қана қоймай, әр азамат күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,
болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде
жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық
күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой
елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен
қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани
жұмысының бір бөлігі.
-
Сананың ашықтығы
. Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп
жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында
қалуынан туындайды. Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам
өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып
жатқан
Достарыңызбен бөлісу: