Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет84/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

Декларациясына
 қол қойылды.  
Казіргі  заманғы  Қазақстанның  бастаудан  белгілі  болған  сыртқы 
саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысқа жол бермеу еді. 1992 ж. БҰҰ 
Бас  Ассамблеясының  47  сессиясында  Президент  Н.Назарбаев  Азияда  өзара 
ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 
1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас 
қосуға  оннан  аса  мемлекеттен  өкілдер  келген  болса,  сол  жылғы  тамыз 
айындағы  кездесуге  17  елден  сарапшылар  тобы  келді.  Қазақстан  Хельсинки 
процесіне  қосылып,  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жөніндегі 
ұйымның  жұмысына  қатысты  (1992  ж.).  Ал  1996  ж.  31  қыркүйекте  БҰҰ-ға 
мүше  129  елдің  қатарында  Қазақстан  ядролық  қаруды  таратпау  жөніндегі 
шартқа қол қойды. 
Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы әлемдік 
маңызы  бар  оқиға.  Мұның  өзі  елдің  қауіпсіздігінің  кепілдіктерін  күшейтті. 
1994-1995  жж.  Қазақстанға  басты  ядролық  алып  мемлекеттер  (державалар)  – 
АҚШ,  Ұлыбритания,  Ресей,  ҚХР  мен  Франция  қауіпсіздіктің  бірлескен  және 
жан-жақты  кепілдіктерін  берді.  Қазақстан  саяси-әскери  одақ  -  НАТО-мен 
ынтымақтастыққа  маңызды  орын  беріп  келеді.  Бұл  ынтымақтастық 
“Бейбітшілік  үшін  әріптестік”  бағдарламасы  аясында  дамып,  еліміздің  қарулы 
күштері үшін кадрлар даярлауға мұрындық болды. 
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі  мен  шекарасының  тұтастығын 
қорғау  үшін  өзінің  жеке  Қарулы  Күштерін  құрудың  зор  маңызы  болды.  Оны 
іске  асыру  Елбасының  1992  ж.  мамырдағы  “Қазақстан  Республикасының 
Қарулы  Күштерін  құру  туралы”  жарлығымен  басталды.  2000  ж.  10  ақпанда 
1999-2005  жылдарға  арналған  жаңа  әскери  доктрина  және  ұлттық  қауіпсіздік 
стратегиясы  қабылданды.  Осы  құжаттарға  сәйкес  армия  елдің  ішкі  жалпы 
өнімінің  бір  пайызынан  кем  емес  көлемде  қаржыландырылатыны  туралы 
шешім  бекітілді.  Доктрина  негізінде  Қазақстан  жерінде  әскери  аумақтық 
құрылымға  көшіру  жүзеге  асырылып,  елдің  барлық  аймағын  қамтыған 
Оңтүстік,  Шығыс,  Батыс  және  Орталық  әскери  округтері  құрылды.  Сөйтіп, 
тәуелсіздік тарихта ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең басты мәселе болып қала 
берді. 
1992  ж.  наурызда  Қазақстанның  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  мүше  болып 
қабылдануы  республика  үшін  орасан  зор  маңызы  бар  оқиға  болды.  Осыдан 
кейін  елімізге  басқа  да  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болып  кіруге  жол 
ашылды.  Атап  айтқанда,  Қазақстан  негізгі  валюта-қаржы  ұйымдарына  – 


Халықаралық  Валюта  қорына,  Дүниежүзілік  қайта  құру  және  даму  банкіне, 
Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 
60-тан  астам  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болып  қабылданды.  Нәтижесінде 
Қазақстанның  шет  елдермен  экономикалық  байланыстары  арта  түсті,  оған 
берілетін инвестициялық  қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995 жж. 
халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 
млрд.  АҚШ  долларынан  асып  түсті.  Тәуелсіздік  алған  жылдары  800-ге  жуық 
мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.  
Қазақстанға  тікелей  инвестиция  берушілердің  тізімінің  басында  АҚШ 
орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, 
ал  Азия  аймағынан  ҚХР,  Жапония,  Индонезия  және  Оңтүстік  Корея  бар. 
Қазақстан  АҚШ-пен  экономикалық  қарым-қатынасқа  ерекше  көңіл  бөледі. 
Американдық “Шеврон” компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі 
ірі  шартқа  қол  қойылды.  АҚШ  казіргі  заманғы  Қазақстанның  ең  маңызды 
экономикалық  әріптестерінің  бірі  болып  табылады.  Біздің  елімізде  350-ден 
астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-
ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген.  
Қазақстан  экономикасының  дамуында  сыртқы  сауданың  маңызы  зор. 
Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен 
сауда  қатынасын  орнатты.  Осының  нәтижесінде  сыртқа  шығаратын  және 
сырттан  бізге  алып  келетін  тауарлардың  көлемі  жылдан-жылға  өсіп  келеді. 
Мысалы, 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. 
Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% 
Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.  
Республика  сыртқы  сауда  саясатын  дәйекті  жүргізуге  айрықша  көңіл 
бөліп  келеді.  Айталық,  2004  жылы  сыртқы  сауда  айналымы  көлемінің  оң 
сальдосы  (Сальдо  –  белгілі  бір  уақыт  кезеңіндегі  ақшалай  түсімдер  мен 
шығындар  арасындағы  айырма)  7  млрд.  доллардан  асатын  33  млрд.  АҚШ 
долларына  жетті.  Бұл  1994  жылмен  салыстырғанда  3  еседен  астам  өсті  деген 
сөз.  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  негізінен  ТМД-ның  ауқымымен 
шектелген елдің сыртқы саудасының географиясы да біршама тарамдала түсті. 
Қазақстан  тауар  айналымының  құрылымында  2004  жылы  Еуропалық  одаққа 
мүше  елдер,  Ресей,  Швейцария  мен  Қытай  алғашқы  орындарға  шықты. 
Осылайша  казіргі  заманғы  Қазақстан  әлемдік  экономика  жүйесінің  ажырамас 
бөлігіне құрап, жаһандық бәсекелестік арнасына енді. 
Қазақстан  2007  жылы  30  қарашада  Мадридте  ЕҚЫҰ-ға  мүше 
мемлекеттер  Сыртқы  істер  министрлері  кеңесінің  жалпы  кездесуінде  сол 
Ұйымның  2010  жылғы  төрағасы  болып  сайланды.  2010  жылы  Қазақстанға 
Еуропадағы  қауіпсіздік  және ынтымақтастық  жөніндегі  ұйымға  төрағалық  ету 
мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы 
бір  ірі  жетістік.  Бұл  –  елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  халықаралық  зор  беделінің 
ерен  табысы,  еліміздегі  ұлан-ғайыр  оң  өзгерістердің,  демократия  шеңберінің 
айшықты  нәтижесі.  Сөйтіп,  қазақ  елі  халықаралық  мойындауда  және  өзінің 
дамуында  жаңа  сапалық  дәрежеге  көтерілді.  ЕҚЫҰ  –  дүние  жүзіндегі  аса 
беделді  халықаралық  ұйымдардың  бірінен  саналады.  Қазақстан  –  ЕҚЫҰ-ға 


төрағалық  ететін  бірінші  ТМД  елі,  ол  бірінші  түркі  елі,  ол  тарихи  тұрғыда 
өркениетті  ислам  кеңістігіне  жататын  бірінші  ел,  ең  соңында,  ол  бірінші 
азиялық ел.  
Қорыта  келгенде,  тәуелсіз  Қазақстан  дүние  жүзінің  көптеген  елдерімен 
тең  деңгейде  дипломатиялық  және  экономикалық  қарым-қатынастар  орнатты. 
Тәуелсіздік  жылдары  еліміздің  сыртқы  саясаттағы  күш-жігері  аясында  орасан 
зор  тарихи  маңызы  бар  міндеттер  орындалды.  Қазақстан  дүниежүзілік 
қауымдастықта  лайықты  өз  орнын  алды.  Егер  1991  жылы  әлемдік 
қоғамдастықтың  іс  жүзінде  Қазақстанға  қандай  да  бір  ықыласы  аумай  келсе, 
бүгінгі  күні  Қазақстанды  әбден  танып,  құрметтеп  отыр.  Қазақстан  Орталық 
Азияның  көшбасшысына,  халықаралық  құрметті  әріптеске,  халықаралық 
лаңкестікке,  есірткінің  жайылуы  мен  ядролық  қарудың  таралуына  қарсы 
белсене күресетін мемлекетке айналды. 
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды 
мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты 
және  нақты  іс  жүзіне  асырылып  отырды.  Казіргі  заманғы  Қазақстанның 
халықаралық  дәрежеде  танылуы  оны  жаңа  сапалық  деңгейге  көтерді. 
Қазақстанның  2010  жылы  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. 
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік 
сақтауға  ұмтылысымен,  прагматизмдігімен,  сындарлы  сұхбат  жүргізуге 
талпынысымен  және  көпжақты  ынтымақтастыққа  бағытталғандығымен 
ерекшеленеді.  Халықаралық  аренада  мемлекетіміз  өзінің  тарихи,  геосаясаттық 
және  экономикалық  факторларына  байланысты  көп  ғасырлар  бойы  сыртқы 
саясатын  халықаралық  ынтымақтастық,  көршілес  мемлекеттермен  татуластық 
және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп 
келеді.  Қазақстанның  өзге  мемлекеттермен  тең  құқылы  және  екі  жаққа  да 
тиімді  қарым-қатынас  құруға  дайындығы  оның  бүгінгі  күні  дипломатиялық 
байланыс  орнатқан  шет  мемлекеттердің  санының  көптігімен  дәлелденіп  отыр. 
1991  жылы  тәуелсіздік  алған  сәттен  бастап  біздің  республика  әлемнің  130 
мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.  
Қазақтардың  Дүниежүзілік  құрылтайлары.  Казіргі  заманғы  Қазақстан 
тарихындағы аса маңызды және мәңгі өзекті мәселе әлемдегі қазақтарды туған 
елінің рухына иландыру болып табылады. Бұл тарихи кезеңнің бірінші күнінен 
бастап  осы  мәселеге  мемлекет,  оның  басшысы  тарапынан  айрықша  бағыт 
алынды.  Бұл  орайдағы  басты  мақсат  дүниежүзінің  түкпірлеріндегі  қазақ 
перзентін  жаңа  мемлекеттің  саяси  ұстанымынан  тұрақты  хабардар  ету. 
Осындай  мақсатты  іске  асыру  жолының  бірі  ол  қазақтардың  Дүниежүзілік 
құралтайын өткізу болып біршама тиімді тәжірибе жинақталды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет