Мәдени-жағрафиялық белдеудің
» рөлі мен оған енетін
орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу
қажет.
2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде,
мықтап айналысуы керек.
3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқымыздың осы қастерлі
мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан Түркістан
немесе Алтай – ұлттық немесе құрлықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн-
дылықтар.
Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де
бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезіндегі
табысының қомақты бөлігі Голливудтың еншісінде. Қазақстан ХХІ ғасырдың
жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десе,
«
Достарыңызбен бөлісу: |