Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


оралымдылық  пен  икемдiлiк,  пайда,  баға



Pdf көрінісі
бет24/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
оралымдылық  пен  икемдiлiк,  пайда,  баға, 
сыйлық,  несие
  сияқты  аса  маңызды  тұтқаларды  пайдалану  талап  етiлдi. 
Кәсiпорындардың жұмысының табысты болуы ендi қорларды тиiмдi пайдалану, 
өндiрiстi  халықтың  өскелең  қажетсiнулерiмен  ұштастыра  бiлу,  шаруашылық 
есептi  нығайту,  ғылыми-техникалық  жетiстiктердi  жедел  енгiзу  әдісiне, 
шаруашылық  мiндеттердi  шешудiң  нақты  ұтымды  амалдарын  таба  бiлуге  көп 
байланысты болды. 
Жоспарлау мен экономикалық тиiмдiлiк жолындағы жаңа қадамда, әрбiр 
қызметкердiң  және  тұтас  алғанда  кәсiпорынның  неғұрлым  жоғары  жоспарлық 
тапсырмаларға,  өндiрiстiк  қорларды,  жұмыс  күшiн,  материалдық  және  қаржы 
қорларын  толық  пайдалануға  өндiрiс  техникасын  жетiлдiрiп,  өнiм  сапасын 
жақсартуға қызметкер және ұжымның мүдделiлiгi арттырылуы көзделдi. 
Кеңес мемлекеттiк басқару әдiсi бойынша игi мақсат көздеген мазмұнды 
шара  iс  жүзiнде  алғашқы  кезден  билеушi  партия  мен  үкiмет  орындарының 
қарадүрсiн  науқандылығына  iлiндi.  1966-1967  жылдарда  жоспарлау  мен 
экономикалық ынталандырудың жаңа жағдайларына негiзiнен iрi және пайдасы 
көп  кәсiпорындар  көшiрiлдi.  1967  жылдың  аяғына  таман  193  кәсiпорын,  яғни 


республика өнеркәсiп  орындарының барының 10  пайызы  жаңа  жүйе бойынша 
жұмыс iстеп, оларда барлық қызметкерлердiң төрттен бiр бөлiгi шоғырланған, 
олар жалпы өнеркәсiп өнiмiнiң үштен бiрiне жуығын өндiрген. 
1968-1969  жылдары  13  министрлiк  пен  ведомстволарға  қарасты 
кәсiпорындар,  шаруашылықты  жүргiзудiң  жаңа  жүйесiне  көшудi  толық 
аяқтады. Жаңа жүйе өнеркәсiпте ғана емес, құрылыс пен қатынас салаларында 
да  тарады.  Бұған  қоса  реформа  коммуналдық  шаруашылық  кәсiпорындарын, 
“Казсельхозтехника” 
бiрлестiгiнiң 
шаруашылықтарын, 
байланыс 
министрлiгiндегi  басқармалардың  жартысына  жуығын,  Шығыс  Қазақстан 
геология  басқармасын,  232  совхозды,  республиканың  Сауда  министрлiгi  мен 
Қазақ  республикалық  тұтынушылар  одағының  сауда  жасайтын  барлық 
ұйымдарын  қамтыды.  Шаруашылықты  жүргiзудiң  жаңа  жүйесiне  көшкен 
кәсiпорындар өткiзiлетiн өнiмнiң бестен төрт бөлiгiнен астамын бердi. 
Бесжылдықтың  аяғында  республикада  жоспарлау  мен  материалдық 
ынталандырудың  жаңа  жүйесi  бойынша  1467  өнеркәсiп  ұжымы,  немесе 
олардың жалпы санының 80 пайызынан астамы жұмыс iстедi. Олардың үлесiне 
өткiзiлген  өнiмнiң  90  және  пайданың  95  пайызынан  астамы  тидi.  Жаңаша 
жұмыс  iстеген  кәсiпорындар  материалдық  ынталандыру  қорына  қаржы 
аударуды  жылдан  жылға  көбейтiп,  осы  арқылы  әрбiр  қызметкердiң  өз 
кәсiпорнының сапалық көрсеткiштерiн жақсартуға деген мүдделiлiгiн күшейту 
мақсаты көзделдi. Шаруашылық реформасы сегiзiншi бесжылдық жылдарында 
өнеркәсiптiң,  құрылыс  пен  қатынас  салаларының  тез  қарқынмен  дамуына 
жағдай жасап, бесжылдықтың тапсырмаларын ойдағыдай орындауда үлкен рөл 
атқарды. 
Алайда  экономикалық  реформа  алдына  қойылған  мақсаттарды  толық 
қамти алмады және орындауы мүмкiн емес едi. Оның негiзгi себебi қоғамдағы 
саяси  басқару  жүйесi  мен  экономикалық  құрылымның  арасындағы  қайшылық 
едi.  Ал  келтiрiлген  мысалдар  көбiнесе  билеушi  орындардың  қысымы  арқылы 
министрлiктер мен ведомстволардың берген ақпарларынан алынған мәлiметтер. 
Шындығында  аталған  жетiстiктер  жұмысшылардың  қарқынды  шабытымен, 
жан  қиярлық  еңбектерінің  негізінде  iске  асырылды.  Өнеркәсiп  орындарын 
Одақтың  түкпiр-түкпiрiнен  келген  маман  жұмысшыларға,  жаңа  жерлерге 
келген  жастарға  тұрмыстық  жағдай  туғызылып,  олар  азық-түлiкпен  толық 
қамтамасыз етiлмедi. Темiртаудағы Қарағанды металлургия комбинатын салуға 
жер-жерден келген жастардың көтерiлiске шығуының негiзгi себебi де осында. 
Көтерiлiс  басылды,  кәсiпорындарда  жұмысшылардың  тұрмыс  жағдайын 
жақсарту  үшiн  уақытша  шаралар  алынды.  Бiрақ  бұл  оқиға  әкiмшiл-әмiршiл 
жүйенiң қоғамды тегістей жайлағанының алғашқы көрiнiстерiнiң бiрi болды. 
Ауыл  шаруашылығы  ахуалы.  Соғыстан  кейiнгi  жылдарда  республикада 
астықтың  орташа  жылдық  шығымдылығы  1913  жылғы  көрсеткiшке  (5,6  ц.) 
теңелген,  ал  астықтың  жылдық  орташа  өнiмi  1928  жылғыдан  төмен  болды. 
1946-1950 жылдарда  мемлекет  қоймасына өткiзiлген  астық  (жылдық  орта есеп 
бойынша) көлемi 1941 жылдан төмен болды. Қазақстанның дәстүрлi кәсiбi мал 
өсiру  саласындағы  жағдай  да  өте  ауыр  болды.  Республикадағы  тек  қой  басы 
ғана 1928 жылдың көрсеткiшiне жақын болды (18036 мың). 


Cол  кездегi  ресми  үгiт-насихаттық  материалдарда  жағдай  үлкен  өрлеу 
мен  рухани  қанағаттанарлық  дәрежеде  сипатталды.  Сырттай  қарағанда  жап-
жақсы  көрiнген  соғыстан  кейiнгi  бесжылдықтың  көрсеткiштерi,  ауыл 
тұрғындарының  азапты  еңбегiнiң,  жоқшылығы  мен  аштығының,  өмiр 
дәрежесiнің  төмендiгiнiң,  балалар  мен  әйел  еңбегiн  қанаудың,  халықты 
шаршатып-шалдықтыруды  ең  жоғарғы  шегiне  жеткiзудiң  нәтижесi  едi.  Яғни, 
соғыстан  кейiнгi  ауыл  шаруашылығын  қалпына  келтiрiп,  дамытудың 
нәтижелерi бұқараның бойындағы күш-жiгерiн, халықтың табиғатына тән аса-
зор  еңбек  ынтасын,  тапқырлығын  тұншықтырып  келген  жүйенiң  арқасында 
емес, халықтың өзiнiң жанқиярлық еңбегi арқылы жүрiп жатты. 
Билеушi  партияның  Орталық  Комитетiнiң  қыркүйек  (1953  ж.) 
пленумында ауыл ұжымдарына мемлекеттiк салықты азайту, аграрлық секторға 
инвестицияны  көбейту  туралы  мәселелер  көтерiлдi  және  ауқымды  бағдарлама 
қабылданды.  Ол  құжат  бойынша  бұдан  былай  салық  саясатын  өзгерту,  ауыл 
шаруашылық  өнiмдерiн  сатып  алу  және  оны  дайындау  бағаларын  көтеру 
көзделдi. 
Сол ғасырдың 30-40-шы жылдарында қалыптасқан колхоз-совхоз жүйесi 
өзiнiң  бүкiл  тарихында  дағдарыстан  шыққан  емес.  Өзiн-өзi  ұйымдастырудан 
және дамуының iшкi  серпiнен айрылған  мұндай  экономика  тек  тоталитарлық-
жазалау  жүйесiнiң  шеңберiнде  ғана  табанды  жұмыс  iстей  алды.  Билеушi 
орындардың бақылауы сәл босаңсыса, бүкiл аграрлық сала дағдарысқа ұшырап 
отырды.  Сондықтан  елеусiз  реформаның  өзi  ауыл  шаруашылығында  әлде 
қашан  және  көрiнбей  сіңіп  келген  мерездермен  терең  қарама-қайшылықтарды 
көзге көрсетiп бердi. 
Дағдарыстан  шығу  үшiн  түбегейлi  шешiм  қабылдау,  сала  iшiндегi 
қатынастарға терең реформалар жасау, яғни нарықтық қатынасқа өту, сондай-ақ 
жеке меншiктi шаруашылыққа жол ашу қажет едi. Бұл жағдайда да жүйе өзiн-
өзi  сақтап  қалу  мақсатымен  проблемаларды  шешудiң  бұрынғы  қалыптасқан 
әдiс-жолдарын, экстенсивтi сұлбасын таңдап алды. Азық-түлiк тапшылығынан 
шығудың  бiр  амалы  ретiнде  дәндi  дақылдар  өндiрiсiнiң  көлемiн  ұлғайту 
бағдарламасы ұсынылды. Ол үшiн Қазақстанның әр аймағында дәндi дақылдар 
өсiруге ыңғайлы, игерiлмей жатқан, яғни тың жерлердi iске қосу бағдарламасы 
ұсынылды.  Билеушi  партия  Орталық  Комитетiнiң  ақпан-наурыз  (1954  ж.) 
Пленумы ұсынған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет