Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда



бет14/19
Дата25.12.2016
өлшемі2,98 Mb.
#4695
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

  • Сенемін! Және де бостан–босқа кешірім сұрама, Елес. Әңгіме айтуға тұрарлық, мен де әлі де көп нәрсені қосар ем, бірақ қазірше қоя тұралық... Кеттік, күн қарауытып барады. Іс жайлы тағы да сөйлесерміз. Ал біздердің бір–бірімізді сүйетініміз ендігіде менің өмірімдегі қайтадан ән салған әсем әуенінің үйлесіміндей.

  • Ал, Арсен, мен сенің руліңе кедергі келтірмес үшін гитарамен артқы орындыққа жайғасамын және де ескі және жаңа әр алуан әуендерді жай дауыспен орындайын. Бола ма?

  • Болғанда қандай! Мейлі бұл мен үшін өзіме ғана арналған концерт болсын. Тыңдайын, ойға шомайын және ... тағдырыма алғыс айтайын.

  • Не үшін?

  • Сен үшін, Елес.

    Ах, егер де Елес бұл жер театр сахнасы еместігін білсе, егерде Арсен Саманчиннің барыстарды қуатындардың басында қандай қатерлі ойдың пісіп–жетілгендігін және бүге–шігесіне дейін жаһандануға қарсы Тастанауғанның өзінің әскери бас киімін киіп, кепілге алынғандарды басып алуға белгі–бұйрық беруге шақ қалғанын, бұның бәрі немен бітіп, немен аяқталатынын айтпай, қаншама қажыр–қайрат жұмсап, өзін-өзі тоқтатқанынан хабардар болса... Және де өзінің құрған торға қалай түскенін білсе екен. Шырматылған тордан шығуы да екіталай... Қарғыс атқыр аңшылық бизнесі! Бәрін де, адамдарды да, аңдарды да бір түйінге күрмеп байлап тастады, одан тірі босана алмассың. Бірақ ол махаббат жалынына оранған сәтте де бұл жайлы ішкі сырын жайып салмады...

    Күн батуға таянды. Және де табиғаттың ғашық жандарға иілетіндігі рас болса, онда олар бұны өздерінің жан–тәнімен түйсінді. Қайтар жолда махаббатқа марапат ретінде қоршаған әлемнің барша ғажайыптары оларға тілектес болды.

    Кеш алдындағы таулар күннің тәмамдалуын алаңсыз және маңғаз қалыпта қарсы алды, ерте түскен ымырт кескін–келбеттерді бірте–бірте бұлдыратып, құз шыңдарының өткір және кесек бітімін солғындата көзге көрінбес көрпесімен жан–жақты түгел қымтай бастады. Ал жоталардың үстіндегі ашық аспанда, бас айналар биікте аппақ–аппақ бұлттар түйдек–түйдегімен жөңкіп жүрді. Сол күні жел де, жаңбыр да, тым ыстық та болмады. Асылында олардың бақытына орай керемет, қайталанбас күн орныққан еді.

    Еңіске түскен соң, “Нива” жылдамдықты қоспады, жадыраған жұп сауық–сайранды ұзартқысы келді, бұл олар үшін жай ғана ерікті түрде уақытты босқа өткізу емес–ті, зеңгір аспан жіберген ғашықтар жүздесуі еді, екеуі үшін соншалықты қалаулы болған және соншалықты маңызға ие болған–ды, өткеннің бәрі де лезде олардың өмірінің тиянақты бөлігінен сылынып тасталды, қазіргі күн, жаңа күннің бастауы белгіленді. Бұл жақсылықтың нышаны ма еді? Бірақ бұл жайлы олар қазірше ойламады, өздерінің махаббат буына мас болған сәттегі жуық арада екі жаққа ажырасар алдында олар кенеттен басқа қонған бақыттан өзге, тіпті, ешнәрсені де ойларына алған жоқ–ты.

    Елес артқы орындықта отырып, гитарада дауысын көтермеген күйі әуендетті, ал Арсен таныс әуендерді тыңдап, өзінің “Нивасын” сан рет жүріп өткен жолмен жүргізе берді, бірақ қазірде осы жолдар бейтаныс секілденді, себебі ол бұл жолмен өзін тұла бойы жаңа кейіптегі адамдай сезініп, алғаш рет сүйіктісімен бірге келе жатқан–ды, мүмкін, сондықтан да ол әр нәрсеге көңіл бөлгісі және байыпты ойлағысы келмеді. Олар оқтын–оқтын әзілмен тіл қатысты, бірін – бірі сөйлемей – ақ ұғысты.


    • Ал егерде мен машинаны бұрып, екеуміз де қалаға кетсек қалай болар еді? Сен бұған қалай қарайсың? – деп сұрады Арсен бір сәтке бетін кері бұрып.

    Елес жақынырақ жылжып, дауысын көтермей, мүлдем сыбырлай түсіп жауап берді:

    • Қай жерден бұрылсаң да мейлі!

    Осынау ізгі көңіл–күйдегі Арсен Саманчин бір ғана ақылға сыймайтын жағдайға таңданды: оның ізінен ерген көлеңкедей бір сәтке де соңынан қалмаған кек алу туралы зұлым ойлар бірте–бірте сейіле түсті, ол күнәдан ұзағырақ болуды, оны мәңгіге ұмытуды жаны қалады. “Құрысын ол, Курчал! Мен онсыз да, жұлдызға айналған Айданасыз да өмір сүре аламын, сүремін де. Мен қандай бейшара делқұлы болғанмын. Болды! Нүкте қойылды! Өмірдің өзге де қуаныштары бар!” деген ой келді оған. Және де: “Ал Мәңгілік қалыңдық бәрібір ұмытылмақ емес. Бірақ қазірде мен жаңа күшпен іске кірісе аламын...”

    Арсен Саманчин және де Елеске үйленбекші болып, пайымды түрде, тыңғылықты халде ойлана бастады. Бәрін де таразының екі басына салғанда, олар мінездерімен, өмірге деген көзқарастарымен бір–біріне сайма–сай келді. Ол оқығаны, тоқығаны бар, оңы мен солын жете аңғаратын, қай кезде не айтарын білетін әйел, болмыс – бітімі де жақсы; ел-жұртты аралап, саудамен жүргеніне қарағанда өте қажырлы да. Бұл істе көпес әйел секілді бауырсақтай томпайып, самауырдың жанында жайғасып отыра алмайсың. Және де, айтпақшы, туыстарының өкпе-наздары мен наразы сөздерінен құтылар еді. Әсіресе, ауылда кей–кейде Черчиль ағай деп атайтын шеф Бектұр аға, Ардақ інішегі мен немерелес, шөберелес туыстары қуанып қалатын–ды. Бірақ, әрине, ең бастысы–Елестің өзі тағдырдың осынау кілт бұрылысына қаншалықты даяр екендігінде болса керек. Өйткені, оның да өз проблемасы болуы мүмкін. Ер азамат ретінде алғашқы сөз, әрине, өзіңде. Ол Елестің жүрегінің төрінен орын сұрауға тиіс...

    Әрине, бұл жайлы әлігіндей әзілге бұрмай, қазір–ақ өздері “Мерген” фирмасының істерімен жүргенде байыппен айтуға болар еді деп ойлады ол Елестің әзіл–шыны аралас сөздеріне құлақ түріп. Алайда, өмір бақыт үшін әрқашанда сыйақы дәметкендей оның көңіл–күйлерінің жолын кес–кестей берді. Арсен Саманчин қаншалықты өзіне-өзі Тастанауған мен оның серіктестерінің не әзірлеп жатқаны жайлы ойына тоқтам жасамақ болғанымен, осы ой–пікірлерден біржола арыла алмады, ол осыған өзін сендірмекші болды да, Тастанауған есін жинайды, алда сәуле шашқан миллиондаған олжаға қарамастан, өмірде бір келетін мүмкіндікті жеңе алады, сөйтіп, бұндай адам естімеген іс-әрекетке қол көтермейді және туған жеріне қасірет әкеліп қана қоймай, сонымен бірге өз елінің абыройы мен беделіне қандай нұсқан келтіретіндігін санасымен түсінетін болады деп ойлады.

    Бұның бәрі де тап–таурын, нәрсіз сөздей естіледі, бірақ әр ретте күрделі жеке проблемаларды шешуге тура келгенде сенімің нығая түседі: қалай дегенмен де біздің әлем айырықша жасалынған. Бесігінде–ақ қарама–қайшылыққа бөленген кезден бастап, дүние мәңгілікке шырмалып қалған.

    Тастанауған өзін жаһандануға қарсымын деп есептейді. Бірақ ол үшін жаһандануға қарсылық–террор жасаудың тәсілі. Қарасаңшы, қалайша өзін-өзі ақтауын. Марксистер оны қолдар еді. Тауда өзіміздің Че Гевара пайда болуы тиіс деп ол бекерге айтқан жоқ. Бірақ оған Че Геварадай болу қайда әлі! Және де доллары тасыған селдің өз жолындағы қандай да болмасын идеялар мен принциптерді түгелдей ығыстыруға әзір болған кезде оның сенімін өзгертіп әуре болма. Сорлылар әбден шатасып бітті. Әрине, бүкіл ғасыр бойы жоқшылықта өмірді тектен–текке өткізуді кім қалайды дерсің!

    Болды бәрі жетеді! Бәріне де түкіріп, көзден жоғалу қажет! Қай жаққа? Өзіңнің қарақан басыңды құтқарарсың, ал өзгелер не болмақ? Және де басына небір ақылға сыймайтын идеялардың келгенін қарасаңшы. Ол Елесті көңілдендірмек ниетпен машинаның тежегішін басып, байыпты болғандай кейіппен үн қатты:



    • Егерде қандай да бір себеппен мен тауда қалып, кісікиік болып үңгірде өмір сүргім келсе, оған не дер ең?

    Елес өзін-өзі жоғалтқан жоқ, арт жағынан оның иығына жабыса жауап берді:

    • Егер де бірге болсақ, мен даярмын!

    • Бұл өте маңызды, Елес. Мына жаққа өт, маған қарай, сөйлесейік, әлі де он шақырымдай бар.

    Ол “Нивасын” тоқтатты, Елес тез түсіп, алдыңғы орындыққа отырды және лезде – ақ оның жаны тағы да жадырай түсті.

    • Не болды, сен шынында да үңгірде өмір сүргің келе ме?

    • Кім біліпті? Одан да шыныңды айт, қалайша сен менімен бірге сол жерде тұруға бірден–ақ қорықпай шешім қабылдадың? Алғашқы қауымдық тұрмыстан қорықпайсың ба?

    • Ал сен, Арсен, байқамадың ба, мен саған өте-өте ұнағым келеді?

    • Ал мен де саған...

    • Ондай болса, тауда ғұмыр кешеміз, өзен жағасында, махаббатпен шұғылданамыз, бұлақтарда шомыламыз... Бірақ сен маған әлі де айтсаңшы, үңгірде тұрғанымызда сен немен шұғылданбақсың?

    • Құлшылық етемін. Саған лекциялар оқимын. Тәңіршілік деген ілім бар. Оның жолындағылар көкке табынады.

    • Мұндағы молдалар осы жайлы білген соң, үңгірден шығатын жолды шыға алмастай етіп, бекітіп тастайды. Сонда не болады? Бірақ сен онда жалғыз қалмайсың, мен жаныңда боламын.

    • Онда ешнәрсеге алаңдауға болмайды. Ал молдалардың өз тірліктері басынан асып жатады. Олардың әлдеқандай кісікиік жанмен не ісі бар, оларды ғаламның мәселесі толғандырады.

    • Ал менің мәселем тек қана өзің. Сондықтан да, сен менің бүкіл Ғаламымсың!

    • Сонда сенің уайымыңа, тіршілігіңе не кіреді?

    • Мен біздерде бала болғанын қалаймын. Қолынан жетектеп жүретін ұлым болса екен. Сенің үңгірдегі лекцияларыңа апарар ем. Балалық шақтан есіте бергенін жөн көрер ем.

    • Мен дайынмын. Және де аспаннан сұранар ем, осы ойлар жүзеге ассын деп. Сен мені кешір, Елес, мүмкін орынсыз болар, бірақ менің білгім келеді, сенің бұған дейін балаларың болған ба?

    Елес мысқалдай да ұяңдық танытқан жоқ, қысқа ғана жауап берді:

    • Жоқ. Одан қашыңқырап жүрдім.

    • Бұдан кейін қашпа.

    • Олай етпеймін. Керісінше, мен де көктен жалынамын, біздерге ай дидарлы ұлды жібер деп.

    • Ал егер де қыз болса, менің қуанышым артық болмаса, кем болмайды!

    • Мен де! Қыздар кішкентайынан-ақ ақылды болады.

    • Әрине, бұл белгілі жәйт! Сонымен, барлық мәселелер келісілді, осындай жағдайда не деуші еді, ойға алған ниеттер жайлы хаттамаға қол қою ғана қалды демей ме, - деп ол әзілдеді.

    • Тамаша ниеттер туралы, ә!,- деп Елес қостады.

    • Онда хаттаманы әзірлейтін боламыз.

    Ұзақтан ауылдың шет жиектері көріне бастады. Қараңғылық та түсе бастады, жан–жақтан жарықтар жарқырай көрінді осы кезде кенеттен телефон қоңырауы шалынды.

    • Оу, бұл маған! – деп Елес дүр сілкініп, артқы орындыққа қарай бұрылып, онда жатқан күртешесінің қалтасынан ұялы телефонын алды:

    • Иә? Бұл сенсің бе, Зейнеп? А-а, білесің бе, мен тауда едім, сондай бір жерде, оған белгі жетпейді, қазірде, мінеки, Тұйықжардамын. Иә, тыңдаймын. Ия, ия, мен өзімнің факсыма жауап күткен ем, не болды? Он тоғызына ма? Соншама жедел болғанын қалайсың ба? Жақсы мен ойланайын, кейін қоңырау соғамын. Ия, ия міндетті түрде, екі сағаттай уақыттан соң. Қазірше, Зейнеп.

    Ұялы телефонды қалтасына қайта қойған соң, Елес Әулиеата қаласы маңындағы Шөлгеннен сауда–саттық бизнесіне қатысы бар құрбысының телефон соққанын түсіндірді. Олар төртеу екен, ең жасы үлкені Елес, былайша айтқанда, көшбасшысы. Саратовта ұсақ көтерме сауда орталығы бар, сол жаққа бару қажет. Түрлі тауарларды сатып алу жөнінде олармен келісім–шарт түзілген, сол заттарды кейінірек мұндағы дүкендермен ұсақ базарларда таратады.

    • Не, сол жаққа бару қажет пе? – деп сұрады ол мазасыздана. –Қалайсың ба, мен сені жеткізіп салайын?

    • Жоға, алаң болма. Біздер Әулиеатадан поезбен жөнелеміз. Мен ойлаушы ем, біздерді Саратовқа бір аптадан соң шақырады–ау деп, сөйтсем, күні ертең жолға шығуымыз керек екен.

    Олар үндемеді: Арсен машинаны тоқтатты. Олардың қысқа ғана жұмақ ертегі-өміріне кенеттен күнделікті қоңырқай тіршілік кіріп келді. Бұнда тұрған не бар дерсің, өйткені, әркімнің өз ісі, өз тірлігі бар емес пе. Бірақ олар өздерін бейнебір зеңгір көктен қара жерге быт–шыт болып түскендей сезінді. Дегенмен, бұндай сәйкессіздік бір минөттен аспады. Елес көңілін аулай сөйледі:

    • Мен телефон соғамын, Арсен, өз әріптестерімді көндіремін, осы жолы олар Саратовқа менсіз–ақ барады.

    Бірақ Арсен оған басы артық зәруліктерді қолдан жасағысы келмеді.

    • Мен мәселенің барлық мән–жайын білмеймін, Елес, бірақ мен ойлаймын, келісімді бұзбаған жөн.

    • Арсен, - деді ол, оның иығына қолын тигізіп. - Екеуміз үшін мен бәріне баруға дайынмын.

    Олар теңіз үстіндегі шағалалар жұбының бірін–бірі дауыстарынан–ақ, қанаттарының болар–болмас қозғалысынан–ақ ұғынғандай түсіністі. Және де оны әпкесінің үйінің жанында түсірер алдында өзінің бұдан былайғы өмірін онсыз ойлай алмайтындығын айтудың, дәлірек айтқанда, ыңғай танытудың қажеттігін Арсен бәрібір түйсінді. Бірақ моторды өшірген сәтте–ақ, тағы да телефон соғылды. Бұл ретте Арсеннің телефоны шырылдаған еді. Қоңырау шалған шефтің өзі екен. Ол Арсеннің қай жерде жүргенін сұрады және Тұйықжарға хаттамада көрсетілгендей, мұндай әйгілі қонақтарды өңірдің басшысы қарсы алып, сәлемдесуі қажет болғандықтан, жоғары мәртебелі адамдарды қарсы алуға даярлық мәселелеріне байланысты аудан әкімдігінің әкімі Жанысбаевтың өзі келетіндігін хабарлады. Және де шеф Арсен Саманчиннің уақытты созбай, тез арада офиске келуін талап етті. Әкімнің өзімен таңертең Әулиеата аэропортына барудың мән–жайын ақылдасуға тура келді.

    Осылайша күнделікті қоңыр тіршілік олардың ғажайыпқа тола әлеміне тағы да сыналап енді. Асыға қимылдау қажеті болды. Әрдайым телефон байланысында болуға өзара келісті. Арсен тексермек болып, сол арада–ақ Елестің нөмірін тере бастады, оның ұялы телефоны шырылдай жөнелді.



    • Құрметті Елес Батырқызы, - деді ол сый, құрмет көрсеткен даусыпен, - мазалағаныма кешіріңіз. Бұл Арсен Саманчин деген әлдебіреу. Ол сізге үнемі телефон соғатын болады, өйткені, онсыз оған өмір жоқ. Бұған не айтасыз, Елес Батырқызы?

    Елес Батырқызы жауап берерде үнсіз күлімсіреді:

    • Ия, құрметті Арсен Саманчин, менің өзім де сізге телефон соғатын боламын, қоңырауды күтумен ғұмыр кешемін. Рахмет, Махаббат Махаббатұлы.

    Телефондарын өшіріп, олар бір–бірінің көзіне мәңгілікке қоштасқандай жанарларын қадады.

    • Мен сені күтемін! – деді қоштасарда Арсен Саманчин.

    • Мен де күтетін боламын! – деп Елес жауап берді.

    Ол машинаны орағытып, Елеске көліктің есігін ашты, олар тағы да ауланың шетіндегі ымырт үйірілген тұста бетпе – бет оңаша қалды. Және де осы сәтте ол Елессіз мүдем өмір сүре алмайтындығына көзі жетті. Елес үн қатты:

    • Мен осы арадан бір елі кеткім келмейді. Құрбыларымды көндіріп көрейін.

    • Байқа, Елес. Егерде көнсе. Болмаса, мен үш–төрт күн шыдаймын. Және де сенсіз бұл жерден кетпеймін.

    • Бәлкім, мен Саратовтан Бішкекке қарай тікелей келсем ше?

    • Онда вокзалда күтемін. Сен тек қоңырау шал. Егер де аңшылық тез бітсе, бұл бір мәселе, егер де созылса, онда басқаша гәп.

    • Ия, түсінемін.

    Олар қоштасарда құшақтасты. Қатты әрі аялай.

    Және де Арсен Саманчиннің “Нивасы” көзден таса болғанша, Елес оның соңынан қолын бұлғай берді. Ал ол болса, көліктің бүйіріндегі айнадан көзін алмай қарады, онда Елестің бейнесі бірте–бірте кішірейіп, бұлдыраған күйге енді.

    Және де ол ұзағырақ кеткен соң, есіне бірден түскені сол–ақ еді, шыңырауға түскендей хал кешті: егер де кепілге алынғандар қалайда басып алынса, сонда не болмақ?! Және де оны ешкімге айта алмайсың ғой, тіпті, Елеске де... Айта қалсаң, онда қар көшкініндей алапат соққы өзінің жолындағының бәрін де сыпырып–сүйіріп, жоқ етеді, “Мерген” фирмасынан түк қалмайды. Айтпасаң, одан да жаман... Қалай еткен жөн?

    Арсен Саманчин офиске келіп шефтің кабинетіне бет алған кезде, қабылдау бөлмесінде көмекшілерінің арасынан Тастанауғанды да көрді. Ол бірінші болып сәлемдесті:



    • Сәлем, Арсен, келдің бе? Жүр, шеф күтіп қалды, - және де ешнәрсе болмағандай, оның қолынан ұстады. Есікке кірер алдында: - Әкімнің аты–жөнін білесің бе? – деп сұрады.

    • Жоқ, мен онымен онша таныс емеспін.

    • Көршібек Алтайұлы. Жанысбаев Көршібек Алтайұлы. Есіңе сақтадың ба? Және де тыңда, әкім екі бүркітті баптапты, әкімдік атынан ханзадаларға сыйламақ.

    • Түсінікті. Ал сен мұнда не істеп жүрсің?

    • Не істеп жүрсің дерің бар ма, мен аңдарды қуушы ғана емеспін, осындай маңызды істерді қолға алғанда шеф әрдайым мені шақырады.

    • Түсінікті.

    • Қалай, Елеспен қыдыра алдың ба?

    • Сенің не ісің бар?

    • Қойшы, сен де айтасың–ау! Ол жақсы қыз, сен үшін жаралғандай.

    Сонымен, олар кабинетке кірді. Ең алдымен Арсен Саманчин көз тоярлық толықтау келген, костюм және галстук таққан, жас шамасы қырықтан асар–аспас ер азаматпен, әкіммен амандасты. Бұдан бұрын бір–екі рет әлдеқандай конференцияларда бірін–бірі көргені есіне түсті. Содан соң Бектұр ағайына сәлем берді. Әңгімені әкімнің өзі бастады:

    • Біздер мұнда сені күтудеміз, Арсен. Кей нәрселер жайлы ақылдасқан жөн.

    • Мен дайынмын, Көршібек Алтайұлы. Менің қызметімнің ең бастысы, аудармашы болу. Сөзбе – сөз аудару.

    • Білемін, білемін. Аудармашысыз ешнәрсе істей алмайсың. Алайда, сен біздер үшін тек аудармашы ғана емессің, Арсен. Сенің осындай туысың бар – Бектұрған аға, Черчиль аға! Мақтан тұт! Біздің Бекең бұрын да колхозды мықтап ұстаған және қазір де барлық аңшылық оның қолында: арқарлардан бастап барыстарға шейін. Ал өзің баспасөздің нағыз ханысың!

    Бәрі де әзілге күліп алған соң, байыпты әңгіме басталды. Сөз тізгінін негізінен алғанда әкімнің өзі қолына алды.

    Бастапқыда ол бүркіттерді сыйлау салтанатын қайткенде ойдағыдай етіп жасауға болатындығы жайлы ақылдасқысы келді (арабтың байлары тау бүркіттері мен сұңқарларын өте жақсы көреді және де Үзеңгілестің аушы құстарын өз елдеріне рахаттана әкетеді). Сыйлау рәсімі салтанатты жағдайда жүзеге аспақ: тері томаға басына салынған бүркіт, құдай ақы тырнақтарымен құрметті қонақтың қолын тырнап алмау үшін тері қолғап киген қолына ұзатылады. Мәселе мынада еді: қайсысы дұрыс–бүркіттерді қонақтарға олар Тұйықжарға келген сәтте беру қажет пе, әлде аңшылықтан соң, кетер кезде берген жөн бе? Тастанауған ханзадалардың назарын ең бастысы, аңшылықтан алаңдатпай, сыйлықты соңында, кетер алдында салтанаттың барлық рәсімін сақтап берген жөн деген ойды айтып салды. Оны шеф Бектұр және басқалары түгел қостады. Әкім Жанысбаев та осы уәжбен келісті. Қанаттанған Тастанауған сөз тиегін ағытты, сыйлау рәсімін ата–баба дәстүрімен өткізген лазым, бүркіттерді берген сәтте бақсының өзі қатысып, аңшылықтың дуаларын оқыса деді.



    • Біздерде ондай бақсылар бар, зікір салып бүркіттер жайлы дуа оқиды. Ханзадалар бәлкім,білгісі келер, онда не айтылғанын, мінеки, сен Арсен, оларды ағылшынша аударасың. Мүмкін, сен бақсының зікір салған сөздеріне шатаспас үшін қандай да бір бақсыны алдын–ала тыңдап көрерсің?

    • Мейлі, ойланайын, - деді Арсен Саманчин Тастанауғанның болмысында не болып жатқанын түсінбей, кейігендей халде. “Шынымен–ақ қайта ойланды ма? Қандай жақсы болар еді! Жетекке көнгені ме?”

    Ал Тастанауған оның аласапыран көңілін дәл сезгендей, оны одан бетер ақыл – есінен адастырды, Самалбас атты лақап есімді түкке тұрмайтын бір бақсы жайлы аңызды айта бастады.

    • Бізде, Тұйықжарда, Көршібек Алтайұлы, бір бақсы бар, ондайды еш жерден іздеп таба алмассыз. Бектұр аға, сіз ғой Самалбас жайында білесіз. – Ол күліп, басын изеді. – Ия, сен де, Арсен, бәлкім, естіген боларсың? Ауылда оны бәрі де біледі, жасынан қариясына дейін. Егер де ол зікір салса, адам тоқтата алмайды! Зікірін бастаса–ақ болғаны! Билейді, секіреді, қырылдайды, өршеленеді:

    Сіздер қалай көрмейсіздер,

    Таулар қалай құлағанын?

    Сіздер неге көрмейсіздер,

    Ағаштар қалай құлағанын?

    Сіздер қалай көрмейсіздер,

    Сулар теріс бет алғанын?

    Бұның бәрін мен істедім,

    Бәріңді де қойша қуам,

    Сарайға түгел қамаймын!

    Аяғыма жығылыңдар,

    Әйтпесе, өкпе артпаңдар.

    Мен – Самалбас, қолымнан бәрі келеді!

    Мен – Самалбас, қолымнан бәрі келеді!

    Бәрі күлді. Аудан әкімі Жанысбаев көңілді раймен:



    • Сен осы Самалбасты жоғары мәртебелі қонақтарға көрсетуге болады деп ойлайсың ба? – деп сұрады.

    Бірақ шеф Бектұрған шешуші түрде ойын бірақ–ақ айтты:

    • Бұны ойлаудың да қажеті шамалы. Тірідей жақындатпа оны! Самалбас алқынады, айқайлайды, қорқытады, оның сандырақтарын аударуға тура келеді. Сен қалай ойлайсың, Арсен, мұндай алашапқынды көрсету қажет пе?

    • Аударма жасау–гәп емес. Бірақ бүркіттерді тапсыру салтанатты рәсім, алаңдаудың қажеті жоқ. Бүркітттер маңғаз құстар, тотықұстар емес қой...

    Бәрі тағы да ха–ха- ха-лап күлді. Содан соң, тікелей іске көшті. Терезе сыртында түн түндігін жапты. Шеф Бектұр “Черчильше” сигарасын бұрқыратып, сол кезде аудан әкіміне неге екені белгісіз “Жолбарыс жоспары” деп аталған барлық жоспарды баяндады. Бәрі де өз блокноттарына әрбір пунктті бір–бірлеп белгілеп, “Жолбарыс жоспарын” жазып алды; аэропортта қонақтарды күтіп алу; оларды Тұйықжарға жеткізу; мейманхана бөлмелерінде түнеу, күзетке түнемеге өздері мәжіліс өткізген кабинет бөлінеді; таңертеңгі ұйқыдан ояну және тауға қарай шығуға әзірлік. Ал тауда қазірде кішігірім лагерь даяр, ханзадалар үшін айырықша палаткалар орнатылған, олардың қолайлы түрде жайғасуына бәрі де қарастырылған. Тау қойнауына дейін жету үшін автомашиналар алдын–ала әзірленген, солардың ішінде Катар қаласынан жүк ұшағының бортына салынып әкелінген “Хаммер” атты американдық суперджип те бар. Одан әрі қарай автокөліктер үшін жол жүру мүмкін болмаған жерде бәрі салт атқа мінеді, аттар даяр, олар тиісті дәрежеде тағаланған. Ендігіде, соңғы кезеңде жаяу жүруге, жартастарға өрмелеуге, паналы жайлармен бой тасалауға тура келеді, бірақ бұның бәрі аңшы-әуесқойлардың жеке тірлігі. Аудан әкімімен кездесуге қатысқандардың бәрін “Жолбарыс жоспарының” барлық бабы бойынша төлемақы қарастырылғандығы туралы ақпарат өте қуантты, барлық шығындар, соның ішінде жанармай құны, аттарды, олардың ерлерін, әбзелдерін жалға алу, тіпті, от жағу үшін отын мөлшері де түгел қамтылыпты. Бұл шын мәніндегі бизнес–жоспар тұйықжарлықтарға өте күшті әсер етті. Ендігіде олар да нарық дегенді түсінісе бастады. Төлемақысыз бір қадам да жасамауға серт жасады.

    Бәрінің көңіл – күйі көтеріңкі еді. Ал аудан әкімі Жанысбаев білгісі келген әуестікпен шеф Бектұрға сауал қойды:



    • Беке, ақсақал, жоспар жан–жақты ойластырылыпты, ал “Жолбарыс” деген атау қайдан шықты?

    Сигарасын бұрқырата шеф Бектұр күлді:

    • Жолбарыс жайлы сондай бір ән бар, бізде, мұнда оны бәрі біледі. Сен, Арсен, меніңше, тіпті, ол жайлы бір мақалаңда жазған да ең, ә?

    • Ия, Беке, ондай болған, ауыз әдебиеті туралы жазылған мақалада.

    • Е–е, мінеки, қымбатты Көршібек Алтайұлы, осы әннің мынадай сөздері есімде қалыпты. Қазір жадымда жаңғыртып көрейінші:

    Секірген Жоолбарыс тауға ұшады,

    Өз олжасын Жолбарыс шеңгелдеп бүреді.

    Олжаға қашанда разы Жолбарыс,

    Табиғат дарытқан қажыр мен қайрат.

    Дәл сондай әлеует сіздерге тілеймін,

    Бізде де ішкі қуат болсын әрдайым,

    Өз батырымыз Жолбарыс, жүрегі түкті Жолбарыс.

    Аудан әкімі алақанын шапалақтады:



    • Е–е, мінеки, гәп қайда! Өте тамаша! Енді білдік, ақсақал Беке, сіздің өзіңіз Жолбарыс екенсіз ғой, ә?

    Шеф Бектұр иықтарын көтерді:

    • Е–е, қалай десем. Егер де бизнес жайлы болса, онда біздің өңірде мен біраз нәрселерді қолға алдым. Бірақ нағыз Жолбарыс–батырлар бұл–жастар. Мінеки, біздің Тастанауған егер де қар барыстарын тауып, қуып әкелсе, онда ол нағыз Жолбарыс – батыр болғаны!

    • Рахмет, размет! – деп міңгірледі Тастанауған өзіне-өзі разы қалыпта.

    • Ал енді және бір Жолбарыс–батырымыз бар, бұл–мінеки, барлық тілден сауаты бар, Арсен! Менің немере інім!

    • Қойыңыз, қайдағы Жолбарыс! Мен бірнеше күнге ғана көмекші – аудармашымын, ал аудармашыларды батыр деуге болмайды, - деді Арсен Саманчин әзілдей жауап қатып.

    Өзара күлісті. Шаттық және шынайы дос пейілді хал–ахуал қар барыстарына аңшылық жасаудың өзі бастапқыда ойдағыдай жүзеге асып жатқандығының куәсі еді. Сахна төріне басты кейіпкерлер, жоғары мәртебелі, араб ханзадалары, немерелес ағайынды Хасан және Мысырдың көтерілуі ғана қалды. Ал одан кейін сәттілік бетін бері бұра ма, оны жағдай көрсетеді, өйткені, бұл да тағдырдың қолында, әрі аңшылардың тағдыры ғана емес, сонымен бірге аңшылық кімге бағытталатындардың да тағдыры шешілмек. Қазірше бәрі іскерлік деңгейде өтуде.

    Аудан әкімі Жанысбаев көңілі жайдары күйде аттанды. Ол жоғары мәртебелі қонақтарды қарсы алуға тұп-тура аэропортқа келетіндігін, ол жерде ханзадаларға жергілікті әкімдік атынан сәлем жолдайтынын, ал бүркіттерді тапсырудың салтанатты рәсімін, өзі айтқандай, аңшылық қанша күнге созылатындығы белгісіз болғандықтан, іс барысында келісілетіндігін қадап айтты.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет