1. Биохимия ғылымына кіріспе және оның пайда болуы Биология сабақтарында кездесетін химиялық құбылыстар



бет1/4
Дата19.10.2023
өлшемі90,3 Kb.
#186825
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Документ 25
Лекция 7. Құстар

Жоспары:
1. Биохимия ғылымына кіріспе және оның пайда болуы
2. Биология сабақтарында кездесетін химиялық құбылыстар
3. Ферменттер және олардың организмдегі рөлі
4. Химия тұрғысынан тиімді тамақтану
5. Химиялық элементтердің адам ағзасына әсері
6. Қорытынды
7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Биохимия ғылымына кіріспе және оның пайда болуы

Биологиялық химия, немесе биохимия – организмдердің химиялық құрамын және организмнің тіршілік әрекеті барысында бұл құрамның химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейді. Жансыз табиғаттың денелері мен тірі ағзалар сол атомдар мен молекулалардан құрылған. Биология және химия түйіскен жерінде биохимия ғылымы пайда болды, оның элементтерін биологияда да, химияда да оқиды.
Биохимия деген сөз гректің вios – тіршілік деген сөзінен шыққан. Яғни, тірі табиғаттың химиялық тілі, тіршілік химиясы деген сөз. Осыған орай биохимияның өзі бірнеше салаларға бөлінеді : адам биохимиясы, медициналық биохимия, өсімдіктер, микроорганизмдер, техникалық, космостық және клиникалық, эволюциялық, радиациялық т.б.
Биохимия ғылым ретінде ХVI – XIX ғасырларда пайда болды. Алғашқы биохимиялық мағлұматтар адамзатқа өте көне заманнан таныс. Мысалы, адам баласы өте ерте кезден – ақ нан пісіруді, шарап, дәрі – дәрмек жасауда, тері илеуде және т.б. биохимиялық процестерді пайдаланған. Бірақ, бұл адам баласының тәжірибесіне ғана негізделген эмпиризндік білімдер еді.
Биохимияның ғылым ретінде қалыптасуында маңызды роль атқарған көптеген мәліметтер қайта өрлеу дәуірінде қорланды. Ұлы ғалым Леонардо да Винчи 1452- 1519 барлық тіршілік процестерінің оттегінің қатысуымен өтетіндігін дәлелдеді.
ХІХ ғасырдың басында дамып келе жатқан биохимия идеалистік витализм / лат. vita — өмір, тіршілік теориясымен тартысқа түсті. Көп ұзамай виталистердің ілімін практика және химиялық тәжірибелер теріске шығарды. Ф. Велер бейорганикалық заттардан қымыздық қышқылын 1824ж және несеп нәрін алды. Орыс ғалымы Н.Н.Зинин, өсімдік шикізатынан өндірілетін анилинді 1842ж алды. 1845жылы неміс химигі А. Кольбе сірке қышқылын, француз ғалымы М. Бертло майларды, ал 1861ж А.М. Бутлеров тұңғыш рет синтетикалық қанты бар заттарды синтездеді.
Ресейде биохимияның негізін салушы А. Я. Данилевский 1838- 1923ж болып есептеледі. Ол, Россияда физиолог – химиктердің алғашқы мектебін ашты. Мектеп көптеген белоктардың құрамын, қасиеттерін зерттеді. 1891ж Петербургте М.В. Ненцкий бірінші биохимиялық лабораторияны ашты. Онда гемнің құрылысын зерттеп, гемоглобин мен хлорофиллдың ұқсастығын тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет