даярланған адамдардың шынайы өмірдің әртүрлі қырларын та - нып білуге бағытталған ерекше рухани қызметі деген тұжырым
жасауға болады.
Ондай қызметті іс жүзіне асыру үшін
субъект қажет. Ол субъект –
шындықты іздеуге бағытталған саналы мақсатты қызметке қабілетті
адам болмақ. Олар – ғалымдар, инженерлік-техникалық қызметкерлер,
зертханашылар және ұйымға біріккен басқа да мамандар. Ең жоғарғы
философиялық
рефлексия (түсініктемесі кітап соңында берілген. – Ау-
дармашы) деңгейінде
бүкіл адамзат әлемді тану және түрлендіру субъектісі болып табылады.
9
Субъект бар жерде
объект де бар. Объект деп зерттеушінің наза-
рын аударатын, оның бойында аталған затты немесе құбылысты танып
білуге бағытталған
белсенді іздестіру қызметін тудыратын нәрсені
түсіну керек. Адамзаттың тарихи дамуына қарай ғасырдан-ғасырға
ұласып, қоршаған әлем туралы аса терең білімдердің жинақталуы
орын алды, ал ол ғылыми таным