29
бойы
философия аясында
дамып келді. Математика негіздері – жер
өлшеу, арналар мен әртүрлі құрылыстар салу қажеттілігінен, астро-
номия – жұлдыздар мен планеталар бойынша бағдар жасау үшін пай-
да болса, Орта ғасырларда алхимия байлықты молайту (қорғасынды
алтынға айналдыру) әрекеттерінен келіп шықты.
Әлбетте, адамзат тарихындағы осындай ірі өзгерістердің себебін
әлдебір «рухани сілкіністен», «Құдайдың ісінен» іздеуге болар еді.
Ал біз
қола дәуірінен темір заманына ауысу кезеңі
болған бұл
күрт өзгеріс уақытын
материалдық тұрғыда талдап түсіндіріп
беруге әрекет етпекпіз. Ж.Ж.Руссоның: «Темір! Қазіргі заманғы
өркениетті тудырған – осы!» – деген сөздерінде үлкен шындық жа-
тыр. Соқаға кигізілген темір түрен жерді терең қаза отырып, оны
өңдеудің түбегейлі жақсаруына себеп болды. Нәтижесінде, өнімділік
артты, азық-түліктің молдығы оларды айырбас жасауға, нарықтық
қатынастар бастауларының пайда болуына келтірді. Кезінде К.Маркс
айтқандай, адамдар алтынның сезімталдық-бұйымдық бетінен осы
уақытқа дейін беймәлім болған «ерекше сезімтал» қасиетін – сонша-
ма әртекті заттар құнының баламасы болу қасиетін ашты. Мысалы,
алтынның әлдебір санын бір сиырға немесе төрт қойға, тіпті болма-
са 30 қап астыққа айырбастауға болады дейік. Бұл адамдардың жал-
пылама ойлау деңгейінің артуына, қоғамдық сананың пайда болуына
жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: