Алтын орданың ыдырауы. Оның Қазақ жыраулар поэзиясындағы көрінісі


АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИ МҰРАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ



бет3/10
Дата08.05.2024
өлшемі90,98 Kb.
#201871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЫДЫРАУЫ
2- ЛЕКЦИЯ, 4-5-ТАҚЫРЫП роза, Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия, Балтабаева Альбина Алтын Орда ыдырауы

АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИ МҰРАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

  • Аталған кезеңдердегі түркі әдебиеті мен ғылымының аса көрнекті өкілдері Әбу Насыр әл-Фарабидің, Махмұд Қашқаридың, Жүсіп Баласағұнның, Қожа Ахмет Ясауидің, Ахмет Йүгінекидің, Сүлеймен Бақырғанидың, Насреддин Рабғузидің, Құтыбтың, Хорезмидің, Хұсам Кәтибтің, Сәйф Сараидың әдеби мұралары ұлттық мәдениетіміздің көп ғасырлық шынайы болмысын бейнелейді. Мұхтар Әуезов ислам дінінің таралуының сөз өнеріне жасаған игі ықпалын атап көрсетеді: “…ең әуелі әдебиет жұрнақтары шығады. Құдайға дұға айтып шұбыртқан тақпақ өлеңдер шығады. Діни мейрамдар сияқты әдеттер туады. Құдайлар мен әруақтар туралы толып жатқан әңгімелер тарайды. Бұл дәуір тілді байытты. Әлгі әңгімелер себеп болып, сөйлер сөз көбейді” “Мұсылманшылыққа ауысқан соң қазақ белден асып кеткендей болды”.\Демек, ислам діні,қасиетті Құран кітабы қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірінен бастап кейінгіғасырларға ұласуында тұрақты тірек-желі болды.

АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ

  • Қазақ хандығы дәуіріндегі жы­раулар поэзиясында ерлік тақырыбының басымдық алып, өз мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қай­сарлығын жыр­лау ең өзекті мәселе болды. Жырау­лар билеушілердің және адамдар жоқшылық дегенді білмей, молшылықта өмір сүретін қоғам­ның мінсіз бейнелерін жасады. Олар өздерінің поэтикалық монолог-толғауларында маңызды мемлекеттік проблемалармен қатар, әдеп пен мораль, ар-намыс пен қадір-қасиет мәселелерін қорғады. Өмір мен өлім туралы, дүниенің құбылмалылығы мен жалғандығы туралы өз ойларын толғады.
  • Жыраулар поэзиясы ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерек­шеленді. Мемлекетті басқар­ған хандардан бастап, балаға тә­лім-тәрбие беретін эстетикалық есті дүниелер қалдырды. Қазақ хал­қы сөз өнерін киелі санайды. «Сөз – сүйектен, таяқ еттен өтеді» дейді дана халқымыз.

АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ

  • Өмірден ерте кеткен ақын, профессор А.Егеубай жыраулар поэзиясының қазақ ұлтының рухани қалыптасуына жасаған ықпалы туралы: «Жыраулар толғаған адамшылық, имандылық, қаһармандық, жігерлілік һәм жайсаңдық жаңа қалыптаса бастаған қазақ ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс еді. Солай болды да. Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармалардан танылды. Білім-білік, ақиқат, тіл, жаратылыс жайлы толғамдар да сол арнада желі тартты. Ежелгі түркі дүниесінің бар болмысы мен арман-мүддесі бір кезеңде қазақтың классикалық мәдениеті арқылы жаңғыра көрінді. Жырау­лар дәуірінің ішкі мәніне үңілсек, төрт-бес ғасыр бойына тұтастай құбылыс ретінде дамыған әлеуетті әлеуметтік-көркемдік ұлы самғау бұрын-соңды болмаған еді. Ол поэзияда, елдік құрылыста, тұр­мыста материалдық һәм рухани мәдениетте бірдей айқын мүсін­делді», – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет