туралы шарт (14.06.2013 ж.). 2010 жылғы 16-17 наурыз аралығында Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың осы елге ресми сапары өтті.
2012 жылғы 6-7 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Президенті
И.Кәрімовтің Қазақстанға ресми сапары өтті. 2012 жылғы 21-22 желтоқсанда
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметовтің Өзбекстанға
ресми сапары өтті. 2013 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі Өзбекстанға жұмыс сапары өтті. 2013 жылғы 13-14
маусымда
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Назарбаевтың
Өзбекстанға ресми сапары өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
. ҚР Статистика агенттігінің
мәліметіне сәйкес, 2013 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар
айналымының көлемі 2,09 млрд. АҚШ долл. құрап (экспорт – 1,12 млрд.,
импорт – 962 млн.), 2012 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артты. 2014 жылғы
қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 266,9 млн. АҚШ долларын құрады
(экспорт – 175,7 млн.АҚШ долл., импорт – 91,2 млн. АҚШ долл.). Өзбекстанға
шығарылатын (экспорттың) құрамындағы ең ірі бөлігі мұнай және оның
өнімдері, ұн тарту – жарма өндірістің өнімі, дәнді дақылдар, қара және түсті
металлдар, бейорганика химия өнімдері азық-түлік және т.б. Жыл сайын
Өзбекстанға 1 млн. тоннадан астам жоғары қазақстандық сапалы ұн, 500 мың
тоннаға жуық мұнай өнімдері жеткізіледі. Өзбекстаннан Қазақстанға қуат
көздері (газ), мақта, химиялық өнімдер және пластмасса, тыңайтқыштар және
жеміс-көкөніс өнімдері импортталады. Өзбекстанда біздің ел инвестициясының
қатысуымен 178 кәсіпорын, соның ішінде 143 бірлескен кәсіпорын мен 100%
қазақстандық капитал бар 35 кәсіпорын жұмыс істеуде. Өзбекстанда
«Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ,
«Казинформ» ҰК» АҚ және «Air Astana» әуе компаниясының өкілдіктері
тіркелген.
Достарыңызбен бөлісу: