діни күйзелістер,
сезімдер, құндылық бағдарлары
. Өткен замандардың көптеген ойшыл-
дары ойлағандай, ғылым жетістіктері оларды бұза алмайды, керісінше,
көп жағдайда нығайта түседі, өйткені жаңа дүниетанымдық «күш қосу»
діни түсіндірмелер арқылы беріледі. Теологияның дүниенің қазіргі
заманғы бейнесін дұрыс түсінуге себепші болатынына шүбәлану –
айқын нәрсеге көз жұму деген болып шығады. Мысалы, қазіргі дін
ілімі: әлемде болып жатқан оқиғаларға және мемлекетке қарым-
қатынас туралы, соғыс қаупі мен халықаралық терроризмді болдыр-
мау жолдары жайында, адамның мінез-құлқы немесе әрекетіндегі
еңбек пен білімнің маңызы жөнінде, әртүрлі ұлттар арасындағы өзара
қарым-қатынас және басқа да көпқырлы мәселелер бойынша өмірдің
өзі жаңаша қойған сұрақтарына немқұрайдылықпен қарай ала ма? Сөз
жоқ, олай етпейді!
Ғылым да, өз кезегінде, дәл осы мәселелердің шешімін қарастырады.
Бірақ оларды өзінше, өз әдістерімен шешеді.
Сол себепті ғылым да, дін де адамзат өркениетінің әлемдік
мұхитына өзінің тіршілік нәрі – суын беретін үлкен екі өзен сияқты
көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |