Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


«Туған  жер»  бағдарламасын  қолға  алуды  ұсынған



Pdf көрінісі
бет112/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

«Туған  жер»  бағдарламасын  қолға  алуды  ұсынған
.  Оның 
ауқымы  ізінше  оп-оңай  кеңейіп,  «Туған  елге»  ұласады.  Мәселен,  «Ауылым  – 
әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» 
деудің  тұпкі  мақсаты  осында.  Бажайлап  қарасақ,  бұл  –  мағынасы  өте  терең 
сөздер.  Бағдарлама  неге  «Туған  жер»  деп  аталады?  Адам  баласы  –  шексіз 
зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге 
түскен,  бауырында  еңбектеп,  қаз  басқан  қасиетті  мекені,  талай  жанның  өмір-
бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін 
жан  баласы  болмайды.  Туған  жерге,  оның  мәдениеті  мен   салт-дәстүрлеріне 
айрықша  іңкәрлікпен  атсалысу  –  шынайы  патриотизмнің  маңызды 
көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, 
шын  мәніндегі  ұлт  ететін  мәдени-  генетикалық  кодының  негізі.  Қазақтар  
ғасырлар  бойы  ұшқан  құстың  қанаты  талып,  жүгірген  аңның  тұяғы  тозатын 
ұлан-ғайыр  аумақты  ғана  қорғаған  жоқ.  Олар  ұлттың  болашағын,  келер 
ұрпағын, талай талай ұрпақтарды қорғады. 
 Сан  тараптан  сұқтанған  жат  жұртқа  Атамекеннің  қарыс  қадамын  да 
бермей,  ұрпағына  мирас  етті.  Туған  жерге  деген  сүйіспеншілік  нені  білдіреді, 
жалпы,  бағдарламаның  мәні  неде?  деген  сауалдың  сыры  мақалада  да 
көрсетілген. Яғни: 


Біріншісі,  бұл  білім  беру  саласында  ауқымды  өлкетану  жұмыстарын 
жүргізуді,  қоршаған  табиғатты  (экологияны)  сақтап  жақсарту  және  елді 
мекендерді   абаттандыруға  баса  мән  беруді,  жергілікті  деңгейдегі  тарихи 
ескерткіштер  мен  мәдени  нысандарды  қалпына  келтіруді  көздейді. 
Патриотизмнің  ең  жақсы  үлгісі  орта  мектепте  туған  жердің  тарихын  оқудан 
көрініс  тапса  игі.  Туған  жердің  әрбір  сайы  мен  қырқасы,  тауы  мен  өзені 
тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар 
мен  әңгімелер  бар.  Әрбір  өлкенің  халқына  суықта  пана,  ыстықта  сая  болған, 
есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ 
біліп өсуге тиіс; 
Екіншісі,  басқа  аймақтарға  көшіп  кетсе  де  туған  жерін  ұмытпай,  оған 
қамқорлық  жасағысы  келген  кәсіпкерлерді,  шенеуніктерді,  зиялы  қауым 
өкілдері  мен  жастарды  ұйымдастырып,  қолдау  керек.  Бұл  –  қалыпты  және 
шынайы  патриоттық  сезім,  ол  әркімде  болуы  мүмкін.  Оған  тыйым  салмай, 
керісінше, ынталандыру керек;  
Үшіншісі,  жергілікті  билік  «
Туған  жер»
  бағдарламасын  жинақылықпен 
және  жүйелілікпен  қолға  алуға  тиіс.  Бұл  жұмысты  өз  бетімен  жіберуге 
болмайды, мұқият ойластырып, халық дұрыс түсінетін дәрежеге көтеру қажет. 
Туған  жеріне  көмек  жасаған  жандарды  қолдап-құрметтеудің  түрлі  жолдарын 
табу  керек.  Бұл  жерде  де  көп  жұмыс  бар.  Осы  арқылы  қалаларды 
көгалдандыруға,  мектептерді  компьютерлендіруге,  жергілікті  жоғары  оқу 
орындарына  демеушілік  жасауға,  мұражай  мен  түрлі  қорды  байыта  түсуге 
болады.  Тек  осылай  ғана  «Туған  жер»  бағдарламасы  жалпыұлттық 
патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған 
елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады;  
Төртіншісі, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған 
жер»  бағдарламасынан  бөлек,  халықтың  санасына  одан  да  маңыздырақ  – 
жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруі керек. Ол үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет