Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет74/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
«Қазақ  КСР-інің 
мемлекеттік  егемендігі»
  туралы  Мәлімдемесінде  қазақ  халқы  мемлекет 
құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  жөніндегі 
Конституциялық  заңда
 
қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені анық көрсетілген. 
1993  жылы  28  қаңтарда  қабылданған  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясында  да  Қазақстан  мемлекеттілігінің  ұлттық  сипатына  ерекше 
мән  берілді.  Ол  бойынша  да  Қазақстан  өзін-өзі  таныған,  этнос  болашағын  өзі 
анықтайтын  қазақ  ұлтының  мемлекеті  деп  танылды.  Тәуелсіз  еліміздің  бұл 
кезеңінде  мемлекеттігіміздің  түрін  ұлттық  деп  жариялаудың  объективті 
қажеттілігі туып ол мынадай ретпен негізделді: 
біріншісі,
  бұл  кезеңде  тәуелсіздік  алған  барлық  мемлекеттер  өздерін  сол 
мемлекеттердің негізін құрайтын ұлттың мемлекеті деп жариялаған болатын; 
екіншісі,
  ғасырлар  бойы  мемлекеттік  тәуелсіздігін  жоғалтып,  өз  жерінде 
саны мен үлес салмағы жағынан тым шектеулі болған қазақ халқының ұлттық 
рухын, көтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген мемлекетті тез арада аяғынан 
тік тұрғызу керек болды; 


үшіншісі,
  патшалық  және  Кеңестік  билік  жүйелерінде  жойылып  кете 
жаздаған  қазақ  халқының  ұлттық  дәстүрлі  мәдениетін,  тілін,  ділін  қалпына 
келтіру  үшін  шешімді  реформалық  саясат  қажет  болды.  ХХ  ғасырдың  90-
жылдарының  ортасына  қарай  қазақ  халқы  өзінің  мемлекеттілігін  сезіне 
бастады, ұттық рухы оянды, кінді қаны тамған жеріне ұлттық құндылықтарын 
ақтап  алды,  ұлттық  дәстүрлі  мәдениетін,  тілін  қалпына  келтіре  бастады, 
имандылыққа  мойнын  бұрды.  Осы  кезеңді  мемлекеттің  атауына  негіз  болып 
отырған  қазақ  ұлтының  ұлттық  санасының  ерекше  ояну  кезеңі,  ұлттық 
рухының  тарихында  бұрын  соңды  болмаған  еркіндеп  көтерілу  кезеңі  десе  де 
болады. 
Жалпы  сол  кезеңде,  бұдан  соңғы  жылдары  да  басқа  ұлт  өкілдерінің 
Қазақстаннан  қоныс  аударуын  республикадағы  этноцентристік  саясаттың 
нәтижесі  ғана  деп  түсінбеуі  керек.  Осымен  қатар  егемендік  алған  кездің 
алғашқы  жылдарында  өзге  ұлт  өкілдерінің  өз  отандарына  қоныс  аудару  ісі 
арнайы    қарқын  алды  (тенденциясы).  Осы  жәйтті  талдау  барысында  сыртқа 
көшуінің мынадай себептері де белгілі болды. Олардың ішінде: 
біріншісі,  бұрынғы  КСРО  сияқты  территориясы,  халық  саны  және 
ұстанған  сыңаржақты  идеологиясы  тұрғысынан  үлкен  мемлекеттің  ыдырауы 
ұлттық жаңа құрылған мемлекеттер жағдайында этностар бойында болашағына 
деген  белгілі  бір  сенімсіздік  туғызады.  Сондықтан  басқа  ұлт  өкілдері  өз 
мемлекеттілігі бар елге көшті; 
екіншісі, ұлттық мемлекеттіліктер құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің 
санасында  этноцентристік  сезім  мен  негізгі  отанын  іздеу  ұмтылысы  уақытша 
болса да арнайы  тенденциялық алды; 
үшіншісі,  сана  бодандығынан  құтылған  азаматтарда  өз  тарихи  Отанына 
оралу  туралы  ұмтылысы  бел  алуы  объективті  құбылыс.  Әсіресе  мұндай  себеп 
кезінде Қазақстан жеріне сыңаржақты саясат ықпалымен көшірілген неміс, т.б. 
халықтарға тән болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет