ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 ғылым мәдениетте және өркениетте



Pdf көрінісі
бет18/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

1.4. ғылым мәдениетте және өркениетте 
Мәдениет тарихында ғылым ерекше орын алады: оның мәдени 
үдерістердің мазмұнына да, олардың сапалық ерекшеліктеріне де 
қалыптастырушылық ықпалы зор.
Бірақ ғылымның мәдениетке соншалықты қарқынды ықпал ететінін 
түсіну үшін, шамасы, алдымен мәдениеттің не екенін еске түсіру керек 
шығар. Жаңа философиялық энциклопедия бұл ұғымға: 
– Мәдениет (латынның cultura – жер өңдеу, тәрбие, білім беру, да-
мыту, құрмет тұту деген сөзінен) – қоғамдық өмірдің барлық негізгі 
көріністерінде әлеуметтік өмірдің ұдайы өсуі мен өзгеріп тұруын 
қамтамасыз ететін адамның тіршілік қарекетінің (қызметі, мінез-
құлқы және қарым-қатынасы) тарихи дамитын жоғары биологиялық 
бағдарламаларының жүйесі деген анықтама береді (4 томдық Жаңа 
философиялық энциклопедия. 2-том. – М.: Мысль, 2001. – 341-бет).
Бұл анықтамаға жете ойланып қараңыз! Көпшілік жағдайда оны 
толықтай ғылымға жатқызуға болады ғой, өйткені ғылымның жал-
пылама мәдени маңыздылығы мен құндылығының орасандығы 
соншалық, оны мәдениетпен теңестіруге негіз болады. Кез келген 


19
нақты бір мазмұннан алдын ала арылған және ұшқары логикалық 
идеяға айналған, жалпыға ортақ және жан-жақты мәдени даму фор-
масын Ғылымнан көре білген неміс классикалық философиясының 
өкілдері дәл осылай еткен. 
«Мәдениет» ұғымы «өркениет» түсінігімен аса тығыз байланысқан. 
Қазақшалағанда «өркениет» деп қолданылып жүрген «цивилизация» 
(латынша civis – азамат, civilis – азаматтық, мемлекеттік) деген сөз 
әлдебір форма мен өмір тәртібі тағылыққа қарсы қойылған антика 
дәуірінен таныс. «Мәдениет» сөзімен арақатынасы белгіленген дербес 
термин ретінде сөздік қорға және ғылыми түрде пайдалануға XVIII 
ғасырда енгізілді. «Цивилизация» термині бүгінгі таңда қоғамды са-
палы сипаттау үшін ғана емес, сонымен қатар адамзаттың қалыптасуы 
мен дамуының тарихи үдерісіне деген ерекше көзқарас пен өлшем 
ретінде де кең пайдаланылады. Өркениеттік дамудың тұрпаттары 
мен формаларының көпвекторлы түсіндірілуі де осыдан келіп 
шығады. Бір дау тудырмайтын нәрсе мынау: «цивилизация» түсінігі 
«адам тегі дамуының тек әлеуметтік кезеңдерінің бастамасын, оның 
алғашқы тағылық күйден шығуын; еңбектің қоғамдық бөлінуінің 
және ақпараттық инфрақұрылымының даму серпінін, «үлкен қоғам» 
аясындағы әлеуметтік байланыс пен әлеуметтік ұйымның басым фор-
масын белгілеуге мүмкіндік береді (4 томдық Жаңа философиялық эн-
циклопедия. 4-том. М.: Мысль, 2001. – 332-бет).
Танымал ағылшын әлеуметтанушысы, философ және тарихшы Ар-
нольд Джозеф Тойнби (1889-1975) мәдениеттердің тарихи дамуы мен 
ары қарайғы байланыстарының ғаламдық өзгерістері мәселелерін 
зерттей келе, 21 өркениетті бөліп алып, сипаттап шықты. Француз та-
рихшысы Люсьен Февр Тойнбидің дүниетанымын әзілдей «ғарыштық 
оптимизм» деп атады. Алайда жекелеген өркениеттерге пессимистік 
көзқараспен қарауы – кейбір әріптестерінің Тойнбиді «өркениеттерге 
көр қазушы» деп атауына себеп болды. Ал, шындығында, ғалымның 
назары өркениеттің дүниеге келуінен бастап, оның құлдырауына, 
сілесі қата діңкелеуіне және құруына («көр қазушы» деген ат та 
соған бола қойылған, шамасы) дейінгі қатерлі айналысқа ауған еді. 
Оның үстіне, ол Еуропаның өз өркениетін өркениет атаулымен теңбе-
тең санау сезімін жоғалтқанына қатты қынжыла отырып, Батыстың 
дағдарысын өзгеше қиын сезінді.
Тойнбидің идеялары басқа атақты ғалым, неміс тарихшылдығының, 
сондай-ақ өмір философиясының өкілі, сол заманғы мәдениет 
философиясының негізін салушылардың бірі Освальд Шпенглердің 


20
(1880-1936) көзқарастарымен тығыз астасып жатыр. Оның негізгі 
кітабы «Еуропа күнінің бітуі» («Закат Европы») авторды әлемге паш 
етті (екі томы 1918-1922 жж. басылып шықты).
XX ғасырдың басына қарай археология, этнография, салыстырмалы 
тіл білімі және басқа да ғылымдар арқылы жинақталған кең көлемдегі 
материалдарға сүйене отырып, Шпенглер Батыстың дәстүрлі та-
рихи ғылымының ауқымын кеңейте түсуге әрекет етті. Ол аталған 
ғылымның: еуроцентризм, панлогизм, историцизм, «тарихи үдерістің 
«сызықтық» бағыттылығы сияқты негізгі постулаттарын (дәлелдеусіз 
қабылданатын негізгі пікірлерін) қатаң сынап, Батыс Еуропаның басқа 
мәдениеттердің тарихи алаңындағы шынайы орнын айқындап беруге 
тырысты. 
Нәтижесінде, ол әлем тарихында сегіз мәдениетті, яғни, оның 
пікірінше, пісіп-жетілген: мысырлық, үнділік, вавилондық, қытайлық, 
«магиялық» (араб-византиялық), «апполондық» (грек-римдік), «фаус-
тық» (батысеуропалық) және «майя» мәдениеті деген мәдениеттерді 
ажыратты. Ары қарай Шпенглер талқылау нысанасына болашақ орыс-
сібір мәдениетін айналдырмақ болды.
Аталған мәдениеттердің әр уақыттарда Планетаның ең алыс 
түкпірлерінде өмір сүргені, Шпенглердің ойы бойынша, әлемдік 
тарихтың біртұтас үдерісіне дәлел болмайды, бірақ Ғаламдағы өмір 
көрінісінің тұтастығын дәлелдейді. Тарих қозғалысы, оның логика-
сы – бұл барынша жинақталған мәдени-тарихи формалардың дамуы 
және заңды өзгеріп отыруы (бастамасы, кемелденуі, түгесілуі).
Өркениет – бұл мәдениеттің дамуы мен қайта тууының кеш кезеңі. 
Нақ сол ғана мәдениеттің құрығанын дәлелдейді. Бұл – ағза сияқты 
тұтас дүниенің өлуінің белгісі мен көрінісі, оны жандандырған 
мәдениеттің өшуі.
Алайда енді Тойнби мен оның өркениеттеріне оралайық. Олардың 
барлығын да өркениеттік: 
дәстүрлі
және 
техногендік
өрлеудің 
тұрпаттарына сәйкес екі үлкен топқа бөлуге болады.
Дәстүрлі және техногендік өркениеттердің арасындағы айырма-
шылықтың түбегейлі сипаты бар. 
Дәстүрлі қоғамдар
әлеуметтік 
өзгерістердің баяу қарқындарымен сипатталады. Әлеуметтік ұйымның 
бұл тұрпаты, – бұл жерде Батыстың қазіргі заманғы (техногендік) 
өркениетімен тоқайласу, ерте ме, кеш пе, адамдар мен мәдениеттің 
түпкілікті өзгеруіне жеткізетін болғанмен, – бүгінгі таңда да орын 
алып отыр.
Техногендік өркениет,
– оны пайда болған аймағына қарай, 
кең жайылған ұғыммен «
батыстық өркениет
» деп те атайды, – 


21
айқындаушы белгілері көп өлшемдер бойынша дәстүрлі өркениетке 
қарама-қайшы келетін әлеуметтік дамудың ерекше тұрпаты.
Техногендік өркениет радио, телевидение және компьютерлер, тіпті 
әуелі бу машиналары шықпастан көп бұрын-ақ басталған. Көптеген 
ғалымдардың ойынша, оның бастамасы антикалық мәдениеттің, ең 
алдымен, адамзатқа екі ұлы жаңалық: демократияны және алғашқы 
үлгісі Евклидов геометриясы болған теориялық ғылымды сыйға 
тартқан полистік мәдениеттің дамуы болып табылады. Әлеуметтік 
байланыстар саласындағы және әлемді танып білу тәсіліндегі бұл екі 
жаңалық өркениеттік өрлеудің болашақ, түбегейлі жаңа тұрпаты үшін 
маңызды алғышартқа айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет