33. «Таза мінсіз асыл сөз » (XV – XVIII ғ.ғ. жыраулар поэзиясы)



Дата07.02.2022
өлшемі17,72 Kb.
#97582
Байланысты:
33.Таза мінсіз асыл сөз


33. «Таза мінсіз асыл сөз......»
(XV – XVIII ғ.ғ. жыраулар поэзиясы)

Жыраулар қисса толғайды


Батырлар жайлы, ел жайлы.
Күңіреніп көне абыздай
Замандары болжайды.....
С.Мәуленов.

Жоспар:


І. Кіріспе:
Жыраулар поэзиясы – өсиетнама, нақыл сөздер.
ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Таза мінсіз асыл сөз.....

  2. Жауға шаптым ту байлап......

  3. Бірлік болмай тірлік болмайды.

ІІІ. Қорытынды:
Жақсылардың өзі өлсе де, сөзі өлмейді.
Жыраулар поэзиясы – дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген Қазақ хандығы атты дәуірдің әдеби мұрасы. Көрнекті ғалым-жазушы М.Мағауиннің айтуынша: «Қазақ халқының жалпы түркілік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды». Ол тағы бірде «ХV–ХVІІІ ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін ешқашан ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды», дейді. Яғни, жыраулар поэзиясы – қазақ сөз өнерінің әлемдік классикалық шығармалар шоғырына қосылатын біздің ұлттық рухани қазынамыз.
Жыраулар шығармаларында ой-пікірлерін ашық айтып, әмірші, хандарды, сұлтандарды «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» қағидаттарын ұстанып сынап отырған. Жыраулар өздерінің сынында мемлекет мүдделерін жеке бас мүдделерінен жоғары қойған.
Жыраулар поэзиясының атасы, абызы Асан Қайғы болатын.
Асан Қайғы – халқының бір­лігін, мемлекеттің тұтастығын сақтаған жырау.
Оған төмендегі толғау мысал болады:
«…Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң, тойынды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің».

Жыраулар – Қазақ хандығы мемлекетіндегі қазақ халқының әрбір азаматының асыл сапаны иеленуін, сол жақсылықты ұрпақтарға жалғастыруын мұрат тұтқан қайраткерлер. Жеке адам­­­дардың қасиеттері арқылы халықтың, оның ұрпақтарының өнегелі тұлға, үлгілі әулет құрай­тын­дығын жыр жолдарында айғақтайды.


Шалкиіз жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ, әлем бір қалыпта тұрмайды, бәрі өткінші деген пікірді уағыздайды. Жырау әрбір адам ақырын жүріп анық басуы тиіс, асқанға бір тосқан болатынын да еске салады.
Жыраулар қазақ халқының ертеңгі болашағы, балалардың да татулықпен, бірлікпен қа­лып­тасып өсуін жырлайды. Жастайынан ауызбіршілікпен, достықпен қалыптасып өскен жас ұрпақтың халқын баянды бақытқа жеткізгені – тарихта дәлелденген ақиқат.
Ақтамбердінің қазақтың жаңа жас буынына арналған тәрбиелік өсиетінің осындай тағылымды жақтары бүгінгі Қазақ елінің өскін ұрпақтарына үлгі-өнеге болмақ.
«Балаларға өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке», дейді ақылман Ақтамберді.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан қайғы
Шепті бұздым айғайлап, Елді-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап… деп келетін Ақтамбердінің жырлары бар. Қай уақытта да батырды заман туғызған. 1916 жылы қазақ жеріндегі жаппайұлт-азаттық көтеріліске Ресей ақ патшасының июнь жарлығы түрткі болды. Дариядай толқығанқалың қазақты ақ патшаның жазалаушы әскері қоғадай жапырып, бала-шаға, шал-шауқанды аттұяғының астына алып, азаматын асып, атып, Сібірге айдап, қара жұмысқа жекті. Осы кезде қазақ батырлары да қарап қалмай, туған халқын қанатының астына алып, патша әскеріне қарсы бой көтерді.Торғай көтерілісін ұйымдастырушы сондай батырдың бірі Кейкі Көкембайұлы еді.
Бірлік болмай – тірлік болмас.
Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Қазақ өз тарихында бірліксіз тірлік қылғанда ғана қапыда қалып отырды. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын "бірлік болмай тірлік болмас", "бірлік түбі - береке", "алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш - күншілдік, іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан, ел тізгінін қолына ұстаған адамдар - ақсақалдар, билер, хандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген.
Қорыта айтқанда, Қазақ хан­­­­дығы дәуірінде жыраулар поэзиясының басты тақырыбы – халықтың топтасқандығы мен бірлігі және әскери күш-қуа­тын нығайту мәселелері бол­ды. Сондай-ақ, жыраулар шығар­маларында әміршіге тіке­лей арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы философиялық толға­ныстар да, ізгілік пен зұлымдық, жақсы мен жаман, достық пен дұшпандық туралы толғаулар молынан. Жыраулар өз туындыларын, толғауларын кейінгі ұрпақтарына мәңгілік мұра етіп қалдыру жолында көркемдігі жоғары поэзия тілімен, таптыр­мас теңеулер, жарқын метафоралар, синтаксистік жә­не психологиялық параллель­дер арқылы баяндаған. Бұл туындылардың Тәуелсіз Қазақ­станның өркендеп дамуына тигізетін ықпалы орасан зор деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет