ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет136/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы
123, Вакцина жасау эссе Абидинов Жаннур 235-Б, pr excel 1, Задачи на измерение количества информации, СБОРНИК ТЕСТОВ АНГЛИЙКИЙ ЯЗЫК АҒЫЛШЫН ТІЛІ, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 900 тест воп
«жоқтан бар жасау»
, яғни 
әлемді жоқтан тудыру 
қағидасын сынға алады. Егер Құдай бұл әлемді жоқтан тудырса, онда: 
«Ол осыған дейін не істеген?» – деген сұрақ туады. Егер Оның осыған 
дейін «ештеңе жасағысы келмесе», онда Құдайдың Бар Ізгілігі жойы-
лады. Ал егер «жасай алмаса», онда Оның Құдіреттілігі қайда? Бұл 
жағдайда Жан-жақты жетілгендік қағидасына айтарлықтай нұқсан 
келеді, ал егер Құдайдың кемістіктері бар болса, онда Ол өзінің ғажап 
Мәнін жоғалтады.
Ғұламаның бұл сынынан маңызды қорытындылар келіп шығады. Ол 
Жаратушы ретіндегі Құдайды жаратылған Табиғатқа қарсы қоймайды. 
Құдай Алғашқы себеп болып табылатындықтан, материалдық Әлем 
Құдайсыз өмір сүре алмайды, ал Ол, өз кезегінде, материалдық Әлемсіз 
өмір сүре алмайды. Бұндай ұстаным, негізінен, 
пантеизмге
(Құдайды 
Табиғатпен біртұтас деп сендіретін ілім) жақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет