2005 жылғы 18 ақпандағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында
атап көрсеткеніндей: бүкіл дүниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі
уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына енді. Егер өмір
сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, 1995-2005 жж.
қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6
есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық
мөлшері 4,6 есе; жеке түлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің
жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 және 37 есе өскенін көреміз.
Экономиканың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік
бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі осы жылдары қолға
батыл алынған модернизациялау саясатының айтарлықтай бекемдік деңгейіне
жеткенін айғақтайды.
Тұтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңде
еңбекақының ең төменгі мөлшері 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық
номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін - 6 есеге жуық
артты. Жалпы Тәуелсіздік тұстағы орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан
ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болды. 2002 жылдан бастап бұл өзекті салада
реформалық процестен сәтті өтіп, бюджет саласы қызметкерлерінің
еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі
арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседен
астамға өскен еді. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 1998-
2010 жылдары 3 есеге жуық өскен. Аталмыш кезде республикада 630 мыңдай
адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын болған. Жалпы алғанда, ел
экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп
отырды. Бұл өсудің жедел қарқыны болып саналады
Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында болған. 2000 жылдан
бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық
сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам
ұлғайды. Қазақ елінің 5 миллионнан астам азаматтары мемлекеттік әлеуметтік
қорғаумен қамтылып келген. 2000 жылғы мөлшермен салыстырғанда бұл
көрсеткіш екі есе артық болды.
Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа
кәсіпорындар бой көтерген еді. Өнеркәсіп саласының автомобиль
құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер жинайтын бес
кәсіпорын жұмыс
істейтін болды. 2015 жылға қарай Қазақстанда радиотехника мен компьютер де
құрастырылатын болды. Жиһаз жинау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және
басқа халық тұрмысына қажетті салалар даму қарқыны серпінді болған.
Сөйтіп, 2000-2014 жылдары аралығында Қазақстанда Кеңестік дәуірдің
70-90 жылдары орын алған көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға
қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама
жүмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қолы жетті. Соның нәтижесінде
Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-
экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатардан орын алды. Қазақстан
әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің қатарына енді. Еліміз
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі
міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Қазақстан мемлекеті
тәуелсіздік жылдарында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды
жедел де тиімді іске асырып, әлеуметтік-экономикалық дамуында посткеңестік
мемлекеттер арасында көшбасшы болып қала берді.
Достарыңызбен бөлісу: