мен нені біле аламын? Бұл – таным теориясының (гносеоло-
гия) сұрағы;
–
менің не істеуім керек? Бұл – этиканың, яғни мораль
теориясының сұрағы;
–
мен не нәрсеге үміттене аламын? – Бұл – теологиялық сұрақ
(Құдайға сенім).
–
ештеңеге қатыссыз, өз-өзінен алынған адам не, сонда? Бұл –
философиялық антропологияға қатысты сұрақ.
Осы сәттен бастап өмірінің ақырына дейін ойшыл осы сұрақтардың
жауабымен айналысады. Олардың негіздемесі оның:
«таза ақылды сынау» (1781),
«нақты ақылды сынау» (1788),
«пайым қабілетін сынау» деп аталатын үш кітабында берілген.
Назар аударсаңыз, И.Канттың барлық кітаптарында сынау сөзі орын
алған. Сондықтан да шығармашылығын зерттеушілер оның өмірін
сынауға дейінгі (оның жаратылыстанумен айналысқан кезі) және