Күні сынып 7
Сабақтың тақырыбы: Ноғай хандығы
Сабақтың тақырыбы: ХІІІ - ХV ғасырлардағы Ноғай ордасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ноғай ордасының құрылуы, этникалық құрамы, мекендеген жерлері, саяси жағдайы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Қосымша деректерді, әр түрлі тапсырмалар бере отырып оқушылардың ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың отансүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: «Орта ғасырлардағы Қазақстан» картасы
Тірек сызбалар. Ежелгі Сарайшық қаласының жұрты. 123 бет сурет
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, картамен жұмыс.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Қосымша сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
ІV. Қорытындылау
V. Жаңа сабақ
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «жұмбақ сан» ойыны.
№1 Әмір темір қай жылдары өмір сүрген?
1. 1335 - 1404 жж
2. 1336 - 1405 жж
3. 1334 - 1403 жж
4. 1330 - 1400 жж
5. 1332 – 1405 жж
№2 Әмір Темір империясының орталығы қай қала болды?
1. Сарайшық
2. Астрахань
3. Сарай - Берке
4. Самарқанд
5. Сауран
№3 Әмір Темір ислам дініндегі халықтардың рухани біртұтастығын және өз империясының күш – қуатын көрсету үшін қандай кесене салғызды?
1. Ахмет Иассауи кесенесі
2. Айша – бибі кесенесі
3. Алаша хан кесенесі
4. Арыстан – баб кесенесі
5. Бабаджа-қатын кесенесі
№4 Әмір Темір қай қалада қайтыс болды?
1. Жаңакент
2. Қостөбе
3. Отырар
4. Сарайшық
5. Сығанақ
№5 Қай жылы Моғолстан темірге толық тәуелділікке түсті?
1. 1376 ж
2. 1385 ж
3. 1387 ж
4. 1386 ж
5. 1390 ж
Жаңа сабақ: Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік - батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Орданың алғашқы алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы болды. Ноғайлау солтүстік шығысында батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік – батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп - қонып жүрген. Орданың орталығы Жайық бойындағы Сарайшық қаласы болған. Қаланың іргесі Х ғасырда қаланған. Қаланың гүлденген дәуірі ХІІІ - ХІV ғ аралығы.
Қазақстанның кең - байтақ аумағында Шығыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қарым - қатынастың дамуына, шаруашылық салаларының өсуі жеткілікті этникалық ортада дамыды, Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы, Сібір хандығы сияқты тағы басқа мемлекеттер де жергілікті ру тайпалардың этникалық құрамы негізінде құрылды. Осылай Қазақстан жерінде болған Феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
1. Ноғай Ордасының іргесін кім қалады?
А) Ноғай
Б) Едіге
В) Нұраддин
Г) Жаңбыршы
2. Батыс Сібір қай жылы Әбілқайыр ханның құрамына өтті?
А) 1428 ж.
Б) 1468ж
В) 1481 ж
Г) 1495 ж
3. Орыс патшасы ІІІ Иван мен өзара сауда қарым - қатынасын орнатқан хан?
А) Едіге
Б) Ибақ хан
В) Ұрыс хан
Г) Тайбұға
Сабақты бекіту:
1. Ноғай Ордасының құрылуы туралы не білесіңдер?
2. Орданың орналасқан жері?
3. Ноғай Ордасының этникалық құрамы туралы не білесіңдер?
4. Батыс Сібір жеріндегі саяси жағдайы туралы не білесіңдер?
5. Орда қай ханның кезінде дәуірледі?
6. Тайбұғалықтар деген кімдер?
7. Ибық хан қай әулеттен шықты? Оның тұсында елдің жағдайы қандай болды?
8. Батыс Сібір жерін мекендеген халықтардың этникалық құрамы туралы не білесіңдер?
Үйге тапсырма: Кесте толтыру, п.
Бағалау
Пәні Адам. Қоғам.Құқық
Күні сынып 10
Сабақтың тақырыбы: Өндірушілердің экономикалық мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Нарықтық қарым-қатынас және өндіріс факторлары туралы түсінік беру. Бизнес жоспарлары түрлері талдау жасау.
Дамытушылық: Өндіріс қатынастарын жүргізу барысындағы мәдениет туралы ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға, есеп беруге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру:
- қоғам экономикалық мәдениеті деген не?
- тұтынушының мінез-құлқы?
- тұтыну бюджетін жоспарлау?
Сабақтың жоспары:
Өндірушілердің нарықтық экономикадағы әрекеттері
Өндіріс және өндіріс факторлары
Бизнесті ұйымдастырудың негізгі нысаны
Бизнес жоспарды дайындаудың негізгі қағидалары
Ұсыныс заңы
Фирманың шығындарымен пайдасы
Өндіріс факторлары – өндіріс үдерісіне шынайы тартылған ресурстар. Өндіріс факторлары:
Экономикалық игіліктерді өндіру үшін адамдар қолданатын ресурстар өндіріс факторлары деп аталады: Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
Жеке кәсіпкер – бұл белгілі тәртіпке тіркелген және заңды тұлғаны құрмай-ақ, бұл оған белгілі бір артықшылықтар беретін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.
Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болуы мүмкін.
Бизнес жоспар-бұл кәсіпкерлдік қызметтің барлық негізгі аспектілері сипатталып, кәсіпкердің қызметінде кездесетін басты мәселелер талданатын және осы мәселелерді шешудің негізгі тәсілдері анықталатын құжат.
Сәйкестендір кестесін толтыру. 133 бет, 2- тапсырма.
Бекіту сұрақтары:
Үйге тапсырма: п. 16, 125-133 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |