Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі40,97 Kb.
#96023
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 кл Курс Физика және мамандықтар



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«№31 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Білім бөлімі» ММ



«Физика» пәнінен
«Физика және мамандықтар»
таңдау курсының бағдарламасы
(8 сыныптар үшін)

2017-2018 оқу жылы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Білім бөлімі» ММ


___________________'>КЕЛІСІЛДІ:
Білім бөлімі әдістемелік
кабинеттің меңгерушісі
__________________

Қ.Қ.Аханова


«-----»------2017ж

БЕКІТЕМІН:
№23 «ЖОББМ» КММ директоры
____________

А.Д.Орумбаева


«__ »_ 2017ж

КЕЛІСЕМІН:
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары


_____________


Г.С.Мусина

ҚАРАЛДЫ:
жаратылыстану-математика циклі ӘБ
№1 хаттамасы «___»___2017ж.
ӘБ жетекшісі
_______________



Таңдау курсы
Пән : Физика


Сынып : 8


Мұғалім: А.Ч. Омарова


Жылдық сағат саны 34 сағат; аптасына 1 сағат


ТҮСІНІК ХАТ

Осы курсты оқу барысында оқушылар өздерінің білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар физиканың зерттеу әдістерімен танысып, зерттеушілік іс-әрекеттің дағдыларын игереді, аппаратуралар туралы қысқаша деректер де ала алады. Өлшеуші құралдармен, тәжірибелік жұмыстарды орындау мен эксперименттер қою барысында игерілген дағдылар кейінгі ғылыми-техникалық іс-әрекет барысында пайдаға асады. Жекелеген процесстерді физика заңдарының негізінде түсіндіру оларға табиғатта бар себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға мүмкіндік беріп, физикамен қатар өзге пәндерге деген қызығушылықтарын да қалыптастырады.


Курс бағдарламасы ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттің элементтері бар тәжірибелік-бағдарлық сипатқа ие. Бұл оқу курсын бейіндік сыныптарда оқытуға пайдалануға болады.


Мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін танымдық, зияткерлік, шығармашылық, тәжірибелік қабілеттерін жетілдіру.


Міндеттері:

  • физикалық интуициясын дамытып, кез келген міндеттің физикалық мазмұнын жылдам көре білудің белгілі техникасын жасауға;

  • табиғаттың түрлі құбылыстарын зерттеп, танудың әдістерін меңгеруге, ғылым мен техниканың жетістіктерімен, негізгі мамандық түрлерімен, отандық және әлем ғалымдарының ашқан жаңалықтарымен, озық ойларымен танысуға;

  • оқушыларды есептеу, сызба, сапалық және тәжірибелік міндеттерді жалпы шеше білуге үйретуге физикалық білімдері мен іскерліктерін қалыптастырудың құралы ретінде қарауға;

  • оқушылардың ойлауының, танымдық белсенділігі мен дербестігінің дамуына ықпал етіп, ғылымды түсіне білуін қалыптастыруға;

  • оқушылардың оқудан өздігінен білім алуға деген талпынысын туғызатын ақыл-ой дамуына ықпал жасайды.



Қажеттілігі: Таңдау курстары – бұл оқу орнындағы жоғары сыныптарда оқытылатын оқу пәндерінің ішінен оқушылардың өздері таңдап алатын міндетті курстар. Негізгі, бейіндік және элективтік курстардың оқу жоспарындағы арасалмағы 50%, 30%, 20% құрайды. Ол оқушылардың танымпаздық мүмкіндіктеріне еркіндік беріп, ниеттенуін дамытады және мектеп бағдарламасында берілген бөлімдерді тереңдете отырып физиканың мектептегі оқу курсына кірмеген сұрақтарды да қарастыруға жағдай туғызады.
Оны оқушылардың өздік ізденуі, хабарламалар негізінде пікір сайыстар жүргізу, презентациялар әзірлеу, лабораториялық жұмыстар жасау, әртүрлі әдебиеттер және энциклопедиялармен жұмыс жасауы негізінде ұйымдастыруға болады. Соның нәтижесінде оқушылар:

  • заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бақылап, зерттей білу;

  • бақылаулары мен зерттеулерінің нәтижесін жаза білуге;

  • түрлі өлшемдер жасай білу;

  • қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау іскерліктеріне ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет