Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс
бірауыздан қабылданды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші
хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып
сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға
қатысушылар мына құрамда толық қолдады:
Нұрсұлтан Назарбаев - Төралқа төрағасы, Қалдарбек Найманбаев -
Төрағаның бірінші орынбасары, Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай
Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев - Төралқа мүшелері, Құрылтай
таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай болды.
Екінші құрылтай
2002 жылы Түркістан қаласында өтті. Құрылтайға алыс
және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Өткен
құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың
қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді
басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында
Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32
шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда шет жерде
жүрген қазақтардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон шеңберінің
мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. Сөйтіп, көбінесе субъективті
себептер бойынша ата тегі жұртынан кеткен шетелдік қазақтардың туған
жеріне оралу процесі біртіндеп қарқын алды. КСРО тұсында бұндай оңды
көрініс соңғы рет ХХ ғасырдың орта шенінде Шығыс Қазақстан және Семей
өңіріне жүз мыңнан астам ағайындардың Қытай Халық Республикасынан өз
бетімен шекараны бұзып өту оқиғасымен сипатталған болатын. 2003 жылы 5
мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп
келді, жылына 50-60 мың оралман туған жеріне қайтты.
1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш
форумы өткізіліп оның барысында негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1.
Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас
жағдайлары. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш
рет академик М.Сүлейменовке, халық жазушысы Д.Снегинге, жазушы,
аудармашы Г.Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың
дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың
өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен
7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
Үшінші құрылтай
. 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші
Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Бұл шараға алыс және жақын 32
шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан,
Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ
Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-
ден астам туған жерін аңсағандар қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның
жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ
тарихи отанына
инвестициялармен қолғабыс беру жоба мүмкіндіктері секілді мәселелер
талқыланды.
Кәсіпкерлік
(бизнес)
байланысын
нығайту,
қазақ
шетжұрты
республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету,
кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара
қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
Әлемдегі объективті себептерге байланысты
Орталық Азия мен Қазақстан
аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді
даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге
мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан
Орталық Азиядағы жағрафиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып
табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет
аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің
мол екендігін ескеру аса маңызды. Казіргі заманғы Қазақстанның сыртқы
саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия
аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-
қатынас құру мәселелерін таңдаған. Бұл тұрғыда 2006 - 2007 жылдары аталмыш
мемлекеттермен және аймақтармен байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe
қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының
Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек
және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының
қорытындылары да осыны дәлелдейді. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің
алып мемлекеттері мен ТМД тең мүшелepi арасындағы стратегиялық
серіктестігі жаңа деңгейге көтерді деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: