Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


Республика өнеркәсібін модернизациялау бағыттары



Pdf көрінісі
бет60/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

8.3. Республика өнеркәсібін модернизациялау бағыттары. 
 
Әлемнің  қай  түкпіріндегі,  қандай  ел  болмасын  сол  мемлекеттің 
өркениетін  сипаттайтын  индустриялық  әлеуетінің  сапасы  мен  дәрежесі  болып 
табылады.  Бұл  орайда  Президенттің  ұсынысымен  индустрия  саласын  дамыту 
мақсатында  ұзақ  уақытқа  арналған 
Бағдарлама
  дайындалып  Республика 
Парламенті және Үкіметте талқыланып, қабылданған болатын. Сол Бағдарлама, 
яғни  Индустриялық-инновациялық  дамуының  2003-2015  жылдарға  арналған 
мемлекеттiк  стратегиясы  (бұдан  әрi  Стратегия)  Қазақстан  Республикасы 
Президентiнiң  "Елдегi  жағдай  туралы  және  2002  жылға  арналған  iшкi  және 
сыртқы  саясаттың  негiзгi  бағыттары  туралы"  Жолдауында  және  Қазақстан 
кәсiпкерлерiнiң  оныншы  форумында  жарияланған  ұсыныстарға  сәйкес 
әзiрлендi.  
Стратегия  Қазақстанның  2015  жылға  дейiнгi  кезеңге  арналған 
мемлекеттiк  экономикалық  саясатын  қалыптастырады  және  экономика 
салаларын  әртараптандыру  аясында  дамудың  шикiзаттық  сипатынан  қол  үзу 
арқылы елдiң тұрақты дамуына негіз болуы көзделген еді. Өңдеушi өнеркәсiпте 
және  халыққа  қызмет  көрсету  саласында  бәсекеге  түсуге  қабiлеттi  және  сырт 
мемлекеттер  рыногына  шығарылатын  тауарлар,  жұмыстар  және  қызметтер 
өндiрiсi  мемлекеттiк  индустриялық-инновациялық  саясаттың  басты  нысанасы 
болып қаланды.  
Дүниежүзiлiк 
экономиканың 
ғаламдануы 
аясында 
Қазақстан 
экономикасы  бiрқатар проблемаларға  да  белшесінен батуға  тура  келді.  Негiзгi 
проблемалар  мынадай  ретпен    өрбіді:  сыңаржақты  шикiзат  шығару  бағыты, 
әлемдiк  экономика  айналымына  ықпалдасудағы  әлсiздiгi,  ел  iшiндегi 
салааралық  және  өңiраралық  экономикалық  ықпалдасудың  босаңдығы,  iшкi 
рынокта 
тауарлар 
мен 
қызметтерге 
деген 
тұтыну 
сұранысының 
мардымсыздығы 
(шектеулі 
экономика), 
өндiрiстiк 
және 
әлеуметтiк 
инфрақұрылымның шеңберінің шектелуі, кәсiпорындардың жалпы техникалық 
және  технологиялық  тұрғыдан  қарапайымдылығы,  ғылым  мен  өндiрiс 
байланысының 
шектеулілігі; 
ғылыми-зерттеу 
және 
тәжiрибелiк-
конструкторлық  жұмыстарға  бөлінетін  (бұдан  әрi  -  ҒЗТКЖ)  қаржының 
мардымсыздығы,  менеджменттiң  экономиканы  Ғаламдану  процестерiне  және 
сервистiк-технологиялық жүйеге өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.  
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар 
мен  мiндеттерге  қол  жеткiзу  үшiн  Даму  Банкiнiң  қызметiн  жандандырумен 
қатар  Қазақстанның  инвестициялық  қоры,  Экспортты  сақтандыру  жөнiндегi 
корпорация,  Инновациялық  қор  сияқты  арнайы  даму  институттарын  құру  ісі 
басталды.  


Бұл ретте аталмыш институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi 
көтеріп  және  олардың  жұмыс  iстеп  тұрғандарын  дамытуға  және  келелi 
салаларды  кешендi  талдау,  олардың  ең  маңызды  элементтерiн  анықтау 
негiзiнде  ғылыми  және  ғылыми-техникалық  зерттеулер  мен  әзiрленiмдерге 
қолдау көрсетуге инвестиция саясатын жүргiзетiн болды.  
Стратегия  елде  ғылымды  және  инновациялық  қызметтi  ынталандыруға 
бағытталған  белсендi  мемлекеттiк  ғылыми  және  инновациялық  саясат 
жүргiзудің жолдарын айқындады. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн 
қаржы  рыногын  одан  әрi  дамыту  және  фискалдық,  бiлiм  бepу,  монополияға 
қарсы,  инфрақұрылымдық  саясатты  жетiлдiру  жұмыстарын  жандандыру 
міндеті  қойылды.  Стандарттау  саясаты  шеңберінде  экономиканың  және 
басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу бастау алды. 
Стратегияны  ойдағыдай  iске  асыру  экономиканың  адам  капиталын,
 
өндiрiлген  және  табиғи  капиталды  тиiмдi  пайдалануға  негiзделген  тұрақты 
өркендеуiне  алып  келетiн  оның  құрылымында  сапалы  өзгерiстер  жасауға, 
Қазақстанның  әлеуметтiк  дамудың  және  қоғам  құрылысының  сапалық  жаңа 
деңгейiне шығуына ықпал етуi нықтап аталды. 
Экономиканы  мемлекеттiк  реттеу  әдiстерi  мен  тетiктерiн  жетiлдiру 
жөнiндегi  жекелеген  ұсыныстарды  негiздеу  үшiн  Стратегияның  тиiстi 
бөлiмдерiнде  импортты  алмастыратын  және  экспортқа  бағдарланған  саясатты 
iске  асыру  жөнiндегi  шет  елдердiң  тәжiрибесi,  оның  iшiнде  экспорттық 
саясаттың  әрқилы  түрлерi  мен  кезеңдерi,  сондай-ақ  әлемдiк  рыноктарда 
бәсекелестiк  артықшылыққа  қол  жеткiзуге  мүмкiндiк  беретiн  факторлар 
таңдалған.  
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел 
экономикасы  сервистiк-технологиялық  дамуға  өтуге  дайын  болуы  міндеті 
нықтап  баяндалған.  Сөйтіп,  стратегия  бағыттары  мынадай  өзекті  мәселелерді 
қамтыды: 
1. 
Әлемдiк 
экономиканың 
үрдiстерiн 
арнасындағы 
Қазақстан 
экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемаларын игеру: 
1.1. Әлемдiк экономиканың даму үрдiстерiн талдау:  
Екiншi  дүниежүзiлiк  соғыстан  кейiн  капитализмнiң  әлемдiк  жүйесi 
өзгерiске  ұшырап,  монополистiк  немесе  трансұлттық  капитализмнiң  жаңа 
белгiлерiне ие болды.  
Мұндай  өзгерiс  әлемдiк  сауданың  едәуiр  өсуiмен,  трансұлттық 
компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың артуымен және 
сауда  шарттарының  ырықтануымен  сипатталады.  Халықаралық  валюта  қоры 
және Дүниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды.  
Егер ХХ ғасырдың елуiншi жылдары әлемдiк экономика дүние жүзiндегi 
барлық  елдердiң  ұлттық  экономикасының  жиынтығы  болса,  ал  60-жылдардан 
бастап  корпорацияларды  трансұлттық  белгiлерi  бойынша  ұйымдастыру  үрдiсi 
басым бола бастады.  
ХХ  ғ.  тоқсаныншы  жылдарына  қарай  тауарлар  мен  қызметтер  өндiру 
процесi  толымсыз  сипат  алып,  әлемнiң  барлық  елдерi  бойынша  шашыраңқы 
орналасты. Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық сипатқа ие болды.  


Тәуелсіз  Қазақстан  сияқты  және  дамушы  елдер  үшiн  бұл  өзгерiстердiң 
маңызы  аса  зор.  Дамыған  және  дамушы  елдер  арасындағы  шеткерi  аймақтар 
шикiзат  жеткiзуге,  ал  орталық  оны  өңдеп,  шетке  қайта  жеткiзуге  негiзделген 
дәстүрлі қарым-қатынастар айтарлықтай өзгердi. 
Ғаламдық  капитализм  жағдайында  дамушы  елдер  өндiрiстiк  процесс 
тiзбегiне  тартылып,  қосылған  құны  барынша  шектеулі  тауарлар  өндiрiсiнiң 
салыстырмалы төменгi сатысындағы тауарларды өндiрумен айналысады. 
Әлемде  индустриялық  саясат  жүргiзудiң  мол  тәжiрибесi  жинақталған. 
Санаулы  елдердiң  ғана  экономиканың  бiр  өнiмге  тәуелдiлiк  проблемасын 
ойдағыдай  шешiп,  өз  өнеркәсiбiн  әртараптандыра  алғанын  атап  өтуге  болады. 
Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану 
түрлi  елдердiң  тарихи  өткен  кезеңiнде  импортты  алмастыруға  және  экспортқа 
бағдарланған  саясаты  мысалдарынан  айқын  байқауға  болады.  Негiзiнен 
осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және 
Шығыс  Азия  (Оңтүстiк  Корея  және  Сингапур)  елдерiне  жасалған  талдаудан 
экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге 
болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.  
Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де 
импорттың  орнын  басу  және  экспортқа  бағдарланған  кезеңдерiнен  өткен. 
Шығыс Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас 
тартып,  экспортты  қолдау  саясатына  көшуі,  ал  Латын  Америкасының  импорт 
алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады. 
Экономикалық  теория  тұрғысынан  алғанда  экспортқа  негізделген 
саясаттың  табысты  болуы  түсiнiктi,  себебi  өзiнiң  iшкi  рыногының  әлеуетiн 
сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн 
сыртқы  рыноктарды  игере  бастауға  мәжбүр  болады.  Латын  Америкасының 
елдерi  импорт  алмастыруды  қолдай  отырып,  нақты  бәсекелестікке  емес, 
жасалған  әкiмшiлiк  және  тарифтiк  тосқауылдарда  негізделген  салаларды 
құрғандығын  атап  өту  керек.  Бұл  салалар  нығайып  алғаннан  кейiн 
жаңғыртудың  және  өнiмдiлiктi  арттырудың  орнына  өз  ресурстарын  импортты 
алмастыру  саясатын  одан  әрi  сақтап  қалу  мақсатында  мемлекет  арқылы  өз 
мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар 
тиiмдi  бөлiнбей,  ұлттық  экономикалар  халықаралық  бәсекеде  тым  тиімсіз 
болып қала берді. 
Жалпы 
алғанда 
жаңа 
ғаламдық 
экономикалық 
жағдайды 
қалыптастыратын  әлемдiк  экономикадағы  басым  үрдiстердi  төмендегiше 
жiктеуге  болады:  а)  дамыған  елдерде  индустриялық  экономикадан  сервистiк-
технологиялық  экономикаға өту; б) ғаламдану; в) экономиканы ырықтандыру; 
в) ғаламдық бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.  
ХХ ғ. соңғы ширегiнде экономикасы толық дамыған елдер индустриялық 
даму  сатысынан  аса  жоғары  сервистiк-технологиялық  экономикаға  өттi.  Бұл 
елдерде  ЖIӨ  сүбелі  бөлiгi  қызмет  көрсету  секторында  қалыптасады.  Мұндай 
қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар.  
Экономикасы  дамыған  елдерде  зияткерлiк  ресурстар  және  қаржы 
капиталы  шоғырланған,  ал  индустриялық  өндiрiс,  әсiресе  мол  еңбектi  қажет 


ететiн өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым 
артта қалған елдерiне ауысуда.  
Қазақстан  экономикасы  құрылымын  әртараптандыру  проблемалары. 
Мемлекеттік  тәуелсiздiк  жарияланған  соң  Қазақстан  жаhандық  экономикада 
әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және 
қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын аймақ ретiнде әлемге таныла 
бастады.  Ауыл  шаруашылық  өнiмдерiнен  астық  экспортының  келешегi  де 
мемлекеттік саясатта ескерілетін болды.  
Қазақстанда  пайдалы  қазбалардың  iрi  қорларының  болуы  оның 
салыстырмалы  экономикалық  артықшылығы  болғандықтан,  ол қазiргi  уақытта 
классикалық экономикасы төселген елдің даму жолын қалады.  
Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы жаңа 
ғасыр  табалдырығында  қайта-қайта  соққан  экономикалық  дағдарысты  сәтті 
кешіп,  шамамен  2008  жылға  қарай  экономиканың  қарышты  өсуіне  мүмкiндiк 
бердi.  
Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және 
қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi барынша тиімді 
игеру  барысында  мемлекет  ұстанған  саясат  арнасына  орай  Қазақстан 
экономикасының  дамуында  iлгерiлеу  байқалды,  қазақстандықтардың  күй-жәйі 
қңды  өзгеріп,  тұрмысы  толысып  және  ұзақ  мерзiмдi  кезеңде  индустриялық 
сервистiк-технологиялық  даму  сатысына  өтуге  мүмкiндiк  беретiн  қаржы 
қорлары жинақтала бастады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет