Алтын орданың ыдырауы. Оның Қазақ жыраулар поэзиясындағы көрінісі



бет10/10
Дата08.05.2024
өлшемі90,98 Kb.
#201871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЫДЫРАУЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • Қорыта айтқанда, Қазақ хан­­­­дығы дәуірінде жыраулар поэзиясының басты тақырыбы – халықтың топтасқандығы мен бірлігі және әскери күш-қуа­тын нығайту мәселелері бол­ды. Сондай-ақ, жыраулар шығар­маларында әміршіге тіке­лей арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы философиялық толға­ныстар да, ізгілік пен зұлымдық, жақсы мен жаман, достық пен дұшпандық туралы толғаулар молынан.
  • Ноғайлы дәуірінде шырқау шыңға жеткен жыршылық мектеп түркі-қыпшақ нәсілінің бұған дейін де мыңдаған жыл­дық тарихы бар төл өнері болса керек. Қазақ ертегілеріне көз салсақ, қанатты, жеті басты айдаһарлар, жалғыз көзді дәу, жылан адамдар кезеңін сөз ететін, динозавр дәуіріне меңзейтін
  • туындылар көп. Мысалға Ертөстікті алалық, “Жылан Бапы патшалығы” дегеніміз – б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырлардағы Қара теңіз скифтерінің сенім-наным, тарихи аңыздарының жыр жолдарына көшірілген жаңғырығы емес пе? Ал “Керқұла атты Кендебайдағы” жеті басты аждаһа қай, ұранқай, кердері тайпалары, болмаса аждаһаны кие тұтқан қытайлармен шайқастың сәулеленуі емес пе? Ежелгі эпостарымыздың бірі – “Оғыз-наме”. Жыл санауымызға дейінгі XІІ-ІX ғасыр аралығында Қанғайдан Арапат тауы аралығында бұқаны тотем тұтқан қауым жасады. Тотем қағидасы бойынша кие есімі құпия сақталып, қо­сал­қы атпен аталады. Өгіз, Оғыз атауы осы­лай пайда болса керек. Ал бізге жеткен “Оғыз-наме” X ғасырлар шамасында хатқа түскен.
  • Жыраулар өз туындыларын, толғауларын кейінгі ұрпақтарына мәңгілік мұра етіп қалдыру жолында көркемдігі жоғары поэзия тілімен, таптыр­мас теңеулер, жарқын метафоралар, синтаксистік жә­не психологиялық параллель­дер арқылы баяндаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет