1992 жылы 4-шi маусымда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
туы туралы”, “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы туралы”
ҚР-ның заңдары қабылданды.
Мемлекет егемендiгiнiң тағы бiр көрсеткiшi – тәуелсiз қаржы, яғни ақша
жүйесi. Ақша-тарихи даму жемiсi екенi аян, оның рөлiн әртүрлi тауарлар
атқарған замандар да қазақ халқының басынан өткен. Құқықтық тәуелсiздiкке
ие болғаннан кейiн қазақ ақшасын енгiзу мiндетi езек күттірмеді. 1993 жылғы
15 қарашадан берi Қазақстанның өз валютасы - теңге айналымға ендi. 1961-
1992 жылдар үлгiсiндегi 500 сом 1 теңгеге тең деген есеппен республикада 1
триллион 910 миллиард сом алмастырылды. Алмастыру кезеңiнде АҚШ-тың
бiр доллары 5 теңге 70 тиынға, Ресейдiң 1000 рублi 4 теңге 21 тиынға
баланатын болды.
1993 жылы 28 қаңтарда Республиканың Жоғарғы Кеңесi тоғызыншы
сессиясында тәуелсiз Қазақстанның Конституциясын қабылдады. Онда елдiң
конституциялық құрылысының төмендегiдей негiздерi айқындалды:
- Қазақстан Республикасы (Қазақстан) - демократиялық және бiртұтас
мемлекет, өзiн-өзi билейтiн қазақ ұлтының мемлекеттiгiнiң пошымы ретiнде
Қазақстан Республикасы өзiнiң барлық азаматтарына тең құқықтарды
қамтамасыз етедi;
- Қазақстан Республикасының аумағы тұтас, бөлiнбейтiн және ешбір
елдің қол сұғылмайтын аумақ;
- Қазақстан Республикасы адамды, оның өмiрiн, бостандықтарын және
етене құқықтарын ең жоғары құндылық деп бiледi және өз қызметiн азамат пен
қоғамның мүддесiне орай жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы өз Конституциясы мен заңдарының
шеңберiнде
қимылдайтын
қоғамдық
бiрлестiктердiң
тең
құқықтық
мүмкiндiктерi болуына кепiлдiк бередi. Қоғамдық бiрлестiктердiң идеологиясы
мемлекеттiк идеология ретiнде
орнатыла алмайды;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк үкiмет оны заң шығарушы,
атқарушы және сот құрушы билiктерге бөлу принципiне
негiзделедi;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғарғы заңдық күшi
бар, оның нормалары тiкелей iске қосылады. Конституция баптарына келмейтiн
заңдар мен өзге актiлердiң заңдық күшi болмайды;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi. Орыс тiлi -
ұлтаралық қатынас тiлi. Мемлекет-ұлтаралық қатынас тiлiнiң және басқа
тiлдердiң қолданылу аясының сақталуына кепiлдiк бередi, олардың еркiн
дамуына қамқорлық жасайды. Азаматтардың мемлекеттiк тiлдi немесе
ұлтаралық қатынас тiлiн бiлмеуiне қарап олардың құқықтары мен
бостандықтарын шектеуге тиым салынады.
Ел басқару жүйесі де радикалды түрде өзгертiлдi. Бұдан былай
республика билік сатысына
әкiмдер институты
енгiзiлдi, яғни Президент
өзiнiң үкiмiмен республика атқару орындарының жетекшiлерi мен облыс
әкiмдерiн тағайындайтын болды. Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет те
өзгерді. Бұрынғы кеңестік атқару комитеттер таратылып, олардың орнына
жергiлiктi әкiмшiлiктердiң жүйесi келді. Жергiлiктi әкiмдердi тағайындау және
қызметiнен босату қатаң түрде жоғарыдан төмен: Президенттiң және
әкiмдердiң өкiмiмен тағайындалатын болды.
1993 жылдың желтоқсанында
Достарыңызбен бөлісу: