Жұмыс нысандары:
шағын жобалар,
фронтальдық зертханалық жұмыстар,
дара эксперименттер,
тапсырмалар,
практикалық жұмыстар,
пікір талас клубы,
экскурсиялар,
қызықты мамандық иелерімен кездесулер,
виртуальды саяхат,
теорияға ену,
зерттеулер тарихы
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар:
Баспа материалдары.
Оқулықтар.
Анықтамалықтар.
Компьютер мен мультимедиялық тақта.
«ФИЗИКА ЖӘНЕ МАМАНДЫҚТАР» (8-сынып)
«Физика және мамандықтар» тақырыбындағы арнайы таңдау курсының бағдарламасы
Курстың ұзақтығы - 34 сағат. Аптасына 1 сағат.
Бұл тақырыптың мазмұны 8 сынып оқушыларына арналған.
Курстың мақсаты оқушылардың «Физиканың» және әрекет түрлерінің қаншалылықты байланысты екендігін танып білуге және өмірдің барлық салаларында қолданылатын пән ретінде оқуға деген қызығушылықтарының тууына қажетті жағдайды жасау. Элективтік курс «Физиканың» оқу курсының «Тербелістер мен толқындар», «Акустика және дыбыс», «И.Ньютона механикасы», «Оптикалық құбылыстар», «Электр құбылыстары» сияқты бірқатар тақырыптарымен байланысады.
Бұл бағдарлама болашақтағы өз мамандығын таңдаушы түлектерге арналған.
Оқу барысында оқушылар төмендегідей іскерліктерге ие болады:
Құбылыстарды бақылап және оны жаза білуге;
Техникалық обьектілердің құрылысы мен жұмысын білуге;
Физикалық құбылыстарды түсіндіретін ой болжамдарын ұсынуға;
Өлшеуші құралдарды пайдалана алуға;
Нәтижелерді сызбалар, кестелер, графиктер түрінде көрсетуге;
Бақылау, өлшеу және эксперименттердің натижелерін талдап, қорытындылар жасауға;
Хабарламалар мен баяндамалар жасауға (негізгі бақылау және бағалау құралы нысаны ретінде қолданылады);
Microsoft Intel-дің бағдарламаларымен таныстырады;
Физика заңдары мен теорияларының өнердегі көріністерінен білім береді;
Шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп, шыңдайды;
Интернетпен және компьютермен жұмыс жасау тәжірибесін кеңейтеді;
Түрлі мәлімет көздерімен, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге үйренеді.
Қорытынды сабақта болашақта қандай мамандықты және қандай бейіндегі сыныпты таңдайтындығы туралы әңгіме өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |