Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет65/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

8.5. Жаңа заманғы Қазақстанның  
Заң шығарушы орнының құрылуы. Парламент эволюциясы. 
 
Халықтық  демократияны  білдіру  нысаны  ретіндегі  өкілді  билік  қазақ 
ортасына  Қазақ  хандығы  шаңырақ  көтерген  тонау  XV  ғасырдың  екінші 
жартысынан  тән  екені  аян.  Ол  қалыптасқан  саяси  жүйеге  байланысты 
эволюцияланып  келеді.  Тәуелсіз  Қазақстан  Парламенті  бір  палаталы  өкілді 
органның  –  алғаш  рет  Қазақ  КСР-інің  1937  жылғы  Конституциясы,  ал  содан 
кейін    Қазақ  КСР-інің  1978  жылғы  Конституциясы  мен  Қазақстан 
Республикасының  1993  жылғы  Конституциясы  негізінде  құрылған  Жоғарғы 
Кеңестің    орнына  келді.  Жоғарғы  Кеңес  өзі  жұмыс  істеген  кезде  он  үш  рет 
сайланды.  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  алғашқы  сайлауы  1938  жылғы  24 
маусымда  өткізілді.  Сайлау    жалпыға  бiрдей,  тең  және  төте  сайлау  құқығы 
негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi. 
Ол  уақытта  депутаттар  құрамын  қалыптастыру  баламасыз  негізде 
билеуші  (Коммунистік)  партияның  қатаң  бақылауымен  жүргізілгенін  атап  өту 
керек.  Депутаттыққа  кандидаттар  партия  ұйымдары  белгілеген  таптық, 
партиялық,  ұлттық,  жыныстық-жастық  және  басқа  да  билеуші  партия 
мақұлдаған  қатал  талаптар  бойынша  іріктелді.  Сондықтан  заң  шығарушы 
орынның  құрамында  қанша  жұмысшы,  колхозшы,  қызметші,  коммунист, 
комсомол  мүшесі,  қазақ,  орыс,  украин,  сондай-ақ  басқа  да  ұлт  өкілдері, 


әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау болар алдындағы мерзімде белгілі 
болатын.  Мемлекеттік  органдардың  жоғары  шенеуніктері,  партия,  комсомол 
және  кәсіподақ  органдарының  басшылары  атқарып  жүрген  қызмет 
лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын. 
Қазақ  КСР-інің  1978  жылғы  Конституциясы  сайлау  жүйесіне  аз  ғана 
өзгерістер  енгізді.  Еліміздің  осы  Негізгі  заңына  сәйкес  Қазақ  КСР  Жоғарғы 
Кеңесі  мемлекеттік  биліктің  жоғары  органы  болып  табылды.  Қазақ  КСР-інің 
Жоғарғы  Кеңесі  КСРО  Конституциясы  және  Қазақ  КСР  Конституциясымен 
Қазақ  КСР  жүргізуіне  жатқызылған  мәселелердің  барлығын  шешуге  өкілетті 
болатын.  Жоғарғы  Кеңестің  жұмыс  органы  –  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің 
Төралқасы  Жоғарғы  Кеңестің  сессиялары  аралығында  қажет  болған  жағдайда 
Қазақ  КСР  қолданыстағы  заңнамалық  актілеріне  өзгерістер  енгізіп,  оларды 
кейін  кезекті  сессияның  бекітуіне  ұсынатын.  Қазақ  КСР-інің  Жоғарғы  Кеңесі, 
қажет  деп  санаған  жағдайда  ғана,  кез  келген  мәселе  бойынша  тексеру 
комиссияларын    және  өзге  де  алқаларды  құратын.  Барлық  мемлекеттік  және 
қоғамдық  органдар,  ұйымдар  мен  лауазымды  тұлғалар  тұрақты  және  өзге  де 
комиссиялардың  талаптарын  орындауға,  оларға  қажетті  материалдар  мен 
құжаттарды  беруге  міндетті  болатын.  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Қазақ  КСР-
інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді. 
1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 
сайлауы  өтті.  Бұл  Кеңестік  (әкiмшiл-әмiршiл)  жүйенің  ықпалы  әлі  де  болса 
жеткілікті  болып  тұрған  жағдайдағы  республиканың  жоғары  заң  шығару 
органының  алғашқы  неғұрлым  демократиялық  сайлауы  болатын.  Сайлау 
алдындағы  тартысқа  360  депутаттық  мандат  үшін  екі  мыңнан  астам  үміткер 
қатысты.  Республикалық  қоғамдық  ұйымдардан  90  адамның  сайланғаны  да 
аталған  сайлаудың  бір  ерекшелігі  болып  табылады.  Бұл  сайлау  толыққанды 
саяси  партиялар  болмаған  жағдайда  өткенімен,  КСРОлық  тоталитарлық 
жүйенің  ұзынды кесінді өзгеру процестеріне бұлжымас сипат берді. 
Он  екінші  сайланған  Жоғарғы  Кеңес  Қазақстан  парламентаризмінің 
қалыптасу тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық 
актілердің  қабылдануында,  мемлекеттің  90-шы  жылдардағы  саясатын 
заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде айрықша маңызды болды. 
«Қазақ  КСР  Президенті  қызметін  тағайындау  және  Қазақ  КСР  
Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
1990 жылғы 24 сәуірдегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет