1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін
жария етті.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес ымыраға келу жөніндегі екі жылдық
ізденістерден кейін 1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің
қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған және шынайы конституционализмнің
орнығуын
жалғастырған
Қазақстанның
кеңестен
кейінгі
алғашқы
Конституциясын қабылдады. Соның негізінде республикада ұлттық
қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін,
демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа
сапалы кезеңіне көшу басталды.
1993 жылғы Конституция, бір партиялық саяси басқарудан,
монополиялық экономикалық жүйеден, тарихи күш көрсету сыңаржақты
идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының әлемнің озық
елдерінің тәжірибесі мен заң шығарушылық жүйесі аясында болуына бағыт
алып оң серпіні үшін өріс ашты.
Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі
кезеңінде Негізгі Заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз
мемлекет ретінде заңдастырды. 1993 жылғы Конституция Қазақстан өзін қазіргі
заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен
көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық
құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында, сол
бұрынғыша, Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің бөліну
принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды
қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік
органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады,
өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады
және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші
сайланған Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының
жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді.
Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске
Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына
мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен
бұрын тоқтатуға әкеп соқты.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы биліктің
жергілікті өкілді органдарының өкілеттіктерін тоқтатуынан басталды. Алдымен
Алматы қаласының Алатау аудандық Кеңесі, ал содан кейін республиканың
аудандық және облыстық Кеңестері бірінен соң бірі өз сессияларында
өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса,
43 халық депутаты өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап,
әріптестерін өздерінің жолына түсуге шақырды. Он екінші сайланған Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесі 11-сессиясының жұмысы аяқталар қарсаңында
жергілікті Кеңестердің төрттен бірінен астамы өз жұмысын тоқтатты. Осындай
жағдайда халық қалаулылары Парламент қабырғасында өткізген ұзақ
пікірсайыстардан кейін Сайлау туралы кодекс, Республика Президентi мен
жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы заң және
Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылдады.
Республиканың жоғары өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні
қабылдауының маңызы іс жүзінде Конституцияға түзетулер енгізумен бірдей
болды.1994 жылғы 7 наурызда өткен сайлау республикада көп партиялылықтың
қалыптасуына ықпал етті. Сайлауға дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың
73,84 пайызы қатысты. Небары 135 бір мандатты округтер бойынша 910 адам
ұсынылып, тіркеу шарттарына 692 адам лайық болды, орташа алғанда – 5
үміткер бір депутаттық мандат үшін күресті.
Уақытша регламентке сәйкес саяси партиялар өкілдіктері негізінде
Жоғарғы Кеңесте мынадай фракциялар құрылды: Қазақстан Халық Бірлігі
Одағы (ҚХБО – 32 адам), Қазақстан Халық Конгресі партиясы (ҚХК – 22 адам),
Социалистік партия (12 адам) және Кәсіподақтар федерациясы (12 адам),
сондай-ақ, негізінен кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутаттық топ
болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар
биліктің нақты тұтқаларына қолы жетіп, мемлекеттік бағдарламалардың
қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды.
1994-1995 жылдар қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы
төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы
наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес
депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби
Парламенті болды.
Алайда он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тағдыры өте қиындау
болып шықты. Ол өз құқығына билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық
тұрғыдан аяқталуға дейін жеткізілмеген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік
жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы Кеңестің, Президенттің
және Үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мемлекеттік
құрылыстың ең бір күрделі кезеңінде кіріскен еді.
Осымен қатар он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Қазақстанда
парламентаризмнің одан әрі дамуына алғышарттар негізін салғанын атаған жөн.
Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Ә.Кекілбаев: «Кәсіби
Парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы жылдың
қоғамдық-саяси өміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар. Оның
жұмысының басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз тұруындағы
елеулі кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне кіретіні
шүбәсіз... Кәсіби Парламент бізде ешқашан болған емес және біз сынап көрулер
және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр болдық... Жаңа мәртебе
иеленген Жоғарғы Кеңес өкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп жатыр»
деп өз бағасын берген еді.
Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп,
заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір
нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды, депутаттарды сайлау
соған сәйкес жүргізілген еді. Мамандар пікірінше ескі және жаңа саяси
құрылыстың өзіндік тұрғыда ымыраға келуінің, ғасырлар бойы құрылған батыс
демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі кеңістікте енгізуге тырысудың
көрінісі болған 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді.
1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде
бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Конституцияның
жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық
ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен
құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық кеңес оларды зерделеді.
Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде
Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.
1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті
жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады. Республика Конституциясы заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс
істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай
ғана жариялап қойған жоқ – онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі
баянды етілді. Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін,
құқықтары мен бостандықтарын бекітті.
Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы
келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің
олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай
мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан
көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси
тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы
Конституция, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның
депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі
туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық
заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.
1995
жылғы
Қазақстан
Республикасының
Конституциясында
Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың
жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген. Парламент тұрақты
негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұратын
болды. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының
астанасынан
екi
адамнан,
тиiсiнше
облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық
өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын
депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне
Республика Президентi тағайындайды.
Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан құралған. Алпыс жетi депутат
республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және
шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi
бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және
бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер
негiзiнде сайланады.
Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс
депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет
ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол
қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі
1995 жылдың соңында өткізілді.
Бірінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті 1996-1999
жылдары қызмет атқарды. Ал Парламент Сенаты мен Мәжілісінің сайлауы 1995
жылғы желтоқсанда өтті. Сенатқа 40 депутат – 19 облыстан және Қазақстан
Республикасының астанасынан екі-екі адамнан сайланды. Сенаттың жеті
депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындады.
Депутаттардың көпшілігі сайланғанға дейін басшы қызметтерде істеген,
олардың ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық
қызмет тәжірибесі, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардағы, кәсіпкерлік,
өндірістік және әлеуметтік салалардағы жұмыс тәжірибесі болды. Сенат
депутаттарының арасында 4 әйел, 60 жастан асқан 4 адам болды. Барлық
депутаттар жоғары білімі бар дипломды мамандар еді. Олардың ішінде 10-ы –
заңгерлер, 10-ы – экономистер, 9-ы – инженерлер, 8-і – ауыл шаруашылығы
мамандары.
Депутаттық корпустың құрамында 4 ғылым докторы, 11 ғылым
кандидаты жұмыс істеді. Көптеген депутаттар бұрын заң шығарушы органдарға
сайланған еді, олардың арасында Қазақ КСР, КСРО халық депутаттары, кәсіби
заң шығару қызметінде тәжірибесі бар, он екінші және он үшінші сайланған
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаттары болды. 1996 жылғы
30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші
отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Өмірбек
Байгельді Сенаттың Төрағасы болып сайланды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына, «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 69-бабына сәйкес
және екі жылға сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына орай 1997
жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына
депутаттарды 4 жылға сайлау өтті. Бес облыстың таратылуына байланысты
сайлау Республиканың 14 облысы мен Алматы қаласы бойынша өтті.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына 15 депутат
сайланды. Олардың ішінде 11-і бұрын Сенат депутаттары болса, 4-і – алғаш рет
сайланды. Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы болып
жариялануына байланысты 1998 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенатына Ақмола қаласы бойынша депутаттар сайлау
нәтижесінде оның құрамына екі депутат сайланды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 1995 жылы 9
желтоқсанда өтіп онда 67 депутат сайланды. Мәжіліс сайлауының нәтижелері
бойынша ерлер басым-58, әйелдер-9 депутат болды. Палатаның барлық
депутаттары жоғары білімді, оның ішінде 7-і ғылым докторы, 10-ы ғылым
кандидаты.
Сайланған депутаттардың арасында жергілікті атқару органдарының және
мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері көбірек болып 19 адамнан тұрды.
Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың
және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат
ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы
депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық
комитеттердің қызметкерлері болды. 4 депутат жұмыссыздар арасынан
сайланған еді. Аграрлық салада – 11 депутат, мәдениет саласында 3 депутат
жұмыс істеген. Құқық қорғау органдарының қызметкері және инженер-
экономист болып әрқайсысында екі-екі депутат қызмет істеген. Бір депутат –
заңгер, біреуі әскери қызметші және біреуі зейнеткер болған.
1996 жылғы 30 қаңтарда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс Төрағасы болып Ақтөбе
облысының өкілі, экономика ғылымдары кандидаты, Ақтөбе медицина
институты кафедра меңгерушісі Марат Тұрдыбекұлы Оспанов сайланды.
1999-2004 жылдары екінші сайланған Қазақстан Республикасының
Парламенті қызмет атқарды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
1999 жылғы қыркүйектегі және 2002 жылғы қазандағы сайлауларда Сенат
құрамының жартысы қайта сайланды. Қазақстан Республикасының бес облысы
таратылуына байланысты екінші сайланған Сенат депутаттары 14 облыстан
және Алматы мен Астана қалаларынан сайланды. Таратылған облыстардан
сайланған депутаттар өкілеттік мерзімі біткенге дейін жұмыстарын
жалғастырды, сондықтан 1999 жылғы желтоқсанға дейін Сенатта 44 депутат
жұмыс істеді.
2003 жылы Сенатта 39 депутат болды. Олардың үшеуі әйел. Барлық
депутаттардың жоғары білімі бар, соның ішінде 9 – заңгер, 6 – экономист, 11 –
инженер, 7 – ауыл шаруашылығы маманы, 6 – педагог, саясаттанушы,
журналист. 4 академик, 6 ғылым докторы, 3 профессор, 3 ғылым кандидаты
Сенат депутаты болды. Палата депутаттары көпшілігінің заң шығару,
дипломатиялық қызмет тәжірибелері, орталық және жергілікті мемлекеттік
органдардағы, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелеріндегі, өндірістік,
әлеуметтік-мәдени және кәсіпкерлік салалардағы басшылық қызметтік
тәжірибелері болған. Көптеген сенаторлар бұрын Жоғарғы Кеңестің және
бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып
сайланған. Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
Төрағалары болып Оралбай Әбдікәрімов (2004 жылғы 10 наурызда депутаттық
өкілеттігі аяқталғанға дейін жұмыс істеді) және Нұртай Әбіқаев (2004 жылғы 10
наурыздан бастап) сайланды.
1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес
алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас көпқырлы жүйе бойынша Қазақстан
Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең
өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін
берді.
Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі
саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен
және баламалы әдіс аясында өткізілген. Сайлауға 10 саяси партия қатысып
мажоритарлық бір мандатты округтерде 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау
барысында сол кезеңде Қазақстанның парламенттік тәжірибесінде, тіпті
тарихында бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны – орташа есеппен бір
орынға сегіз адам тіркелген.
Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты
округтар бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша
партиялардан 10 депутат сайланды. Олар жеті пайыздық межені еңсерген төрт
партияның – «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партияның
өкілдері болды. Сайланған 77 депутаттың 8-і - әйел, 74-і – жоғары білімді, 30-
ға жуығы екі жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар
арасында бір академик, жеті доктор және әртүрлі мамандықтары бар жиырма
ғылым кандидаты болды.
Депутаттық корпустың басым көпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22,
экономистер – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл шаруашылығы
ғалымдары мен мамандары – 8, журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери
қызметші, халықаралық қатынастар маманы және т.б. Екінші сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Жармахан
Айтбайұлы Тұяқбай сайланды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті: 2004-2007
жылдары қызмет атқарған. 1999 жылғы қыркүйекте алты жыл мерзімге
сайланған 16 сенатордың сайлауы 2005 жылғы тамызда өтті. Жаңадан
сайланған сенаторларды қосқанда 2005 жылғы желтоқсанда Парламент
Сенатында 39 депутат өз қызметін атқарды. Парламентшілердің орташа жас
мөлшері – 57 жас, 37 ер адам, 2 әйел. Депутаттардың барлығы жоғары білімді,
олардың 19-ы екі жоғары оқу орнын бітірген. Депутаттардың қатарында
техникалық білімі бар – 13 адам, гуманитарлық білімі бар – 16 адам, заңгерлер
– 10 адам болды.
Депутаттардың көпшілігі сайланғанға дейін мемлекеттік секторда жұмыс
істеген, оның ішінде 28 парламентші басшы лауазымдарда қызмет атқарған.
Көпшілігінің заң шығару қызметіндегі, сондай-ақ өндірістік, әлеуметтік және
кәсіпкерлік салалардағы, ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық қызметтегі,
қоғамдық ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі болған. 2005 жылғы 1 желтоқсанда
үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
болып Нұртай Әбіқаев сайланды. Ал үшінші сайланған Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының 2007 жылғы 11 қаңтардағы отырысында
жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің
ұсынуымен Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасы болды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін
сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болып өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты,
олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында. Сайлау нәтижесінде
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды. 67
депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі ескеріле отырып құрылған,
шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері
бойынша сайланды.
10 депутат тең өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық
сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды.
Олардың ішінде 7 депутат «Отан» республикалық саяси партиясынан, бір-
біреуден «Асар» республикалық партиясынан, «Ақ жол» демократиялық
партиясынан және Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының
«АИСТ» сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы)
сайланған.
Сайланған парламентшілердің жалпы санынан 59 депутатты саяси
партиялар ұсынды: «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ»
сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4, «Ақ жол»
демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1.
Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат. Палатаның депутаттық құрамына 69 ер адам
және 8 әйел өткен. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының
орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста. Барлық
депутаттар жоғары білімді. 37 парламентші екі жоғары оқу орнын бітірген. 28
депутаттың ғылыми дәрежесі мен атағы болса, олардың ішінде 13 ғылым
кандидаты мен 15 ғылым докторы еді.
Парламентшілер арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны
едәуір, олар – 21, заңгерлер – 14, экономистер – 16.
Бұдан басқа, үшінші сайланған Мәжілісте ауыл шаруашылығы,
халықаралық қатынастар мамандарының кәсіби біліктілігін иеленгендер,
менеджерлер, дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, журналистер,
мәдениет қайраткерлері және т.б. бар. Соңғы жылдар ішінде Палатада
парламенттік стажы бар депутаттар саны өсті. Мәжілістің 29 депутаты осының
алдындағы сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші және екінші сайланымда,
екеуі - Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестің
депутаттары болған.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
Төрағасы болып Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов сайланды.
«Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін
тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының
кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Президенті
Жарлығының қабылдауына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда үшінші
сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін
аяқтады.
2007-2011
жылдары аралығында төртінші сайланған Қазақстан
Республикасының Парламенті болды. Конституцияға 2007 жылғы мамырда
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес төртінші сайланымдағы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 2007 жылғы
тамызда болып өтті.
Парламент Сенатында Президент тағайындайтын депутаттар санының 15
адамға дейін ұлғаюын көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды ескере
отырып, мемлекет басшысы 2007 жылғы 28 тамызда қосымша 8 сенаторды
тағайындады.
Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 парламентшіден
құралды. Олардың 98 депутаты біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша
жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру
арқылы партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан
халқы Ассамблеясынан Президент ұсынысымен.
Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамызда өткен сайлауда
«Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы ғана 7 пайыздық кедергіні
еңсерді, оның қатарындағы депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98
орынды иеленді. Палатадағы 9 орын 2007 жылғы 20 тамызда Қазақстан Халқы
Ассамблеясынан сайланған депутаттарға берілді.
Мәжілістің құрамына өткен сайланымдағы депутаттық корпустың 39
депутаты, мемлекеттік басқару органдарынан – 24 адам, жергілікті мемлекеттік
басқару органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан – 8 адам, білім,
ғылым және мәдениет саласынан – 8 адам және басқа салалардан 9 адам кірді.
Палатада білім дәрежесі бойынша әртүрлі мамандықтағы инженерлердің
саны едәуір, олар – 42 депутат, заңгерлер – 34, педагогтар – 23, олардың
бірқатары басқа мамандық бойынша екінші жоғары білім алған. 21 депутаттың
экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары - 9. Бұдан басқа,
депутаттық корпуста дәрігерлер, халықаралық қатынастар мамандары,
журналистер, мәдениет және өнер қайраткерлері мен басқа да мамандықтың
иелері бар. Мәжілісте 15 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты, ал 35
парламентшінің екі жоғары білімді болған.
Палатада түрлі ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың
құрамына 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және бір-бірден белорус, балкар, кәріс,
украин, өзбек және ұйғыр кірді. Әйелдердің саны екі еседен астам артты, олар
– 17 депутат. Төртінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орташа
жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымға қарағанда бір жасқа төмен. Жас шамасы
бойынша ең көп топты 50 мен 59 жас аралығындағы депутаттар құрады,
олардың саны – 44, одан кейінгі орында 40 пен 50 жас аралығындағылар – 36
депутат, 60 жастан асқан депутаттар – 23 адам және ең аз топ 30 бен 40 жас
аралығындағылар – 4 депутат. Осы құрамдағы Парламенті Мәжілісінің
Төрағасы болып Аслан Есболайұлы МУСИН сайланды. Өкілеттігін 2008 жылғы
қазанда тоқтатты. 2008 жылғы қазанда төртінші сайланған Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Орал Байғонысұлы
Мұхамеджанов сайланды.
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз
қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлық
шығаруына байланысты 2011 жылғы 16 қарашада тоқтатты.
Бесінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің
жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда қалыптастырылды. Бесінші шақырылымда
конституциялық нормаларға сәйкес 2008 және 2011 жылдары сайланған, 2007
және 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған
Сенат депутаттарының өкілеттіктері жалғастырылды.
Парламент Мәжілісінің сайлауына жеті саяси партия қатысты, олардың
үшеуі қорытынды нәтижелер бойынша сайлаушылар даусының 7%-дан
астамын жинады және Парламент Мәжілісіне: «Нұр Отан» Халықтық-
Демократиялық партиясы (80,99%), Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық
партиясы (7,47%), Қазақстанның Коммунистік халық партиясы (7,19 %) өтті.
Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан 83 депутат, «Ақ жол»
партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-нан – 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан
халқы Ассамблеясынан – 9 депутат. Мәжіліс құрамында барлығы 107 депутат
бар. Мәжілістің құрамына өткен сайланымдағы депутаттық корпустың 43
депутаты кірді. Палатада білімі бойынша біліктілігі әртүрлі инженерлер бар,
олар – 30 депутат, педагогтар – 21, заңгерлер – 13 депутат. 21 депутаттың
экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары - 10. Бұдан басқа,
депутаттық корпуста дәрігерлер, философтар, тарихшылар, саясаттанушылар,
әскерилер, журналистер, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері және
басқа да мамандық иелері бар. Мәжілісте 2 академик, 17 ғылым докторы мен
27 ғылым кандидаты бар, 60 парламентші екі жоғары білім алған.
Палатада түрлі ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың
құрамына 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен,
кәріс, өзбек және ұйғыр кірді. 26 депутат - әйел адам.
Бесінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орташа жасы – 56
жас, бұл төртінші сайланымға қарағанда төрт жасқа жоғары. Жас шамасы
бойынша ең көп топты 50 жастан 59 жасқа дейінгі депутаттар құрайды,
олардың саны – 47, 60 жастан асқан депутаттар – 34 адам, одан кейін 40 жастан
49 жасқа дейінгі депутаттар – 22 адам және ең аз топ 30 бен 39 жас
аралығындағылар – 4 депутат. Осы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып
Нұрлан Зайроллаұлы Нығматуллин сайланды.
Достарыңызбен бөлісу: |