Бүгінгі таңда Алтын Орда тарихында ислам дінінің алатын орны туралы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар қалыптасып отыр. Бір топ зерттеуші мамандар Алтын орданың әлсіреп, ыдырауының басты себебі мұсылманшылық дәстүрдің мемлекет ішінде кең өріс алуынан болды деп пайымдайды. Келесі бір топ мамандар бұл уақыт моңғол шапқыншылығы нәтижесінде құлдыраған Орта Азия мұсылманшылық дәстүрінің қайта жандану дәуірі деп бағамдайды. Ұсынылып отырған мақалада біздің мақсатымыз Алтын Орда мемлекетінде ислам дінінің орның анықтау, екі түрлі көзқарастағы мамандардың арасындағы пікір-таласқа араласып, өзіндік пікірлерді көрсету емес. Біздің мақсат – нақты археологиялық деректер негізінде Алтын Орда мемлекетінің исламдану үдерісінде керуен жолдарының рөлін көрсету.
АЛТЫН ОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ЫДЫРАУ ТАРИХЫ
Алтын Орда мемлекетінің исламдану үдерісінің басы Жошының ұлы Беркенің исламды қабылдануынан басталады. Тарихи деректерде хан тағына отырған Берке ағасының салдырған Сарайшық қаласына барғанда Бұқарадан келген көптеген керуендердің біріндегі екі жақсы кісіні бір аулақ жерге шақыртып мұсылмандықтың шарттары мен тарихын сұрағандығы, әлгі екі жанның мұсылманшылықты жақсы баян қылуының арқасында Берке хан шын жүрегімен исламды қабылдағандығы жазылады. Беркенің соңынан інісі Тоқай-темірде ислам дінін қабылдағанын Әбілғазының деректерінен кездестіреміз.
АЛТЫН ОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ЫДЫРАУ ТАРИХЫ
Алтын орда дәуірі туралы деректерде Беркенің исламды Сейфуддин Бахарзидің уағыз-насихаты нәтижесінде қабылдағандығы келтірілген. Беркенің исламды қабылдауы оның өзге дін өкілдерімен ара-қатынасының нашарлауына себеп болғандығын Әбілғазы өзінің шежіресінде жазады. Бірақ, Берке мұсылман бола тұра өзінің әскерін 1258 жылы Құлағудың Бағдат қаласын басып алуына көмектесу үшін жібергендігі туралы мәліметтер кездеседі. Рашид ад-Дин Беркенің мұсылмандардың қалаларын қиратып, мұсылман басшыларының үйлерін өртегенін, досы мен жауын ажыратпай, туысқандарымен кеңеспей халифты тақтан тайдырғандығын сөз етеді. Беркенің мұсылман бола тұра бұндай қадамдарға баруы саяси мүдде тұрғысынан жасалған өзіндік шешімі екені айтылады. Алтын Орда мемлекетінің жазба мұралары. Бұл мемлекеттің тұрғын халықтары этник. құрылымы жағынан әртүрлі еді.