ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет138/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы
123, Вакцина жасау эссе Абидинов Жаннур 235-Б, pr excel 1, Задачи на измерение количества информации, СБОРНИК ТЕСТОВ АНГЛИЙКИЙ ЯЗЫК АҒЫЛШЫН ТІЛІ, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 900 тест воп
орнық-
тылығына
негіздеме болады деп санайды. Данышпанның ойынша
егер қоғам әділетсіз жолмен басқарылатын болса, онда халық қарулы 
көтеріліске шығып, ондай үкіметті құлатуға құқылы.
Арабтілді аристотелизмнің дамуын аяғына дейін жеткізген ұлы 
араб философы 
ибн-Рушд 
(1126-1198) Испанияда, Кордово қаласында 
дүниеге келген. Ұлты – араб, латынша есімі – 
аввероэс
. Кейіннен оны 
Данте
«білгіштердің ұстазы»
деп атаған. Оның негізгі еңбектері: 
«алғашқы қозғаушы туралы», «терістеуді терістеу», «аспан 
денелерінің қозғалысы жайында»
және басқалары.
болмыс туралы ілімінде
ибн-Рушд Әлемнің мәңгілігі мен 
шексіздігі туралы айтады. Сөз жоқ, ол өз заманының ұлы болды және 
Құдайды мойындады. Алайда философия мен діннің арақатынасы ту-
ралы мәселені зерттей келе, оларды алған бағыттарында ұқсас деп са-
нады. «Философия – ол діннің серігі және қандас туысы, олар табиғаты 
бойынша серіктер болса, мәні мен тума бейімділігіне қарай достар 
болып табылады», – дейді ойшыл (А.В.Сагадеевтен дәйексөз. – Ибн-
Рушд. – М., 1973. – 198-бет). Философияның да, діннің де зерттейтін 
тақырыбы – Құдай, бірақ Ол туралы мүлдем әртүрлі ойлайды. Сөйтіп, 
егер ұмытпасаңыздар, философияны «Құдай сөзінің қызметшісі» са-
найтын схоластикадан Ибн-Рушд жоғары көтеріле білді. Егер Құдай 
шындықтың мәңгі бастауы болса, онда материя – мүмкін болатын 
әлемнің мәңгі бастауы. Егер Құдай мәңгілік болса, онда Ол жаратқан 
Әлем де мәңгілік. Құдай – қажетті бар болушылық, бар болуы мүмкін 
материяға бітім-пішін бере отырып, оны шындыққа айналдырады. 
Дүниеде ештеңе де пайда болмайды және құрымайды: өзгеру барысын-
да зат басқа затқа айналады. Егер материя заттардың ішкі мүмкіндігін 
құраса, ал пішін оны сыртқы іске асуға, шындыққа айналуға келтіреді.
Ибн-Рушд ары қарай Аристотельдің: Пішінсіз материя жоқ және ма-
териясыз пішін жоқ» деген негізгі қағидасын жетілдіреді. Егер біз мате-
рияны пішіннен ажыратып бөле алмасақ, онда мүмкіндік пен шындық 
та біртұтас, олардың айырмашылығы салыстырмалы ғана. Әлем 


92
мәңгілік болғаннан кейін, ерте ме, кеш пе, әлемнің бар мүмкіндіктері 
іске асырылатынына ойшыл кәміл сенеді.
Ибн-Рушд 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет