Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет72/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

Қатысушылардың  үндеуі
 
қабылданды. Бұл құжаттан биік рухани мән-мағынаға толы үн байқалып тұрды. 
Діни  көшбасшылар  бүкіл  адамзатты  ғаламшарымыздың  болашағы  үшін  өзара 
ықпалдастыққа,  келісім  мен    бейбітшілікке,  әділеттілік  пен  жасампаздыққа 
ұмтылуға шақырды. 
Осындай тақырыптағы келесі әлемдік дін жетекшілері съезі 2015 жылдың 
маусым  айы  ортасында  Республика  бас  қаласында  өтті.  Өткізіліп  келе  жатқан 
жылдар ішінде Съезд барлық діндердің міндеті қазіргі заманда көбінесе ортақ 


екенін  айқын  көрсетіп  берді.  Бұл  –  рухани    бос  қуысты  және  адамзаттың 
моральдық-адамгершілік  құндылықтары  дағдарысының  қатерін  еңсеру.  Бұл  – 
кез  келген  қоғамның  еңбексүйгіштік,  адалдық және әділеттілік құндылықтары 
іспеттес жасампаздық бастауларын нығайту қажеттілігі. Мұнымен қоса, діннің 
бітімгершілік  күші  кез  келген  қоғамдағы  жанжал-қақтығыстардың,  төзімсіздік 
пен радикализмнің алдын алуға мүмкіндік жасауда болып отыр. 
Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының  съезін  өткізу  арқылы 
Қазақстан бүкіл әлемдік қоғамдастыққа жалпыұлттық консенсус пен қоғамның 
топтасуының  үлгісін  көрсетіп  келеді.  Біздің  еліміз  этносаралық  және 
конфессияаралық  келісімді  қолдау  саласында  бай  тәжірибеге  ие  және  осы 
тараптағы  кең  ауқымды  әрі  тиімді  ынтымақтастыққа  қашанда  әзір.  Әлемнің 
діни  көшбасшыларын  Астанаға  шақыру  жөніндегі  Тәуелсіз  Қазақстан  және 
әлемдік  тарихтағы  тұңғыш  бастамасы  мәдениеттер  мен  өркениеттер  тікелей 
пікіралысуының жаһандық үдерісінің дамуында орасан маңызды орын алады.   
Қазақстан  Республикасындағы  діни  ұйымдардың  қызметі.  Қазақстан 
тәуелсіздігін  алған  соң,  экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік  өзгерістермен 
қатар,  қоғамдағы  діни  әрекеттер  қайта  жаңарды.  Көпұлттылық  пен 
көпконфессиялылық  дін  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  бағытын 
анықтап  берді  –  бұл  адам  құқығын  қорғау  және  қоғамдағы  тұрақтылықты 
сақтаудың  қажетті  алғышарты  ретінде  конфессияаралық  келісімді  нығайту. 
Тәуелсіз  мемлекет  мәртебесіне  қол  жеткен  жылдары  ішінде  елдегі  діни 
ұйымдардың  саны  алты  есеге  өсті.  Егер  ХХ  ғасырдың  90  жылдары  671  діни 
бірлестік  қызмет  етсе,  2015  жылы  Қазақстанда  үш  мыңнан  аса  діни  ғимараты 
бой  көтерген,  40  конфессия  мен  деноминациядан  тұратын  төрт  мыңға  жуық 
діни бірлестіктер қызметі пайда болған. 
Осы жылдары әртүрлі діни ілімдер мен әдістердің кең таңдауы орныққан. 
Бірақ  қарапайым  адам,  егер  бұл  оның  кәсіби  қызметіне  қатысты  болмаса,  қай 
діннің ақиқат, ал қай діннің алдамшы дін екенін білуге, әртүрлі діни және дін 
атын  жамылған  ағымдарды  түсінуге  теология  мен  дін  саласындағы  білімдері 
айтарлықтай  сенімді  емес.  Ал  осы  мүмкіндікті  дін  атын  жамылған  ағымдар 
үлкен  қасиетті  ұғымды  өзінше  ұстанып,  қоғам  мен  адамның  діни-өнегелі 
жаңаруын,  діннен  алшақ,  керісінше  материалдық  түрде  дамудың  қарапайым 
дүниелік мақсаты ретінде пайдаланушылар ортасын өмірге әкелген. Және тағы 
да  айтып  кететін  жайт,  олардың  пайдаланатын  әдістері,  тәрбие  беру  мен 
дағдыландырудан  гөрі,  күштеп  сендіруге  едеуір  ұқсайды.  Бұл  –  олардың 
дәстүрлі  діндерден  негізгі  айырмашылығы.  Және  діни  бірлестікті  тіркеу 
кезінде, олардың қандай мүддемен өзінің діни ілімін насихаттайтынын анықтау 
мүмкін емес.  
Тәуелсіз  Қазақстан  үшін  дәстүрлі  емес  болып  саналатын  діндер  мен 
конфессиялардың  ішіндегі  ерушілері  ең  көп  «Жаңа  өмір»,  «Саентология» 
шіркеулері  сенушілерінің  саны  –  шамадан  тыс  қырық  мыңға  жеткен.  Олар 
арнайы  тіркеуден  өткен,  олардың  арнайы  сараптамалық  жарлықтарында, 
Қазақстанның  заңнамасына  қайшы  келетін  ешқандай  ереже  көрсетілмеген. 
Алайда,  бірнеше  жылдарда  мемлекеттік  органдарда  қазақстандықтардың 
олардың деструктивті қызметтері жайлы, яғни, психологиялық ықпал ету және 


алаяқтық арқылы мүлікті иемдену, дәрігерлік мамандар кеңесі мен емінен бас  
тартуға және туыстарымен араласпауға мәжбүрлеу сияқты көріністері айтылған 
үндеулер жарияланып тұрған.  
Брахма  Кумарис,  Иегова  куәгерлері,  Сан  Мен  Мун  бірлестігінің 
қозғалысы  сияқты  ағымдар  отбасынан  бас  тартуды  және  туыстарымен 
қатынасты үзуді насихаттайды. Балаларының мектепке баруына тиым салатын 
Жетінше  Күн  Адвентистеріне  жалпы  білім  беретін  мекемелерден  шағымдар 
жиілеп келген оқиғалар да болған. 
Дәстүрлі  емес  діни  ағымдардың  барлығы  дерлік  өз  сенушілеріне  діни 
ағым ұсынған әдебиеттерден басқа, кез-келген әдебиетті оқуға және қоғамдық 
іс-шараларға  қатысуға  тиым  салады.  Иегова  куәгерлері,  Аля  Аят  ағымдары 
қазіргі заманғы дәрігерлік көмекті алмауды, қан алдырмауды, екпе жасатпауды 
насихаттайды.  Осымен  қатар,  Саентология  шіркеуі,  Ата  жол,  Аля  Аят  сияқты 
ағымдарында  мамандықсыз,  білімсіз  және  заңсыз  емдеу  іс  харекеттері 
қолданылады,  діни  ағым  сенуші-әйелдері  өз  еркімен  босандыру  көмектерінен 
бас тартып, үйлерінде босанған оқиғалары болған және бұл ана немесе баланың 
өлімімен аяқталған жөнінде санқилы оқиғалар тіркелген.  
Брахма  Кумарис,  Жаңа  өмір,  Сан  Мен  Мун  бірлестігінің  қозғалысы, 
Иегова  куәгерлері  сияқты  діни  ағымдарында  қайыршылықпен  айналысу,  діни 
қауым  үшін  еңбек  ету  және  өз  жолын  қолдаушыларды  қаржылық  пайдалану, 
қанау  көп  таралған.  Ағымдардың  тағы  да  бір  категориясы  бар,  олар  мүлдем 
тіркеусіз қызмет жасайды. Мемлекеттік тіркеуден өтпесе де, «Алля Аят», «Ата 
жолы»  сияқты  дін  атын  жамылған  ағымдардың  жолын  қуушылар  пәтерлерде 
астыртын кездесулер ұйымдастырады. 
Әлемдік  сарапшылар,  ғылыми,  әлеуметтік  зерттеулердің  негізінде, 
дәстүрлі  емес  діндер  –  бұл  діни,  діни-саяси,  психотерапевтикалық,  шипалы, 
ғылыми-ағартушылық,  мәдени  және  басқа  да  атты  жамылған,  өз  сенушілерін 
қанай  отырып,  билігін  жүргізуге  талпынған,  шынайы  мүдделерін  жасырған 
авторитарлық ұйым деген бір пікірге келеді. Бұндай бірлестіктерге тән қасиет, 
Құдіретті күшке, яғни Құдайға емес, ұйымның өзін немесе ұйым көшбасшысын 
құдайдай дәріптейді.  
Тәжірибе  көрсеткеніндей,  осындай  ұйымдарға  әсіресе  өздерінің 
қоғамдағы  орнын  табуда  бірнеше  қиындықтарға  кезіккен  немесе  өмірінде 
қандай  да  бір  жетістікке  жетуге  деген  мүмкіндікке  сенімсіздікпен  қарайтын 
жастар  түсіп  қалады.  Көбінесе,  туыстарының  және  достарының  қолдауынсыз 
қалғандықтан 
және 
осындай 
ұйымдардың 
шынайы 
мақсаттарын 
білмегендіктен, олардың қармағына тез ілігеді.  
Ойымызды  қорыта  келгенде,  жаңа  діндер,  мектептерде,  жоғары  оқу 
орындарында,  қызмет  орындарында,  тіпті  түзету  мекемелерінде  емін-еркін 
жүретін  жайға  жеткен.  Осыған  орай  олардың  шетелдердегі  қызметінің 
нәтижелері  зерттелмеді,  пайда  болған  елдің  заңымен  осы  ұйымдар  және 
олардың  көшбасшыларының  арасындағы  қатынас  тарихы,  олардың  адамдарға 
пайдаланып  жүрген  үлгісі  мен  мақсаты  анықталмаған.  Бұндай  «діни 
еркіндіктің»  нәтижесін  көру  ұзаққа  бармады.  Білім  беру  мекемелерінде 
жанжалдар  пайда  болды.  Ағымдардың  мүшесі  болып  табылатын  ата-аналар 


дабыл қақты. Көптеген жан түршігерлік оқиғалар туралы және тіпті «дәстүрлі 
емес  діндерге»  қызығушылықтың  салдарынан  болған  қылмыстық  іс  туралы 
құлақтандырулар пайда болды.  
Кез-келген мемлекет өз азаматтарының негізгі құқықтарына, еркіндік пен 
оны сақтау құқығына, сонымен қатар білім алу, денсаулық сақтау, құқық қорғау 
және  бостандық  құқықтарының  сақталуына  кепілдік  береді.  Әбден  орынды 
сұрақ:  Мүмкін,  психикалық,  материалдық  және  денсаулыққа  зиянын  тигізіп 
жүрген  деструктивті  ағымдардан  азаматтарымызды  мемлекеттік  деңгейде 
қорғау  үшін  мемлекетте  қабылданған  салалық  заңдардың  атқаратын  маңызы 
өте жоғары және ондай заңдарды әлемдік ахуалмен сәйкестендеріп жетілдірген 
жөн.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет