өмір сүруі керектігі , оның өмірінің мән-мағынасы туралы
өз идеяларын уағыздай бастады. XX ғасырдың ұлы неміс философы
К.Ясперс бұл жағдайды
«адамзаттың түпқазықты уақыты» деп
атаған. Шын мәнінде, адамзаттың осы уақытқа дейін жалғасып келе
жатқан өз дамуының өркениеттік тарихына енуі сол заманнан баста-
лады. Ал философияға қатысты айтар болсақ, К.Ясперс оның пайда
болуын адамның рухының, сана-сезімінің оянуымен, яғни ол кезде
оның өзін басқалардан бөлектеп қана қоймай, бүкіл әлемге қарсы қоя
білгенімен байланыстырады.