Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
Казіргі заманғы Қазақстан сыртқы саясатында Түркия, Пәкістан,
Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея
сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.
Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тарихи және
мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы - Өзбекстан, Қырғызстан,
Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте
маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы
құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-ші
мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес
Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер-министрлер
кеңесі және олардың тұрақты органы - Атқару комитеті құрылды. Ортақ
экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде
көп жақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық
күрделі мәселелер және республикалардың экономикалық интеграциясы
бойынша 200-ден астам құжаттар қабылданды. Солардың ішіндегі ең
маңыздысы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға
дейінгі интеграциялық даму стратегиясы. 2002 жылдың ақпан айынан бастап
Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде
“Орталық Азия ынтымақтастығы” болып қайта құрылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған
мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Қазақ елімен
солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-
шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара –
мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды
саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде
әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992
ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда
Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол
қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық
қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты
дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көзделген.
Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселесі екі ел
арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған