Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет98/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

өсім,  реформалар,  даму
 
міндеттері  және  ұғымдар  қабылданған.  Олардың  мағынасын  былай  түсінген 
жөн: 
біріншісі
  – 
өсім
.  Әңгіме  ең  алдымен,  экономикалық  өсім  туралы  болып 
отыр. Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда Қазақстанның әлемнің неғұрлым 
дамыған  отыз  ел  қатарына  енуін  қамтамасыз  ететін  экономикалық  өсім 
қарқынын  қалпына  келтіру  қажет  болды.  Бұл  орайда  жеке  бастамаларды 
дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін тауып ашу қажет болды; 
екіншісі 
– 
реформалар
.  Олар  экономиканың,  қоғам  мен  мемлекеттің 
тұрақтылығын  қамтамасыз  етуі  керек.  Бұл  тұста  бұрын  жария  етілген  «100 
нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын  жүзеге  асыру  міндеті  тұрды.  Олар  өз  ауқымы 
жағынан  Қазақстанда  90-шы  жылдары  жүргізілген  реформалар  арнасымен 
сәйкестірілді.  Республикада  мемлекеттік  және  корпоративтік  менеджментті, 
қаржы  және  фискалдық  секторларды  кезек  күттірмейтін  неғұрлым  тереңірек 
реформалау шараларын дереу қолға алу қажет болды
үшіншісі
  – 
даму
.  ХХІ  ғасырда  қоғамның  барлық  салаларын  үздіксіз 
жаңғырту  дамудың  басты  факторына  айналып  отыр.  Кезінде  жарияланған 
Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы,  жоғары  әлеуметтік  жауапкершілік,  халықтың 
неғұрлым  әлсіз  буындарына  атаулы  көмек  қағидаттарында  бүкіл  мемлекеттік, 
қоғамдық  және  жеке  институттарды  кең  ауқымды  жаңғырту  бойынша 
жұмыстар жүргізу міндеті тұрды. 
 
Дағдарыстан  шығу  мен  құрылымдық  жаңарулардың  жолдары
Ел 
алдына  қойылған  игі  тапсырмалар  аясында  Президент  таяу  уақыттарда  бес 
бағыт  бойынша  дағдарысқа  қарсы  және  құрылымдық  кешенді  жаңаруларды 
жүзеге асыру міндетін қойды. Олар:
 


Дереу уақытта қаржы секторын тұрақтандыру. Әлемдік дағдарыс жәйінде 
маңызды міндет – қаржы жүйесін жүйелі және шуғыл тұрақтандыру, оны жаңа 
жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру болды. Бұл ретте: 
-қаржы  секторының  теңгенің  еркін  бағамы  жағдайында  тиімді 
экономикалық  айналымын  қамтамасыз  ету  керек  болды.  Мұндағы  қағидат 
Ұлттық  валютаның  бағамына  Ұлттық  қор  қаржылары  есебінен  шексіз  қолдау 
көрсету тәжірибесіне қайта оралуға мүмкін емес еді. Ұлттық банк және жалпы 
банк  секторының  барлық  субъектілеріне  кедергі  болушы  несиелер  бойынша 
стресс-тестілеу  жүргізуі  міндеті  тұрды.  Сондай  нәтижелер  бойынша  оларды 
мойындау  және  есептен  шығару  жөнінде  шаралар  қабылдау  керек  болды. 
Капиталдандыру  проблемаларын  шеше  алмаған  банктер  қаржы  жүйесінен 
«кетуі»  алыстатылуы  тиіс  еді.  Қазақстандық  банктер  барлық  халықаралық 
стандарттарға,  соның  ішінде,  Базель  комитеті  мен  Халықаралық  валюта 
қорының  экономикалық  талаптарына  сәйкес  келтіру  міндеті  тұрды.  Қаржы 
айналымын  «долларсыздандыру»  арқылы  тиімді  амалдарын  табу  арқылы 
ұлттық валютаға деген сенімді нығайтудың маңызы зор болды; 
-инфляциялық  таргеттеу  шеңберінде  Ұлттық  банк  орта  мерзімді 
болашақта  инфляция  деңгейін  4  пайызға  дейін  төмендетуі  керек  еді.  Ол  үшін 
пайыздық  мөлшерлемелерді  икемді  өзгерту  тетігі  толыққанды  пайдаланылуы 
міндеті батыл қойылды; 
-  үкімет  тарапынан  ұлттық  банктегі  институттық  кемшіліктерді  дереу 
жою  қажет  болды.  Біртұтас Зейнетақы  қорын,  қайтарылмаған  несиелер  қорын 
және  басқа  да  қаржы  институттарын  оның  бақылауынан  шығару  міндеті  де 
өткір сипат алды; 
-2016  жылы  зейнетақы  активтері  жеке  қазақстандық  немесе  шетелдік 
компаниялардың  басқаруына  берілуі  қолданды.  Зейнетақы  жиналымдарының 
табыстылығын  арттыру  мақсатында  ондағы  қаржыларды  инвестициялау 
аясындағы  тәжірибені  жаңашаландырып  әлемдік  тиімді  тәжірибеге  ауыстыру 
қажеті  туындады.  Зейнетақы  қорын  бағалау  мен  басқару  да  Ұлттық  қор 
аясындағы тәжірибеге сәйкестендіру міндеті қойылды. Ұлттық банк қоғам мен 
қаржы  мекемелеріне  өз  қызметінің  мәселелері  бойынша  үнемі  тиянақты 
ақпарат  беріп  тұруы  міндеті  қойылды.  Қаржы  секторына  қатысушылардың 
баршасымен  қалыпты  жұмыс  бабындағы  үнқатысуды  жолға  қоюдың  маңызы 
зор еді. 
Сөйтіп,  жоғарыда  сөз  болған  барлық  кезек  күттірмес  шараларды 
қабылдағаннан  кейін  ғана  экономиканы  ынталандыруға,  соның  ішінде 
монетарлық  тәсілдермен  дамытуға  жол  ашылды.  Бұл  орайда  Ұлттық  банкті 
сауатты  басқаруына  көптеген  жәйттер  тәуелді  болды.  Осымен  қатар  ұлттық 
валюта  –  теңгеге  сенімді  күшейту  міндеті  туындады.  Баршаға  аян  мәселе  ол 
теңге  салымдары  –  сол  заманғы  азаматтардың  жиналымдарын  сақтаудың  ең 
үздік құралы екендігінде болса керек. 
Келесі  аса  жауапты  міндет,  бюджет  саясатын  оңтайландыру  болды.  Бұл 
ретте жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында экономика үшін тексерілген 
қағидат  және  бюджет  саясатының  дұрыс  моделін  табу  өзекті  болды.  Бүгінгі 
әлемнің  озық  мемлекеттерінде  бюджетке  салықтық  түсімдердің  шамамен  20 


пайызға дерлік төмендегенін баспасөз құралдары ақпаратынан қалың бұқараға 
аян.  Тіпті  қосылған  құн  салығын  төлеу  көлемі  төрттен  бірге,  ал  табысқа 
корпоративтік  салық  бойынша  13  пайызға  төмендеді.  Бұл  бар  болғаны 
кәсіпкерлікке  қосымша  салмақты  білдіретін  болды.  Бюджет  шығындарын 
Ұлттық қор есебінен жабу – көрегендік емес. Оның үстіне алдағы жылдардың 
қандай  болары  да  белгісіз  еді.  Сондықтан,  осы  жағдайдағы  Қазақстанның 
қағидатты  ұстанымы  –  Ұлттық  қор  қаржыларын  ағымдағы  шығындарға 
пайдалануға  тосқауыл  қойылуы  қажет  болды.  Ұлттық  қордан  республикалық 
бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген, шектеулі трансферт бірден-бір тетік 
болуына елеулі көңіл бөлінді. Үкімет Ұлттық қор қаржыларын жаңа жаһандық 
өмір 
шындығы 
жағдайында 
қалыптастыру 
мен 
пайдаланудың 
тұжырымдамасын  әзірлеуге  мәжбүр  болды.  Мемлекеттік  кірістер  мен 
шығыстардың  бүкіл  жүйесі  қайтадан  қаралды.  Ең  алдымен,  бюджеттің  кіріс 
базасын ұлғайту міндеті маңызды еді. 
2017 жылдан бастап барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жою бағыты 
қолданды. Бұдан былай салықтық шеңберлерді оңтайландыру саласында тек үш 
деңгей  ғана  өзін  сақтады.  Олар  –  жалпы,  жеке  кәсіпкерлер  үшін  патент  және 
шағын және орта бизнес, сондай-ақ, аграрлық сектор үшін арнайы салық жүйесі 
еді.  Тек  қана  осындай  амал  арқылы  «көлеңкелі  экономиканы»  жарыққа 
шығарудың  мүмкіндігі  аян  болды.  Салық  саласының  мөлдірлігін  арттыру 
Үкіметтің  басты  міндетіне  айналды.  Тек  осындай  іс  шаралары  негізінде  ғана 
экономиканың  әрбір  субъектісі  салықтарды  толық  көлемде  төлеуге  мүдделі 
болмақ  еді.  Бұл  жағдайда  Үкімет  салықтық  әкімшілендірудің  тиімділігін 
қамтамасыз етуге мүмкіндік алды.  
Әлемді  қамтыған  дағдарыс  аясында  елдегі  мүлікті  жария  ету  мерзімдері 
2016  жылдың  31  желтоқсанына  дейін  ұзартылды.  Мүлік  пен  ақшаны  заңды 
айналымға  қайтару  үшін  қосымша  ынталандыру  шаралары  белгіленді. 
Құпиялылық пен сот қудалауынан қорғауға кепілдік берілетін болды. Үкіметке 
жария  ету  жағдайларына  тағы  бір  рет  талдау  жасауды  және  қажет  болған 
жағдайда, оған қатысушыларға кепілдікті күшейтуге мүмкіндік берілді. Мүлікті 
жария  етуге  қатысу  жөнінде  әлі  де  ойланып  жүргендердің  барлығына  осы 
мүмкіндікті  пайдаланып  қалуға  жол  ашылды.  2017  жылдың  1  қаңтарынан 
кірістер мен шығыстарды жаппай декларациялау жүргізуге шешім қабылданды. 
Одан  кейін,  олар  қайда  болмасын  шығу  төркіні  мен  салық  салынуын  анықтау 
мақсатында, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының 
қолғабысымен, есепшоттар мен активтерді анықтау шаралары қабылданатыны 
жарияланды.  Бюджет  шығындарын  оңтайландыру  жөніндегі  шараларда 
пысықталдып,  тіпті  Үкімет  барлық  бюджеттік  бағдарламаларға  толық 
анықтамалық шаралар жүргізуді қолға алды. Дағдарыс жағдайында әр теңге де 
маңызды.  Тиімсіз  шығындар  немесе  жеке  сектор  есебінен  жабылуы  мүмкін 
шығындар  бұдан  былай  бюджеттен  шығарылатын  болды.  Өңірлік  және 
индустриялық  даму  бағдарламаларының  шығындары  қайта  қаралатын  болды. 
Осымен  қатар  мемлекеттік  шығындар  мен  субсидиялар  жүйесі  де  қайта 
пысықталды. 


Дағдарыс  жағдайында  «ҚазАгро»  сыңайлас  корпорациясы  арқылы 
көрсетілетін  мемлекеттік  қолдау  құралдары  бүкіл  ауылшаруашылық  тауар 
өндірушілердің  толық  қолжетімді  болуы  міндеті  қойылды.  Бюджет 
шығындарын  жеңілдету  үшін  мемлекет-жекеменшік  әріптестігі  тетігін 
белсендірек  қолдану  қажеті  туды.  Экономиканың  басым  салаларына  жеке 
инвестицияларды  ынталандыру  бойынша  қосымша  шаралар  қарастыру  керек 
болды.  Жеке  инвесторларды  жол,  газ  құбыры,  ауруханалар,  мектептер  және 
басқа  да  нысандар  құрылысына  ғана  емес,  сонымен  бірге,  оларды  қайта 
жаңғыртуға және техникалық қызмет көрсетуге тартуға айрықша көңіл бөлініп 
арнайы маңыз берілді. Бюджет шығындарын оңтайландырудан босаған барлық 
қаржыны  бірінші  кезекте  халық  үшін  нақты  нәтижелер  әкелетін  жобаларға 
бағыттау шаралары іске асырыла бастады. 
Келесі маңызды шара  жекешелендіру  және экономикалық бәсекелестікті 
ынталандыру  міндеті  болды.  Дағдарыс  жағдайында  тұрақты  экономикалық 
өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың маңызы зор. 
Ол  үшін  мемлекет  басшылығы  екі  тиімді  құралды  –  кең  ауқымды 
жекешелендіруді  және  бәсекелестікті  ұлғайтуды  пайдалануға  батыл  бел 
байлады. Әлемдегі өркениет елдері тәжірибесі бойынша өсім мен бәсекелестікті 
өткір  тежейтін  үлкен  мемлекеттік  сектор  –  7  мыңнан  астам  кәсіпорындардар 
болып  табылады.  «Самұрық-Қазына»  және  «ҚазАгро»  холдингтері  өнеркәсіп 
пен  ауыл  шаруашылығының  орасан  зор  активтеріне  тиімді  бақылау  жасауға 
құзыреті  жеткіліксіз  еді.  «Самұрық-Қазына»  қорының  активтері  ІЖӨ-нің  40 
пайыздан астамын құраған еді, 500-ден астам «немерелер» мен «шөберелерден» 
тұрған.  «ҚазАгро»  және  «Бәйтерек»  холдингтері  бюджет  пен  банктер 
арасындағы  тиімсіз  делдалдарға  айналды.  Осылардың  бәрі  шеннен  астам 
қызметшілерімен  және  шектен  тыс  бюджеттік  ресурстармен  қоса  жүреді, 
сонымен  бірге,  жеке  инвестициялар  мен  бастамаларды  ығыстырып  шығаруға 
апарып соқтырады.     
Дағдарыстан 
шығу 
тұста 
мемлекеттік 
сектор 
нысандарын 
жекешелендіруге  шектеулерден  арылу  маңызды  болды.  «Мемлекеттік  мүлік 
туралы»  Заң  мен  Азаматтық  кодекстің  бірқатар  ережелерін  қайта  қарап, 
жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық нысандардың санын қысқартуға бел 
байланды.  Үкіметке  мемлекеттік  меншіктегі  ұйымдардың  бәрін  қоса  отырып, 
жекешелендірудің жаңа бағдарламасы әзірлеу ісі тапсырылды. Олардың ішінде, 
«Самұрық-Қазына»,  «Бәйтерек»  және  «ҚазАгроға»  кіретіндері  де  болды. 
Жекешелендіруден кейін осы үш басқарушы холдингтің бәрі ықшам ұйымдарға 
қайта құрылымдалатын болуы көзделді. Жекешелендіру әділетті нарықтық баға 
бойынша, ашық және бәсекелі жүзеге асырыла бастаған. Мұнда акцияларды қор 
нарықтарына  орналастыру  мен  ашық  аукциондар  шешуші  тетіктерге  айнала 
бастады.  Оған  қазақстандық  және  шетелдік  инвесторларды  барынша  мол 
қатыстыру үшін барынша жағдай туғызылды. Үкіметке барлық акционерлердің 
мүлкінен  қол  үзгендердің  активтерін  сатып  алуға  деген  басым  құқықтарын 
алып тастау міндеті жүктелді. Осы орайда Үкімет еркін және саламатты бәсеке 
үшін  жағдайларға  жол  ашты.  Бұл  ретте  төмендегідей  бірнеше  бағыттағы 
шаралар қолға алынды: 


біріншісі,  Үкімет  тарапынан  монополияға  қарсы  іс  харекетті  күшейту 
бойынша  нақты  ұсыныстар  жасау  тапсырылды.  Бұл  жолы  монополияға  қарсы 
мекеме  туралы      мәртебесі  мен  жұмыс  тәртібі  жан  жақты  талданып  өлшенген 
жеке заң керек болды; 
екіншісі,  бағаны  жасанды  реттеу  түрінде  нарықтық  ынталандыруларға 
қатысты бұрмалауға тыйым салу қажет болды. Үкіметке экономиканың барлық 
салаларында  нарықтық  баға  қалыптастыруға  әрі  қарай  көшуді  батыл 
жалғастыру тапсырылды; 
үшіншісі,  бәсекелестік  аясында  саясат  банкроттыққа  кезіккен  және 
жұмыс  нәтижесі  тиімсіз  компанияларды  оңалтуды  реттеу  үдерістерімен  қоян-
қолтық жүргізу міндеті  қойылды. Теориялық тұжырымдар бойынша нарықтық 
экономика – күштілердің бәсекесі болса даму сұраныстарына тиісті жауап бере 
алмайтындар  нарықтан  кетуге  немесе  қызметін  жаңашаландырып  қайтадан 
бастауға мүмкіндік алулары керек. Қазақстан экономикасында бұл бір сарында 
қалып  келген  еді.  Тіпті  тиімсіз  компаниялар    мемлекеттен  түрлі  түрдегі 
субсидиялар  мен  жеңілдіктер  алуға  арқа  сүйеуге  дағдыланған  болатын.  Бірде-
бір  дамыған  елде  компаниялардың  банкроттығы  саланың  ыдырауына  немесе 
жұмысшыларын босата отырып, кәсіпорынның тоқтауына мүмкіндік бермейді. 
Тиімсіз  менеджерлердің  орнына  өзімен  бірге  инвестициялар  әкелетін  жаңа 
меншік  иелері  келеді.  Сөйтіп,  бұдан  былай  Қазақстанда  бәсекеге  қабілетсіз 
компанияларды  мемлекет  есебінен  «сүйреуге»  шектеу  болатыны  жарияланды. 
Осы  орайда  жеке  және  заңды  тұлғалар  үшін  банкроттықтың  нақты  және 
түсінікті ресімдерін сақтау міндеті қойылды.  
Осыған  дейін  мемлекет  кәсіпкерлікті  барынша  қолдап,  оған  барынша 
материалдық  қамқорлық  жасап, аяққа нық  тұруына барлық  жағдайды жасады. 
Ал  әлемдік  дағдарыс  санатында  сол  кәсіпкерлерге  үлкен  жауапкершілік 
артылды.  Жекешелендірудің  жаңа  легіне  белсенді  қатысу,  қаржыны 
заңдастыру,  ашық  жұмыс  істеу  осы  тұғырықтан  абыройлы  шығудың  басты 
кепілі туралы мемлекет тарапынан міндет қойылды. Қуатты ел болу – өмірдің 
қайсы  бір  жәйіне  де  бәсекеге  қабілетті  болуды  мақсаттайды.  «Қазақстанда 
жасалған»  әрбір  бұйымда  мынадай  төрт  қасиет  –  сапа,  ыңғайлы,  әдемі  және 
бағасы арзан болуы тиіс деген талап қойылды.  
Төртінші. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері. Бұл орайда таяудағы 
онжылдықта  Қазақстанның  алдында  тұрған  төмендегідей  міндеттер 
айқындалды:  
- экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде сақтау; 
-  өңделген  тауарлардың  шет  елге  шығару  межесін  (экспортын)  2015 
жылғы  межеден  кем  дегенде  екі  есе  ұлғайтып,  оны  жылына  30  миллиард 
долларға дейін жеткізу; 
-  экономикаға  құйылатын  жыл  сайынғы  инвестицияларды  10  миллиард 
доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде - кем дегенде 100 
миллиард долларға жеткізу; 
- 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін 2  есе 
арттыру. 


Экономикалық өсімнің мұндай қарқыны тек экспорттық табыстар ағынын 
мүмкін  ететін  жаңа  драйверлер  қалыптастыру  есебінен  ғана  қамтамасыз  етіле 
алады.  Жаңа  жаһандық  нақты  ахуалдың  мәні  тек  әртараптандырылған 
экономиканың  ғана    жаһандық  дағдарыс  салдарына  тиімді  қарсы  тұра  алатын 
қабілетінде  болуы  мүмкін.  Сондықтан  да  республикадағы  индустрияландыру 
бағдарламасын  толығынан  іске  асыру  міндеті  аса  маңызды  тапсырыс  болды. 
Президент  ұсынысымен  бүкіл  халық  қолдаған  жаңа  инвестициялық  саясат 
қабылданды. Оның негізгі түйіндемелері: 
а)  трансұлттық  корпорацияларға  екпін  түсіре  отырып,  жеке 
инвестициялар  тарту  маңызды.  Экономика  мен  әлеуметтік  салаларға  «күрделі 
инвестициялар»  тарту  үшін  оңтайлы  орта  қалыптастыру  керек.  Бұл  ретте  
«Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру туралы шешім қабылданды. Ол 
исламдық қаржыландыру, приват-банкинг және қайта сақтандыру салаларында 
өңірлік хаб ету көзделді. Осының нәтижесінде Қазақстан күшті институттары, 
білікті,  тиімді  және  болжамды  үкіметі  бар  өңірдегі  көшбасшы-елге  айналуы 
керек.  Сарапшылар  пайымдауынша  республикада  озық  техникалық  кадрлар, 
әлемдік  деңгейдегі  инфрақұрылымдар  болуы  тиіс,  қоғамдық  тәртіп  пен 
адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Инвестициялық ахуалды 
жетілдіруге  бағытталған  реформаларды  әрі  қарай  жалғастыру  ЭЫДҰ  және 
басқа  да  халықаралық  қаржы  институттарымен  бірлесіп  жүргізілуі  көзделді. 
Осы мақсатта Қазақстан Үкіметі үш ай мерзім ішінде инвестициялық ахуалды 
жақсартудың  егжей-тегжейлі  жоспарын  даярлап  ұсынды.  Бұдан  бөлек, 
инвесторлармен  жұмыс  белсенділігін  жандандыру  үшін  қаржы  көздерін  тарту 
мен  инвестициялық  ахуалды  жақсартуға  бағдарланған  Үкімет  кеңесі  құрылып 
жұмысқа  кірісті.  Өңірлерде  жергілікті  маңыздағы  жобаларды  жүзеге  асыру 
үшін инвестициялар тартуға қажетті осындай кеңестер құрылды; 
б) экономикалық өсімнің өңірлік шеңберлерін қалыптастыру үшін барлық 
инвестициялық  жобалар  алты  макроөңірлер,  яғни:  Оңтүстік,  Солтүстік, 
Орталық-Шығыс,  Батыс,  Алматы,  және  Астана  үшін  жеке  бағдарламалар 
әзірленді.  Ірі  өңірлік  жобалар  айналасында  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті 
дамыту міндеті қойылды. Сондықтан, кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол 
картасы-2020» 
бағдарламасы 
макроөңірлердің 
инвестициялық 
бағдарламаларының  құрамдас  бөлігі  болып  енетін  болды.  Бұл  орайда  еңбек 
қорларының  жұмылғыштығын  замануи  дәрежеде  жетілдіру  бойынша,  бірінші 
кезекте,  еңбек  күші  артық  өңірлердің  еңбек  қоры  жетіспейтін  өңірлерге 
ауыстырып отыруға бағытталған шараларды ескеру міндеті қойылған. 
Макроөңірлер  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасы  шеңберінде  құрылатын 
біртұтас  көліктік,  логистикалық  және  коммуникациялық  құрылым  аясында 
біріктіру  шаралары  да  ойластырылды.  Бұл  ретте  «Орталық  –  Оңтүстік», 
«Орталық  –  Шығыс»,  «Орталық  -  Батыс»  тиімді  және  өзекті  бағыттары 
бойынша 11 жобаны жүзеге асыру қажеттілігі туындады. «Боржақты – Ерсай», 
«Алматы  –  Шу»  теміржол  желілері  мен  Құрық  портындағы  паромдық  өткел 
құрылыстары  жедел  қарқынмен  жалғастырылатын  болды.  Бұл  жобалар  2015 
жылдын соңында 72 мың адамды жұмыспен қамтыды.  


Сонымен  қатар,  болашақтағы  өскелең  экономикалық  конъюнктураны 
ескеріп, қаржыландыру көздерін әртараптандыру қажет болды. Елбасы ҚХР-ға 
сапары  барысында  ЭксимБанкпен  2,6  миллиард  доллар  займ  тарту  туралы 
уағдаластыққа  қол  жеткізілді.  Мемлекеттік  бюджет  есебінен  елдегі  бұрын 
соңды  назардан  тыс  қалып  келген  қатынас  жолдары  төселе  бастады.  Осыдан 
бұл жобаларға шетелдік және жергілікті инвесторларды да тарту керек болды. 
«Нұрлы  Жол»  бағдарламасы  жобаларына  жеке  капиталды  тарта  отырып, 
қаржыландыру қалпіне келтіру ісіде қолға алынды; 
в)  әлемдік  және  өңірлік  рыноктарда  экспорттық  тауарларды  белсендірек 
игеру  міндеті  қойылды.  Республика  территориясы  жақын  жатқан  елдердің 
экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдалануға дағдыланды. Бұл орайда бірінші 
кезекте,  Қытай,  Ресей,  Иран,  Моңғолия,  Үндістан,  Пәкістан,  Орталық  Азия 
және Кавказ елдері болды. Аталған елдер үлесіне жыл сайын 3,5 триллионнан 
астам  доллардың  тауарлары  мен  қызметтерін  тиетін  болды.  Еуразиялық 
экономикалық одаққа шешуші өңірлік рыноктармен еркін сауда туралы келісім 
шарттары  жасалды.  Аталған  мәселелерді  республика  әріптестерімен  бірлесіп 
жасап, барша елдер үшін пайдалы етіп шешуге ұмтылыс қарқын алды. СІМ-ге 
осы  міндеттерді  орындау  үшін  Қазақстанның  шетелдердегі  мекемелерінің 
барлық ресурстарын іске қосу қажеттігі туындады
г)  техникалық  кадрлар  дайындау  жүйесін  барынша  дамыту  ісі  өзекті 
сипат  алды.  Техникалық  және  кәсіби  білім  беру  саласы  инвестициялық 
саясаттың  негізгі  бағыттарының  бірі  болғандықтан  Германия,  Канада, 
Австралия  және  Сингапур  сияқты  мемлекеттермен  осы  бағыттағы  орталықтар 
бірлесіп  құру  ісі  қолға  алынды.  Сөйтіп,  бүкіл  еліміз  үшін  техникалық  және 
кәсіби білім беру жүйесінің жаңа моделі қалыптаса бастады
д)  Болашақтың  экономикасын  құру  үшін  негіз  қалау  маңызы  ескеріліп 
Қазақстан  экономикасының  инновациялық  әлеуетін  арттыруға  елеулі  көңіл 
бөліне  бастады.  Смарт-технологиялар,  жасанды  интеллект,  киберфизикалық 
жүйесінің  интеграциялары,  болашақтың  энергетикасы,  жобалау  және 
инжиниринг салаларында кадрлар біліктілігін жетілдіру ісі қарқын алды. Мұны 
тек  тиімді  ғылыми-инновациялық  жүйе  құру  арқылы  ғана  мүмкін  болатыны 
аян.  Назарбаев  Университеттің    «Астана  бизнес  кампусы»  хайтек-паркінің 
базасы  мен  Алматыдағы  «Алатау»  технопаркінде  болашақта  бой  көтеретін 
қуатты  зерттеу  университеттері  мен  инновациялық  кластерлері  негізіне 
айналатын  болды.  Астанада  ЭКСПО-2017  Халықаралық  мамандандырылған 
көрмесін  өткізу  аясында  республикада  «жасыл  технологияларға»  негізделген 
жаңа энергетиканы белсенді дамытуға кең мүмкіндік берілді. 
Жаңа әлеуметтік саясат бағыттары. Серпінді экономикалық өсім көптеген 
жылдар 
бойы 
республикада 
белсенді 
әлеуметтік 
саясат 
аясында 
қазақстандықтардың  өмір  сапасын  бірнеше  есе  арттыруға  мүмкіндікке  қол 
жеткізген. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалынан ел экономикасы 
мен  әлеуметтік  саласында  кездескен  бүкіл  қиындықтарға  қарамастан,  әркез 
тұрғындардың  әл-ауқатын  арттыруға  ұмтылыс  тежелмеген  еді.  2010-2015  жж. 
әлеуметтік  салаға  мемлекеттік  шығындар  нақты  көрсеткіш  бойынша  3  есеге 
жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік билік арнасындағы қызметкерлер 


мен жұмысшылар саны 1,2 миллион адамды құраған. Мемлекет 1,5 миллионнан 
астам азаматтарға  жәрдем ақы мен төлемдердің елеулі салмағын өз мойынына 
алып ондай мұқтаждықты толық қанағаттандыра алған.  
Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, ел халқын 
әлеуметтік  қолдау  шаралары  абыроймен  және  толығынан  орындау  міндеті 
қойылды.  Осындай  ұстанымның  жарқын  мысалы  2016  жылдың  1  қаңтарынан 
бастап  денсаулық  сақтау  саласы  қызметкерлерінің  еңбекақысын  орташа  –  28 
пайызға  дейін,  білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  –  29  пайызға  дейін, 
әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлер 40 пайызға дейін өсуінен көруге болады. 
Мұнда  бюджет  қызметкерлерінің  түрлі  категорияларына  қатысты  сараланған 
тәсіл ұтымды қолданылып келген. 2016 жылы мүгедектігі мен асыраушысынан 
айырылған    отбасыларына  әлеуметтік  жәрдемақылардың  25  пайыздық  өсімі, 
сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 
инфляция    деңгейінің  алдын  алу  үшін,  ынтымақты  зейнетақы  2  пайызға 
индекстелді.  2016  жылы  «Б»  корпусындағы  мемлекеттік  қызметшілердің 
еңбекақысы 30 пайызға арттырылды. Осылайша еңбекақыны өсіру үшін қаржы 
тауып,  республика  басшылығы  халық  алдындағы  әлеуметтік  міндеттемелерді 
орындауға мүмкіндік тауып келген. Осымен қатар барлық әлеуметтік жағынан 
әлсіз қорғалған жіктерге қамқорлық күшейтіле түскен.  
Ғаламдық  дағдарыстан  әлбетті  шығудың  шарты  ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет