Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет89/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

Тәуелсіз  Қазақстан  мен  Әзербайжан  Республикасы
  арасындағы 
дипломатиялық  қатынастар  1992  жылғы  27  тамызда  орнатылды.  Қазақстан 
Республикасының  Әзербайжан  Республикасындағы  Елшісі  -  2013  жылдың 
ақпан  айынан  бастап,  ал  Әзербайжан  Республикасының  Қазақстан 
Республикасындағы Елшісі 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап міндеттерін 
атқаруда. 
Саяси  ынтымақтастық.  Қазақстан-Әзербайжан  қатынастары,  Қазақстан 
Президенті  Н.Назарбаевтың  2005  жылы  мамырда  бұл  ел  астанасы  Бакуге 
жасаған  ресми  сапарының  қорытындысында  қол  қойылған  Стратегиялық 
серіктестік  пен  одақтастық  қатынастар  туралы  шартқа  сәйкес  дамып  келеді. 
Көпжақты  форматта  тараптар  халықаралық  және  аймақтық  ұйымдар  аясында 
(БҰҰ,  ЕҚЫҰ,  ЭЫҰ,  ИЫҰ,  АӨСШК,  ТМД,  ТҮРКІСОЙ,  ТМЫК  және  тағы 
басқа) белсенді түрде өзара әрекеттесуде. Қазақстан мен Әзербайжан арасында 
жоғары және жоғарғы деңгейлерде кездесулер мен келіссөздер үнемі өткізіліп 
тұрады.  Президент  Н.Назарбаевтың  2009  жылғы  2-3  қазанда  Әзербайжан 
Республикасына  ресми  сапары  болып  өтті.  2009  жылғы  3  қазанда  ҚР 
Президенті  Н.Назарбаев  Нахичеван  қаласында  (Әзербайжан  Республикасы) 
Түркітілдес  мемлекет  басшылары  ІХ  Саммитіне  қатысты.  2010  жылғы  18-19 
қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаев Баку қаласында өткен Каспий жағалауы 
мемлекеттері 3-ші Саммитінің  жұмысына  қатысты. 2011 жылғы 19-21  қазанда 
ӘР  Президенті  И.Әлиевтің  Қазақстанға  ресми  сапары  өтті.  Сапар  шеңберінде 
Әзербайжан Басшысы Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық Кеңесінің 1-ші 
Саммитінің  жұмысына  қатысты.  2013  жылғы  16  тамызда  ҚР  Президенті 
Н.Назарбаев  осы  елдің  Габала  қаласында  өткен  Түркітілдес  мемлекеттері 
ынтымақтастық Кеңесінің 3-ші Саммитінің жұмысына қатысып бұл бағыттағы 
өзекті мәселелер аясында пікір алысты. 


Сауда-экономикалық қатынастар. 2013 жылы Қазақстан мен Әзербайжан 
арасындағы  сыртқы сауда айналымының көлемі 434,31 млн. АҚШ долл. құрап 
(экспорт  –  361,23  млн.  долл.,  импорт  –  73,09  млн.  долл.),  2012  жылдың 
көрсеткішімен  салыстырғанда  11,2  пайызға  өсті  (390  млн.  662,1  мың  АҚШ 
долл.).  2014  жылғы  қаңтар-ақпан  айларында  сауда  айналымы  56,9  млн.  АҚШ 
долларын  құрады  (экспорт  –  47,0  млн.АҚШ  долл.,  импорт  –  9,8  млн.  АҚШ 
долл.). 
Бұл  Республикаға  Қазақстаннан  экспортқа  шығарылып  жатқан  негізгі 
заттар:  мұнай  және  газ,  химиялық  шикізат,  бидай,  арпа,  темекі  өнімдері, 
көміртекті болат прокаты, электр жабдықтары болып табылады.  Ал осы елден 
Қазақстанға  битуминоздық  материалдардан  алынған  мұнай  өнімдері,  этилен 
полимерлері,  машиналар  және  механизмдердің  қосалқы  бөлшектері,  құрама 
құрылыс конструкциялары тасымалдануда (импортталуда). 
Экономика 
саласындағы 
екі 
жақты 
қатынастардың 
дамуына 
экономикалық 
ынтымақтастық 
жөніндегі 
Қазақстан 

Әзербайжан 
Үкіметаралық  комиссиясының  жұмысы  елеулі  серпін  болды.  Үкіметаралық 
комиссияның  Қазақстан  тарапынан  тең  төрағалары  энергетика  және 
минералдық  ресурстар  министрі  және  ӘР  Энергетика  министрі  болып 
табылады. Комиссия отырыстары барысында энергетика, тасымалдау мен көлік 
жүйелері,  ауыл  шаруашылығы,  білім  мен  туризм  салаларындағы  сауда-
экономикалық  және  инвестициялық  байланыстарды  кеңейтуге  қатысты 
екіжақты ынтымақтастық туралы мәселелер бірнеше мәрте талқыланды. 
Қазіргі  таңда  мұнай-газ  саласында  ірі  жобалар  -  Транскаспий  бағыты 
бойынша  қазақ  мұнайын  әлемдік  рыноктарға  тасымалдау  бойынша,  ал  ауыл 
шаруашылығы  саласында  – қазақ  бидайын  қабылдау  және  одан  әрі жөнелтуге 
арналған «Баку астық терминалы» Қазақстан-Әзербайжан бірлескен кәсіпорны 
базасындағы  жобалар  іске  асырылуда.  Азаматтық  авиация  саласындағы  өзара 
әрекеттестік  дамуда.  Азербайжан  астанасында  казіргі  таңда  Астана,  Алматы, 
Ақтау  және  Атыраумен  байланыстыратын  тұрақты  әуе  рейстерін  жасайтын 
қазақстандық  «Эйр  Астана»  және  «Скат»  әуе  компанияларының  өкілдіктері 
қызмет  етуде.  Ақтау  мен  Баку  халықаралық  порттары  арасында  тығыз 
байланыстар орнатылған. Баку-Ақтау-Баку бағыты бойынша паром байланысы 
қызмет етуде.  
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. 1994 жылдан бері Баку қаласында 
Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік және белгілі өнер қайраткерлерінен 
тұратын «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамы белсенді қызмет етуде. Ақтау 
қаласында  жыл  сайын  өткізілетін  «Каспий  –  достық  теңізі»  халықаралық 
фестиваліне  Әзербайжанның  мәдениет  және  өнер  қайраткерлері,  спорттық 
делегациялары  қатысады.  Арнаулы  қорының  патронажымен  жыл  сайын 
өткізілетін  балалар  үйі  мен  интернат  тәрбиеленушілерінің  «Дан  улдузу» 
көркем-өнер  шығармашылығы  халықаралық  фестиваліне  Қазақстаннан 
(Алматы, 
Ақтау, 
Тараз, 
Орал 
қалаларындағы) 
балалар 
үйлерінің 
тәрбиеленушілері белсенді қатысады. 
2010  жылы  11  мамырда  Астана  қаласындағы  Л.Гумилев  атындағы 
Еуразия Ұлттық Университетінде Баку мемлекеттік Университетінің (БМУ) 90-


жылдығын  мерекелеудің  шеңберінде  Әзербайжанның  бұрынғы  Президенті 
Г.Алиев  атына  Кабинет  ашылды.  2011  жылы  13  мамырда  Баку  мемлекеттік 
Университетінде  Абай  атындағы  Қазақ  тілі,  тарихы  мен  мәдениеті 
Орталығының  ресми  ашылу  рәсімі  өтті.  2011  жылғы  1  желтоқсанда  Баку 
қаласының 7-шағын ауданында Абай Құнанбаев атындағы көшенің салтанатты 
ашылу  рәсімі  өтті.  2012  ж.  29  наурыз  3  сәуір  аралығында,  Баку  қаласында 
Қазақстандық  кино  күндері  өтті.  2012  ж.  6-9  маусым  аралығында  Астана  мен 
Алматы  қалаларында  Әзербайжанның  Қазақстандағы  Мәдениет  күндері  өтті. 
2012 
ж.  18-21  қараша  аралығында,  Баку  қаласында  Қазақстанның 
Әзербайжандағы Мәдениет күндері өтті. 
1992  жылдың  16  қыркүйегінде  Қазақстан  Республикасы  мен  Беларусь 
Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.  1993 жылдың 
9  қаңтарында  Қазақстан  Республикасының  Беларусь  Республикасындағы 
Елшілігі,  ал  1997  жылдың  13  шілдесінде  Беларусь  Республикасының 
Қазақстандағы  Елшілігі  ашылды.  2012  жылдың  ақпан  айынан  бері  Қазақстан 
Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 
ашылған.  
Саясат  саласындағы  шаралар.  Қазақстан  Республикасы  мен  Беларусь 
Республикасы  арасындағы  қатынастар  өзара  түсіністік  пен  сенім  жағдайында 
дамуда.  Екі  мемлекеттің  ұстанымдары  аймақтық  және  халықаралық 
мәселелердің  көпшілігі  бойынша  өзара  сәйкес  келеді.  Екі  жақты  және  көп 
жақты  қатынастарда,  ТМД  мен  басқа  да  халықаралық  ұйымдар  аясындағы 
жоғарғы  және  басқа  деңгейлердегі  байланыстар  нығая  түскен.  1999  жылдың 
қарашасында  Беларусь  Республикасының  Президенті  А.Лукашенконың 
Қазақстан  Республикасына  ресми  сапары  болды.  2000  жылдың  мамырында 
Қазақстан Республикасының Президенті Беларусь еліне ресми сапары жасалды. 
2000 
жылдың 
қазанында 
Қазақстанда 
ресми 
сапармен 
Беларусь 
Республикасының  Премьер-министрі  болып  қайтты,  ал  2004  жылдың 
мамырында  Қазақстан  Республикасы  Премьер-министрінің  орынбасары  сол 
елдің  астанасына  (Минск)  сапары  болды.  2005  жылдың  18-19  мамырында 
Беларусь 
Республикасының 
Президенті 
А.Лукашенко 
Қазақстан 
Республикасына  ресми  сапар  жасады.  2007  жылдың  21-22  мамырында 
Қазақстан  Республикасының  Қорғаныс  министрі  Беларусь  Республикасында 
ресми  сапармен  болды.  2007  жылдың  12-13  қыркүйегінде  Беларусь 
Республикасының Премьер-министрі Астанаға жұмыс сапарын жасады. 
2011  жылғы  маңызды  оқиғалардың  бірі  –  Беларусь  Республикасы 
Президенті  АЛукашенконың  Қазақстан  Республикасына  ресми  сапары  (2011 
жылғы  23-25  мамыр)  шеңберінде  Қазақстан  Республикасы  Президенті 
Н.Назарбаевпен  бетпе-бет  және  кеңейтілген  құрамдағы  кездесулер  өтті. 
Келіссөздер  барысында  қазақстандық-белорусстық  ынтымақтастықтың  кең 
ауқымды  мәселелері  талқыланды,  оның  ішінде  «Жол  картасы»  аясында  2010-
2011  жылдарға  арналған  Бірлескен  іс-шаралар  жоспары  тармақтарының 
орындалу барысы. Белорусстық әріптестердің жоспарда бекітілген мерзімдерге 
сәйкес  алға  қойылған  міндеттерді  орындау  қажеттілігіне  назары  аударылды, 
сондай-ақ  белорусстық  компаниялардың  Қазақстан  Республикасы  Қарқынды 


индустриалды-инновациялық  даму  бағдарламасын  жүзеге  асыруға  ат  салысуы 
қарастырылды.  
Жалпы келіссөздер іскери және өзара түсінушілік мәнерінде жүзеге асты, 
тараптар  барлық  күн  тәртібі  бойынша  ортақ  ұстанымдарын  айқындады.  Қол 
жеткізілген  уағдаластықтар  тағы  бір  мәрте  қазақстандық-белорусстық  қарым-
қатынастардың  өзара  стратегиялық  бағдарда  екендігін  растады,  осы  ретте 
Қазақстан  басшысының  айрықша  рөлі  сөзсіз.  Келіссөздердің  нәтижелері 
қазақстандық  және  белорусстық  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жағымды 
көрініс  тапты.  Сапар  қорытындысы  бойынша  Қазақстан  мен  Беларусь 
Президенттерінің тараптардың экономикалық, саяси, гуманитарлық және басқа 
да  мемлекетаралық  қарым-қатынастар  бойынша  жақындасуы  мақсатында 
ынтымақтастықтың  негізгі  бағыттарын  айқындайтын  Бірлескен  мәлімдемесі 
қабылданды, сондай-ақ басқа да келісімшарттарға қол қойылды.  
2012  жылғы  14  мамырда  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары  барысында Елбасы 
Беларусь  Республикасы  Президенті  А.Г.Лукашенкомен  келіссөздер  жүргізді. 
Келіссөздер 
барысында 
қазақстандық-белорусстық 
ынтымақтастықтың 
ағымдағы  ахуалы  мен  саяси,  сауда-экономикалық  және  мәдени  гуманитарлық 
саладағы  перспективалары  талқыланды,  сонымен  бірге  халықаралық  күн 
тәртібіндегі проблемалардың өзекті мәселелері бойынша пікір алысты. 
Қазақстан  мен  Беларусь  арасындағы  өнеркәсіптік,  ауыл  шаруашылық, 
көлік  және  инвестициялық  ынтымақтастық  шеңберіндегі  әрекеттестікті 
нығайту  жөніндегі  тәжірибе  жәйіне  ерекше  назар  аударылды,  сондай-ақ  2009-
2016  жж.  арналған  Қазақстан  Республикасы  мен  Беларусь  Республикасы 
арасындағы  Экономикалық  ынтымақтастық  бағдарламасын  («Жол  картасы») 
жүзеге  асыру  шеңберінде  2012-2013  жж.  арналған  Бірлескен  іс-шаралардың 
жоспарын тиімді орындау мәселелеріне көңіл бөлінді. Сонымен бірге екі елдің 
басшылары  ТМД,  ЕурАзЭҚ,  КО,  БЭК,  ҰҚШҰ  аймақтық  ықпалдастық 
бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін пысықтаған. 
Кездесу  қорытындысы  бойынша  Қазақстан  мен  Беларусь  мемлекеті 
басшылары 
Бірлескен 
мәлімдемесіне, 
дипломатиялық 
өкілдіктерді 
орналастыруға  арналған  өзара  жер  учаскелерін  беру  жөніндегі  үкіметаралық 
келісімге,  ауыл  шаруашылығы  мен  азық-түлік  саласындағы  ынтымақтастық 
жөніндегі  келісімге  қол  қойылды,  сонымен  қатар  екі  ел  арасындағы 
кәсіпорындар  мен  мекемелер  арасында  екі  жақты  құжаттар  қабылданды. 
Қазақстандық-белорусстық  қатынастардың  өзегі  -  сауда-экономикалық 
ынтымақтастық болып табылады, ол 2009 – 2016 жылдарға арналған Қазақстан 
Республикасы  мен  Беларусь  Республикасы  арасындағы  экономикалық 
ынтымақтастықтың бағдарламасына сәйкес жалғасатын болды. 
Беларусь  Республикасы  ТМД  шеңберінде  Ресей  мен  Украинадан  кейінгі 
Қазақстанның  үшінші  ірі  сауда-экономикалық  әріптесі  болып  табылады.  2010 
жылы  қазақстандық-белорусстық  ынтымақтастықтың  шарт-құқықтық  базасы 
есебінде  65  келісімшарт  пен  әр  түрлі  салалардағы  келісімдер  қабылданған. 
Олардың  түпнегізгілері:  Екі  ел  арасындағы  достық  пен  ынтымақтастық 
жөніндегі  келісімшарт,  2009-2016  жылдарға  арналған  ұзақ  мерзімді 


экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісім, Еркін сауда жөніндегі келісім 
және  т.б.  Сауда-экономикалық  ынтымақтастықтың  дамуына  ұйымдастырылып 
отыратын  екі  жақты  сапарлар,  жоғарғы  деңгейдегі  кездесулер,  әрі 
министрліктер  мен  ведомстволардың  басшылары,  кәсіпорындар  мен  екі  елдің 
іскери  топтарының 
шаралары  ықпал  етеді.  Екі  жақты  табысты 
ынтымақтастықтың дамуы мен нығаюына екі елдің іскери топтары өкілдерінің 
көрмелерге  қатысуы  септігін  тигізеді,  олардың  шеңберінде  өнімдердің 
тұсаукесерлері ұйымдастырылады, сондай-ақ әр түрлі салалардағы өзара тиімді 
ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесулер мен келіссөздер жүргізіледі. 
1996  жылдан  бастап  сауда-экономикалық  ынтымақтастық  жөніндегі 
қазақстандық-белорусстық  үкіметаралық  комиссия  нәтижелі  түрде  қызметін 
атқарып  келеді.  2011  жылғы  6-7  қазанда  Гомель  қаласында  сауда-
экономикалық 
ынтымақтастық 
жөніндегі 
қазақстандық-белорусстық 
үкіметаралық  комиссияның  кезекті  VIII  отырысында  13  күрделі  мәселелер 
қаралған.  Оларды  талқылау  барысында  Үкіметаралық  комиссия  жетінші 
отырысы  Хатттамасының  орындалуы  тыңдалды,  сонымен  бірге  мүдделі 
тараптардың қатысуымен ҚР мен БР үкімет басшылары сапарлары барысында 
анықталған аса өзекті мәселелерінің тізімі толықтай жан-жақты қарастырылды.  
Кезекті  тоғызыншы  отырыс  2012  жылдың  екінші  жартысында 
Талдықорған қаласында өтті. 726,9 млн. АҚШ долларын құрады, 2010 жылдың 
сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда  5%-ға  артты.  Қазақстаннан  экспорт  57%-ға 
қысқарып,  103,5  млн.  АҚШ  долларына  жетті,  ал  Қазақстанға  тасымалданатын 
белорусстық  тауарлар  үлес  салмағы  37,8%-ға  артып  және  623,4  млн.  АҚШ 
долларын  құрады.  Өндірістік  кооперацияны  дамыту  мақсатында  2010-2011 
жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралардың жоспары жүзеге асырылды. «Жол 
картасында» 
көзделген 
27 
жобаның 
қатарынан 
Қазақстанның 
Индустрияландыру  картасына  белорусстық  техниканы  құрастыратын  5 
бірлескен жоба енді. Олардың жалпы сомасы 98,6 млн. АҚШ дол. құраған.  
Осымен  катар  2012-2013  жылдарға  арналған  Бірлескен  іс-шаралар 
жоспары  қабылданған.  Екі  жақты  сауда-экономикалық  қатынастар  біршама 
қарқынды  дамып  келеді.  2012  жылғы  1  қаңтарға  сәйкес,  Қазақстанда 
белорусстық  капиталдың  қатысуымен  115  кәсіпорын  тіркелген,  жұмыс 
үстіндегілердің  саны  –  82.  Қазақстандық  нарықта  барынша  белсенді  жұмыс 
істеп  келе  жатқан  «МТЗ»,  «БЕЛАЗ»,  «МАЗ»,  «Атлант»  сияқты  танымал 
өнеркәсіптік  брендтерді  атауға  болады.  Қазақстандық  мұнайдың  Беларусь 
Республикасы 
аумағы 
арқылы 
алыс 
шетелдерге 
тасымалы 
Ресей 
Федерациясының  «АК  «Транснефть»  ААҚ  мұнай  құбырлы  жүйесі  арқылы 
өтеді.  Белорусстық  бағыттағы  қазақстандық  мұнайдың  тасымалы  Ресей 
Федерациясы  аумағы  арқылы  транзитпен  ілеседі,  осыған  орай  қазақстандық 
мұнайдың тасымалына байланысты мәселелер ресейлік тараппен мақұлданды. 
Агро-өнеркәсіптік  кешен  саласында  ынтымақтастық  дамуда.  Ауыл 
аймақтары  мен  кіші  қалаларды  агроқалашықтар  тұрғызу  арқылы  жандандыру 
сияқты белорусстық тәжірибе зерттеліп келеді. Қазіргі уақытта Беларусьте 1481 
агроқалашықтар  тұрғызылған.  Қазақстан  аумағында  бірлескен  кәсіпорындар 
ауыл  шарушылық  техниканы  (астық  жинау  комбайндері,  жемшөп  әзірлейтін 


машиналар,  көп  функционалды  топырақ  өңдеу  агрегаттары)  шығарумен 
айналысуда. 
Көлік  саласында  ынтымақтастық  жалғасып  келеді.  2007  жылдан  бастап 
қазіргі  уақытқа  дейін  тұрақты  тікелей  әуе  байланыс  бір  жақты  қатынасты 
«Белавиа»  белорусстық  әуе  компаниясы  жүзеге  асырады.  Ал  2011  жылғы  7 
қыркүйектен бастап «Белавиа» навигацияның қысқы кезеңіне, аптасына екі рет 
жиілікпен Минск-Астана-Минск бағыты бойынша әуе қатынасына ауысты. 
Өңіраралық  ынтымақтастық  дамыту  мен  нығайту  бойынша  белсенді 
жұмыс  жүргізіліп  келеді.  Тұрақты  негізде  облыстық  атқарушы  комитет 
төрағалары,  қала,  аймақ,  БР  кәсіпорындардың  басшыларымен,  өткізілетін 
кездесулер  мен  келіссөздердің  барысында  екі  жақты  сауда  көлемін  арттыру 
жолында,  сауда  ұйымдары  мен  бірлескен  кәсіпорындарды  құру  бойынша 
шаралар  тұрақты  белгіленіп  іске  асырылуда,  әрі  екі  ел  экономикаларына 
инвестицияларды  ынталандыру  бағытында  белсенді  жұмыс  жүргізіліп  келеді. 
Сондай-ақ  ҚР  мен  БР  аймақтары  арасында  нақты  бағыттар  бойынша 
ынтымақтастықты  одан  әрі  нығайту  жалғасуда.  Ауыл  шарушылық  техниканы 
өндіру,  жолаушы-жүк  лифттерін  жинау,  дизельді  қозғалтқыштарды  жинау, 
тұрмыстық  мақсаттарға  арналған  жабдықтарды  орнату  үшін  жолаушы,  жүк 
техника  мен  МАЗ  автошассилерін  жинау  бойынша  бірлескен  кәсіпорындар 
құрылған.  Беларусьтің  дамыған  ғылыми  әлеуеті  мен  іргелі  зерттеулер 
саласында  нақты  білімдерге  бай  екендігін  ескере  отыра,  ғылыми  саладағы 
ынтымақтастықты нығайтуда айқын перспективлалар бар.  
Оның  негізін  Ғылыми-техникалық  ынтымақтастық  туралы  үкіметаралық 
келісім  құрайды.  Ғылыми-техникалық  ынтымақтастық  жөнінде  қазақстандық-
белорустық  комиссия  қызмет  істейді.  Осымен  катар  әскери-техникалық 
ынтымақтастықтың  өзектілігі  артып  келеді.  Аталған  саладағы  негізгі  құжат 
Қазақстан  Республикасы  мен  Беларусь  Республикасы  арасындағы  достық  пен 
ынтымақтастық  туралы  келісімшарт,  тараптар  оны  1997  жылы  қабылдаған. 
Қазақстан  Республикасы  мен  Беларусь  Республикасы  Үкіметтері  арасындағы 
Әскери ынтымақтастық туралы келісім, Қазақстан Республикасы мен Беларусь 
Республикасы  Үкіметтері  арасындағы  Әскери-техникалық  ынтымақтастық 
туралы  келісім  ерекше  маңызды.  Сауда-экономикалық  ынтымақтастық 
жөніндегі  белорустық-қазақстандық  Үкіметаралық  комиссия  шеңберінде 
әскери-техникалық  ынтымақтастық  жөнінде  шағын  комиссия  қызмет  істейді. 
Екі  ел  арасында  2007  жылдан  бастау  алған  әскери  білім  саласында 
ынтымақтастық  белсенді  даму  үстінде.  Ынтымақтастық  ҰҚШҰ  мүше 
мемлекеттері  үшін  әскери  кадрларды  даярлау  туралы  келісім  шеңберінде 
жүзеге асады. Жыл сайын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы 
Қорғаныс  министрліктері  арасында  Екі  жақты  ынтымақтастық  жоспары 
келісіледі  және  жүзеге  асырылады.  Оның  шеңберінде  екі  ел  аумақтарында 
шамамен 30 іс-шара (жұмыс сапарлары, консультациялар, жарыстар, бірлескен 
оқулар, дайындық) ұйымдастырылады.  
Мәдени-гумантиралық 
саладағы 
қазақстандық-белорустық 
ынтымақтастық  1996  жылда  қабылданған  Мәдениет,  ғылым  мен  білім 
саласындағы үкіметаралық келісімге және 1999 жылы Қазақстан Республикасы 


Мәдениет,  ақпарат  және  қоғамдық  келісім  министрлігі  мен  Беларусь 
Республикасы Мәдениет министрлігі арасында қабылданған Мәдениет пен өнер 
саласындағы  ынтымақтастық  туралы  келісімге  сәйкес  орындалады.  Оларды 
орындау  аясында  көптеген  мәдени  өзара  алмасу  дәстүрлері  қайта  орнатылып, 
ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ашылды. 2009 жылы өткен ҚР Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
Беларусь 
Республиксына 
ресми 
сапары 
мәдени-
гуманитарлық  саладағы  екі  жақты  қатынастардың  жандануына  үлкен  серпін 
берді.  Осылайша  2009  жылы  Минск  қаласында  Қазақстан  Республикасының 
мәдени мұрасын насихаттау аясында Қазақстан Республикасының Беларусьтегі 
Мәдениет  күндері  сәтті  өткізілді,  сәйкесінше  2010  жылы  Беларусьтің 
Қазақстандағы  Мәдениет  күндері  ұйымдастырылды.  2009-2011  жылдар 
аралығында  Минск  қаласында  қазақстандық  танымал  классика  және  эстрада 
орындаушыларының қатысуымен жеке концерттер ұйымдастырылды, әрі қазақ 
кино  күндері  мен  қолданбалы  өнер  көрмелері  өтті.  Минск  қаласында  Достық 
үйімен  бірлесе  отыра,  қазақ  жазушылары  мен  ақындары  А.Құнанбаев, 
С.Сейфуллин,    Ж.Жабаев  этно  мәдени  шығармашылығына  арналған  әдеби 
кештер  өткізілді.  2011  жылы  танымал  белорус  жазушысы,  Беларусь 
Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  Н.Метлицкийдің  ұсынысымен  Елшілік 
А.Құнанбевтың өлеңдерін белорус тіліне аударды. 
Беларусь 
Республикасының 
Президенті 
жанындағы 
басқару 
академиясымен  бірлесе  отыра,  жыл  сайын  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдаулары  бойынша  халықаралық  ғылыми-
практикалық конференциялар ұйымдастырылады, сонымен қатар Қазақстанның 
сыртқы саяси бастамаларын насихаттауға негізделген басқа да іс-шаралар өтеді. 
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесін насихаттау 
шеңберінде жыл сайын Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғыстарында қаза  
болған  отандастарымыз  туралы  естелікті  мәңгі  есте  қалдыру  мақсатында  іс-
шаралар ұйымдастырылады. 
Қазақстан  Елшілігі  тұрақты  түрде  Беларусь  аумағында  қайтыс  болған 
қазақстандық  жауынгерлердің  есімдерін  анықтау  үшін  іздестіру  жұмыстарын 
жалғастырып келеді. 2009-2011 жылдар аралығындағы жұмыстың нәтижесінде 
Елшілік  ертеректе  ақпаратсыз  жоғалғандар  қатарында  болған  екі  мың 
қазақстандықтың  аттары  енген  естелік  кітапты  басып  шығарды.  Ядролық 
сынақтарға  қарсы  іс-әрекеттердің  халықаралық  күніне  арналған  Қазақстанның 
Ядролық  қаруды  таратпау  және  қарусыздану  ісіне  қосқан  үлесі  туралы 
ақпаратты  насихаттау  мақсатында,  2011  жылы  Минск  орталығында  «ХХ 
ғасырдың ядролық апаттары» пантеонына Семей сынақ полигонының топырғы 
салынған капсуланы орнату рәсімі өтті. 
Біздің  елімізбен  Қырғыз  Республикасы  арасындағы  дипломатиялық 
қарым-қатынастар  1992  жылғы  15  қазанда  орнатылып  екіжақты  Елшілік 
ашылды.  Екіжақты  ынтымақтастықтың  шарттық-құқықтық  базасын  150-ден 
астам құжат құрайды және олардың негізгілері болып 1997 жылғы 8 сәуірде қол 
қойылған  Мәңгілік достық  туралы  Шарт пен  2003  жылғы  25  желтоқсанда қол 
қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шарт болып есептеледі. 2012 ж. 10-11 
мамырда  Қырғыз  Республикасының  Президенті  Астанаға  алғаш  ресми  сапары 


болып,  оның  барысында  ҚР  Президенті  Н.Назарбаев  және  ҚР  Премьер-
Министрі  К.Мәсімовпен  келіссөздер  жүргізілді.  2012  жылғы  14-15  маусымда 
Түркітілдес мемлекеттер  Парламенттік Ассамблеясының отырысы қарсаңында 
ҚР  Парламенті  Мәжілісі  Төрағасы  Бішкекке  ресми  сапармен  барып  ҚР 
Парламенті  Мәжілісінің  спикері  Қырғызстан  Президенті,  Премьер-Министрі 
және Жогорку Кенеш Спикерімен кездесті. 
2012  жылғы  1-2  шілдеде  Қырғыз  Республикасының  Премьер-министрі 
2012  жылғы  22  тамызда  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қырғызстанға 
мемлекеттік  сапары  болып  өтті.  Сапар  барысында  Жоғары  Мемлекетаралық 
Кеңестің  үшінші  отырысы  ұйымдастырылып,  қазақ-қырғыз  стратегиялық 
одақтастығы мен әріптестігінің келешекті бағыттары анықталды. 2013 жылғы 1 
қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Қырғызстанға ресми 
сапары өткізіліп, оның аясында қазақ-қырғыз Үкіметаралық Кеңесінің төртінші 
отырысы өтті. 
2012  жылғы  Қазақстан  мен  Қырғызстан  арасындағы  сауда  айналымы 
1059,0  млн.  АҚШ  долл.  құрады  (экспорт  –  726,0  млн.,  импорт  –  333,5  млн. 
АҚШ долл.). Ал 2013 жылғы аталмыш көрсеткіш 1001,5 млн. АҚШ долларын 
құрады  (экспорт  –  672,4  млн.,  импорт  –  329,1  млн.  АҚШ  долл).  2014  жылғы 
қаңтар-ақпан  айларында  сауда  айналымы  119,3  млн.  АҚШ  долларын  құрады 
(экспорт  –  86,1  млн.АҚШ  долл.,  импорт  –  33,2  млн.  АҚШ  долл.).  Қазақстан 
инвестициясының  негізінде  казіргі  кезде  Қырғызстанда  400  бірлескен 
кәсіпорын  жұмыс  істеуде.  Олар  өз  қызметтерін  экономика,  энергетика, 
газтасымалдау,  өнеркәсіп,  құрылыс  материалдарын  шығару,  банктық  сектор 
салаларында  іс  атқаруда.  Қазақстанда  қырғыз  капиталының  қатысуымен  250 
өнеркәсіп  жұмыс  істеуде.  Жұмыс  салалары  -  сауда,  туризм,  құрылыс,  суды 
тазалау және тарату, көлік, жарнама. 
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқынды дамуда. Тұрақты түрде 
екі  ел  арасында  көрмелер,  халықаралық  ғылыми  симпозиумдар,  «дөңгелек 
үстелдер»,  поэтикалық  кештер  және  зиялы  қауымдар  мен  қоғамдастық 
өкілдерінің  қатысуымен  семинарлар  өтеді.  2007  жылғы  қыркүйекте  Алматы 
қаласында  Қазақстан  мен  Қырғызстан  зиялы  қауымдарының  бірінші  Форумы, 
ал  2008  жылғы  25-26  қазанда  Бішкекте  екінші  Форумы  өтті.  2013  жылғы  20 
қыркүйек  -  21  қазанда  Астана  және  Алматы  қаласында  Ш.Айтматовтың  85 
жылдығына арналған Қырғызстанның Казақстандағы Мәдениет қүндері өтті. 
Қазақстан мен Молдова арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 ж. 
27 шілдеде орнатылды. Дипломатиялық өкілдіктердің ашылу уақыты – 1994 ж. 
27 шілдеде Киев қаласында Қазақстан Республикасының Украина және қосара 
Молдова  Республикасындағы  Елшілігі  ашылды.  Молдова  Республикасының 
Ресей  Федерациясындағы  Елшілігі  қосара  Қазақстан  Республикасында  өз 
қызметін атқарады.  
Саясат  саласында  Қазақстан  мен  Молдова  арасындағы  байланыс  екі 
жақты  ынымақтастық  қатынастарымен  қатар  халықаралық  және  аймақтық 
ұйымдар  деңгейінде  дамуда.  Молдова  Республикасы  Қазақстанның  ЕЫҚҰ-да 
төрағалық ету ұсынысын қолдаған болатын. Жоғарғы деңгейдегі сапарлар 1999 
ж. қыркүйек айында Молдова Республикасының Президенті Қазақстанға ресми 


сапарымен  келді.  2003  ж.  қыркүйек  айында  Қазақстан  Республикасы 
Президенті  Н.Назарбаевтың  Молдоваға  ресми  сапары  өтті.  2002  ж.  қазан 
айында  Қазақстан  Республикасының  Үкімет  Басшысы  Молдовада  ресми 
сапармен  болды.  2010  жылғы  31  наурыз  -  1  сәуір  аралығында  Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ-ның 
Төрағасы ретінде Шығыс  Еуропа елдері бойынша  турне шеңберінде Кишинеу 
және Тирасполь (Днестр маңы) қалаларына сапар шекті. Сапар барсында ЕҚЫҰ 
күн  тәртібіндегі  өзекті  мәселелерді,  сондай-ақ  Днестр  маңы  жанжалын  реттеу 
мәселелерін  талқылау  үшін  Украина  және  Днестр  маңы  басшылығымен 
келіссөздер өткізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет