Идеяның түпкі төркіні.
Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа
Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін,
Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да
жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде
орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық
бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды. Әдетте жат руханияттық
ұстанымдардың (идеология) әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа
халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени рәсімдері (символдары)
тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға қазақтың ұлттық құнды-
лықтары арқылы ғана төтеп беруге болады. Қазақстанның қасиетті жерлерінің
мәдени-жағрафиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де адамды кез келген рухани
жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын рәсімдік қалқаны әрі ұлттық
мақтанышының қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты
құрамдастарының бірі. Сондықтан, қазақтың мыңжылдық тарихы осы сәтте
алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіс. Сондықтан
Үкімет жұртшылықпен ақылдаса келе, жобаны әзірлеуге кіріседі. Онда үш
мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:
1. Аталған «
Достарыңызбен бөлісу: |