Таңдау курсының мазмұндық бөліміне кіреді:
Тақырыптық жоспар
Практикалық жұмыстар
Экскурсиялар
Таңдау курсы жүзеге асырылады:
Оқу танымдық тәжірибесінің деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға және теориялық білімдерін практикада қолдана алу іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған эксперименттік және теориялық сабақтардың жүйесінде.
Оқу барысында оқушылар төмендегідей іскерліктерге ие болады:
Құбылыстарды бақылап және оны жаза білуге;
Техникалық обьектілердің құрылысы мен жұмысын білуге;
Физикалық құбылыстарды түсіндіретін ой болжамдарын ұсынуға;
Өлшеуші құралдарды пайдалана алуға;
Нәтижелерді сызбалар, кестелер, графиктер түрінде көрсетуге;
Бақылау, өлшеу және эксперименттердің натижелерін талдап, қорытындылар жасауға;
Хабарламалар мен баяндамалар жасауға (негізгі бақылау және бағалау құралы нысаны ретінде қолданылады);
Түрлі мәлімет көздерімен, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге үйренеді.
Қорытынды сабақта болашақта қандай мамандықты және қандай бейіндегі сыныпты таңдайтындығы туралы әңгіме өткізіледі
Достарыңызбен бөлісу: |