Алғы сөз
Өткенін білмес, бүгіннің қадірін бағалай алмайды. Ендеше тарихта еш нәрсе жоғалмайды, ескірмейді,өлмейді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері тарихқа жаңа көзқараспен қарау, ондағы белгілі және бұрын белгісіз болып келген фактілердің ашылуы мектеп оқушыларынан бүгінгі таңда тарих саласы бойынша үлкен дайындықты қажет ететінін өмірдің өзі дәлелдеп берді.
Қазақстан тарихы пәні бойынша ұсынылып отырған мұғалімдерге арналған көмекші оқу-әдістемелік құрал, оқушылардың тарих пәніне деген танымдық қабілетін дамыту, сабақта жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға көңіл бөледі.
Мектепте оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі буыны-сабақ. Оқу бағдарламасының өзгеруіне байланысты сабақтардың міндеттері де, оған қойылатын талаптар да күрделене түсті. Сондықтан мұғалімдерге де орасан зор міндеттер жүктелуде.
Жаңа технологияның басты мақсаты : өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушы мұғалім дайындап әкелген жаңа материалдырды жәй қабылдаушыдан оны өзі іздеп табушыға айналуы тиіс.
Қазақстан тарихы сабағында тарихи материалдарды, көркем әдебиетті, деректі құжаттарды мақсатты пайдалану арқылы оқушылардың ақыл-ойын адамгершілігін эстетикалық интеллектуалдық таным-сезімін дамытып,өздігінен ізденушіге қолайлы жағдай тудырады.
Кітапшадағы сабақ үлгілерімді негізінен жас мұғалімдер оқып танысып, сабақтарында қолданып жүрсе алғысымды білдірер едім.
Тарих сабағында жаңа инновациялық
технологияларды пайдалану.
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдаудың негізгі тірегі – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың білім алуына ерекше көңіл бөлді.
ҚР «Білім туралы» заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағымы күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып табылады. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.
Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтайды, келешегін де болжай алады. Белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары кемде-кем. Әбу-Насыр әл –Фараби: «тарихты білмей –өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - десе, Н.М.Карамзин: «Тарих – әрбір ұлттың ең басты кітабы» дейді.
Тарих сабағының неғұрлым тиімді жаңа түрлерін пайдалану оқушы белсенділігін арттыруда зор маңыздылығын айта келе, өз педагогикалық қызметімде пайдаланып жүрген білім беру технологияларына тоқталғым келеді.
Бірінші В.Ф.Шаталовтың технологиясының басты мақсаттары:
Оқушының білім беру дағдысын қалыптастыру;
Оқушылардың барлығын оқыту;
Жеделдете оқыту;
Принциптері:
Үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, трек сигналдарын пайдалану;
Жекелей әрекет жасау;
Ізгіліктік (барлық балалар дарынды);
Мәжбүрсіз оқыту;
Түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиеленіссіз оқыту;
Мазмұндық ерекшеліктері:
Оқу материалы ірілендіріп беріледі;
Блоктық түрде беріледі;
Оқу материалы тірек үлгі – конспекті түрінде беріледі;
Тәрбиелік мәні:
Еңбекке қатыстырылады;
Еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;
Оқушының еркі дамытылады;
Өзіндік танымдылығы, жауапкершілік, адалдық, жолдастық, қасиеттері қалыптасады.
Әдістеме ерекшелігі:
Теориялық блогі – Бағыттылық негізі (БН) – ақпаратқа кіріспе (Түсіндіру) – айту – үйде өзіндік жұмыс орындау, І-қайталау. (тірек сигналы конспектісін жаппай қабылдау), ІІ-қайталау (түсінгенін сұрау),ІІІ-қайталау (өзара бақылау)
Тәжірибе блогі – тәжірибелік жұмыс (жаттығу)- есеп шығару (жаттығу)-қорытынды:оқушылар білім беру дағдыларын және ойлау қызметінің әдісін жүйелі қолдану.
Мысалыға 8-сыныпта «1867-1868 жылдардағы реформа» тақырыбына байланысты өткен сабағымда В.Ф.Шаталовтың тірек-сызба арқылы қарқынды оқыту технологиясын пайдаландым.
Екінші Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру технологиясы-нәтижеге бағытталған білім беру құралы.
Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі:біріншіден,оқушының психологиялық танымы, екіншіден,теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі,өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік береді. «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы оқушының да , мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған.
«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру техноголиясының мақсаты :
Мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес,оның өзіне қажетті білімді өзі білу;
Тиімді шешімді табуға үйренуі;
Оқу,кәсіптік,тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешуі;
Ішкі өзіндік қажеттілігін қанағаттандыратын;
Әлемдік білім кеңістігінде көріне алатын;
Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлға қалыптастыру.
«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру техноголиясының ерекшелігі:
Оқушы білімі анық бағаланады. Белсенділігі артады. Ой еңбегі жетіледі. Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өзіне-өзі деген сенімділігі артады. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді. Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады. Зер сала қарасақ, оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге дейін көтеріледі. Технологияның тиімділігі мен ерекшелігі де осында.
Мен осы «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру техноголиясын 7-сыныпта өткен ашық «§20.Ғылым мен білімнің дамуы» тақырыбындағы сабағымда деігейлік тапсырма-сұрақтар беру арқылы сабақты қорытындыладым.
І-деңгейлік тапсырма-сұрақтар:
1.Әбу-Насыр әл –Фараби дүниеге келген қала:Отырар
2.Жүсіп Баласағұни дүниеге келген қала-Баласағұн
3.Махмуд Қашқариді шын аты- Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед
4.Ахмет Иүгнекидің шын есімі : Әбүд Ахмет Махмұдұлы
5.Қожа Ахмет Иассауйдің дүниеге келген қаласы : Сайрам
ІІ-деңгейлік тапсырма-сұрақтар:
Жүсіп Баласағұнидің атақты еңбегі: «Құт негізі - білік»
Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен еңбегі: «Ақиқат сыйы»
Қожа Ахмет Иассауйдің әкесі , атақты ғұлама ғалым: Ибрахһим
Қожа Ахмет Иассауйден қалған ұлы мұра – «Даналық кітабы» немесе «Диуани-и-хикмет»
Мұсылман дінінің енуіне байланысты пайда болған ғимарат-мешіт.
ІІІ-деңгейлік тапсырма-сұрақтар:
1.Шығыстың аса көрнекті ғылымы Әбу-Насыр әл –Фараби шығармаларын қай тілде жазды? Араб тілінде
2. өз еңбектерінде адам дүниені және оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен ақыл –ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым : әл –Фараби
3. Махмуд Қашқаридің еңбегі қалай аталады? «Диауна лұғат ат-түрік»
4. Жүсіп Баласағұни «Құтадғу негізі-білік» еңбегін Басағұнда бастап қай қалада аяқтаған? Қашқарда аяқтаған.
5. Қожа Ахмет Иассауйдің жолын қуған шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын,ел ішінде Хакім ата аталған : Сүлеймен Бақырғани
Үшінші Н.А.Оразақынованың сатылай кешенді талдау білім беру техноголиясының мақсаты:
Білімді,ұлттық заңдылықтарды бағай білетін ұстамды, алғыр,жан – жақты дарынды, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмысын жүргізе алатын тұлғаны қалыптастыру...
Және де Н.А.Оразақынованың сатылай кешенді талдау білім беру технологиясын 5-ші және 7-ші сыныптарда қолдандым. Әсіресе,Қазақстан тарихы пәнінен қоғам қайраткерлерінің өмірі туралы , дүние жүзі тарихы пәнінен әр мемлекет бойынша тақырыптарды өткенде берілген талдау бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде пайдаландым. Мысалы,5-сынып бойынша «әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыпты өткенде жаңа сабақты қабілетіне ,өз ойын қорыта айтуға , тарихи деректермен жұмыс істеуге қозғау салады. Пәнге деген қызығушылығын туғызады. Пән бойынша жақсы нәтиже көрсеткішіне жеткізеді.
"Сақтар" тақырыбы бойынша қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың Сақтар тақырыбы жөніндегі түсініктерін толықтыру, еске түсіру, тиянақтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша шолу жасап, оқушының ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың бойындағы патриоттық сезім қалыптастыру.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Әңгіме сұрақ-жауап баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР саяси картасы, суреттер, сызбалар, буклеттер
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
ә) Оқу бөлмесінің сабаққа әзірлігін тексеру.
2.Өткен сабақтарды еске түсіру және қайталауға арналған бөлім.
а) "Тарих сыр шертеді" шарты: ауызша сұрақтарға қол көтеру арқылы балалар кезек-кезек жауап береді.
1.Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты елге әйгілі болған қандай тайпаларды білесің?
2.Сақ тайпалары қай жерлерді мекендеген? 3.Сақтардың негізгі шаруашылығы қандай?
4. Сақтарға кімдер шабуыл жасады?
5.Сақтардың ержүрек батыры?
6.Сақтардың ержүрек әйел патшасы?
7. Сақ дәуірінің ескерткіштері?
8. Оба деп нені атаймыз?
9. Есік обасы қай жерде орналасқан?
10. "Алтын киімді адам " қай обадан табылды?
11. Ерте темір дәуірі кезінде Жетісуда мекендеген тайпа?
12. Сақ тайпаларының ерекшеліктері?
13. Басқарудың жоғарғы органы не болған?
14. Тайпаны басқарудың жоғарғы органы не болған?
15. Тайпаны кім басқарды?
Ә) «Мен сақтар туралы не білемін?» - балалардың аталған тақырыпқа арнап жасаған баяндамалары, рефераттары, тұрмыстың бұйымдары,сызбалары, суреттер көрмесіне арналған бөлім. Оның жоспары төмендегідей.
Сақтардың мекендеген территориясын картадан түрлі-түсті қағаздар арқылы белгілеу.
Сақтар туралы деректер не дейді?(Рефераттар мен баяндамалар)
Сақтардың атақты билеушілерімен қоғамдық құрылысы (сызба жасау).
Көркем шығармалардағы – Томирис бейнесі. (буклет)
Сақтардың тұтынған бұйымдары (құмыра, соғыс қару-жарағы, киіз үй макеті) әңгімелеу.
Аталған жоспар ізденіс – шығармашылық жұмыс ретінде алдын – ала берілгендіктен әр оқушы өзінің мүмкіндігіне қарай тапсырманы орындайды.
3. Сабақтың қорытынды бөлімі:
«Не? Қайда? Қашан?» - сынып үш топқа бөлініп деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
1-топ тапсырмасы: тест жұмысы
Сақтардың "Алтын киімді адам" тарихи ескерткіші қай жылы табылды?
А. 1969 – 1970
В. 1941 – 1945
С. 1960 – 1965
D. 1980 – 1985
2.Жетісуды мекендеген тайпалар?
А. Арал Каспий даласының тайпалары.
В. Дай – дах тайпалары
С. Дай – массагет тайпалары
Д. Сақтар, үйсіндер
3. Жетісудан табылған археологиялық ескерткіш қорым?
Бесшатыр қорымы.
Тасмола
Үйғарақ
Дықылтас
4. Антропология ғылымы нені зерттейді?
Адамдардың шығу тегін
Адам сүйегінің қалдығыарқылы оның жасын, нәсілін анықтайтын ғылым
Дәстүрін зерттейді
Мәдениетін зерттейді
5. Сақтар ыдысты неден жасаған?
Қыштан
Темірден
Мыстан
Теріден
6. "Сақтар" және "Томерис" атты тарихи романын жазған автор?
Б.Жандарбеков
Ш.Мұртаза
Ә.Кекілбаев
М.Шаханов
7. Сақтардың негізгі баспанасы?
Киіз үй
Жер төле
Сабан үй
Балшық үй
8. Сақтардың өмір сүрген кезеңі қай дәуірге жатады?
Тас ғасыры
Мысты тас
Ерте темір дәуірі
Рулық қауым
9. Сақтар жылқыдан қандай сусын дайындады?
Қымыз
Айран
Шұбат
сүт
10. Парсы мемлекетінің ұлы патшалары?
Кир, Ксерекс, I Дарий
Абылай, Әбілхайыр, Жәнібек
I Петр, I Александр
Ашок, Чандрагупта
11. А.Македонский әскеріне қарсы соғысқан Орта Азияның ержүрек тайпалары?
Сақтар, соғырлар, бактриялықтар
Вавилондықтар, египеттіктер
Хеттер, кушандар
Қытайлар, гректер
12. Б.з.б. 4 ғасырда сақтарға қауіп төндірген ұлы қолбасшы патша?
А.Македонский
Наполеон
Керей мен Жәнібек
Көшпелі өзбектер.
13. Сақтардың кезінде пайда болған қалалар?
Алтынтөбе, Ақтөбе
Күлтөбе, Шаян
Шірік – Рабат, Бәбіш Молда
Бадам, Келес
14. "Сақ" – сөзі Парсы жазбаларында қандай мағына берген?
Құдіретті еркектер
Азиялық скифтер
Жүйрік ат, тұлпар
Ежелгі сақ тайпалары
15. Шығыстанушы және Қазақстандық ғалымдардың пікірінше шошақ бөрік киіп жүретін сақтар қай жерлерді мекендеген?
Қара теңіздің солтүстігінде
Арал теңіздің маңында
Мургаб аңғарында
Жетісуда
2-топ тапсырмасы: Сөз жұмбақ құру.
"Сақтар"
С
А
қ
Т
А
Р
Томиристің ұлы?
Сақтардың б.з.б. VIII-VII ғасырдағы қарым-қатынас жасаған мемлекет?
Шірік Рабат қаласының орны қай жерде?
Іле аңғарындағы оба?
Грек-Мокедон патшасы?
Сақтардың ержүрек батыры?
3-топ тапсырмасы: " Кім тапқыр? " ойыны. Тірек сигналдарына, карточкаларына шапшаң жауап беру.
"Жүйрік атты турлар"
"Апасиактар"
"Азиялық скифтер"
"Есік жазуы"
"Хаумварга"
"Тиграхауда"
"Парадарайа"
Карточкамен жұмыс.
№ 1 карточка
Құрбандық дегенді қалай түсінесің?
Қазіргі тұрмыста "құрбандық" деген сөз қолданыла ма?
№ 2 карточка
Сақ әйелдері туралы не білесің?
Әйелдер "халық жиналысына " қатысуға құқылы болды ма?
№ 3 карточка
Қолға түскен тұтқын не болды?
Сақтар өлген адамды қалай жерлеген?
№ 4 карточка
Сақтарды үстем тап өкілдеріне кімдер жатты?
Жерде қандай меншік орнады?
№ 5 карточка
Сақтардың түрі-түсі қандай "нәсілге " ұқсас болған?
Қандай нәсілдерді білесің, олар неше топқа бөлінген?
№ 6 карточка
Сақтар қай өзендердің бойында мекендеген?
"Қазақ" сөзінің шығу (төркіні) тегі?
Бағалау. «Ең үздік» ауызша сұрақтарға жауап беріп белсенділік көрсеткен оқушы:
« Болашақ сақтар тарихын зерттеуші» - деректермен көбірек жұмыс істеген оқушы:
«Үздік қол өнер шебері» бұйымдар мен жұмыс істеген оқушылар мадақталып, бағаланады.
Үйге тапсырма беру.
Тарихи шығарма жазу. Ұсынылатын тақырып.
«Кирдің сақ жеріне жорығы».
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлы билері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Үш жүздің билері Төле би, Әйтеке
би, Қазыбек би туралы білімдерін ортаға сала отырып, олардың шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Аталмыш билер туралы білімдерін ұштастыру, жинақтау арқылы оқушылардың ізденгіш, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Шешен билер бойындағы асыл қасиеттерге тәрбиелей отырып, ақыл парасаттыққа, әділдікке, шешендікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің портреттері, нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар, буклеттер, слайд.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі: СТО стратегиялары: ой шақыру, топтастыру, еркін жауап, дискуссиялық карта,5 жолды өлең, еркін жазу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (1минут)
А) Сәлемдесу
Ә) Оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру.
Б) Оқушыларды топқа бөлу.
Мотивация кезеңі: (2 минут).
Қызығушылықты ояту
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін – сәрсенбі.
- Сәрсенбі қазақ халқы үшін қандай күн?
- Сәрсенбі қазақ халқы үшін сәтті күн деп есептеледі.
- Ендеше, мен сендерге жалпы бүгінгі күндерің сәттілікпен өтсін, сабағымыз да сәттілікпен басталып, тек қана сәттілікпен аяқталсын демекпін.
Тақтада «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз жазылады. Осы сөйлемнен негізгі ойды таба отырып, жаңа тақырыпқа шығамыз.. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз: «Қазақтың ұлы билері».
Оқушыларға сабақтың мақсатын айтқызамын.
1. Ойшақыру (1 минут)
Үш жүзді басқарған қандай билерді білесіңдер? Оқушылар билерді өздері атайды. Әр топқа әр бидің атауы беріледі.
Iтоп: Төле би ауылы
IIтоп: Қазыбек би ауылы
IIIтоп: Әйтеке би ауылы.
2.Топтастыру ( 5минут)
Үш топқа да бірдей «Билер» деген сөзді топтастыру тапсырылады. Осы сөзді естігенде, ойларына қандай сөз келеді, соны топтап жазады.
Мысалы:
Әділ данышпан шешен беделді
Билер тапқыр ел құрметі адал ойланып сөйлеген
Еркін жауап (мағынаны тану, 12 минут)
А) Әр топ өздеріне берілген билер туралы ойларын ортаға салады, билердің өмірбаянына қысқаша тоқталады.
Ә) Әр топ билерінің айтқан шешендік сөздерін
жатқа айтады. Өз билерінің шешендігін дәлелдейді.
Дискуссиялық карта ( 10 минут)
Ұлы билер қалдырып кеткен үлгі өнегенің қазіргі қоғамда әсері бар ма?
3. Бес жолды өлең ( 3 минут)
1. Төле би 1. Қазыбек би 1. Әйтеке би
Үйге тапсырма: ( 1минут)
1. «Шешен билер мәңгі біздің есімізде...» тақырыбына шығарма жазу.
2. Суретке қарап, шағын әңгіме құрастырыңдар.
Астана қаласында орнатылған ескерткіш
Қорытынды кезең (3минут)
Бүгінгі сабақтан сен қандай әсер алдың?
Сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?
Өзіңе қандай тәлім - тәрбие алдың?
Сабақта мақсатымызға жеттік пе?
Бағалау (2минут) Оқушылардың тиісті бағаларын қою.
Әр оқушының бағасын сипаттау, жақсы жақтарын атап өту.
Сабақтың тақырыбы: Ноғай Ордасы.
Сабақтың мақсаты: Тақырып тұжырымын түсіндіру.
Сабақ әдістері: АКТ, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға бейімделуі, ойлау, сөйлеу, іздену қабілеттерінің дамуы, топта ашық ой - пікір қатынастарын қамтамасыз ету, шығармашылыққа баулу.
Негізгі идея: Ноғай ордасы жайлы тарихи құжаттар, материалдармен жұмыс жасай білуге баулу.
Ұйымдастыру. «Шабыттану» тренингі, топқа бөлу, ережелермен таныстыру.
Тапсырма көздері:
1 - ТАПСЫРМА. Тест (үй тапсырмасы «Темір мемлекеті» тақырыбына жасақталған өз білімін
тексеруге арналған тест)
2 - ТАПСЫРМА. «Сөздер банкі – біздің тақырып» ойыны арқылы мәтін құрату. Мұнда оқушылар банкідегі нөмірленген сөздерді ретімен қойып оқулықтан мағынасын іздеп тауып, мәтін құрайды.
3 - ТАПСЫРМА. «Жылдармен сырласайық» Жылдар жазылған парақшаларды топтарға таратып, сол жылдарда не болғанын таптыру.
4 - ТАПСЫРМА. «Тарихи диктант» Әр топқа парақшалармен мәтін беріп, түсіп қалған сөздерді таптыру.
5 – ТАПСЫРМА.Білімді жүйелеу.Ауызша сұрақтар арқылы топтарды жарыстыру
6 - ТАПСЫРМА. Оқушыларға тақырыптан сұрақтар құратып, «Сұрақтар қоймасына» салдыру.
Бағалау. Оқуды бағалау, топты бағалау.
Кейінгі тапсырма: Ноғай Ордасы, оқу, тест жасақтау.
1 - тапсырма. Өзін - өзі тексеру тестісі.
Темір мемлекеті
Әмір Темірдің әкесі кім?
А) Тоқтамыс В) Тарағай С) Ұрыс хан.
2. Әмір Темірдің шыққан тайпасы.
А) Барлас В) Қыпшақ С) Түрік
3. Әмір Темірдің өмір сүрген уақыты:
А) 1226 - 1305 В) 1336 - 1405 С) 1348 - 1405
4. Әмір Темірдің билік құрған уақыты:
А) 1370 - 1405 В) 1380 - 1405 С) 1390 - 1415
5. 1377ж. Сауранда Тоқтамыс кімнен жеңілді?
А) Ұрыс хан В) Темір - Мәлік С) Әмір Темір
6. 1391ж. шайқас қай жерде болды?
А) Құндызша В) Сауран С) Бұғым шатқалы.
7. 1372 - 1390жж. Әмір Темір Моғолстанға неше рет шабуыл жасады?
А) Бес рет В) Он шақты рет С) Он бес рет.
8. Ақ Орда мен Моғолстан Әмір Темірге қарсы одаққа қашан бірікті?
А) 1380ж. В) 1390ж. С) 1400ж.
9. Әмір Темір қай қалада қаза тапты?
А) Отырар В) Сайрам С) Сауран
10. Әмір Темір шапқыншылығының салдары қандай болды?
А) Халық қырғынға ұшырады, шаруашылық күйреді В) Гүлденді С) Мәдениет дамыды.
2 – тапсырма. «Сөздер банкі – біздің тақырып»
1 - топ.
1. Ноғай ордасының құрылуы, 2. алғашқы алып жатқан жері, 3. солтүстік – шығысында, 4. солтүстік - батысында, 5. солтүстік - батысында, 6. оңтүстік - батысында, 7. Сарайшық қаласы,
8. Гүлденген дәуірі, 9. Қалада, 10. Алтын Орда дәуірінде 11. Қасым хан тұсында, 12. Ноғай Ордасының аты 13. «маңғыт елі», 14. Едіге, 15. Нурад - дин.
2 – топ. Қоғамдық құрылысы.
1. Едіге, 2. «беклер - бек», 3. Қоғамның жоғарғы сатысында, 4. Қол астындағы рулар мен, 5. мұрагерлік, 6. Орданы басқарудың, 7. Этникалық құрамы, 8. Ұлысты билеуші мырзалар,
9. Қарапайым халық, 10. ХІУ ғасырдың 90 жылдарында, 11. Шыңғыс әулетінен хан, 12. Маңғыт елі, 13. 1396 - 1411жж, 14. Батыс Сібір ойпатына, 15. Жазба деректердің мәліметі.
3 – топ.
1. Ноғай Ордасының ыдырауы, 2. 1550жылдар ортасында, 3. Оның ыдырау кезінде, 4. Ал ХУІІ ғасырдың басында, 5. Алайда олар,6. Түркия мен Ресей арасы, 7. ХУІІ – ХУІІІ ғасырларда, 8. ХУІІІ ғасырдың соңында, 9. Батыс Сібір халқы, 10. Шыңғысханның жорықтарына байланысты, 11. Ұйытқысы қыпшақтар болды, 12. Тобылдан Ұлытау, 13. 1428жылы, 14. Әбілқайыр қаза болған соң, 15. Ибақ хан.
3 – тапсырма .«Жылдармен сырласайық» стратегиясы.
1. 1260 - 1306жж.
2. 1426 - 1440жж. 3. 14ғ. 90жж.
4. 1396 - 1411жж.
5. 1550ж.
6. 1428ж.
7. 1481 - 1484жж. 8. 1495ж.
4 - тапсырма. Тақырыптық диктант.
1 – топ.
Ибақ хан 1481 - 1484жылдары_____________________достық одақ құруға шарт жасасып, келісімге келеді.
2 - топ.
Шоқан Уәлиханов алғашқыда қазақ ханы________________________________________
Ноғай Ордасының бірқатар рулары Кіші жүз қазақтарының құрамында қалды.
3 - топ.
Батыс Сібір аймағында да түрік тілдес ру - тайпалар_______________________________
бірлестіктеріне бөлінген.
5 - тапсырма. Жүйелеу стратегиясы.
«Көңілді викторина»
1. Ноғай Ордасының құрылуы туралы не білесіңдер?
2. Орданың орналасқан жері қайда?
3. Ноғай Ордасының этникалық құрамы қандай?
4. Орда қай ханның тұсында дәуірледі?
5. Тайбұғалықтар деген кімдер?
6. Ибақ хан қай әулеттен шықты?
6 - тапсырма. «Сұрақ қоймасын толтырайық?» ойыны.
Оқушылар тақырыптан сұрақтар құрап қоймаға салу арқылы сабақты аяқтайды.
Бағалау.
Рефлексия.
Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы
Білімділік мақсаты: Абылайдың қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы сыртқы,ішкі саясат саласындағы тарихи еңбегін,мәмілегерлігін ашып көрсету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға жоғарыда айтылғандарды өздігінен ізденулеріне бағыт бағдар беру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылар бойында Абылай хан тұлғасына,оның кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, топтық жұмыс
Көрнекілігі: Слайд,карта,тірек сызба,суреттер, буклеттер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысына арналған тапсырмалар
Тапсырмалар :
1.Қазақ-қалмақ қатынастарының қандай ерекшеліктері бар?
2.Патша үкіметі неліктен қалмақтардың Жоңғарияға көшуіне қарсы болды?
3.Ресей қалмақтарға қарсы қандай шаралар қолданды?
4.Қазақтардың Еділ қалмақтарын талдауда негізгі рөл атқарғанын қалай түсінесіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |