  жүз  томдық  «Әлем  әдебиеті  кітапханасы»,  жиырма  томдық  «Әлемдік 
философиялық мұра», он томдық «Әлемдік педагогикалық ой-сана» жобаларын 
әзірлеу  және  баспадан  шығару  жұмыстары  жалғасты,  ғылымның  әр  түрлі 
саласындағы фундаменталды қырық бір ғылыми басылымдардың, оның ішінде: 
2007 жылы – ғылыми кітаптың 5 аталымын; 2008 жылы – ғылыми кітаптың 12 
аталымын;  2009  жылы  –  ғылыми  кітаптың  24  проблемасы  бойынша  жарық 
көрді. 
Бағдарламаның  өзектілігі  Қазақстан  халқының  тарихи-мәдени  мұра 
құндылықтарына  деген  мемлекет  көзқарасын  жүйелі  жетілдіріп  отырумен 
айқындалады.  Өткен  кезеңдердегі  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық 
өзгерістерді қайта зерделеу мен бағалау процесі барынша кеңейіп келе жатқан 
қазіргі уақытта ақиқатқа объективті, нақпа-нақ және сындарлы тұрғыдан қарап, 
мәдени  мұраны  сақтау  мен  тиімді  пайдалану  ұзақ  мерзімді  болашғын  терең 
бағамдау  қажеттілігі  өзекті  мәселе    болып  тұр.  Осы  Бағдарлама  халықтың 
әлеуеті мен ізгілік бағытын паш етіп, оның тарихи тәжірибесін байытқан және 
ұрпақтар  жалғастығының  сенімді  тірегіне  айналған  стратегиялық  ұлттық 
жобаны одан әрі іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған «Мәдени 
мұра» салалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жасауға негіз болды. 
Тарихи-мәдени мұраны зерделеу мен сақтаудың қазіргі жай-күйін талдау 
Мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  Қазақстан  тарихындағы  шын  мәнінде 
теңдесі  жоқ,  аса  жемісті  гуманитарлық  ауқымды  шара  болды.  Отандық 
мәдениет пен ғылымды жоғары адами өркениеттің жаңаша сатысына көтеруге 
бола  алатын  жаңа  құнды  тәжірибе  болды.  Еліміздің  тарихи-мәдени  мұрасын 
зерделеу,  айрықша  маңызы  бар  тарихи-мәдени  және  сәулет  ескерткіштерін 


қайта қалпына келтіру жөнінде ауқымды жұмыс атқарылды. Ресми ақпараттар 
бойынша  2015  жыл  бастауында  мемлекеттік  мұражайларда  екі  миллионнан 
астам мәдени құндылықтар сақталыпты. 
«Мәдени мұра» Бағдарламасын орындау барысында ұлттық мәдениет пен 
жазудың  сан  ғасырлық  тәжірибесі  тұжырымдалып,  әлемдік  ғылыми  ой-
сананың,  мәдениет  пен  әдебиеттің  үздік  жетістіктері  негізінде  гуманитарлық 
білімнің  мемлекеттік  тілдегі  толыққанды  қорын  құру  аясында  елеулі  істер 
атқарылды  деуге  тұрарлық.  Мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  барысында 
35  тарих  және  мәдениет  ескерткіштерінде  жаңғырту  жұмыстары,  30  қалашық, 
қоныс,  тұрақ  пен  қорғанда  археологиялық  зерттеу  жұмыстары  жүзеге 
асырылды.  Қытай,  Түркия,  Моңғолия,  Ресей,  Жапон,  Египет,  Өзбекстан, 
Армения,  АҚШ,  бірқатар  Батыс  Еуропа  елдеріне  ғылыми-зерттеу 
экспедициялары ұйымдастырылып, ғылыми ортаға бұрын белгісіз болып келген 
қазақтың  тарихы,  этнографиясы,  өнері  туралы  бес  мыңға  жуық  қолжазба  мен 
баспа басылымдары табылды. 
Экспедициялар  нәтижесінде  тек  Қытайдың  өзінде  ғана  бұрын  соңды 
зерттелмеген  Қазақстанның  тарихы  мен  мәдениетін  барынша  сипаттайтын  үш 
жарым мыңға жуық тың дерек ғылыми айналымға қосылды. Осы зерттеулердің 
нәтижесінде,  қазір  Қазақстанда  қазақ  хандары  мен  сұлтандарының  Қытай, 
Қоқан,  Хиуа  және  де  басқа  шектес  жерлердің  билеушілерімен  хат  алмасуы 
жөнінде  көптеген  тарихи  маңызды  деректер  жиналды.  Соның  ішінде,  бұрын 
тіпті белгісіз қыпшақ жазбалары халық қазынасына қосылды. Жүздеген жазба 
ескерткіштер  Еуропа  мемлекеттерінің  кітапханалары  мен  дипломатиялық 
мұрағаттарынан  табылды.  Орталық  Азиядағы  көне  көшпелі  халықтардың 
шаруашылық құрылысы мен антропологиялық түріне, олардың тілдерінің өзара 
ықпалы мен қарым-қатынастарына қатысты этнологиялық деректердің шет елде 
табылуының маңызы айрықша зор. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Тамғалы 
археологиялық  кешені  сияқты  екі  ғажайып  ескерткіш  ЮНЕСКО-ның  әлемнің 
құнды мұралары тізіміне енді.  
Аталған  тізімге  ұсынылған  келесі  ескерткіш  ежелгі  Отырар  қаласы 
болды.  Мемлекеттік  бағдарлама  аясында  230  аталым  кітап  жарық  көріп 
олардың  басым  көпшілігі  тарих,  археология,  этнография  жөніндегі  аса  құнды 
сериялар,  жаңа  энциклопедиялық  сөздіктер  бар.  Мысалы,  «Бабалар  сөзі» 
сериясы  жүздеген жылдар бойы  жасалған  қазақ  халқының  бай  ауыз  әдебиетін 
жинақтауға мүмкіндік берсе, «Қазақтың ата заңдары» жинағы қазақ халқының 
құқықтық мұрасының сырларын ашып көрсетеді. Мемлекеттік бағдарлама ТМД 
елдерінде ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерде де аса жоғары бағаланды. 
2006  жылдың  сәуірінде  Париж  қаласындағы  ЮНЕСКО-ның  штаб-пәтерінде 
оның тұсаукесері табысты өтті.  
Мемлекеттік  бағдарлама  тарихи-мәдени  мұраны  қайта  қалпына 
келтірумен  ғана  шектелмеді.  Оның  басты  мақсаты  –  қоғамдық  сананы  оң 
өзгерістерге  ыңғайлау  мен  қатар  нақ  осы  тұрғыда  өзекті  идеологиялық, 
жалпымемлекеттік мәртебеге жеткізу болатын. Бұл орайда: 
біріншісі,  мемлекеттіліктің  аса  маңызды  рухани  негізі  болып  табылатын 
ұлттың тарихи санасының көкжиегін кеңейтіп оның қалың бұқара санасындағы 


құндылығын  күшейту  болды.  Мемлекеттік  бағдарламаны  әзірлеу  барысында 
зерттеулер жүргізу ауқымының тарихи шеңбері бұрын соңды қолға алынбаған 
концептуалды  сипатқа  ие  болды.  Ол  қола  дәуірінің  соңынан  бастап  темір 
дәуіріне дейінгі екі мың жылдан асатын кезеңді қамтыды. Нәтижесінде Еуразия 
кеңістігіне  атты  көшпелілердің  шығуы  және  осы  оқиғаның  әлемдік  діндер 
пайда  болған  «осьтік  дәуірге»  әсері,  далалық  өркениет  пен  қазақ 
хандықтарының жарқын әрі қастерлі кейде қайғыға толы тағдыры, Ұлы Жібек 
жолы  бойында  қалалардың  пайда болуы,  олардың  гүлденуі,  құлауы  мен  қайта 
өркендеуі,  отарлану,  империя  құрамында  болу,  егеменді  мемлекет  ретінде 
болашаққа жол іздеу сияқты іргелі тарихи оқиғалар назарға алынды
екіншісі, мемлекеттік бағдарлама ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы және 
нығаюына байланысты өткір мәселерді мүмкідігінше шешуге мұрындық болды
үшіншісі, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы елдің жаңа тарихи-
мәдени  көкжиегінің  түрленіп  әлемдік  өркениеттің  тағы  бір  сатысына  шығуға 
игі әсерін тигізді; 
төртіншісі, «Мәдени мұра» бағдарламаның іске асырылуы бірінші кезекте 
қазақтардың және қазақстандықтардың төл тарихы мен мәдениетіне құрметтеп 
бағалау ісін арттыра түсті; 
бесіншісі, аталмыш бағдарламаның елдегі этноаралық өзара түсіністіктің 
артуы  мен  ұлтаралық  қатынастардың  үйлесімділігін  айқын  көрсетіп  бұндағы 
мол әлеуетті ашып көрсетті.  
Жалпы  алғанда,  Мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  қомақты 
нәтижелерге  қол  жеткізді,  ол  елдегі  және  шетелдік  зиялы  қауым  тарапынан 
жоғары  бағаға  ие  болды.  Ұлы  дала  өркениетінің  мәдени  мұрасын  зерделеуге, 
сақтауға,  қалпына  келтіруге  және  тиімді  пайдалану  аясында  Қазақстан 
Республикасының  әлемдік  және  посткеңестік  мемлекеттер  ортасындағы  орны 
кеңейіп қазақ этносының тарихы биіктей түсті.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет