Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда



бет1/19
Дата25.12.2016
өлшемі2,98 Mb.
#4695
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Шыңғыс АЙТМАТОВ

ТАУЛАР ҚҰЛАҒАНДА

(МӘҢГІЛІК ҚАЛЫҢДЫҚ)

(РОМАН)
І


Қашанда және барша үшін толассыз шындық бар, алдын – ала білу ешкімнің өз еркінде емес, тағдыр бар, туылғанда жазылған, тек қана өмірдің өзі көрсетеді кімге не тиесілі екендігін, әйтпесе, тағдырға тағдыр болып керегі не... Әрқашан солай болған, дүние жаралғалы бері, әлі де Адам ата мен Хауа анадан бермен қарай, жұмақтан қуылғаннан бастап, өйткені, бұл да тағдыр және де сол кезден–ақ тағдыр құпиясы барша үшін және әрбіріміз үшін ғасырдан ғасырға, күннен күнге, әрбір сағатта және әрбір минөтке шейін жұмбақ күйінде қалуда.

Мінеки, және де осы ретте жағдай солайша өрбіді. Ия, және де осы ретте дәл солай, адамның ақыл–есі ауқымынан тыс және де, тіпті, былайша айтқанда, құдай жаратқан адамзаттан ары жатқан сол оқиғаны кім көз алдына елестете алар еді.

Жалғыз ғана, ақыл жетпейтінге қол жеткізуге ұмтылып, болжауға мүмкін болған нәрсе – екі нәрсенің әлдебір астрологиялық өзара байланысы ма, ол туралы сыр ашу алда тұр, олардың ғарыштық туыстығы, мынадай мағынада, олар бірдей жұлдыздар белгісі астында сол тағдырдың еркімен дүниеге келуі мүмкін. Не болыпты, мүмкін солай да шығар...

Әлбетте, олар жер бетінде бір–бірінің бар екендігі жөнінде ешбір шүбә келтірмеген–ді және шүбә келтіруі мүмкін емес–ті. Өйткені, олар бір қалада тұрды, құмырсқаның илеуіндей құжынаған қазіргі заманғы мегаполисте, тұрғындарынан жер қайысатын, көше дүкендері мен кәуап түтіндері сіңген ішкілік сататын орындарда, екіншісі биіктегі тауды мекен етті, жартасты, шатқалды, қалың нулы аршасы өскен және жарты жылдап көлеңкесінде қар сүрленген баурайда. Сондықтан да оған қар барысы аты тағылды. Ал ғылымда биік таулар туралы сондай ғылым бар, Тянь-Шаньның қар барысы қабылан әулетінен, мысық тұқымдас, соған жолбарыс та енеді. Халық арасында, ол мекен еткен ортада, мұндай аңды “ жолбарыс” (жебе-барыс) деп атайды, оның табиғатына бұл неғұрлым сайма-сай келеді, секірер сәтте ол шынында да, жебедей жылдам. Сондай–ақ, оны тағы да “қар кешкен жолбарыс” дейді, бұл – “қарды омыраулап кешуші” дегенді аңғартады... Бұл да ақиқатқа дәлме–дәл келеді... Өзге мақұлықтар жол іздейді, таудағы омбы қардың құрсауында қалмау үшін, ал ол - қуатты! – төтесінен жол кеседі.

Барыстың аң аулау сағаты көп жағдайда күннің орта шеніне тура келетін. Сол уақыттарда тауда шөп қоректілердің, жабайы елік-ешкілер мен қойлар–арқарлардың суатқа түсер уақыты басталады, олар жан-жақтан шөлін қандыру үшін, тіпті, кейде тұтас тәулікке, келесі күнге дейін ағын сулы жылғалар мен шағын өзендерге бет алады. Суатқа олар жұптарын жазбай, ізбе–із түседі. Жеңіл және серіппедей секіріп, сүрлеу жолға түсіп, жерге тұяқтарының табаны тиместей дерлік, тізбектеле, жан-жағына жеті рет қарап және сергек түрде құлақ түріп, әрбір қас- қағым сәтте жер бетінен серіппедей атылып, қауіп – қатерден ары қарай бас сауғалап, шаба жөнелу үшін азғантай топтармен жүреді.

Жолбарыс, алайда, өзінің жырқыштық ісін өте жақсы біледі. Ол өз олжасын күтеді, паналы жерге ебін тауып жасырынып, әп-сәтте тосыннан, жоғарыдан, жартастың арасынан (бұл ең сәтті тәсіл) немесе кенеттен, бүйірден, бұта арасынан тиісіп, жемтігін аяғынан шалып құлатып және де дәл сол арада оның тамағын тістеп үзгенде сарқырап аққан ыстық қанға лезде боялады, содан соңғысы белгілі тірлік...

Ал олжаны үйірдің мейірі қанып су ішкеннен соң қуып жету – ең жақсысы. Және де сол үшін жақын маңда торуылдап жата білу қажет, құдай ақы қимылдай көрме, тірі жануар, мінеки, бір секіретін аралықта болса да, шыдас беріп, күту керек. Тауешкі қашан өзінің нәзік мойнын құлағымен тарамдап басын кейін көтергенше және де сақтана қарап, сәуле шашқан жанары жарқырай, алдыңғы аяқтарымен толарсаққа дейін су кешіп, сыбдырсыз жұтып, әбден ішіп болғанша жіті бақылап, күту қажет. Олар қаншама көп сылдыр қаққан ылғалды жұтса, барысты соғұрлым үлкен олжа күтеді. Егер де қуғын төтелей басталса, онда іс көбінесе үйлеспейді, бұл- тауешкі–арқарлар өте–мөте жүйрік. Олар дыбыстан да жылдам жүгіреді, олардың аман қалуы дәл осында, дыбыс шығармайды, шаңқылдамайды, үріккеннен жүгірген сәтте кейде осындағы ұсақ–түйек ормандарда құрғақшылық кездері жосылып жүретін кейбір өзге мақұлықтар, жабайы шошқалар секілді жан-жаққа бытырамайды. Ал тауешкі – арқарлар қашан жақсылап су ішкенде, олардың алғырлығы бұрынғыдай болмайды және де осы сәтте баяулатпай, олар суаттан кету үшін әрекет ете бастағанда қимылап қалған жөн...

Және де осы орайда түске жақын Жолбарыс әлдебір бұлақ жанына аңшылық жасауға барғысы келді. Ол ну тоғай арасымен асықпай, үйреншікті қатты ағысты өзенді бойлап, жан–жағына және артына қарап келе жатты, соңында тарғыл туыстастары, қар барысының бірі көрінуі мүмкін еді. Ондай болады және де бұл қажетсіз еді, әсіресе, егер де аңға бір тобы шыққанда. Жөнсіз артық әрекет, сондай–ақ, бір-біріне айбат шеккен ырду – дырду кімге керек! Ең жақсысы – жеке аң аулау, сондықтан да ол жүре берді...

Күн күз мезгілінің алды болатұғын, ал бұл Тянь-Шань биік тауындағы ең жақсы шағы, қарлы борандар жуық арада бола қоймайды, асулар өту үшін қазірше ашық, қайсыбір жабайы құс болмасын, жаз бойы еркін жайылған өзінің тәтті нәрінде, дәмді тәнінде, құстар, олар да сайрап, ысқырып, өз қалауынша сайран салуда, балапандары қазірде жап-жақсы қанаттанған. Ал қысқа салым мұнда құс тұқымынан мүлдем қалмайды, барлық қанаттылар келесі жазға дейін жым-жылас жоғалады. Олар мұнда қыстыгүні төзе алмайды ...

Суатқа бет алған еліктер көрінбес пе екен деп, Жолбарыс бұталы өсімдіктер мен құстар арасында тарғыл терісі елеусіз болуы үшін жергілікті жерге бейімделе жүріп, жан-жағын бағамдады. Биік және тік шоқтықты жерлерде епшілдігінде шек жоқ Жолбарыс ірі салмақты басымен, мысық тектес құлағы және қараңғыда лазердей жарқырап, үңіле қараған көзімен бірге денесімен де шымыр, ұзын және күшті еді, бақсылар мен хандар киетін, әндерде шырқалатындай ап-анық тарғыл жібектей қалың жүнді теріге ие болатын. Жер бетімен өте сабырлы қалыппен келе жатқан ол африкалық туысы қабыланмен өте ұқсас, тіпті, құйрықтары да бірдей ұзын және сесті екендігін білді ме екен. Рас, туысы–қабылан ағаштарға өрмелеуіне тура келеді, бұл мысық секілді олжасына қолайлы болады, ал қар барыстарына маңғаздана құз, жар бойымен өрмелей жүру жазылған, сонымен бірге төрт-бес мың биіктікте Африкадағыдай сондай қуатты ағаштар мұнда жоқ; орман ағаштары төменде, далаларда өседі, ал онда бұтақтар мен кеспелтек ағаштарда сілеусін тұқымдастары ғана тіршілік жасайды... Рас, кездеседі, сол ормандарға барыстар бас сұғады және сілеусіндер оларға айбат шегеді, сес көрсетеді, өздерінің шөберелес туыстарын танымағандай. Қар барыстары үшін өзге, биік әлем бар, оны мекендейтіндерге тек аспанасты таулар ғана қызмет етеді және де жарыс бәсекесінде қуып жете алмас тауешкілері–арқарлармен болатын айқаста оларды ұлы аңшылық күтеді ...

Жолбарыс жуық арада бағыт-бағдарды таңдап анықтады, кішігірім өзенше жағасындағы бұталар жанындағы дәу, домалақ тастар арасына жайғасты. Тырнақтарын ыңғайлады және икемделді, жасырына түсті. Мұнда су ішуге тауешкі – еліктер келуі керек еді, олардың саны жетеу болатын, олар тау баурайымен тізбектеле, ізбе-із, тәкаппарлана және сонымен бірге үрке бастарын көтеріп келе жатты. Оларға құз жықпылдары арасынан ол бағанадан бері көз талдыра қарады. Ендігіде күтумен тапжылмай, қатты да қалды.

Күн тас төбеде, биікте тұрды, жарқырап сәуле шашты, анда-санда көрінген ақшыл бұлттар Тянь-Шань жоталарының мұз басқан ұшар төбесін сипалай жөңкуде. Бәрі де тіс қаққан аңның ішкі түйсігі бойынша ойдағыдай еді. Аң аулаудың шешуші сәті жақындай түсті. Жалғыз ғана, Жолбарысты іштей біршама құлақ түргізген нәрсе, бұл дәу, домалақ тастар арасынан жасырынып бақылап жатқан қалпы өзінің тыныс алғанын анық естіді, ешқандай ап-анық дем ала алмады. Бұндай, әрине, болады, қатты жүгіргенде және шұғыл секіргенде немесе ұрғашы үшін өштескен шайқаста, ақырған және қырылдаған сәттің өрекпіген шулы тыныспен сапырылысқанында, жүндері түтілгенде, төңіректегінің бәрін де буындырып өлтіруге даяр кезде. Бірақ көңіл бөле, қадала қарауды және торуылдаған жермен толық, тұтас болуды қажет ететін, қозғалмаған қалпы күткен жағдайда, барлық назар сыртқары аударылғанда, мұндай тыныс алудың қажеті жоқ. Солай болғанда да, ол өзінің әрбір жеке демалысы мен демінің шығысын есітті. Мұндай жағдай онымен алғаш рет кезікті. Және де жүрегі бұрынғыға қарағанда бүгін анығырақ дүрсілдеді, құлағына дейін жаңғырды. Жалпы алғанда, соңғы кезеңде Жолбарыстың өмірінде көптеген нәрсе өзгерді. Өйткені, ол өткен қыстан бері тобы шеттеткен, бұралқы тірлік кешкен, долданған, жалғыз- ілікті, саяқ барыс. Мұндай болады, аяқастынан кәрілік басталғанда. Бұған ежелден әзірленді. Оның ұрғашысын жаңа барыс, жастауы қағып әкеткенде ешкімге де бұрынғыдай қажеті болмай қалды. Айқас сұрапыл болды, бірақ бәсекелесті еңсере алмады. Кейінірек тағы да шайқасты, өлгенше ырылдасты, аянбады және де бөтен барысты қуа алмады. Сол қисық құлақты (оның бір құлағы тыртық еді, мүмкін, бұрынғы айқастардың белгісі болар) сирек кездесетін кекшіл, шаршап-шалдықпас, бір бет аң болып шықты, Жолбарыстың ұрғашысынан бір елі ұзамады, оған жақындай түсті, бейімделді, ойнақтады, айбат шекті. Және де бұның бәрі Жолбарыстың көз алдында өтті. Ең соңында Жолбарыстың таудағы жер сілкіну кезінде өлген алғашқы ұрғашысынан соң ұзақ уақыт бірге тұрып, екі рет күшіктеген ана барыс өз еркімен жаңа барыспен, қисық құлақпен кетті. Кеткенде қысылып-қымтырылмады, құйрығымен оңды-солды ойнақшытып, бірде қысып, бірде көкке шапшытып, кейде доға секілді орағытып жаңа серігіне бүйірін және иығын тигізе жылыстай берді. Кетті, көзін бірде-бір рет қақпай...

Жолбарыс сонда соңынан қуа жөнелді. Қуып жетті, жету қиын емес-ті, олар баяу желіп қойнауды бойлап бара жатты, бірақ ешнәрсе шықпады, бәрі де бұрынғысынша қайталанды, тағы да тағылыққа тола айқас басталды. Алайда, осы ретте ұрғашы барыстың өзі Жолбарысқа қарсы шапты, жұлқылады, тістеді және бұл Жолбарыстың үйірдегі бұрынғы орнын сақтауға ұмтылудағы, барыстар тұқымындағы табиғат дарытқан өз ұрпағын жалғастырушы рөлін ұзартудағы соңғы рет болған соққысы, түпкілікті жеңілісі болды.

Бірақ сонда да өз-өзіне азырақ келген соң, Жолбарыс қан қызуымен көрші үйірге бас салып, жаңадан жетілген ұрғашы аналықты алып кетуге ұмтылды. Мұнда да жан алып, жан беріскен айқас болды, өйткені, бірден еркек кіндікті үш барыс бір-бірімен табан тіресе шайқасты, тағы да ешнәрсе болмады. Ұрғашы аналық және жас үміткерлер үйірі өзара қарым-қатынасты анықтау және өз мәселелерін шешу үшін жақын арадағы тау шатқалына қарай құйғыта жөнелді, ал ол өзінің тағдырына жазылған басты нәрседен шеттетіліп, аластатылып жалғыз қалды, тұқымды жалғастыру үшін күресте табиғат қашанда жаңадан құйылатын күштердің тарапында екендігін дәлелдегендей...

Жолбарыс ең алдымен, түбегейлі ұзап кету мақсатында төңіректеп едәуір уақыт айналсоқтап жүрді, бірде жүрген бойында бір жайда сіресіп, қатты да қалды, бірде орынсыз арлы-берлі жүгіре берді, кейде жатты, кейде тұрып, жандалбаса өкірген дауыспен тауды жаңғыртты. Егер де табиғат оған дарытқанда қасқырша ұлығысы да келді. Есеңгіреген, әбіржіген ол өзін қоярға жер таппады, тіпті аң аулау құмарлығы да одан баз кешкендей, олжаны ойлау жайында қалды, тауешкілер үйірі жанынан жайбарақат желіп бара жатты, оған, тіс қаққан Жолбарысқа, әлі де қартая қоймаған, әлі де мықты, жеңілуді білмейтін аңшыға қазір олардың қарауға мұршасы жоқ екенін сезіп білгендей...

Істің мән-жайы да солай еді. Және де сонда, дағдылы уақыттың өзі оған неге екені түсініксіз мәнін жоғалтқанда, ол кенеттен өзінің қайғы, шерінің ең жоғарғы нүктесі болған көріністі көзі шалды. Құзды жотаның жанында тұрып, діңгегі бұжыр аршаға сүйеніп, ол жан-жағына бейжай көз салды және ойда жоқта, төменде қойнауды бойлап ұйлыға жүгірген, жұптасқан қар барыстарын көрді, жап-жас алғаш рет бірін-бірі тапқан еркек және ұрғашы барыстар, күш пен құмарлыққа толып, жүгірген бойы билеп, ойнақы халде бір-бірін тістелей, жер бетіндегі тірліктен арылып, бұл дүниенің биігіне көтерілу үшін бойларында жүгірген қанды қыздырып жатты... Тіпті, соншалықты аралық болса да, олардың көзі арбалып, алаулағаны көрініп тұрды.

Жолбарыс еріксіз түрде жерге топ ете түсті және де бауырын төсей жүрді, өз-өзінен баз кешкісі келгендей ыңырсыды, бірақ қайда кетпек? Бір кезде дәл осындай тән салтанаты онымен бірге және де өзі үшін көрші үйірден тартып алған уылжыған жап-жас ұрғашы барыстың басынан өткен–ді, сонда олар да қосақтаса, дәл осындай жұптасқан халде жүгіріп, өздерінің тұқымдас барыстардың көз алдынан ұзағырақ болуға, олардың алдында иттерше жағаласып, көзге көрінген түрпідей болмауға ұмтылды, өйткені, бұл құпия табиғаттың өзі қалағанындай тек қана екі жұпқа ғана тиісті, оған және ұрғашысына түбегейлі оңаша болған жөн... Мінеки, олар сонда дәл осылайша қосылысудың жан күйдірерлік шөлін баса алмай, сиқырлы сәтті күтіп, денелері оттай жанды, төбелеріндегі заңғар көк те алаулана өртке оранды, алдағы тау шыңдары жанарларының отты сәулелерінен тербетілді. О–о, төңіректегі бүкіл әлем қоңырауды бебеулете соғып, нұрлана түсті. Ал олар, жаңа жұп, мінеки, осылайша жарасқан халде бүйірі мен бүйірін тигізіп, бір-бірінен мас ететін қуат алып, дәл осындай қоңыр күз күні келесі көктемде тауда жаңа төл, қар барысы тұқымының жалғасуы үшін бірге келе жатты...

Олар бір-біріне толықтай жанасып, ұшқыр жүзетін балықтардай жүгірген сайын денелері сымдай тартыла, желдің ыңғайына қарай құйрықтарын желпінте ұшты. Ұрғашы барыс – міндетіне орай оны жартылай бас ауқымында не ары, не бері емес ілгері ұмтылып сәл алдында келеді, ұрғашының басымдығы осында. Еркек барыс – жартылай бас не ары, не бері емес, кейінірек қалып және оның денесінің иісіне масайып, ыстық деміне тойып, жүгірген сайын оның дүрсілдей соққан жүрегінің ұрысын есіте түсті. Және де сол уақытқа дейін әлдебір құпия сыр оны тырп еткізбеді. Сол сәттерде ол желмен бірге сусылдай тарап жатқан қандай да бір жаңа созылыңқы, гулеген және ысқырған дыбыстарды естіді. Олар қай жақтан екені белгісіз төбеден жарық сәулесінен пайда болып, күшейе түсті, бой сергітер ауа қозғалысымен бірге ұшты, тезірек батып бара жатқан күннің шұғыласында байқалды, төңіректегі тау мен орманның тербелісінен сезілді. О-о, егер де қар барысы мән-жайды ұғынар болса, онда бұл өңірдің ғаламдық әуені, олардың басы біріккен ұлы увертюрасы болатын...

Бірақ бұл жиі болатындай, нәтижесінде қатал шындыққа айналатын бар-жоғы тәтті сағым ғана еді. Күндер ағып жатты, жыл кезеңдері алмасты және сағым секілді қайта-қайта оралды...

Тағдырдың күйін болжай алмайсың, солай болған, мәңгі солай болады және де оған ешбір үкім жүрмейді.

Сол күні Жолбарысты шеттету тағдыры тап келгенде, оны ұрғашы барыс баршаның көз алдында жеңіп шыққан қисық құлақпен бірге болу үшін соңынан ере жөнелгенде, сол үшін күні бойы еркек барыстардың шайқасы болғанда, Жолбарыс төңіректі кезіп кетті. Босқа сенделді, өзіндегі арынды кекті басуға ұмтылды, бейдауа қаңғырды, тіпті, аң аулауға зауқы да соқпады. Мінеки, сонда осындай да арамдық болады екен, ол қалың таулы алқапта оларға кезікті, ұрғашы барыс пен қисық құлақты еркетотай бәсекелесінің бір-бірімен тақалып, шағылысқан жұбына жолықты. Ол бір шарықтау шегі еді: олар арты мен арты өзара желімделгендей қозғалмастан тұрды және бір-біріне қарап жай ғана ыңырсыды. Жолбарысты көріп олар кенеттен сал болғандай қатқан халде қалды. Бәрі де көзді ашып-жұмғанша болды. Ашуға булығып, дыбыс шығара ырылдап, Жолбарыс қауіп-қатер туғыза, басын төмен түсіре, сиам егіздері секілді өзара байланған екеуін бас салуға, талап тастауға, шайнауға, алқымдарын арса-арса етіп айыруға даярланып, бірден-ақ кек алу үшін жақындай берді. Бар-жоғы тағы да бір-ақ адым жер қалды. Бірақ соңғы сәтте ол кенеттен тоқтады және қозғалыссыз мізбақпай қатты да қалды, көзге күйік болған, жабысқан жұпқа қадалған жанарына қан толған халде көз алмастан, әлдеқандай бір күш, әлдебір дауыс, әлденендей ерік оны тоқтатты.

- Тиіспе, ұрпақ әкелу үшін қауышқандарға зияныңды тигізбе, - деп әлдебіреу ап-анық айтып тұрғандай, іштей бұйырғандай. Ол кері қарай бұрылды және сүрініп-қабынып, көзден таса болды және де кетіп бара жатып ыңырсынды және күңіренте ыңырсып, күйініп кетті...

Тұқымдас барыс үйірінен мейілінше алыстай түсіп, Жолбарыс жападан-жалғыз қалды, нақақтан-нақақ қанға бөккенше шайқасуға әзір жан аянбас және айбарлы саяқ жүретін аңға айналды.

Ол үңгірлерде тұрды, өздерін сақтап қалғысы келген аңдарды қуалап, тау биігіндегі қарларды кешті және де күнделікті олжаны сұраныстан анағұрлым көп мөлшерде бейнебір осының бәрін жан-жақтан ансыздап келіп ұсақ-түйек мақұлықтардың – шибөрі, түлкі, борсықтардың және дауыстары қарлыққан, наразы күйде шаңқылдаған және де қанаттарымен, тырнақтарымен үнемі соққылайтын, базары таусылмас даукес құзғындардың жеп кетуі үшін үйіп тастады. Жолбарыс осынау үйіндінің бәріне сырттай үнсіз және жек көре қарады. Ал кейде оларды қуалауға ұмтылды, ыңырсыды, күңіренді, бейнебір олар бір нәрсеге кінәлі болғандай. Ол өзінің ашу-ызасын, жан ауруы мен өткенге деген сағынышын осылайша басты...

Күндер өтіп жатты, таулар өз жайларында әрқашандағыдай шыңдары жарқырап, мәңгілік қырауланған қар мен мұзға оранып, мізбақпай тұра берді, ауа райы өзгерді, қыс пен жаз айлары алмасты және де дәл осылайша өзінің жеке басымен жалғызсырап, сырт көзге ешбір өзгермей, жолбарыс секілді биік таудың тарғыл патшасы Жолбарыс та тіршілік жасап жатты. Бірақ білінбеген халде ол өзінің тынысы демікпеге ұшырағанын сезген күндер де келіп жетті... Алғашқыда кейбір кездерде және ең бастысы, кенеттен және күш жұмсаған сәттерде демікпесі байқалды, бірақ тынысының кеудесін сұққылай, қалыпты жағдайда көзінен жанын шығара ауыртқаны бұрын болмаған-ды.

Жолбарыс осы сәтте еліктерді суат маңайына жақын жерде күтіп, алғаш рет тынысының аң аулағанға дейін дүрсілінен жаңылғанын сезінді.

Іс-әрекет етуі әдеттегінше еді, жасырын жайда күтіп, тауешкі- арқарлар мейірлері қанып, ішіп болғанша және сәтті жағдайды қолдан шығармай шабуылға шығу болатын. Бірақ бұл қазірше ойдағы ниеті ғана еді. Өйткені, бәрі де қолмен қойғандай болуы қажет болатын, себебі мынадай жағдайлар да кездескен, тауешкі-арқарлар әлдеқалай жасырын тірлікті сезіп қалып, көзді ашып-жұмғанша басқа жаққа жалт бұрылып, көзден лезде таса болатын. Сонда қайтадан із кесуге қуалап әбігерге түсуге мәжбүр болатын-ды, ал одан соң жолы қалай болады...

Осы сәтте Жолбарыс тағдырға наздана алмас-ты. Арқарлар, ал бұлар дәл солар еді, жабайы мүйізді қойлар, жүйріктер және тастан-тасқа секірушілер, биік таудың ең аяқ тимеген жеріндегі шөптері мен жемістерін жейтіндер, шетке бұрылмай, Жолбарыстың өзі күтіп жатқан, жасырын жүрген, ағын судың ирелеңдеген бұрылысына келе жатты. Олар оны ұзақтан байқамады, жақыннан сезіктенбеді және жайбарақат жағалауды бойлай, тізбектеліп, қатар түзе іше бастады.

Орнында қозғалмастан, Жолбарыс оларды паналау жерден көз тіге бақылады. Бәрі де өз кезегімен өтіп жатты, жануарлар суаттан су ішіп рахаттанды, жан шақырды, тек қана күту қажет болды. Жалғыз ғана, әдеттегі жағдайға дөп келмегені, бұл Жолбарыстың өзінің деміге тыныс алуы еді. Қырылдаған, көкірегінде сырылдаған дыбыстар естілді және де бұлар қазірше кедергі келтірмегенімен, тыныс алудың қиындығы дегбірсіздендірді.

Алайда шетте тұрған үйірдің басшысы, үлкен мүйізді арқарды барыс найзағайша соғып, екі секіріп, жотасынан табанының сұрапыл соққысымен құлатпақ болған сәтте, тыныс демікпесі өз дегенін істеді, шабуылы тосылды. Секірген бойда, биікке көтерілген тұста ол үйірдің бір мезетте үркіп, бастарын шұғыл көтергенін көрді, оған тырнақтарын тікірейтіп, табанымен сұрапыл соққы беру ғана қалды, мінеки, ол межесіне жетіп-ақ үлгерді, бірақ шетке ырғыған бойы ақ қардың жанына гүрс етіп құлады. Демі жетіспеді. Ашу- ыза буған Жолбарыс осы арада орнынан ышқына ұмтылып, арқарға қарай тағы да секірді, бірақ ол сытылып шықты, оның соңынан барша үйір қауіпті де жыртқыш аңнан қашып, дүркірей жөнелді.

Әлі де болса, арқарларға жетуге болар еді, әлі де болса, алғашқы кезіккенін құлату мүмкіндігі бар еді және де Жолбарыс барша күшімен жарыса ұмтылды, бірақ тағы да сәтсіздікке ұшырады, жете алмады, құлата алмады, ышқынғанмен жеңіс салтанаты жүзеге аспады, ал үйір бірте-бірте ұзай берді... Азап шеге, тынысы деміксе де, өзін-өзі күштеп, тағы бір рет ұмтылмақшы еді, бірақ бәрі де кеш еді... Мұндай сәтсіздік алғаш рет Жолбарыстың басына түсті. Бірақ енді орны толмас және қатты қорландырған нәрсе, бұл бассалмақ болған қанқұйлы аңнан безе жөнелген үйір басшысы, ширатпа мүйізді қошқар-арқардың шауып бара жатып, шұғыл түрде бұрылып, сес көрсете, мүйізін тербете айбар танытқаны, тұяқтарымен жерді дүрсілдете тарпып, көзден таса болғаны еді. Бұл ендігіде Жолбарысқа сөзсіз табысқа құлай бермеуі қажет екендігінің және ол қазірде тапқанына ғана күнелтіп, өзгелер олжасының қалдығын місе тұтуы керектігінің белгісі еді.

Ия, әрине, бұрында да аң аулау кезінде ұсақ-түйек олқылықтар болатын, бірақ мұншалықты жеңілісті Жолбарыс әлі де біліп, көрмеген-ді...

Ол өзіне-өзі ешбір келе алмады, сең соққандай теңселді, тыныс демікпесін тыныштандыруға әректтенді және де басы ауған жаққа қарай лаға жөнелді...

Дүние қараң қалды. Және де Жолбарыс ең ақырында таулардың, сарқырамалардың және де ормандардың сиқырлы дауысын, сонау ғаламдық әуенді естігісі келді, дауыс сала өкіргісі келді, бірақ әлем үн қатпады...

Жалғыздан-жалғыз, биік таудың өкпесі өшкен бұрынғы патшасы Жолбарыс қайда барарын пайымдамай, тауды кезіп кетті. Баспана, үңгір табу мәселесі алда тұрды, онда жападан –жалғыз өмірінің соңын күтіп, өзінің баяу ғана бет қаратпай өшуге айналған ақырғы күнін өткізбек болды. Және де жыртқыш аң өзімен бірге оның тағдырын адамның бөліспейтіндігін ешқандай болжап білмеді. Бұндай тірі жан туралы ол тек қана естігені бар еді, анығырақ айтқанда, таудағы мылтықтан атылған оқтардың жаңғырықтары ғана сездіретін, ол ондай сәттерде еріксіз дүр сілкінетін, орнында мелшиген күйде қозғалмай қалатын және ұзағырақ кететін, бірақ адамның өзін жақыннан көру- мұндай әлі де болған емес-ті.

Алайда, мұндай кездесу оның маңдайына жазылған еді. Тағы да–тағдыр да...


ІІ
Түсіндіру қиын, бірақ сондай жағдайлардың түйісуі болады, іс-әрекет орны да, уақыты да, ең бастысы, адамдардың қылығы да, бейнебір, тағдырды күтпеген бұрылыстарға мәжбүрлейді. Осыған ұқсас жәйт сол сәтте де пайда болады. Тіпті, ол оқиға осылайша өрбиді деп ойламады да. Ойлады, сенді, түптің түбінде ақиқат салтанат құрады деп. Өйткені, ол өлуі мүмкін емес. Сондықтан, өмір сүр және әрдайым ақиқатты дәлелдей бер, сол үшін тіршілік етеміз, жоғарыдан солай ұйғарылған. Тек жалғыз ғана нәрсе–ақиқат дегеніміз не?...

Әдеттегідей, жұмадан сенбіге қарағанда түнгі өмір қарбаласқа тола күндерден едәуір ерте толастайтын. Кеш түсісімен, Арсен Саманчин өз орнына жайғасып үлгерген-ді. Мейрамханада стол жанында отырды, тапсырысты берді де, темекі тартудан тізгін тартты. Темекі тартумен айқасты. Тастады да. Сонда да әдеттегінше, тартқысы келіп-ақ тұрды, тартқысы келген кезде құмарланып, денесі құрыстанды. Сәлден соң, терезе сыртында ымырт түсісімен көше шамдары жарқырап, даңғыл жол бойымен жүйткіген автомашиналардың кіші шамдары мен жарықтары жылтылдап көріне бастады.

Мейрамхана іші әлі де жарым-жартылай бос еді, бірақ біраз уақыттан соң мұнда айтқандай-ақ, ине шаншар жер қалмайды. Оның таңғалатындай ешнәрсесі жоқ: уақытын сән–салтанатпен өткізгісі келетін жұрт жапатармағай осы жаққа, Емен паркінің шетіне, қазірде ауызда сән үшін айтылатын, ең мәртебелі, сән-салтанатты және де, әрине, ең қымбат, 90-шы жылдардың перзенті, бұрынғы Офицерлер үйіне, евростильмен әрленген және өте мықты сәнмен әспеттелген “Евразия” деген геосаяси астармен аталған мейрамханаға қарай ағылатын.

Мінеки, осы “Евразияда” ол өз уақытын күтті. Сырт көздердің баз біреуінің таңдануы да бек мүмкін еді, неге ол мұнда жиі бас сұғады және барлық уақытта жеке ғана өзі деп? Тәуекелге барып, барынан айырылған бизнесмен болса бір сәрі, онда түсінікті, өкініш буады. Алайда ол ондайлардан емес және де оның “Евразияда” достарын күтіп отыратындай, шарап бөтелкесі жанында отыруға қозғау салған себептер, тіпті өзіне де оншалықты анық емес-ті. Сыртқы түрімен, уақытын босқа өткізбейтін секілденіп, ол өзінің жанынан бір елі тастамайтын кейсінен әлдебір қағаздарды алып қарастырды, тесіле оқыды, шарапты ішіп және де кезекті әуенге құлақ түрді, іштей сарылып, шын мәнінде тәуекелге басын тіккенін де түсінді, бірақ өзге шығар жолды көре алмады, әйтсе де, айшықтала бастаған бағытты ескеріп, алдын-ала сезді, оның үміті мен күткені түгелдей жоққа тән болған еді, сондықтан, осы ретте оған соңғы рет кіру мүмкіндігі берілмек. Ия, қимылдап қалу қажет еді, оған жақындап, әңгімелесу керек-ті. Ол қалайша кейіп танытады? Өзгелер оны ендігіде бірінші рольді ойнайтын опера әншісі деп атайды, бірақ бұны ол да, бұл да біледі... Бастысы – сәтін жіберіп алмау. Ақиқатты құтқарудағы және бір ұмтылыс. Ол тағы да өзінің жеке ақиқатымен, енді бұл қашанға шейін созылуы мүмкін! Бірақ іс жүзінде қалайша болады, жауап іс-әрекеті қандай болмақ, айту өте қиын. Оның бастан кешкендері мен сенімінің адал ниетіне күмәнданбағаны және бас тартпайтындығы соншалықты, тіпті, солар үшін сусыз шөл далада өліп кетуге әзір еді, алайда, оның тарапынан қазірде түсіністік болады дегенді болжау қиын-ды. Мінеки, қалайша бәрі теріс айналған. Шындық аластатқан романтика мен армандар-ай! Ал ол солар үшін жанталаса жабысады және қақпанға бірге түссе де, бас тарпайды. Және бәрі де қазіргі заманға сай автобан жолымен зуылдап өтіп жатқандай, ал бұл жарымес, жол жағасында жалғыздан-жалғыз қол көтеріп тұр, бірақ ешкімнің де онымен шаруасы жоқ. Мінеки, және бір ұмтылыс. Сондықтан да ол ертерек келуге асықты және оған эстраданы тамашалауға ешкім де кедергі келтірмеуі үшін отыратын орынды әдейі таңдады. Бұлайша жайғасуы қажет болатын...



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет