Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет94/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

Сауда-экономикалық  қатынастар
.  Қазақстан  мен  Украина  арасындағы 
сауда айналымы 2008 жылы $4,9 млрд. (ҚР жалпы сыртқы сауда айналымында 
4,4%) құрады. Қазақстан Украинаның әлемдегі сауда серіктестерінің арасында 
сегізінші  орынға  ие  болды.  Қазақстандық  импорт  $1,8  млрд,  экспорт  –  $3,1 
млрд және оның жалпы сауда айналымында 63,2% құрады. 2009 жылғы қаңтар-
маусым  айларында  сауда  айналымы  $  2,159  млрд.  (p/s  –Украина  Мемстатком 
мәліметтері)  құрады  және  2008  жылдың  сәйкес  мезгілімен  салыстырғанда 
10,3%  төмендеген.  Қазақстандық  экспорттың  көлемі  $1,37  млрд.  құрап,  12,6% 
азайды, импорты – $785 млн. құрап, 3,8% азайды. 
Экономика  саласындағы  өзара  тиімді  ынтымақтастықтың  негізгі 
бағыттары  Қазақстан-Украина  ынтымақтастық  жөніндегі  мемлекетаралық 
комиссияның  отырыстарында  қарастырылады.  Комиссияның  қазақстандық 
бөлігінің төрағасы болып ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі, 
украиндық  -  Отын  және  энергетика  министрі  табылады.  Екі  жақты 
қатынастардың  нығаюына  және  сауда  айналымының  өсуіне  себепші  болатын 
фактор 
институционалдық 
жасаушы, 
өкілдіктердің 
және 
біріккен 
кәсіпорындардың құрылуы болып табылады. 
Маңызды  орынды 
алып 
отырған 
аймақаралық 
байланыстар

Мәселелердің  маңызды  блоктары  –  отын-энергетикалық  комплекс  және 
көліктік–транзиттік  сала.  Украина  өз  территориясының  транзиттігі  бойынша 
әлемде  ең  жоғары  коэффициентке  ие.  Территориясы  арқылы  қолайлы 
трансконтиненталды  жүк  ағымдары  өтеді.  Украинаның  Батыспен,  әсіресе 
энергетикалық  жүйелерді  біріктіруі  Қазақстан  үшін  еуропалық  аймақта 
экономикалық  мүдделерін  ілгерілету  үшін  қосымша  мүмкіндіктер  туғызады. 
Теңіздік  көлік  саласында  украиндық  порттарды  пайдалану  тұрғысынан 
ынтымақтастық  қызығушылық  тудырып  отыр.  «Пивденный»  теңіздік  мұнай 
терминалы  аумағында  және  Одесса  облысының  Южный  қаласындағы  мұнай 
өңдеу  зауыттарына  мұнайды  жолдау  жобаларын  бірге  іске  асыру  мүмкіндігі 
қарастырылуда. 
Қазақстан  мен  Украинада  мұнай–газ  жабдықтарын  бірігіп  шығару 
болашағы  тұрақты  зерттелуде,  көліктік  инфрақұрылымды  салу  мәселелері 
пысықталуда. Тараптардың мүдделерінің қиылысуы  – машина жасау. Украина 
КСРО  кезеңінен  бері  қажетті  базаны  сақтап  қалды,  Қазақстан  ауыл–
шаруашылық  техникасын,  электростанция  техникаларын  жеткізу,  вагондарды 
импорттауға  мүдделі.  Бір  мезгілде  бұл  техникаларды  Қазақстанның 


территориясында  жинау  және  қызмет  көрсету  зауыттарын  құру  мүмкіндіктері 
қарастырылып келеді. 
Мәдени–гуманитарлық  ынтымақтастық  белсенді  дамуда
.  Басты 
бағыттары  білім,  ғылым,  мәдениет,  туризм  және  спорт,  аймақтық 
байланыстарды  тереңдету,  Қазақстанның  украиналық  диаспорасына  мәдени 
қажеттіліктерін  қанағаттандыруымен  көмек  көрсетуі,  олардың  этникалық 
Отанымен байланысын қолқабыс ету. 
Ғылыми–техникалық 
ынтымақтастық 
дамуда, 
оның 
ішінде, 
аэроғарыштық  салада.  Қазақстанның  ғарыш  кешеніне  кадрларды  дайындау 
және  қайта  дайындау,  Жерді  қашықтық  зондпен  тексеру  және  ғылыми 
зерттемелер  спутниктерін жасау,  Байқоңыр  космодромында  ракета–космостық 
жұмыстардың  экологиялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  халықаралық 
космостық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып отыр. Энергетика 
объектілерін,  атом  станцияларын  салу,  ядролық  отынды  бірігіп  өндіру 
мәселелері пысықталуда. 
Білім  саласында  екі  жақты  байланыстардың  потенциалы  мамандарды 
дайындау,  лицензиялау,  оқу  орындарын  аттестациялау  және  аккредитациялау, 
нормативтік–құқықтық және методикалық базаны бірігіп дамыту, жоғары білім 
саласында  мамандарды  дайындау  және  қайта  дайындау,  екі  елдің  ҒЗИ  және 
ЖОО,  Ғылым  Академиялары  арасында  ынтымақтастық  мүмкіндіктерінде 
қорытылып  отыр.  2007-2008  жылдары  өзара  өткізілген  Ұлттық  Жылдар  екі 
жақты  ынтымақтастықтардың  маңыздылығын  және  тиімділігін  бекітті,  саяси 
және  іскерлік  байланыстардың  әрі  қарай  дамуына,  серіктестіктің  тереңдеуіне, 
мәдени  алмасуда  жаңа  мүмкіндіктер  ашты.  2007  жылы  Қазақстанның  жылы 
шеңберінде  орын  алған  200  астам  іс–шаралар  экономикалық  сипатта  болды. 
Олардың табыстылығын тауар айналымының өсуінен байқауға болады. 
2005  жылы  мамыр  айында  Синельково  қаласында  (Днепропетровск 
облысы)  1943  жылы  Украинаны  неміс–фашистік  басқыншылардан  құтқаруда 
19-жеке  кавалериялық  корпустың  жауынгері  –  қазақтың  ұлы  ақыны 
Ж.Жабаевтың  ұлы  А.Жамбыловтың  ескерткішінің  ашылу  салтанаты  болып 
өтті.  2008-2009  жылы  Киевтегі  көшенің  бірі  ұлы  қазақ  ақыны  және  ойшысы 
Жамбыл  Жабаевтың  атымен  аталып,  ескерткіш  тасы  қойылды.  2009  жылы  9 
мамырда  украин  жерінде  бостандық  пен  бейбітшілік  үшін  жанын  пида  еткен 
батырларға  естелік  ретінде  Синельниково  қаласында  Соғыс  мәртебесі 
мұражайында Алғадай Жымбылұлының бөлмесі ашылды. 
Қазақстан  Республикасының  этникалық  келісім  және  саясатын 
насихаттау  мақсатында  украин  тілінде  Президент  Н.Назарбаевтың  еңбектері 
басылып  шығарылды,  олардың  ішінде:  “Тарих  толқынында”,  “Қазақстан  – 
2030”  және  “Сындарлы  он  жыл”;  кітаптар:  “Нұрсұлтан  Назарбаев  – 
қазақстандық  этникааралық  және  конфессияаралық  келісім  моделінің 
құрушысы”, “Бейбітшілік және келісім саясаты” және “Қазақстан жолы” еңбегі. 
Одан басқа, қазақтың жазушысы, мемлекеттік және қоғамдық қайраткері 
Олжас  Сүлейменовтың  “Хат  тілі”  және  “Тарих  алдындағы  түркілер”  атты 
кітаптарының  украин  тіліне  аударылымы  жасалды.  Қазақстан  мен  Украина 
мұражайлары  өзара  ынтымақтаса  бастады.  2009  жылы  наурызда  Львов  өнер 


палацында  украиндық  ақынның  195  жылдығына  ұштастырылған  “Шевченко. 
Украинаға  қайту”  көрмесі  өтті.  Көрмеде  алғаш  рет  Қастеев  атындағы  Алматы 
мемлекеттік өнер мұражайынан әкелінген және бұрын ешбір жерде қойылмаған 
Шевченконың жеті полотносы көрсетілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет