жаңа және бұрынғыдан да
тереңірек білім болып табылады.
Бұл не үшін қажет? Жауап қарапайым: ол қоғам өміріне
инновация - лар енгізу үшін керек. Бүгінгі таңда кешігіп жеткен жаңартумен алға
ілгерілеп келе жатқан қазақстандық қоғамның басты мәселесі осы емес
пе еді?
Кейінгі жылдар тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл – өте күрделі
үдеріс. Қоғамда болып жатқан инновациялық үдерістердегі ғылымның
рөлі қандай?
Қолда бар әдебиетте аталған құбылыстың көпсатылы сипа-
ты көрсетіледі. Бірінші кезекте
іргелі зерттеулердің орасан зор
маңызын ерекше атап көрсеткен жөн. Жаңа заманның бастамасында-
ақ Ф.Бэкон «сәуле беретін тәжірибелердің» (яғни қпзіргі заманғы
терминдердегі іргелі зерттеулердің) маңызды рөлін атап көрсеткен-
ді. Ал олай болмаған жағдайда «жеміс беретін тәжірибелердің» (яғни
қолданбалы зерттеулердің) күні көп ұзамай-ақ бітеді. Бұл айтылған
сөз осы уақытқа дейін де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Осыны негізге
ала отырып, ерте ме, кеш пе, адамға пайдалы